А
Агент – бұл тауарды өндіруші немесе тұтынушы мүдделерін қанағаттандыру мақсатында іс-әрекет ететін тұлға.
Адами капитал –белгілі бір уақыт аралығында табыс табуға мүмкіндік беретін және салынған инвестициялардың нәтижесі болып табылатын адамның өндіруші активтері активтер (қабілеттер, білім, бейімдер).
Аннуитеттер – салымшыға уақыттың белгілі бір аралықтарында табыс әкелетін инвестициялар.
Акцепт – бұл оферта жіберілген тұлғаның оны қабылдау туралы жауабы.
Акционер – акционерлік қоғамның ортақ иесі, белгілі бір табысты алу және істерді басқаруға қатысу құқығын беретін акциялардың иесі.
Акционерлік қоғам – жарғылық қоры акционерлердің арасында таратылған акцияларды белгілі бір санына бөлінген заңды тұлға, мұндағы акциялардың саны олардың пайдадан өзінің үлесін (дивидендтер) алу құқығын куәландырады.
Акция – акционерлік қоғам шығаратын, иеленушінің осы қоғам капиталына қатысатынын куәландыратын және иеленушісіне пайданың белгілі бір бөлігін дивиденд түрінде алу құқығын беретін бағалы қағаз.
Акциялардың бақылау пакеті – меншік иелеріне бүкіл акционерлік қоғамның қызметін бақылауға мүмкіндік беретін акциялардың жалпы құнының (санының) үлесі. Теориялық тұрғыда бұл үлес акциялардың барлық сомасының 51% ретінде анықталады.
Антрепренер – меншік иесі, жалға алушы, жеке көрме кәсіпорнын ұстаушы.
Аутсорсинг – басқа бір ұйымға бизнестің қандай да бір функцияларын беру. Өнімді өндірумен байланысты қандай да бір міндеттер тәуелсіз фирмаға берілетін өндірістік аутсорсингті (дайындамалар мен құраушылар аутсорсингі және өнім өндірісін қамтамасыз ету бойынша операциялар мен функциялар аутсорсингін) бөліп көрсетеді. Сонымен қатар тәуелсіз ұйымдарға қандай да бір басқарушылық, көбінесе маркетингтік, өткізушілік және т.б. функциялар берілетін басқарушылық аутсорсингті бөліп көрсетеді.
Ә
Әмбебап этика – бұл кәсіби бейімділігі мен әлеуметтік функцияларына тәуелсіз, барлық адамдар үшін міндетті ережелер, нормалар және қағидалар.
Әртараптандыру – кәсіпорында өнім өндіру барысында негізгі өнім өндіруден басқа жаңа өнімдер өндіру, өндірілетін тауарлар мен қызметтердің ассортиментін кеңейту.
Б
Банкроттық – жеке немесе заңды тұлғаның (фирманың, банктің, кәсіпорынның) күйреуі, төлемқабілетсіздігін, өзінің міндеттемелері бойынша борыштарын төлеуден бас тартуын ресми түрде (соттың) мойындауы.
Банктік несиелеу – төлемділік, жеделділік және қайтарымдылық болған жағдайда кәсіпорын қажеттіліктерін қаржыландыру әдісі.
Бәсеке – табиғи жағдайда немесе заңнама аясында объективті және субъективті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін бәсекелестер арасындағы күресте жеңіске немесе басқа да мақсаттарға қол жеткізу үшін субьекттің өзінің артықшылығын басқару үрдісі.
Бәсекеқабілеттілік – нарықтық қатынастар жағдайында өз қызметін жүзеге асыру және өндірісті ғылыми-техникалық жетілдіру, қызметкерлерді ынталандыру және өнімді жоғары сапалы деңгейде ұстап қалу үшін жеткілікті пайда алу қабілеті.
Бизнес – өнімнің немесе қызметтің белгілі бір түрін құру мен өткізуге бағытталған, нарықтық экономика жағдайындағы субъекттің экономикалық қызметі.
Бизнес - жоспар – бұл бизнес – операцияларды, кәсіпорынның іс – әрекеттерін жүзеге асыру жоспары, онда кәсіпорын, оның тауары, өндірісі, өнім өткізу нарықтары, маркетинг, операциялар мен олардың тиімділігі туралы мәліметтері көрсетіледі.
Биржа – қағаздармен, валютамен сауда жасалатын немесе тауарларды көтерме сату жүзеге асырылатын, ұйым түрінде рәсімделген, тұрақты қызмет етуші нарық, нарықтық экономиканың маңызды реттеушілерінің бірі.
Биржалық мәмілелер – биржада өткізілетін мәмілелер белгілі бір ережелер бойынша биржалық делдалдармен өткізіледі. Нақты құндылықтары бар мәмілелерді, форвардты (жедел) мәмілелерді, фьючерстік және опциондық мәмілелерді қамтиды.
Брендинг – тауардың бәсекелестер арасынан ерекшелейтін және оның образын қалыптастыратын бір типті рәсімдеу мен белгілі бір идеялармен біріктірілген маркетинг құралдарының: тауарлық белгісінің, қораптаудың, жарнамалық ұсыныстардың және т.б. көмегімен тұтынушыға әсер етуге негізделген тауарға ұзақ мерзімді басымдылық беру бойынша қызметтің түрі.
Брокер – сатушы мен сатып алушы арасында делдал қызметін атқаратын және мәміле бойынша келіссөздерді жүргізуге септігін тигізетін адам.
В
Валюталық биржа – валюталармен ірі көлемде сауда жасалатын, ұйымдық жағынан жасақталған және тұрақты жұмыс істейтін рынок.
Вексель – белгілі бір уақыт өткеннен кейінгі оның ұстаушысының (вексель ұстаушының) вексель берушіден ақшаларды төлеуін талап етуге деген құқық беретін жазбаша борыштық міндеттеме.
Венчур – бұл ірі фирмалармен тәуекелді кәсіпорындарды қаржыландыру нысаны. Бірнеше тәуекелді кәсіпорындардың венчурлық капиталы жаңа технологияларға қол жеткізуге, немесе жоба табысты түрде жүзеге асырылғандағы акциялар құнының күрт өсуіне қызығушылық білдіретін ірі инвесторларға акциялар пакетін сату есебінен құралады. Венчурлық қаржыландыру шағын кәсіпорындарға бастапқы капиталды тез жинауға, ал ірі фирмаларға бүгінгі минималды тәуекелдермен болашақта ірі табысқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Г
Гиперинфляция – ерекше ірі ауқымдағы инфляция, ол айналыстағы ыақша көлемінің және тауар бағасының айрықша тез өсуімен сипатталады.
Грант – мәдени, ғылыми т.б. мекемелер мен ұйымдарға ақшалай соманы қайтарымсыз бөлу немесе жабдықтарды, құралдарды т.б. сыйға тарту.
Д
Дара кәсіпкерлік – жеке тұлғалардың өз меншігіне негізделген, олардың тәуекелімен және өз мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын, табыс табуға бағытталған, жеке тұлғалардың ынталы қызметі.
Дивиденд – акционерлік қоғамның балансында көрсетілген, пайдаға байланысты болатын акциялар бойынша төлемдер шамасы.
Дилер – өз атынан және өз есебінен тауарды қайта сатуды жүзеге асыратын делдалдық құрылым (заңды немесе жеке тұлға).
Дисконттау – пайыз нормасының белгілі бір мерзімі арқылы төленетін капиталды активтер табысының сомасын ағымдық баламасын есептеу.
Джоббер – дайын өнім қорлары бар, тауарлардың тасымалы мен сақталуын қамтамасыз ететін делдалдық сфера субъектісі.
Е
Еңбек биржасы – жұмыс күшін сату-сатып алу мақсатында жұмысшылар мен кәсіпкерлер арасындағы дедалдыққа мамандандырылған ұйым.
Еңбек келісімшарты – кәсіпкер мен жұмысқа қабылданатын адам арасындағы келісім, онда жұмыскердің еңбек функциясы, жұмыс орны, қосымша міндеттемелері, жалақы мөлшері, жұмыс режимі және т.б. қарастырылады.
Еркін бағалар – сұраныс пен ұсыныс әсерінен қалыптасатын бағалар.
Еркін экономикалық аймақ – шетелдік инвестициялардың ағымы тартылатын, бірлескен кәсіпкерлік қызмет жүзеге асырылатын, экспортты потенциалды дамыту жүргізілетін, кедендік, салықтық, валюталық режимдері бар арнайы бөлінген территория.
Ж
Жалақы – жалдамалы қызметкердің алатын ақшалай немесе натуралды нысандағы табысы. Жалақының негізгі нысандары: тарифтік (мерзімді және кесімді), тарифсіз және аралас (комиссиялық, дилерлік және т.б.).
Жалға алу – шаруашылық қызметті өз бетінше жүргізу үшін жалға алушыға берілген, келісімшарт негізінде жерді, кәсіпорынды, негізгі өндірістік қорларды, басқа да мүлікті жедел және қайтарымды пайдалану.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – бұл бір немесе бірнеше тұлғалармен құрылған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік.
Жеке кәсіпкерлік – бұл жеке кәсіпкерлік қызметке негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан, олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын, табыс табуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ынталы қызметі.
Жоспарлау – бұл кәсіпорынның экономикалық жүйесінің болашақ жағдайын анықтайтын, жоспарларды жасап шығару мен тәжірибелік түрде жүзеге асыруды қарастыратын қызмет.
Жұмысбастылық – тұлғалық және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты болатын және сәйкесінше оларға жалақы әкелетін заңға қайшы келмейтін азаматтардың қызметі.
Жұмыссыздық – тұрғындардың еңбекке қабілетті белгілі бір бөлігі, жұмыссыз қалғандағы экономикадағы жағдай, олар жұмысты іздейді және біліктілігін қайта ауыстыруға дайын болады. Табиғи (фрикциондық, институционалды, ерікті) және мәжбүрлі (технологиялық, құрылымдық, аймақтық) жұмыссыздықты бөліп көрсетеді.
З
Заңды тұлға – азаматтық субъектісі, оның ішінде шаруашылық құқықтары мен міндеттері бар, өзінің жеке балансы, мөрі мен банкте есепшоты бар, жарғы немесе ереже негізінде іс-әрекет ететін және банкроттық жағдайында өз иелігіндегі мүлікпен жауап беретін кәсіпорын.
Зиян – ақшалай нысанда көрсетілген шығын, шығыстың кірістен асып түсуі салдарынан кәсіпорындардың, бірлестіктер мен ұйымдардың ақшалай ресурстарының азаюы.
И
Инвестициялар – табыс табу мақсатында жүргізілетін іс, белгілі бір кәсіпорынға қаражаттарды салу.
Инвестициялардың ұдайы өндірістік құрылымы – жаңа құрылысқа, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуға жұмсалатын салымдар арасындағы арақатынас.
Инвестициялық портфель – инвестордың ақшалай қаражаттары салынған бағалы қағаздардың (қаржы активтерінің) жиынтығы.
Инвестициялық тәуекел – инвестициялау нәтижесінде зиянға ұшырау ықтималдылығы. Инвестициялық тәуекелдерге портфельдік инвестициялар, яғни жаңашылдық тәуекелдері мен бағалы қағаздарға инвестициялау тәуекелдері жатады.
Инжиниринг – технологияны жасап шығаруды, инженерлік-техникалық жұмыстар кешенін, сонымен қатар объектілердің құрылысы мен мазмұны, өнімді тереңдетіп өңдеу, жинақтау, кепілдендірілген қызмет көрсету бойынша қызметтерді қосқандағы өнеркәсіптік жобаларды құру және қызмет көрсетумен байланысты инженерлік-кеңес берушілік қызметтер жиынтығы ретінде сипатталатын интеллектуалды қызмет.
Интерпренер – жұмыс істеп тұрған корпорация ішінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға.
К
Кәсіпкерлер - коммерциялық мүмкіндіктерді көре алатын, қажетті капиталға қол жеткізуге байланысты қажет операцияны қалай өткізу керектігін білетін және тәуекелге бара алатын, табыс пен сәтсіздік үшін жауапкершілікті өз мойнына жүктей алатын іскерлік әлемдегі адамдар.
Кәсіпкерлердің жауапкершілігі - мемлекеттің, қызметкерлердің, тұтынушылардың, шаруашылық жүргізу субъектілерінің құқықтарын бұзуға, орындалмаған (келісімшарттық) міндеттемелерді қалпына келтіруге бағытталған белгілі бір іс-әрекеттерді жасау қажеттілігі, міндеті.
Кәсіпкерлік – бұл жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорынға шаруашылық жүргізу құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген, тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) деген сұранысты қанағаттандыру жолымен таза табыс алуға бағытталған, меншік нысанына тәуелсіз, азаматтар мен заңды тұлғалардың ынталы қызметі.
Кәсіпкерлік қызмет – өзіндік ынтаға, жауапкершілік пен инновациялық кәсіпкерлік идеяға негізделген, пайда табуға бағытталған, қызметтің ерекше түрі.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау – кәсіпкерлік қызметтің бәсекеқабілеттілігін ұлғайтуға бағытталған заңнамалық, атқарушы және бақылаушы сипаттағы шаралар жүйесі. Мемлекеттік қолдау шаралары нарықтың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің белсенділігін ынталандыруға және олардың шаруашылық қызметінде көмек көрсетуге бағытталған. Мұндай шараларға жеңілдіктерді, несиелерді ұсынуды, мемлекеттік тапсырыстармен қамтамасыз етуді және т.б. жатқызады.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу – тәуекелді төмендетуге және кәсіпкерлік қызметтің тұрақтылығын өсіруге бағытталған заңнамалық, атқарушы және бақылаушы сипаттағы шаралар жүйесі.
Кәсіпкерлік қызметті талдау - оның қызметінің дамуы мен тиімділігін жақсарту мақсатында, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, қажетті іс-шаралар жүргізу үшін зерттеу үрдісі.
Кәсіпкерлік құпия – бұл таралуы зиян келтіретін кәсіпорынның қызметі туралы мәліметтерді құпиялауға (мәліметтерді пайдалануға шектеу қою) кәсіпкердің заңмен қорғалатын құқығы.
Кәсіпкерлік мәдениет – белгілі бір уақыт арасында субъектілерді кәсіпкерлік аяда экономикалық белсенділіктің қандай да бір түрлеріне бағыттайтын, кәсіпкерліктің тұрақты дамуына септігін тигізетін, жинақталған тәжірибені беруді қамтамасыз ететін мінез – құлық үлгілерінің, құндылықтар жүйесінің, әлеуметтік нормалардың, іргелі қағидалар мен қоғамдық институттардың жиынтығы.
Кәсіпкерлік тәуекел – кәсіпорынның потенциалды мүмкіндіктерінен шыға отырып күтілген табыс меншігін ала алмау немесе потенциалды мүмкін қауіптің әсерінен болатын ресурстарды жоғалту ықтималдылығы.
Кәсіпкерлік ұйымдарды қаржыландыру – бұл жай және ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржылық қамсыздандыру шарттары мен қағидаларының, нысандары мен әдістерінің жиынтығы.
Кәсіпкерліктің инфрақұрылымы - оны қалыптастыратын жиынтық элементтерімен біріге отырып, нарықта бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатында шаруашылық жүргізу субъектілерінің қызметі мен сыртқы ортаның әсер етуінің алуан түрлілігін ескере отырып, бизнестің өсіп бара жатқан транзакциялық шығындарын азайтудың пәрменді механизмі.
Кәсіпорынның кадрлық саясаты - персоналмен жұмыстың негізгі бағыттарын анықтайтын теориялық көзқарастарды, талаптардың, қағидалардың жүйесі, сонымен қатар жоғары еңбек өнімділігіне жетуге мүмкіндік беретін жұмыс істеу әдістері.
Кәсіпорын – қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мен пайда алу мақсатында жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсету, өнімді өндіру үшін құрылған, өз бетінше жұмыс істейтін заңды тұлға болып табылатын шаруашылық субъект.
Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігі – бұл еркін нарық жүйесінде, бәсеке жағдайында, тұтынушылардың талаптарына объектілердің сәйкестік дәрежесін сипаттайтын, және серпінді нарықта белгілі бір үлесі бар субъект қасиеттерінің жиынтығы.
Келісімшарт – азаматтық құқықтар мен міндеттерді орындау, өзгерту немесе тоқтату туралы екі немесе бірнеше тұлғалардың келісімі.
Коммандитті (сенім) серіктестік – бұл серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушыларымен (толық серіктестермен) қатар, серіктестіктің мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын қатысушыларды (салымшыларды) да енгізетін серіктестік.
Коммивояжер – бұл тауарды тек қана сатып қана қоймай, сатып алушыға жеткізетін кәсіпкер – тұлға.
Конклюдентті іс-әрекеттер – тұлғаның үнсіз келісімге келуі.
Конкурстық өндіріс – несие берушілердің мөлшерлі талаптарын қанағаттандыру мақсатында, банкрот деп танылған борышкерге қатысты қолданылатын процедура.
Корпорация – акцияларды сату есебінен құрылатын экономикалық бірлік. Корпорация иелерінің қаржылық жауапкершілігі тек акционерлік капиталға салынатын салымдарының сомасына ғана таралады.
Қ
Қаржыландыру - ақшалай қаражаттардың қалыптасу үрдісін немесе кең мағынада – барлық капиталдың барлық түрлерінің қалыптасу үрдісі.
Қаржылық жоспар – бұл ағымдағы (бір жылға дейінгі) және ұзақ мерзімді (бір жылдан астам уақытқа) кезеңге ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуын сипаттайтын жоспардың қортынды құжаты.
Қаржылық менеджмент - ағымдағы және стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіпорынның шаруашылық қызметі үрдісінде пайда болатын ақшалай ағымдардың қозғалысын ұтымды басқару жүйесі.
Қор биржасы – ұйымдастырылған және тұрақты түрде қызмет ететін бағалы қағаздар нарығы.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік – бұл қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда, енгізген салымдарының еселенген мөлшерінде, өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік.
Қызмет көрсету аясындағы бизнес – бұл өндірушілер мен тұтынушыларға алуан түрлі қызмет түрлерін көрсету бойынша қызмет. Дәстүрлі қызмет түрлерін: шаштараз, кір жуу және т.б. және іскерлік қызметтерді: консалтинг, маркетинг, инжиниринг және т.б. бөліп көрсетеді.
Л
Лизинг – жалға берушіде меншік құқықтарын сақтап қала отырып мүлікті ұзақ мерзімді жалға алуға негізделген инвестицияларды қаржыландыру тәсілі, машиналарды, құрал-жабдықты және көлік құралдарын орта және ұзақ мерзімді жалға алу.
Лизингтік қызмет – бұл мүлікті алу мен оны лизингке беру бойынша инвестициялық қызмет.
Лицензия – заңмен қарастырылған нақты шаруашылық операцияларын, оның ішінде сыртқы сауда (экспортты және импортты) операцияларды жүзеге асыруға деген құзіретті мемлекеттік органдармен заңды тұлғаларға берілетін рұқсат.
М
Маклер – қор және тауарлы биржаларда делдалдық операцияларды жүзеге асыратын тұлға.
Мәміле - азаматтық құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған азаматтар мен заңды тұлғалардың іс – әрекеттері.
Монополист – нақты тауардың жалғыз өндірушісі. Әдетте, бұл тауарға монополиялы түрде жоғары баға тағайындалады. Нәтижесінде тұтынушылар және қоғам үлкен шығындарға ұшырайды.
Монополияға қарсы реттеу – нарықты монополиялау мүмкіндігін шектеу мақсатында мемлекетпен жүзеге асырылатын заңнамалық, әкімшілік және экономикалық шаралар жиынтығы.
Міндеттеме - азаматтық заңнамада бір тұлға (борышкер) екінші тұлғаның (кредитор) пайдасына қатысты белгілі бір іс-әрекет жасауға деген құқық қабілеттілігі.
Н
Нарық – этикалық, құқықтық нормалар мен ережелерді ұстанудың, бәсекенің белгілі бір интенсивтілік жағдайында, тауардың нақты түрін сату-сатып алу мен сауда мәмілелерін жасауды жүзеге асырудың шартты орны.
Нарық инфрақұрылымы – нарықтың қызмет етуін қамтамасыз ететін экономикалық институттар жиынтығы (сауда, делдалдық ұйымдар мен кәсіпорындардың, несиелік мекемелер, сақтандыру, көліктік және басқа да кәсіпорындардың желісі).
Несиелік келісімшарт – келісімшарт, ол бойынша бір тарап (несие беруші) екінші тарапқа (қарыз алушыға) келісімшартпен қарастырылған шарттармен мөлшерде ақша қаражаттарын беруге, ал қарыз алушы алынған ақша сомасын қайтаруға және ол бойынша пайыздық үстемелерді төлеуге міндеттенеді.
О
Олигополия – бірнеше кәсіпорындар біртекті немесе әртүрлі өнім өндіретін нарықтағы жағдай, және мұнда нарыққа кіру қиындатылады, бағаларға бақылау жүргізіледі.
Оферта – бұл бір немесе бірнеше тұлғаға келісімшарт жасауға жіберілген ұсынысы қабылданған жағдайда, ұсыныс жасаушының адресатпен келісім жасалғанын білдіретін шешім.
Оффшорлы аймақ - ел заңнамасының кейбір ережелері мен нормалары жүрмейтін, яғни аталған оффшор құрылатын ел шекарасын, территориялық жағынан бөлінген аймақ, аудан, облыс немесе арал.
Оффшорлы компания - оффшорлы аймақ деп аталатын ерекше территорияларда тіркелген кәсіпкерлік кәсіпорын.
Ө
Өз еркімен тарату – кәсіпорын иесі мен кредиторлар арасындағы келісім бойынша жүзеге асырылатын кәсіпорынды төлемқабілетсіз деп жариялау барысындағы соттан тыс процедура. Конкурстық массаның қалыптасуы, мүлікті сату және кредиторлар талаптарын шамалас түрде қанағаттандыру процедурасын қамтиды.
Өндірістік кооператив – азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызметі үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік жарналарын (пайларды) біріктіруіне негізделген ерікті бірлестік.
Өндірістік тәуекел – тапсырыс берушімен контракт немесе келісімшарт бойынша кәсіпорынның өз міндеттемелерін орындай алмау ықтималдылығы, тауарлар мен қызметтерді өткізудегі тәуекелдер, баға саясатындағы қателіктер, банкроттық тәуекелі.
Өнімнің бәсекеқабілеттілігі – бұл өнімнің бәсекелес-ұқсас өніммен салыстырғанда, қарастырылған мерзімдік кезеңде аталған, нарықтың талаптарына сай келу деген қабілеті.
Өнімнің өмірлік циклы – бұйымның алуан түрлі бес өмірлік циклының қатар жүруі: жасап шығару, өндіріс, нарыққа шығу, өсу, нарықтың толуы және моральды ескіру.
Өнім сапасы – адам мен қоғамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыруға деген қабілетін анықтайтын, еңбек өнімінің пайдалы тұтынушылық қасиеттерінің жиынтығы.
П
Патент – мемлекет жеке адамға (кәсіпорынға) беретін және оның өнертабысы белгіленген мерзім бойына ерекше пайдалану құқығының мойындалуын қамтамасыз ететін құжат.
Процудент – өнім өндіруші, белгілі бір тауарды өндірумен айналысатын ел.
Пул – барлық қатысушылардың пайдасы ортақ қорға түсіп, кейіннен олардың арасында күні бұрын белгіленген үйлесімділікке сәйкес бөлінумен ерекшеленетін картельдердің ерекше түрі.
Р
Райтер – негізгі бағалы қағазды опционның уәделескен бағасы бойынша сату немесе сатып алу міндеттемесін өз мойнына алушы адам.
Резервтік валюта – белгілі бір елдің халықаралық саудада басқа бір елдер неғұрлым жиі қолданатын, сондықтан да халықаралық төлем қаражатының сақтық қоры ретінде пайдаланылатын валюта.
С
Санация – банкрот қаупі төніп тұрған кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға бағытталған қаржылық және несиелік іс-шаралар жүйесі.
Сату-сатып алу келісімшарты – тараптар арасындағы келісім, соған сәйкес бір тарап (сатушы) екінші тарап (сатып алушыға) затты (тауарды) беруге, ал сатып алушы осы тауарды қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақшалай соманы төлеуге міндеттенеді.
Сұраныстың бағалық икемділік коэффициенті – сұраныстағы пайыздық өзгерістің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынасын сипаттайды.
Сыртқы кәсіпкерлік орта – нақты кәсіпорын қызметіне тәуелсіз, бірақ оған біршама әсер ете алатын және сондықтан да басқарушылық шешімдерді талап ететін, қоршаған ортада пайда болатын шарттар мен факторлардың жиынтығы.
Сыртқы экономикалық қызмет – шетел мемлекеттерімен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық, валюталық-қаржылық және несиелік қатынастардың құралдары мен әдістерінің, нысандарының, бағыттарының жиынтығы.
Т
Тарату – төлемқабілетсіз борышкердің қызметін тоқтату үшін, заңды тұлғаның міндеттері мен құқығының басқа құқықтық мұрагерлік тұлғаға өтпейтін, сот шешімі бойынша жүзеге асырылатын рәсім.
Тауарлы нарық конъюнктурасы – белгілі бір уақыт кезеңіндегі нарықтағы экономикалық жағдай.
Технопарк – өз ғылыми идеяларын бизнес жүйесін жүзеге асыру үшін ғалымдарға, сонымен қатар кәсіпкерлерге жаңа технологияларға қол жетімділік мүмкіндігін ұсынатын университеттер мен ғылыми орталықтардан онша алыс емес орналасқан арнайы жабдықталған территория.
Толық серіктестік – бұл мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік.
Төлемқабілетсіздік - борышкердің ақшалай міндеттемелер бойынша несие берушілердің талаптарын, оның ішінде жалақыны төлеу бойынша талаптарын қанағаттандыра алмау қабілетін, сонымен қатар өзіне тиесілі мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қанағаттандыра алмау қабілеті.
Траст – шаруашылық және басқа да қызмет ету аяларында операцияны жүргізу саясты.
У
Ультимо – банк тәжірибесінде айдың, тоқсанның немесе жылдың соңғы күнін білдіретін термин.
Ұ
Ұйым персоналы – бұл жалға алу келісімшартымен реттелетін, заңды тұлға ретінде ұйыммен қатынаста тұрған жеке тұлғалар жиынтығы.
Ф
Факторинг –фактор – компаниямен клиент шоттарын сатып алу арқылы, клиенттің айналым капиталын несиелеумен үйлесетін сауда – комиссиялық операцияның бір түрі.
Фирма – заңды тұлғалар болып табылатын және тауарлар өндіру мен өткізуді бір басқаруға біріктіретін (жалпы фирмалық атаумен) кәсіпорын немесе меншіктің кез-келген нысанындағы мамандандырылған ұйымдардың жиынтығы.
Форфейтинг – сатушыдан акцепттелген тауарларды, вексельдерді сатып алуға негізделген, сауда операцияларын несиелендірудің ерекше нысаны.
Франчайзинг – технологияны, лицензияны, ноу-хауды иемденетін ірі фирманың (франчайзердің) өзінің серіктесіне (франчайзиге) сауда мен қызметтер саласын таңдауда, жарнама компаниясын өткізуде, қызмет көрсетуші қызметкерлерді кәсіпке даярлауда т.б. көмек көрсету және ақыл-кеңес беру жөніндегі қызметі. Франчайзи кейде франчайзердің сауда белгісін пайдалану құқығын алады.
Х
Хеджер – фьючерстік биржада хеджер деп аталатын операцияларды жүзеге асырушы кез-келген кәсіпорын, банк, фермер немесе басқа да шаруашылық жүргізуші субъект.
Хеджирлеу – коммерциялық және валюталық қатерден сақтандыру, оның нақты мәні нақты тауарды ұқсас мерзімге сатумен бір мезгілде фьючерстік келісімшарттарды сатып алуда (сатуда) және тауарды нақты жеткізу мерзімі басталғаннан кейін кері операция жүргізіледі.
Холдинг – басқару, басшылық жасау және дивиденд алу мақсатында басқа компаниялардың акцияларының бақылау пакетін сатып алу үшін өз капиталын қолданатын акционерлік компания.
Ц
Цессия – несиеберушінің ақшаны, заттарды, т.б. нәрселерді талап ету құқығын басқа адамға беруі немесе қайта ұсынуы.
Ч
Чарттар – бағаны есепке алу және болжау үшін қолданылатын баға кестелері.
Ш
Шағын кәсіпорын – жұмысбастылардың аз санымен және айналымның онша үлкен емес көлемімен сипатталатын шаруашылық бірлік. Кәсіпорынды шағынға жатқызу критерийлері заңнамада тіркеледі; шағын бизнесті дамыту мен тауарлар өндірісін ұлғайту мақсатында мұндай кәсіпорындарға салық салу және т.б. жеңілдіктер ұсынылады.
Шаруашылық серіктестік – бұл өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс табуды көздейтін, басқа да шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы бола алатын, жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым.
Шетелдік инвесторлар - Қазақстан экономикасына инвестицияларды жүзеге асыратын кәсіпкерлік бизнес түрлерінің бірі – инвестициялық бизнестің субъектілері.
Шетелдік кәсіпорын – бақылауды толық немесе белгілі бір бөлігінде ғана жүзеге асыратын, капиталы шетелдік кәсіпкерлерге тиесілі болатын кәсіпорын.
І
Іскерлік қарым - қатынастар – бұл нарық пен ұжымдағы бірлескен қызмет үрдісінде пайда болатын, әріптестер, серіктестер мен тіпті бәсекелестер арасындағы өзара байланыс ретінде танылатын қоғамдық қатынастар типтерінің бірі.
Іскерлік қатынас – бұл бірлескен жұмыс нәтижесінде белгілі бір нәтижеге қол жеткізу, нақты міндетті шешу немесе қойылған мақсатты жүзеге асыруды қарастыратын іскерлік ақпарат пен жұмыс тәжірибесінің алмасуын қарастыратын үрдіс.
Іскерлік келіссөздер – бұл екі тараптың да өзара сәйкес келетін немесе қарама-қарсы мүдделері болған жағдайдағы, келісімге келу мақсаты үшін адамдардың өзара байланыс құралы.
Ішкі кәсіпкерлік орта – фирманың өз ішіндегі жағдайлық факторлардың жиынтығы. Ол негізінен басқарушылық шешімдердің нәтижесі болып табылады. Оған мақсатты, құрылымды, технология мен адамдарды жатқызады.
Э
Элиминирлеу әдісі – жеке жоспарлы көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен ауыстыруды сатылы және біртіндеп жүргізу.
Эккаунтинг – бухгалтерлік есеп берілгендері негізінде кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерін талдауды тұрақты өткізіп отыруға негізделген менеджмент элементі.
Экспорт – тауарларды, технологиялар мен көрсетілген қызметтерді сыртқы рынокта өткізу үшін оларды шетелге шығару.
Экспорттық лизинг – лизингтік компания ұлттық фирмадан жабдық сатып алатын, сонан соң оны шетелдегі жалға алушыға беретін мәміле.
Эмитент – ҚР Азаматтық Кодексына сәйкес, эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын тұлға.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы және ерекше бөлімдер): 2-бас, 2007 жылғы 1 ақпанға дейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген нұсқасында – Алматы: Жеті жарғы, 2007 – 488 бет.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексі (2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша) – Алматы: 2009ж
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заңы (2007 жылғы 27 шілдедегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілген нұсқасында) – Алматы: Жеті Жарғы, 2007
Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы – ҚР Заңдары 2006 ж.31 қаңтар № 124-ІІІ ҚРЗ // Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы. - 2006. - № 3. - б. 2-39
Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңы (2006 жылдың 31 қаңтарындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген нұсқасында) Алматы: LEM, 2006
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы (2008 жылдың 7 тамызындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген нұсқасында) Алматы: LEM, 2008
Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Қазақстан Республикасының Заңы – Егемен Қазақстан – 1998 жыл, 30 сәуір.
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі – Алматы: Жеті Жарғы, 2007 – 344 бет
Өндірістік кооператив туралы Қазақстан Республикасының Заңы. Алматы: Юрист, 2004 – 234 бет
Қазақстанның «30 корпоративті көшбасшысы» Мемлекетті бағдарламасы, Алматы: 2007 жыл
«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы Алматы: 2010 жыл 13 сәуір №301 қаулы.
Әмірбекұлы Е. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі/оқу құралы.Алматы: Экономика, 2009
Бизнес-планирование: учебник. /Под ред. Попова В.М. и Ляпунова С.И. – М: Финансы и статистика, 2003
Воробьев С.Н. Управление рисками в предпринимательстве: монография-М: Дашков и К, 2006 – 772с
Бусыгин А.В. Предпринимательство: учебник. – М: Дело, 2000. – 640с
Гайнутдинов Э.М. Основы предпринимательства: учебное пособие. – Минск: Высшая школа, 2000 – 182с
Глущенко Е.В. Основы предпринимательства: учебное пособие. М: Вестник, 1996 – 412с
Горемыкин В.А.Планирование на предприятии: учебник-6-е изд. Доп и перераб. –М: Юрайт, 2010- 699с (Основы наук)
Горфинкель В.Я. Предпринимательство: учебник. – М: ЮНИТИ-ДАНА, 2009 – 687с (Золотой фонд российских учебников).
Елшібаев Р.Қ. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру: оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2009 – 218б
Лапуста М.Г. Предпринимательство: учебник. – М: Инфра-М, 2010 -608с (Высшее образование).
Лапуста М.Г. Малое предпринимательство: учебник-М: Инфра-М, 2008- 685с (Высшее образование)
Малое предпринимательство: организация, управление, экономика: учебное пособие / ред. В .Я.Горфинкеля - М:Вузовский учебник, 2011 – 349с
Предпринимательство в Республике Казахстан. Под ред. Окаева К.О. Алматы:Экономика, 2000.
Предпринимательство и бизнес: учебное пособие/Л.П.Дашков – М: Маркетинг, 1995 – 304с – (Б-ка делового человека)
Предпринимательство: пер с англ. – М: Альпина Бизнес Букс, 2007 – 232с (Идеи, которые работают).
Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: учебное пособие. Минск: Новое знание, 2004
Сейдахметов А.С., Елшибекова К.Ж. Предпринимательство: учебное пособие – Алматы: Экономика, 2010 – 306с
Смагулова Н.Т., Елшибекова К.Ж. Кәсіпкерлік. Алматы, 2008
Теория предпринимательства : учебник /С.И.Грядов-М: Колос, 2007- 328с (Учебники и учеб пособия для студентов вузов)
МАЗМҰНЫ
|
БЕТ
|
КІРІСПЕ
|
3
|
1.КӘСІПКЕРЛІК: МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ ШАРТТАРЫ
|
4
|
1.1 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
|
4
|
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
|
10
|
1.3 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ОБЪЕКТІЛЕРІ
|
11
|
1.4КӘСІПКЕРЛІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ
|
15
|
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ ШАРТТАРЫ
|
20
|
2.КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ
|
26
|
2.1 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
|
26
|
2.2КӘСІПКЕРЛІК ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
|
33
|
2.3ДАРА КӘСІПКЕРЛІК
|
35
|
2.4. шетел капиталының қатысуыЖӘНЕ жүргізілетін кәсіпкерлік
|
37
|
ӨЗ КӘСІПОРНЫН ҚҰРУ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ
|
41
|
2.6 ФРАНЧАЙЗИНГ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК
|
46
|
3.КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ТӘУЕКЕЛДЕР
|
52
|
3.1 КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДЕР: ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ
|
52
|
КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАҒАЛАУ
|
55
|
КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ
|
56
|
4.КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БИЗНЕС – ЖОСПАР
|
62
|
4.1 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ЖОСПАРЛАУ ҮРДІСІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ
|
62
|
КӘСІПКЕРЛІК ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ БИЗНЕС – ЖОСПАРЫ
|
63
|
4.3 БИЗНЕС – ЖОСПАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАП ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ
|
64
|
5. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
|
69
|
5.1КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІ
|
69
|
ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ЖОСПАРЛАУ
|
73
|
КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
|
74
|
КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАР
|
76
|
КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ ФАКТОРИНГ
|
80
|
6.КӘСІПКЕРЛІК ҰЙЫМДЫ КАДРЖӘНЕ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
|
84
|
6.1 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ КАДРЖӘНЕ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МӘНІ
|
84
|
6.2. ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ. ЖАҢА ПЕРСОНАЛДЫ ІЗДЕУ КАНАЛДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ТАҢДАУ ӘДІСТЕРІ
|
87
|
6.3. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ
|
89
|
6.4КӘСІПОРЫН ПЕРСОНАЛЫН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ
|
92
|
7.КӘСІПКЕРЛІК МӘМІЛЕЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
|
98
|
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫСТАР
|
98
|
7.2КӘСІПКЕРЛІК МӘМІЛЕЛЕР ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
|
100
|
7.3КЕЛІСІМШАРТ – КӘСІПКЕРЛІК МӘМІЛЕЛЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰЖАТЫ. КЕЛІСІМШАРТТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
|
104
|
7.4САТЫП АЛУ-САТУ КЕЛІСІМ ШАРТЫН ЖАСАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
|
108
|
7.5КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ ДЕЛДАЛДАРДЫҢ РӨЛІ
|
112
|
8.КӘСІПКЕРЛІК ҚҰПИЯ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОРҒАУ ТӘСІЛДЕРІ
|
115
|
8.1 КӘСІПКЕРЛІК ҚҰПИЯНЫҢ МӘНІ. КӘСІПКЕРЛІК ҚҰПИЯНЫ ҚҰРАЙТЫН МӘЛІМЕТТЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
|
115
|
8.2КӘСІПКЕРЛІК ҚҰПИЯНЫ ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ
|
117
|
9.КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
|
120
|
9.1 КӘСІПКЕР ЖАУАПКЕРШІЛІГІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
|
120
|
9.2КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ӘКІМІШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
|
124
|
9.3КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ТӘСІЛДЕРІ
|
126
|
10.КӘСІПКЕРЛІК МӘДЕНИЕТ ПЕН ЭТИКА
|
132
|
10.1 КӘСІПКЕРЛІК МӘДЕНИЕТТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҒЫНАСЫ
|
132
|
ІСКЕРЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР. ІСКЕРЛІК КЕЛІССӨЗДЕР
|
136
|
10.3ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ КӘСІБИ ЭТИКА
|
148
|
11.КӘСІПКЕРЛІК АЯСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕ ЖӘНЕ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІК
|
152
|
11.1 БӘСЕКЕ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ. БӘСЕКЕНІҢ ДАМУЫ
|
152
|
11.2 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕЛІК АРТЫҚШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІГІ
|
156
|
11.3 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР
|
162
|
11.4 КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТЕРДІ ТАЛДАУ
|
165
|
12. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
|
170
|
12.1КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ТӘСІЛДЕРІ
|
170
|
12.2 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
|
175
|
13.КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
|
180
|
13.1 КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ
|
180
|
13.2 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
|
182
|
13.3 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ИНСТИТУТТАРЫ. ШАҒЫН БИЗНЕС ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
|
187
|
13.4 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
|
194
|
14.КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ТОҚТАТУ
|
197
|
14.1. КӘСІПКЕРЛІК ҰЙЫМДАРДЫ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ
|
197
|
14.2. КӘСІПКЕРЛІК ҰЙЫМДАРДЫ ТАРАТУ
|
200
|
14.3. КӘСІПКЕРЛІК ҰЙЫМНЫҢ ТҰРАҚСЫЗДЫҒЫ (БАНКРОТТЫҒЫ)
|
203
|
БІЛІМДІ ТЕКСЕРУ ҮШІН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
|
209
|
ГЛОССАРИЙ
|
237
|
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
|
247
|
Достарыңызбен бөлісу: |