285
7. Баламаны таңдау кезінде бағынушылар арасындағы даудың
ықтималдылық дәрежесі.
Стильдің
орнықтылығы
ауысатын
айнымалыларының
жағдайының шешім қабылдауына тәуелді.
Лидерліктің жағдайлық тәсілі – басқарушылықтың тиімділігін
көтерудің бірнеше түрін алып көрсеткен:
1. Топтарды
қайта құру;
2. Міндеттемелерді қайта жобалау;
3. Лауазымды өкілеттіліктің түр өзгерушілігі.
Өте нәтижелі жұмыс істегісі келетін басшы бағынушылардан
көздеген мақсатының бәрін алады, ал өзінің барлық қызмет істеген
кезінде ол қандайда бір ғана басқару стилін қолдануды рұқсат ете
алмайды.
Басшы барлық стильді қолдана білуді және нақты жағдайға
сәйкес келетін әсер ету әдістері мен типтерін тезірек үйренуі керек.
Нағыз нәтижелі немесе тиімді стиль болып, үйреншікті стиль
немесе шындыққа бағытталған стиль болып саналады.
37. Реттеу мен бақылау басқарудың функциясы ретінде
Мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері
Мемлекеттік органдардың жеке бизнес субъектілерімен
өзара әрекетті ұйымдастыратын формалары серпінді өзгеруде.
Мақсаттарды және мемлекеттік пен нарықтық тетіктерді реттеуді
үйлестіруде елеулі қадамдар жасалуда.
Кәсіпкерлік іс-әрекетті мемлекеттік реттеудің мақсаты белгілі
бір жағдайлар жасау болып табылады, олар тұтастай экономиканың
қалыпты жұмыс істеуін және елдегі кәсіпкерлердің еңбекті
халықаралық бөлуге тұрақты қатысуын және осыдан ұтымды пайда
алуды қамтамасыз етеді.
Жинақтай алғанда мемлекеттік реттеудің міндеттеріне мыналар
кіреді:
- кәсіпкерлерге құқықтық негіз бен мүдделерді қорғауды
қамтамасыз
ететін заңнамаларды әзірлеу, қабылдау және бақылау;
- мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру мен тиісті
шығындарды кеміту;
- кәсіпорынның қызметіне тікелей араласумен бюрократиялық
бақылауды азайту;
286
- нарықта еркін және адал бәсекелестік үшін
жағдайлар жасау;
- ақша-тауарлық және бюджеттік тепе-теңдікті қаржылық,
салықтық, үрдістік саясат пен ақша эмиссиясын басқару арқылы
қамтамасыз ету;
- капиталдың ұзақ уақыт бойы өсуі мен тұрақты дамуына ықпал
ету;
- жұмыс күшінің еркін ауыс-түйісі мен еңбек Заңнамасының
нормаларын сақтауды қамтамасыз ету;
- әлеуметтік тепе-теңдік пен табыс бөлуді қолдау.
Реттеу түрлері мен тетіктері үнемі өзгерістерге ұшырап отырады,
оларды иілімді сипатта және жүзеге асыру тиісті органдар арқылы
(заңнамалық, атқару) атқарылады.
Нарықтық қатынастарды қалыптастыру жағдайында мемлекеттік
реттеу орталығы; салмағы өндірісті ұйымдастыру-шаруашылық
жағынан реттеуге белсене қатысатын мемлекетке ауысады.
Оның негізгі міндеттері мыналар:
- өндіріс құрылымын қайта құру (экспортқа бейімделген жаңа
салалар құру,
жаңғыртып, жетілдіру (модернизация) және т.б.)
- экспорт салалары өнімінің және өндірістің кейбір түрлерінің
бәсекеге мүмкіншілігін арттыру;
- өндірісті шикізат, отын, жартылай өнім түсетін кепілді
көздермен ұзақ уақыт бойы қамтамасыз ету;
- экономиканың артықшылықты және ең озық салаларында
жағдайды нығайту;
- экономиканың жетекші салаларында, соның ішінде
шоғырландыру үрдісіне
әсер ету шараларын қолдану;
- реттеу өндіріс тиімділігін арттыруға барынша бағытталуда.
Реттеу тетігіндегі өзгерістер
Реттеу тетігінде (механизмінде) елеулі өзгерістер болып жатыр.
1. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің маңызды формасы
– экспортқа бейімделіп, бағдарланған өнеркәсіпті құрылымдық
жағынан қайта құрудың негізгі бағыттарын экономиканың ұзақ
мерзімді даму бағдарламасына кіргізу.
Қазіргі кезеңде құрылымдық саясат мәселелері экономикалық
саясаттың жетекші бағыттарына айналды. Мұнда негізгі назар жеке
және мемлекеттік капиталды біріктіретін мақсатты инвестициялық
бағдарламаға жасалады. Бұл кәсіпкерліктің нарықтық экономика