Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет83/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   95

260
Бұл  радио,  телефон  арқылы  берілетін  бір  жолғы  хабарлар 
болуы мүмкін. Шығыс құжаты тұжырымдау және соның негізінде 
басқарушы  ықпалдағы  ақпаратты  беруді  тікелей  басқарушы  адам 
жүзеге асырады.
Жай қарапайым ақпараттық жүйелер звено, бригада, бөлімшелер 
дәрежесіндегі басқару үшін сипатты нәрсе. 
Күрделі  ақпараттық  жүйелер  деп  –  оларды  құрастырушы 
ақпараттық  үлгілер  ақпараттың  өңдеуін,  бастапқы  ақпараттың 
негізінде  туынды  ақпарат  алынуын,  талдау,  күрделі  есептеулер 
жасалуын керек ететін жүйелер айтылады. Осы замандағы өндіріс 
пен  оны  басқару  дәрежесі,  әдетте,  күрделі  ақпараттық  жүйелерді 
ұйымдастыруды көздейді.
Бұл  жүйелерде  ақпаратты  алудың,  жинақтау  мен  берудің 
техникалық құралдарымен қатар электрлік (механикалық) есептеу 
машиналарынан бастап электронды есептеу машиналарына дейінгі 
түрлі есептеу техникасын кеңінен қолданылады. 
Сондықтан, күрделі ақпараттық жүйелер қайда өңделетіндігіне 
қарай орталықтандырылған және орталықтандырылмаған жүйелер 
деп бөлінеді. 
Қазіргі  кезде  ақпараттық  жүйелердің  дамуы  күрделілігі 
неғұрлым аз жүйелерден күрделілігі анағұрлым жоғары жүйелерге 
қарай жүреді.  
Күрделілігі  неғұрлым  аз  жүйелер  дегеніміз  –  ақпараттық 
үлгілер көрсетілген технология бойынша ақпаратты алу, жинақтау, 
беру,  өңдеу  және  тұжырымдау  ісін  адам  жүзеге  асыратын 
жүйелер. Ақпаратты өңдеген кезде адамның қарапайым байланыс 
құралдарын  және  шығын  есептеу  техникасын  қолдануына  ерік 
беріледі.  Шартты-тұрақты  ақпарат  аумағының  тұжырымдалуы 
айқын  көрінбейді.  Қазір  бұл  жүйелер  кәсіпорындарда,  мейлінше,  
кеңінен қолданылады.
Күрделілігі  орташа  ақпараттық  жүйелер  дегеніміз  – 
ақпараттың  өңдеу  жөніндегі  бір  технологиялық  операцияны 
адам  жүзеге  асыратын,  ал  екінші  біреулері  механикаландыру  мен 
автоматтандыруды қамтамасыз ететін техникалық құралдар арқылы 
жүзеге  асатын  жүйелер.  Мұндай  жүйелерде  бастапқы  ақпаратты 
алу  ісін  арнайы  бөлінген  есепшілер  немесе  мәлімет  берушілер 
жүргізеді, ол мұны тиісті есеп құжаттарына жазып тіркеу арқылы 
немесе  тіркелмеген  хабарды  беру  түріндегі  оперативті  ақпарат 


261
бойынша жасайды. 
Ақпаратты  оның  жинақталатын  және  өңделетін  жерлеріне, 
сондай-ақ  басқарушы  адамға  бастапқы  есеп  құжаттарын  жөнелту 
арқылы  жүзеге  асырылады.  Ақпараттың  бір  бөлігі,  әсіресе 
техникалық-экономикалық  есептер  бар  шығыс  құжаттарын 
тұжырымдау,  қажет  болған  жағдайда,  автоматтандырылған  түрде 
өңделуі мүмкін.
Кәсіпорындардың анағұрлым күрделі, сонымен қатар анағұрлым 
нәтижелі  ақпараттық  жүйелері  дегеніміз  –  ақпаратты  өңдеудің 
бүкіл технологиялық үрдісі түгел автоматтандырылған жүйелер.
Мұндай  жүйелерде  ақпаратты  алу,  жинақтау,  беру,  өңдеу  ісі 
шығыс құжатты тұжырымдауды қоса алғанда прогресті техникалық 
құралдардың  жәрдемімен  автоматтандырылған  жолмен  жүзеге 
асырылады. 
Өндірісте ақпараттық жүйелердің бір түрі автоматтандырылған 
жүйелер кездеседі. Оларда ақпаратты алудан бастап, басқарушылық 
нұсқауларды  жасап  шығаруды  қоса  алғандағы,  бүкіл  цикл 
техникалық құралдар кешені арқылы жүзеге асырылады. 
Ақпараттық  жүйелердің  ықпалын  оңтайландыру  бірнеше 
бағыттарда болады. 
Оңтайландырудың  негізгі  қағидалары  кәсіпорындағы  құжат 
айналымының бірлігіне жетумен байланысты. Ол қағидалар мына 
төмендегілер:
- бастапқы ақпаратты тіркеудің бір реті болуы;
- жазбалардың қысқа болуы мен формалардың дәлдігі;
- түрлі құжаттарда көрсеткіштердің аз қайталануы (және тіпті 
болмауы);
- ақпараттың қайталап келіп түсуін азайту және болғызбау;
- құжаттардың бөлімдерін барынша бір ізге салу және бастапқы 
ақпараттың бірыңғай формаларын енгізу;
-  шығыс  құжаттардың  көрсеткіштерін  оңтайландыру  және 
басқалары.
Жоғарыда аталған қағидаларда соңғысының – шығыс құжаттың 
көрсеткішін оңтайландырудың ерекше маңызы бар. 
Қорыта  айтқанда,  басқарудың  негізгі  басқарушы  ықпалдар 
ақпараттарын  жасап  шығару  мақсатымен  басқарушы  адамның 
басқарылатын көмекші жүйенің жай-күйі жөнінде мәліметтер мен 
хабарламалар алып, өңдеу үрдісі болып табылады.


262
35.Менеджменттегі шешімдер теориясы
Шешім қабылдау үрдісінің табиғаты
Ұйымдастыру  шешімдерін    қабылдайтын  және  оларды  басқа 
адамдар  арқылы  жүзеге  асыратын  адамдарды  ғана  менеджер  дей 
аламыз. 
Шешім қабылдау ақпаратпен алмасу сияқты кез-келген басқару 
функциясы  қызметінің  бір  құрамдас  бөлігі.  Шешім  қабылдау 
қажеттілігі  басқарушының  алға  қойған  мақсатының  қалыптасуы 
және сол мақсатқа жетуіндегі іс-қимылын түгелдей қамтиды. 
Кез-келген  басқару  өнерін  игерем  деген  адам  үшін  шешім 
қабылдау табиғатын түсіну аса маңызды мәселе. Осы мәселелерге 
көмек  ретінде  басқарушылардың  шешім  қабылдау  түрлерін, 
қолданылатын  тәсілдерін,  осы  үрдістің  тиімділігін  арттырудағы 
ғылыми әдістерін және басқару шешімдерін қабылдаудағы негізгі 
факторларға көңіл аудару қажеттігін қарастыруға болады.
Шешім қабылдау басшы жұмысындағы түбегейлі процедура, ол 
басқару үрдісінің бұдан кейінгі бүкіл барысын анықтайды. 
Адамдардың  есейе  келе  тәжірибе  жүзінде  шешім  қабылдау 
үрдісін түсіне, ұғына алмауы мүмкін емес. Қатынас қабілеті сияқты 
шешім қабылдау қабілеті де бірте-бірте тәжірибе жүзінде дамитын 
ептілік. Біздің әрбіреуіміз күніне жүздеген, ал өмір бойына мыңдаған 
шешімдерді қабылдаймыз. 
Шешім дегеніміз – бұл баламалы таңдау. Балама – мүмкін болған 
ұйғарымның бірін ғана таңдап алуға мәжбүрлік. 
Жеке  өмірге  қарағанда,  басқарудағы  шешім  қабылдау  өте 
қатты  жүйеленген  үрдіс.  Жеке  адамның  бөлек  таңдауы  алдымен 
өзінің  өмірінен  және  онымен  қарым-қатынаста  жүрген  адамдарға 
байланысты  болады.  Менеджер  іс-қимыл  бағытын  тек  өзі  үшін 
ғана  емес,  сонымен  бірге  ұйымдар  мен  басқа  жұмысшылар  үшін 
де  таңдайды.  Ірі  ұйымдардың  жоғарғы  деңгейіндегі    басшылар 
миллиондаған шешімдерді қабылдайды. 
Көңіл  аударарлық  мәселе,  бұл  басқару  шешімдері  жетекші 
қабылдаған  шешімдер  арқылы  жұмыс  жасайтын  адамдардың 
өміріне ықпал етулері мүмкін. 
Маңызды  шешімдерді  қабылдаудағы  жауапкершілік  –  бұл 
сапалы  ауыртпалық  болып  табылады.  Егер  басшы  бағыныштыны 
жұмыстан  шығарса,  соңғысы  қатты  күйзелуі  мүмкін,  егер  нашар 


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау