Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет72/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   95

225
типтері  нақ  сол  күйінде  қолданылмайды.  Әрбір  нақты  ұйымда 
басшы  мен  басқару  аппаратына  байланысты  аталған  үш  типтің 
біреуі басымырақ болады.
Басқарудың  ұйымдастыру-басқарушылық  әдістері  (БҰБӘ) 
жоғары  тұрған  биліктің  еркін  орындау  үшін  басқару  аппараты 
қызметкерлерінің әрбірінің жеке жауапкершілігін қамтамасыз етуге 
тиісті.
Басқарудың ұйымдастыру-басқарушылық  әдістерін жіктеу
Басқарудың  ұйымдастыру-басқарушылық  әдістерін  БҰБӘ 
шығу көздері мен қосымша (ықпал ету) бағыты бойынша былайша 
жіктеуге болады:
- ұйымдастырушы-тұрақтандырғыш;
- басқарушылық;
- тәртіпке келтіру;
- басқарушылық ықпал ету сипаты бойынша.
Ұйымдастырушы-тұрақтандырғыш ықпал ету әдістерінің негізгі 
мәні мынада: жалпы жүйенің де, оның жекелеген буындары ішіндегі 
белгілі бір міндеттемелерді бекіту арқылы жүйе элементтері құрамы 
мен берік ұйымдастырушылық байланыстар орнатуда.
Бұл  әдістер  БҰБӘ  арасында  бірінші  және  басты  орын  алады 
(7-сурет). 


226
7-сурет – БҰБӘ жіктеу
БҰБӘ-нің екінші тобына басқару ықпалының әдістері жатады. 
Олар  белгіленген  ұйымдастыру  қатынастарын  күнделікті  қолдану 
мен жұмыс жағдайын өзгерткенде, бірен-саран түзетуді бейнелейді. 
Басқару  ықпалының  негізінде  өкілеттіліктер  мен  міндеттемелер 
жатады.
Үшінші топ – тәртіпке салып ықпал ету әдістері. Олар тәртіпке 
салу  талаптары  мен  жауапкершілік  жүйесі  арқылы  ұйымдастыру 
қатынастарының тұрақтылығын ұстауға арналған.
БҰБӘ-нің  төртінші  тобы  басқарушылық  ықпалы  сипаты 
бойынша  екі  топқа  бөлінеді:  ұзақ  ықпал  жасау  құралдары  және 
әдістері, тәсілдері.
Басқару  органдары  немесе  жекелеген  қызмет  орындарындағы 
адамдарға  қысқа  мерзімді  басқарушылық  әдістері  жедел 
ұйымдастыру бұйрығының заңды нысаны болып табылатын бірлі-
жарым әкімшілік өкілдер арқылы жүзеге асады.
Ұзақ басқарушылық әдістердің әсер етуі ұйымдастыру жүйелерін 
құруға  немесе  жетілдіруге  байланысты.  Олар  заңдық,  құқықтық 
күші бар ұзақ іс-әрекеттік әкімшілік актілерінің, директивалар мен 
ережелердің, жарғылар мен қағидалардың, нұсқаулықтардың және 
т.с.с. көмегімен іске асады.
Тәжірибе  басқару  жүйесінің  әрбір  деңгейінің  өзіндік 
ұйымдастырушылық  әсер  ету  ерекшеліктері  бар  екендігін  және 
олардан  осы  деңгей  үшін  ең  тиімді  болып  бөлініп  шығатынын 
көрсетеді.
Басқару  жүйесінің  деңгейлері  бойынша  БҰБӘ  дұрыс  саралау 
(дифференциациялау)  басқарудың  теориясы  мен  тәжірибесінде 
маңызды  рөл  атқарады.  Ол  басқарудың  орталықтану  деңгейін 
көрсетеді,  әлеуметтік-экономикалық  жүйедегі  ұйымдастыру 


227
қатынастарын ең толық есепке алуға мүмкіндік туғызады.
БҰБӘ-нің негізгі сипаттамалары
БҰБӘ-н  жіктеуді  ашып  көрсете  отырып,  ұйымдастыру 
тұ¬рақтандырушы ықпал ету, әдістері басты орын алатынын атап 
көрсеттік.
Ұйымдастыру-тұрақтандырушылық  ықпал  ету  тәсілдеріне 
реттеу, нормалау мен нұсқау беру кіреді.
Реттеу  ұйымдастырушылық  ықпал  жасаудың  өте  қатаң  түрі 
болып табылады. Бұларға мыналар жатады:
-  ұйым  құрылымының  жалпы  қағидалары  мен  биліктің 
құрылымын  айқындайтын  басқарудың  жалпы  ұйымдастыру 
әдістері;
- билік органдарының құрылымын, яғни басқару буындары мен 
деңгейлерін белгілейтін басқарудың құрылымдық әдістері;
-  басқарудың  қызметтік  әдістері,  билігі  бар  әрбір  тұлғаның 
лауазымдық мәртебесі (статусы);
-    кейбір  билік  құрылымдарының  жұмыс  істеу  тәртібін 
белгілейтін басқарудың функционалды әдістері.
Реттеуден  басқа  ұйымдастыру-тұрақтандырушылық  ықпал 
етудің бір әдісі – нормалау.
Норматив пен норма ұғымдарын ажырата білу керек. Норма – 
табиғи  және  антропогенді  үрдістер  жүретін  табиғи  жағдайларды 
сипаттайтын шама. Норматив – бір нәрсенің бірлігіне (бекітілген) 
шартты бөлу.
Басқарудың нормалау әдісінде мыналар болады:
-  ұйымдастырушылық  нормативтер  (уақыт,  еңбек  шығыны 
нормативі, материалдық құралдар шығыны және т.с.с.);
- қызметкерлер санының нормативі;
-  шама  (сапалық-техникалық,  қаржы-несиелік,  экономикалық 
көтермелеу, пайдалылық және т.с.с.) нормативтері.
Бұл нормативтердің барлығы кәсіпорын мен өндірістің басқару 
үрдісіндегі қызметін айқындайды.
Ұйымдастырушылық ықпал жасаудың ең жайлы әдісі – нұсқау.
Ол  жұмыс  шарттарымен  танысудан  немесе  тапсырылған 
істің  жағдайынан,  жағдайды  түсіндірудің,  ықтимал  қателерден 
сақтандырудан тұрады.
Нұсқау  әрқашан  жұмысты  табысты  орындауға  бағытталған 


228
әдістемелік және ақпараттық түрде болады. Оған ақпарат берудің 
әр қилы түрлері: түсіндіру, сақтандыру, кеңес беру, таныстыру т.с.с. 
кіреді.
Басқарудың  нұсқау  әдістері  ауыр  зардаптарға  ұрындыратын, 
бетімен  кеткен,  қисынсыз  және  кәсібилікке  жат  іс-әрекеттердің 
алдын алуға бағытталған.
31. Менеджмент функциялары
Функциялар түсінігі
Кәсіпорын жүйе ретінде өзара байланысты және өзара келісілген 
басқарылатын  және  басқарушы  бөліктерден  тұрады.  Осы  жүйе 
тармақтары  арасында  және  олардың  ішінде  қатынастар  пайда 
болады.  Менеджменттің  міндеті  –  бұл  қатынастарды  басқарудың 
функциясын  белгілеу  және  солардың  негізінде  басқарудың 
заңдылықтарын  ескеріп,  басқарушы  жүйенің  құры-лымын  жасап 
шығару.
Басқарудың функциясы мен құрылымы – басқарудың мазмұны 
мен пішіні (формасы).
Функция  (латынның  –  «атқару,  қызмет»  деген  сөзі)  қызмет 
сияқты  анықталады,  ал  басқаруға  сәйкес  бұл  басқару  бойынша 
қызмет болады. Бұдан шығатыны, басқару жүйесінің жұмыс істеуі 
–  басқару  функциясын  атқару  үрдісі.  Шынында,  басқарылатын 
жүйеге кез келген әсер ету белгілі бір, осы жүйелерге ортақ басқару 
үрдісінің пішінінде, ал нақты айтсақ басқарудың функцияларында 
жүзеге асуы мүмкін. Басқару әрекетінің мәнін түсіну үшін оған тән 
белгілерді білу қажет.
Басқаруда әртүрлі функцияны бөлу мен оларды талдау өндірісті 
басқару  проблемасын  ғылыми  талдаудың  ыңғайын  табуда  негізгі 
кезең болды. Алғаш рет басқарудың функционалды талдауын Ф. У. 
Тейлор мен А. Файоль жүргізді.
Басқарудың  функционалды  тәсілінің  басты  белгісі  –  басқару 
функцияларының жиынтығы ретінде түсіндіріледі.
Басқарудың функциясы басқарудың өз мәнін көрсететін басқару 
қызметінің бөлігі болып табылады.
Функция  басқару  қызметінің  ерекше  түрі  ретінде  де  басқару 
саласындағы  еңбекті  бөлу  мен  мамандандыру  үрдісінің  нәтижесі 
ретінде де қарастырылады. Өндірісте – еңбек өнімділігін бөлу ҒТП 


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау