Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет74/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   95

232
атап көрсетіледі:
-  алдын  ала  басқару  –  басқару  мақсаттарын  айқындау,  болжау 
(іс  жүзіндегі  факторлар  негізінде  басқару  үрдістері  дамуының 
келешегін  талдау)  және  жоспарлау  (мақсаттар  мен  болжанатын 
нәтижелер бірлігін қамтамасыз етуге қажетті шаралар жүйесі);
-  жедел  басқару  –  ұйымдастыру,  басқарушылық  (дәлелдеу, 
жандандыру);
- бақылау – есеп, талдау, өзіндік бақылау, яғни іс жүзінде жеткен 
нәтижелерді белгіленген мақсатпен салыстыру.
Басқару  субъектісі  тұрғысынан,  сонымен  қатар  мемлекеттік 
және қоғамдық басқару ажыратылып бөлінеді.
Басқарудың 
аталған 
қызметтері 
мағынасы 
жағынан 
мамандандырылған.  Мамандандырылған  міндеттермен  қатар 
басқарудың  мамандандырылған  функцияларын  біртұтас  етіп 
жинақтайтын  (синтездейтін),  біріктіріп  кіріктіретін  басшылық 
қызметі де бөлек көрсетіледі.
Басқарудың  қызмет  ету  аясы  басқару  функцияларымен 
нақтыланады.  Міндеттер  –  объективті  функцияларды  субъективті 
өзінше  ұйғару,  яғни  міндеттің  әрбір  сәті  білімімізді  басқару 
функцияларының  мазмұны,  оларды  әрбір  деңгейде  іске  асыру 
мүмкіндіктері жайлы ұғымды білдіреді.
Осылайша,  менеджменттің  функцияларын  басқару  объектісі 
тұрғысынан да, басқару субъектісі тұрғысынан да жіктеу бар.
А. Файольдың пікірі бойынша функцияларды жіктеу:
1.  Техникалық операциялар (өндіріс).
2.  Коммерциялық операциялар (сатып алу, айырбастау, сату).
3.  Қаржылық операциялар (қаржы тарту және мүлікке ие болу).
4.  Сақтандыру операциялары (мүлік пен адамдарды күзету).
5.  Есеп операциялары (калькуляция, бухгалтерия, статистика).
6.  Әкімшілік  операциялар  (алдын  ала  болжау,  ұйымдастыру, 
басқарушылық, үйлестіру және бақылау).
Ф. У. Тейлордың пікірі бойынша басқару функцияларының төрт 
тобы бар:
-  мақсат  таңдау;  кұрал  таңдау;  қаржы-құрал  дайындау; 
нәтижелерді бақылау;
- іскерлік басқарудың функциялары – даму (өнім мен на¬рықтың 
жаңа түрлерін жасау);
- өндіріс маркетингі (тауарды дайындау, қызмет көрсету, жеткізіп 


233
беру);
-  басқару  –  ресурстар  қозғалысын  бақылаумен  байланысты 
барлық қызмет.
Басқарудың негізгі 
функцияларының қысқаша сипаттамасы
Өндірісті  басқару  негізгі  екі  белгі  бойынша  мынадай 
функцияларға бөлінеді:
- басқару үрдісінің мазмұны бойынша. Жалпы функциялар кез 
келген жүйенің табысты жұмысы үшін міндетті;
-  өндірістік-шаруашылық  қызмет  саласына  (түріне)  қатысы 
бойынша. 
Жалпы  функцияларды  талдап,  тексеріп,  бөлу  нәтижесінде 
басымдылыққа ие функциялар нақтылы деп аталады. Олар дербес 
және басқару жүйесінің әрбір буынының ерекшелігін көрсетеді.
Басқару үрдісінің мазмұны бойынша функцияларды бөлу негізін 
қалаушы  болып  саналады  және  әр  функция  белгілі  бір  жұмыс 
түрінен тұрады.
Жоспарлау  басқарудың  функциясы  ретінде  міндетті  болып 
саналады.  Тіпті  қарапайым  еңбек  қызметіне  де    жоспарлау  
элементтері кіреді. Күрделі кооперативті еңбек алдын ала жасалмаған 
жоспарсыз болуы мүмкін емес. Жоспарлау қоғамдық өндірістің осы 
буынының  алдына  қойылатын  басқару  функцияларын  білдіреді. 
Жоспарлау  үрдісінде  өндіріс  пен  басқару  дамуының  негізгі 
бағыттары, олардың тиімділігі анықталады.
Жоспарда  өндірісті  нақты  жағдайларда  ұйымдастырудың  ең 
тиімді нұсқасы көрсетіледі.
Жоспарлау  үрдісінде  қойылған  мақсатқа  жету  үшін  төрт 
нақтылы міндет шешіледі, басқаша айтқанда, жоспарлау қоғамды 
басқарудың  функциясы  ретінде  өзінің  төрт  қосалқы  функциясы 
арқылы жүзеге асады:
а)  оқиғалардың  дамуын  болжау.  Болжаудың  мәні:  уақыттың 
әрбір  бөлігінде  болатын  жүйе  жағдайының  сипаты  мен  маңызын 
ашып көрсетуде. Бірақ болжау өзінің рөлін атқару үшін жүйе үлгісін 
(моделін) жасау керек;
ә) үлгілеу – қойылған мақсатқа жету (яғни, жоспарды орындау) 
үшін жүйе іс-әрекетінің дәйектілігі мен өзара байланысын көрсетеді. 
Үлгі  жүйені  әр  түрлі  ахуалда  және  болашақта  көруге  мүмкіндік 


234
береді, жоспарланатын кезең ішіндегі оның тәртібін бақылау және 
оның ортамен өзара әрекеттесуін талдауға мүмкіндік береді.
Экономикалық  үлгілеуді  жаратылыстану  ғылымдарындағы 
тәжірибемен (экспериментпен) салыстыруға болады.
Болжау  мен  үлгілеу  болашақ  жүйені  тек  ойдағыдай  мінсіз 
ашып көрсетеді, ал шынайы жағдайға көшу үшін жүйе қозғалысы 
алгоритмін  (үрдіс  барысын  алдын  ала  жазып  қою)  жасау,  керекті 
материалдық  ресурстарды,  ғылыми  құралдарды  шаруашылық 
жүргізу әдістерін анықтау қажет. Мұны келесі қосалқы функция – 
бағдарламалау шешеді;
б) бағдарламалау бұл шешімдердің іс-әрекет бағдарламасы мен 
шешім таңдау үрдісі болып табылады және жүйені жаңа тапсырылған 
жағдайда  көшіру  үшін  пайдаланылады.  Бағдарламалаудың 
көмегімен шешім іс-әрекет бағдарламасына көрініс береді;
в)  жоспарлау  жоспарды  (бағдарламаны)  атқарушыға 
(басқарылатын жүйеге) дейін жеткізумен аяқталады.
Ұйымдастыру.  «Ұйымдастыру»  функциясының  мәні  – 
өндірістік  объект  құрылымын  және  басқару  құрылымын 
қалыптастыру  мен  таңдауда.  Ұйымдастыруға  сатылылықтың 
барлық 
деңгейінде 
басқарылатын 
жүйенің 
техникалық, 
экономикалық және ұйымдастырушылық қосалқы жүйесін реттеу 
жөніндегі  жұмыстар  кіреді.  Сонымен  қатар,  осы  функцияның 
көмегімен  белгілі  бір  жағдайларда  басқарылатын  объектілердің 
іс-әрекеті;  яғни  ұйымдастыру  –  бағдарламада  (өндірістің  даму 
жоспарында)  қойылған  міндеттерді  жүзеге  асыруға  арналған 
басқару жұмыстарының түрін айқындайды.
Ұйымдастыру  –  басқарудың  функциясы  ретінде  қоғамдық 
еңбектің  міндеті  болып  табылатын  және  оған  түк  қатысы  жоқ 
өндірісті ұйымдастырумен тығыз өзара әрекет жасайды.
Қоғамдық 
еңбектің 
функциясы 
ретінде 
өндірістің 
ұйымдастырылу мәні: жұмыс күші мен өндіріс құралдарын ғылыми 
негізделмеген  біріктірумен:  өндірістік  үрдіс  барысын  қамтамасыз 
ету мәселелерін әзірлеуде. Көбінесе, мынадай мәселелерді қамтиды:
- өндірістік аппаратты оңтайлы құру;
- өндіргіш күштерді мақсатқа сәйкес орналастыру;
- негізгі және айналым қорларды ұтымды ұйымдастыру;
- техника мен өндіріс технологиясын жетілдіру.
Ұйымдастыру басқарудың функциясы ретінде жоғарыда атал¬ан 


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау