Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет75/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   95

235
шақтарда құрылымдық жағдайды қолдауға міндетті.
Үйлестіру.  Үйлестірудің  басқару  функциясы  ретіндегі  негізгі 
мақсаты  –  басқарылатын  жүйеде  еңбектің  жекелеген  үрдістерін 
үйлестіріп,  олардың  мерзімдері  мен  аралық  кезеңдері  бойынша 
байланыстыруда. Келісушілік өндірісте ұтымды байланыстар құру 
жолымен қамтамасыз етіледі. Байланыс сипаты бойынша әр қилы 
болуы  мүмкін:  техникалық,  экономикалық,  ұйымдастырушылық 
және т.с.с.
Өндірістің  күрделенуі  мен  көлемінің  өсуіне,  мамандану  мен 
кооперациялаудың  дамуына  орай  байланыс  мөлшері  де  ұлғаюда. 
Басқару  үшін  қажетті  ақпарат  көлемі  де  кеңеюде.  Бұл,  әрине, 
басқару  үрдісін  қиындатады.  Байланыс  мөлшері  өндіріс  көлемі 
өсу санының шаршысы (квадраты) сияқты өсуі айқын болып отыр. 
Егер,  мысалы,  өндіріс  көлемі  3  есе  ұлғайса,  онда  байланыс  саны 
9 есе көбейеді. Сондықтан байланыс мөлшерінің қысқаруына әсер 
ететін факторларды жете зерттеудің маңыздылығы айқын болады. 
Осылайша, кәсіпорын санын 2 есеге (шоғырландырып) қысқартса, 
байланыс санын 8 есеге азайтамыз.
Басшылық.  Бұл  функцияның  басты  мағынасы  шешім 
қабылдаумен және оны орындау үшін бұйрық берумен көрсетіледі.
Басқарудың  функциясы  ретінде  басшылық  –  халық 
шаруашылығының  қандай  да  бір  буынын  басқаратын  тұлғаның 
жеке басқаруы мен ұйымдастыруы.
Басшылықтың функциясына объектінің қызметі мен бұйрығын 
іске асыруды бақылау кіреді.
Басшылыққа  кадрларды  іріктеу,  орналастыру  және  біліктілігін 
арттыру,  олардың  еңбегін  жандандыру,  сондай-ақ  басшының 
тұлғасына  байланысты  мәселелердің  барлығы  (жеке  қасиеттер, 
адамдармен жұмыс істеуі, білімі, тәжірибесі және т.с.с.) кіреді.
Басшылардың басты міндеті – ұжымның күш-жігерін жоспарлы 
тапсырмаларды берілген мерзімде, берілген номенклатурада және 
мейлінше аз шығынмен орындауға жұмылдыру.
Басшы  өз  жұмысының  қандай  бөлігінде  әкімшілік  сипат 
пен  арнайы  инженерлік  (экономикалық  және  т.с.с.)  сипаттың 
болатынын  анық  ажырата  білуі  керек.  Инженерлік  қызмет  өз 
бетінше басқарушылықтың нақ өзі бола алмайды, ал басқарушылық 
бұл жерде тек оған жетекшілік ету қызметін атқарады.
Басшылық  ұйғаратын  шешімдер  ерікті  түрде  емес,  ғылыми 


236
негізделген, шаруашылықта қалыптасқан жағдайға объективті сай 
келуі өте маңызды.
Бақылау.  Бақылаудың  функциясы  –  жүйедегі  үрдістерді  үнемі 
бақылап, басқару объектісі қызметінің барлық жақтарын тексеруден 
тұрады.  Бақылау  қызметі  үздіксіз.  Бақылау  басқарудағы  кері 
байланыстарды жүзеге асыру құралы ретінде қолданылады.
Бақылау – фактілерді жай ғана белгілеу емес, өндіріс пен басқару 
жүйесіндегі  әр  түрлі  бұрмалаулар  немесе  бұзуларды  болдырмау 
және болжау жүйесі.
Бақылау  қағидалары:  тиімділік,  жан-жақтылық,  үздіксіздік, 
нанымдылық,  жариялылық,  бұған  еңбеккерлердің  барлығының 
жаппай қатысуы.
Шаруашылық бақылаудың түрлері сан алуан:
- ішкі және сыртқы (бақыланатын объектіге байланысты);
- түрлер бойынша: техникалық, әкімшілік, қаржы-экономикалық;
- тағайындалуы бойынша: алдын ала істелетін, кейінгі;
- бақыланатын объектіні қамту бойынша: тұтас және іріктемелі;
- үздіксіздік дәрежесі бойынша: мерзімді және тұрақты.
Өндірістік-шаруашылық  қызметті  бақылауда  маңызды  рөл 
(бухгалтерлік, жедел) есепке тән.
32. Өзара әрекет жасауды ұйымдастыру және 
өкілеттіліктер
Ұйымдастыру менеджменттің 
функциясы ретінде
«Экономикстің» түсіндірілуіне сәйкес (Кэмпбелл Р. Макконнелл, 
Стэнли Л. Брю) өндірісті ұйымдастыру – «нарықтық экономикада 
өндіріс қалай ұйымдастырылуы тиіс?» деген сұрақты шешеді. Осы 
іргелі міндет үш сұрақтан тұрады:
-  Жекелеген  салалар  арасындағы  ресурстар  қалай  бөлінуге 
тиісті?
-  Әрбір  саладағы  өндірісті  нақ  қай  фирмалар  жүзеге  асыруы 
керек?
- Әрбір фирма ресурстардың қандай тәсілін, қандай технологияны 
қолдануы тиіс?
Ресурспен  жабдықтаушылар  нарықтық  жүйе  талаптарын 
сақтауға  және  тұтынушылық  сұранысты  басшылыққа  алып,  өз 


237
таңдауын  жасауға  мәжбүр.  Олар  тұтынушылардың  тілектерін 
қанағаттандырмайтын  тауарлар  өндірісіне  өзінің  ресурстарын 
бағыттауға  «ерікті»  емес.  Тұтынушылар  өнім  нарығында 
ұсынылатын  сұраныс  түріндегі  өздерінің  қалауларын  айқын 
көрсетеді,  ал  өндірушілер  мен  жабдықтаушылар  өздерінің 
мүдделерін  қамтамасыз  ету  үшін  осы  сұранысқа  сәйкес  жауап 
береді. Нарықтық жүйе тұтынушылардың тілегін кәсіпорындар мен 
ресурспен  жабдықтаушыларға  береді  және  олардан  тиісті  жауап 
алуға тырысады.
Нарықтық  жүйе  осы  өнім  өндірісінің  пайдалы  болуы  үшін 
тұтынушылар жеткілікті дәрежеде жоғары сұраныс танытқан өнім 
салаларына ресурстарды бағыттайды.
Екінші  және  үшінші  сауалдар  өзара  тығыз  байланысты. 
Экономикалық ең тиімді өндіріс технологиясын қолдануға қабілетті 
және соны қалайтын фирмалар ғана өндірісті жүзеге асырады. Ең 
тиімді  технология  немен  нақтыланады?  Экономикалық  тиімділік 
мыналарға байланысты:
-  қолда  бар  технологиядан,  яғни  қалайтын  өнімді  шығаруды 
қамтамасыз ететін өндіріс факторларына немесе баламалы ресурс 
тәсілдерінен;
- қажетті ресурстар алуға болатын бағалардан.
Ұйымдастыру  түсінігі  туралы  жоғарыда  айтылғандарды 
түйіндей келіп, өндіріске қатысты ол толыққанды нақты мағынаға 
ие  және  нарықтық  жүйе  талаптары  тұрғысынан  менеджменттің 
қажетті атрибуты болып табылады.
Менеджменттің осы функциясын АҚШ пен Англияда байланыс 
мәселелерінің жиынтығын және кәсіпорындағы бар құрылымдардың 
жұмыс істеуін анықтау үшін тәжірибеде қолданады.
Жұмысты ұйымдастыру үш кезеңге бөлінеді:
Бірінші кезең – жұмысты бөлу. Менеджер өзінің барлық жұмысын 
шағын бөліктерге бөледі. Олардың әрқайсысының міндеті бар және 
бір  адам  жүзеге  асыра  алады.  Осылай  жасай  отырып,  біз  әрбір 
адамның жіктелуін ескеруіміз керек.
Екінші  кезең  –  міндеттерді  қисынды  блокторға  топтастыру. 
Көптеген компанияларда бірге жұмыс істейтін екі және одан да көп 
адамнан құралатын топтар болады.
Егер адамдар жеке бөлімдер мен секторларға жиналса, жұмыс 
неғұрлым  тиімді  болады.  Ұйымдастырудың  бұл  бөлігі  топтар 


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау