238
бойынша мамандану деп аталады.
Үшінші кезең – жұмысты үйлестіру, яғни әр түрлі бөлімдердің
жұмысы үйлестірілуі тиіс. Үйлестіру қайшылықтарды болдырмауға,
оларды реттеуге, фирма құрылымын нығайтуға мүмкіндік береді.
Үйлестірілген механизм басшылық пен бақылауды жүзеге асыруға
жол ашады.
Ұйымдастыруда өзара
әрекет жасауды табыстау
Ұйымдастыру туралы ұғым әлемдік мағынада, көбінесе мазмұны
белгілі бір қиындықпен сипатталатын ұйымдастырудың әр түрлі
теорияларын қарастырғанда қолданылады.
Менеджментті жалпы жөнге қоюда тиімді пайдалану
ұйымдастырудың негізгі элементтерін: табыстау, жауапкершілік
пен өкілеттілікті ең жайлы үйлестіруді көздейді.
Ұйымдастыру – бұл оның мақсаттарына бірге жету үшін
адамдарға тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін кәсіпорынның
құрылымын құру үрдісі.
Ұйым құрылымының іргелі аспектісі – жоғары өндірісті
жұмыс істеушілердің төменгі деңгейімен байланыстыратын және
міндеттерді бөлу мен үйлестіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін
өкілеттіліктердің қарым-қатынастары.
Термин ретінде қолданылатын делегирлеу басқару теориясында
олардың (міндеттердің) орындалуы үшін жауапкершілікті өзіне
қабылдайтын тұлғаға міндеттер мен өкілеттіктерді беруді білдіреді.
Ол барлық ұйымдастырудың мақсаттарына жету үшін
орындалуға тиісті қызметкерлер арасындағы көптеген міндеттерді
басшылықтың көмегімен бөлетін құрал болып табылады. Егер
елеулі міндет басқа адамға тапсырылмаса, басшылық оны өзі
орындауға мәжбүр. Бұл көптеген жағдайларда мүмкін емес.
Менеджмент классиктерінің бірі Мэри Паркер Фоллет
басқарудың мәні «жұмысты басқалардың орындауына жете»
білуден тұратынын өте маңызды деп байқаған болатын. Сондықтан
делегирлеу сөзі шын мағынасында адамды басшыға айналдыратын
акт болып табылады.
Табыстауды қалайша тиімді жүзеге асыруды терең түсіну үшін
осымен байланысты жауапкершілік тұжырымдамасы (концепциясы)
мен ұйымдастырушылық өкілеттіктерді түсіну керек.
239
Табыстау дегеніміз:
- тапсырма, билік, жауапкершілік беру;
- біреудің алдына мақсат қою және сонымен бір уақытта оған
қорытынды сапасына жауапкершілік, мақсатқа жету үшін құралдар
ұсыну;
- басқару жүйесінде міндеттерді ұзақ уақытқа бөлу үшін негіз;
- басқарушыны артық жұмыстан құтқару;
- басқарылу үшін қосымша жұмысты күштеп міндеттемеу.
Табыстау ережелері:
- атқару мен талап етілетін іс-әрекет деңгейін анық айқындау;
- нәтижелер туралы есеп уақытын анықтау;
- табысталатын билікке қатысты ұжымды хабардар ету;
- бағыныштыны қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
- бағыныштыларға тапсырылатын тапсырмаларды таңдауға
мүмкіндік беру.
Қолданылатын тетіктер шегінде үйлестіру тапсырылған
өкілеттіліктер жүйесі болып табылады. Яғни, табыстау жәрдемімен
бастықтың бағыныштыларға өз жұмысының біразын тапсыра алуға
жәрдемдесетін құралы болып шығады.
Өкілеттіктерді сәтті өзгеге беру жауапкершілік, өкілеттілік және
есеп берушілік жүйесіндегі тепе-теңдікті талап етеді.
Жауапкершілікті өзгеге беру бағыныштыларға белгілі бір
мәселелерді шешуге арналған құқықты немесе белгілі бір шешімді
қабылдау құқығын беруді білдіреді. (Менеджер осы мәселені
зерттеуді және оны шешу жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырады.
Осындай бұйрық бере отырып, ол бағыныштысына мәселені шешу
жауапкершілігін табыстайды).
Өкілеттіктерді өзгеге беру бағыныштыларға шешім қабылдау
мен қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруда билік беруді
білдіреді.
Есеп беру деген сөз бағынышты өз жұмысының нәтижесі үшін
жауапкершілік көтеруге тиісті екендігін: егер нәтиже жақсы болса
мақтау алатынын, егер нашар болса, бетіне басылатынын білдіреді.
Өкілеттіктерді өзгеге беру мынандай болады:
– толық – бағынышты жұмысты орындайды және ол үшін
жауапкершілік арқалайды. Бастық бұл жұмысқа тартылмайды;
– шектеулі – бағынышты жұмысты бастықпен бірлесіп
орындайды және ол үшін жауапкершілік арқалайды;
240
– нөлдік – бағынышты жұмысты орындайды, бірақ ол үшін
жауапкершілікті бастық көтереді;
– керісінше табыстау – бағынышты жұмысты бастыққа қарай
ауыстырады.
Өзара әрекет жасауды
ұйымдастыру жауапкершілігі
Жауапкершілік – мойында бар міндеттемелерді орындау және
оларды қанағаттандырарлықтай шешуге жауап беру деген сөз.
Міндеттеме ретінде жеке тұлғадан ол ұйымда белгілі бір қызмет
атқаратын болса, нақтылы жұмыс талаптарын орындау күтілетінін
түсінген жөн. Іс жүзінде жеке тұлға белгілі бір сыйақы алу үшін осы
қызмет міндеттерін орындауға арналған мәміле жасайды.
Жауапкершілік еңбеккердің өзіне өкілетін беретін адамның
алдындағы міндеттерін орындау нәтижелері үшін жауап беретінін
білдіреді.
Табыстау тек өкілеттіктерді қабылдаған жағдайда ғана іске
асады, ал жауапкершіліктің өзі ғана табысталуы мүмкін емес. Басшы
жауапкершілікті бағыныштысына жүктей салып, өзі жырылып
қала алмайды. Мысалы, егер сауда агенті өзінің жылға арналған
жоспарлы міндеттерін орындамаса және соның нәтижесінде өткізу
бөлімі өз жоспарын орындай алмаса, сауда агенті емес өткізу
бөлімінің басшысы коммерциялық директор алдында жауап береді.
Бағыныштылар жауапкершілік пен өкілеттіктер ала отырып,
өздерінің іс-әрекеттері үшін есеп бермейді деп ойламауы тиіс.
Табыстау есеп берушіліктің барлық жүйесін бағыныштыларға
толықтай көшірмейді. Түп негізінде барлық жауапкершілік
менеджерлерде болады.
Нәтижелі менеджерлер өздеріне бірнеше міндетті ғана таңдайды,
ал қалғандарын бағыныштыларға табыстайды. Егер өкілеттіліктерді
делегирлеу сәтсіздікке ұшыраса, онда бұл бағыныштылардың
кінәсінен емес, менеджердің айыбынан деп есептеледі.
Жақсы ойластырылған жоспарлау, басшылықтың да жақсы
даярлығы, жауапкершіліктерді, өкілеттіктерді және есеп
берушіліктің үйлестірілуі табыстау жүйесінің тиімділігіне кепіл
болады.
Ірі ұйымдарда жоғары буын басшылары іс жүзінде нақтылы
міндеттердің көпшілігін орындайтын төменгі деңгейдегі
Достарыңызбен бөлісу: |