Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет3/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95

9
үстемдік  орнатуын  шектеу  және  республика  экономикасын 
орталықтандыру). 
6.  Кез-келген  азаматтың  тауар  нарығындабәсекелестік 
қатынасқа кіруіне кең мүмкіншілік беру. Бұған енудің бас каналы – 
меншік формалары. 
Нарықтық  экономиканың  тағы  бір  ерекшелігі  -  әртүрлі 
интеграциялық  процестердің  орын  алуы.  Бұл  интеграциялық 
процестердің мынадай жаңа қасиеттері болады:
-  маркетинг  жүйесі  (бәсекелестіктің  негізінде  және  оның 
нәтижесінде пайда болады). Бұл шын мәнінде өндіріс пен тұтыну 
интеграциясының негізгі механизмі, яғни ол өндіріс пен тұтынудың 
арасындағы байланыстыратын буыны;
-  халықты  жұмыспен  қамтамасыз  етуіне  әсер  ететін  жүйе  (ол 
кәсіпорындар мен жалданбалы жұмысшылар арасындағы бәсекелес, 
сонымен  бірге  жалданбалы  жұмысшылардың  өз  арасындағы 
бәсекелестік арқылы да пайда болады);
- өндірісті ұйымдастыру формаларын реттеу жүйесі. Ол әртүрлі 
жекеменшіктер арасындағы бәсеке мен өндірістің әртүрлі шарттары 
негізінде  пайда  болады.  Олар  демократиялық  сипатта  болады 
және  жалданбалы  жұмыскерлерді  өндіріс  құралдарынан  және 
жалданбалы еңбектен алыстауын жеңілдетеді.  
Басқарушы экономикалық теорияны қалай пайдаланады?
Басым  көпшілік    (70%)  басқарушылар  өз  ісінде  келесі  негізгі 
экономикалық тұжырымдамаларды пайдаланады: 
1) шығындар (ұйымның барлық шығыны); 
2) баға орнату (сұраныс және ұсыныс заңдары); 
3) құндылықтар.
Экономикалық    теорияның  басты  қызметі  –  басқарушыларды 
дұрыс шешім қабылдауға мәжбүр ету. Фирманың жұмысы туралы 
мәліметтерді  үздіксіз  түрде  жинау,  себебі  оларсыз  дұрыс  шешім 
қабылдау мүмкін емес.
Нарықтық  жүйенің  негізгі  алғы  шарттарын  нарықтық 
экономиканың классигі А. Смит дәлелдеп, ұсынған болатын.
Нарықтық  экономиканың  дұрыс  жұмыс  істеуінің  негізгі 
алғышарттары мыналар:
- еркін бәсекелестік;
- жекеменшіктің билігі;
- әртүрлі монополияларды шектеу;


10
- еркін сауда;
- мемлекеттің экономикаға қол сұқпауы.
Нарықтық жүйенің жұмысының теориялық алғы шарты ретінде 
оның еркін өндіріс табиғатына, нарықтың рөлі және мемлекеттің рөлі 
жөніндегі көзқарастары болуы мүмкін. А. Смиттің пікірі бойынша 
адамдардың өз әл-ауқатын жақсартуға ұмтылысы өте күшті ынта. 
Егер  оларға  ешбір  кедергісіз  жұмыс  істеуге  мүмкіншілік  берілсе, 
онда олар қоғамды гүлдендіруге әкелер еді. 
XVII ғасырда өмір сүрген француз философы К. А. Гельвеций 
қоғамда  адамның  жеке  басының  мүддесінің  рөлін  табиғаттағы 
бүкіл әлемдік тартылыс заңымен теңестірген. Бұл жағдайда түбінде 
жалпы қоғам ұтыста болады. 
Әр адамның мүддесі дер кезінде  шешімін тауып отырса, жалпы 
қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсара түседі.
Осы  тұрғыдан  алғанда  бұл  келтірілген  жағдай  нарықтық 
экономиканы басқарудағы басты қағидалардың бірі болып саналады.
Нарықтық  экономика  тұрақты  жұмыс  істеуі  үшін  бес  күрделі 
мәселелердің барын мойындау керек. Ол мәселелерді шешу әрбір 
экономикалық жүйенің міндеті. 
Ол мәселелер мыналар:
1.  Қанша  өндіру  қажет  және  өндіріс  ресурстарының  қандай 
бөлігін өндіріс процесінде пайдалану керек?
2.  Нені өндіру? (яғни қандай тауарлар адамдардың материалдық 
қажеттілігін қанағаттандырады?).
3.  Бұл өнімді қалайша өндіру керек? (яғни өндірісті қалайша 
ұйымдастыру  керек,  осы  өнімді  өндірумен  қандай  фирмалар 
айналысуы  тиіс  және  қандай  технологияны  пайдаланған  жөн?). 
Мұнымен тауардың бәсекелестік қасиеті байланысты;
4.  Бұл өнімді кім алады және кімге бөлу керек? Бұл жерде өнім 
жеке тұтынушылар арасында  бөлінуі қажет.
5.  Бұл жүйе өзгерістерге сәйкес икемделіне ме? Сұраныстың, 
өндіріс  технологиясының  өзгерістеріне  қалай  бейімделеді, 
өзгерістер қаншалықты тез ескеріледі?
Кез келген кәсіпорынның  өзіне тек пайда әкелетін тауарларды 
өндіруге тырысатынын ескерген жөн.


11
Стратегия - басқару 
теориясының негізгі бөлігі
Стратегия ең алдымен өндіріс деңгейіндегі ағымды басқарумен 
жоғары  деңгейдің  айырмашылығын  көрсетеді.  Оның  көптеген 
анықтамалары бар. Мысалы: стратегия – дамудың жалпы бағыты, 
басқарудың жоғарғы деңгейіндегі шешімдерді талап ететін әлуетті 
қызмет. Стратегиялық басқару дегеніміз - ол ұйымдардың қоршаған 
ортамен  өзара  қатынастарын  басқару  барысындағы  ұйымдардың 
мақсатын жүзеге асыру миссиясы (Хиггенс). Стратегиялық басқару 
–  ол  ұйымның  өз  алдына  қойған  мақсатына  жетудегі  шешімдер 
жиынтығы  мен  әрекеттері  (Пирс  және  Робинсон).  Стратегия  – 
ол  негізгі  мақсаттарға  қол  жеткізудегі  басымды  мәселелер    мен 
ресурстарды анықтаудағы әрекеттердің бас бағдарламасы (Кунц). 
Стратегиялық басқаруға өтудегі негізгі мақсат жоғары басқарудың 
көңілін  өз  мүддесіне  аудару  және  онда  болып  жатқан  үдерістерді 
реттеу.  Қазіргі  менеджментте  стратегиялық  және  тактикалық 
аспектілерін  атауға  болады.    Стратегиялық  мәселелерге  ұйымның 
мақсаты, оның негізгі әрекеттік түрлері мен бағыты, одақтастары 
мен  қарсыластарын,  өз  артықшылықтарын  анықтау  жатады. 
Құжаттардың  айналу  технологиясы,  өнімді  тұтынушылармен 
жүргізілетін әрекеттерді тактикалық мәселелерге жатқызуға болады  
Стратегиялық  басқарудың  нысандарына  коммерциялық 
фирмалар, аймақтар, ел, шағын кәсіпорындар және тағы басқалар 
жатады.  Стратегиялық  басқарудың  субъектілеріне  ұйымдық 
басқару  жатады.  Мұнда  басқарудың  жүйелік  субъектілері  бар, 
олар әр деңгейде қызмет етеді. Мысалы, корпоративтік стратегия, 
бизнес стратегиясы (жеке бизнес түрлері), функционалды стратегия 
(жүзеге асыру стратегиялары).
Стратегиялық    менеджменттің  негізгі  мазмұнын  мыналар 
құрайды:  фирма бизнесін белгілеу мен негізгі мақсатын анықтау; 
фирманың  сыртқы  ортасын  талдау;  оның  ішкі  жағдайын  талдау; 
фирманың  шаруашылық  аймағы  деңгейінде  стратегияны  таңдау  
мен  дайындау;  әртараптандырылған  фирманың  портфелін  талдау; 
оның  ұйымдық  құрылымын  жобалау;  компания  стратегиясы  мен 
нәтижелерінің кері әсерін қамтамасыз ету; стратегияны, құрылымды 
және басқаруды жетілдіру.
Ұйымдастыру деңгейінің негізгі түрлері: корпорациялық деңгей; 
стратегиялық  қожалық  ету  аймағының  деңгейі;  функционалдық 


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау