Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет6/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95

18
Стратегияны жүзеге асыру.
Стратегияны  жүзеге  асыру  мәселесі  стратегиялық  тұрғыда 
жұмыс істеу үшін және оның белгіленген мерзімі сақталуы үшін не 
істеу қажет екенін түсінуден тұрады. Басқа сөзбен айтқанда, мұндағы 
шеберлік стратегияның орнын анықтау бойынша әрекеттерді, оның 
кәсіпшілік  орындалуын  және  жақсы  нәтижелерді  алуды  дұрыс 
бағалаудан тұрады. Стратегияны жүзеге асыру жұмыстары алғашқы 
әкімшілік міндеттердің аясына жатады, ол келесі негізгі кезеңдерді 
көрсетеді:
-  стратегияны табысты орындау үшін ұйымдық мүмкіндіктерді 
жасау;
-  бюджетті  қаражаттарды  пайдалы  орналастыру  мақсатында 
басқару;
-  стратегияның  жүзеге  асуын  қамтамасыз  ететін  фирманың 
саясатын анықтау;
- өте тиімді жұмыс үшін қызметкерлерді мотивациялау; 
-  қажет  болған  жағдайда  стратегияны  жүзеге  асыру  бойынша 
өте жақсы нәтижелерге жету мақсатында олардың міндеттері мен 
жұмыстардың сипат түрін өзгерту;
- сыйақы мөлшерін белгіленген нәтижелерге жетумен ұштастыру.


19
2-сурет. Компания стратегиясының элементтері
Компанияның  бөлімшелерінің  көбісінде  ескерілуі  тиіс. 
Стратегияның  нақты  жүзеге  асырылуы  стратегиялық  жоспарды 
сәтті  орындау  үшін  компанияның  басқаша  және  жақсы  жасайтын 
ісін дәл талдаудан басталады. Әр менеджер мына сұрақтарға жауап 
іздеуі қажет: «Жалпы стратегияны орындауға өзімнің үлесімді қосу 
үшін менің бөлімшемде не істелуі қажет және де мен оны тиімді 
етіп қалай атқарамын?». 
Компанияның  стратегиясын  тиімді  жүзеге  асыру  үшін 
ішкі  саясатты  өзгерту  қажеттілігі  стратегиялық  өзгерістердің 
дәрежесіне,  ішкі  саясаттың  стратегия  талаптарынан  қаншалықты 
ауытқитынына және стратегия бірлескен мәдениетпен қаншалықты 
жақсы келісетініне тәуелді. 


20
Миссия, мақсат және стратегиялық 
басымдылықтардың қалыптасуы
Стратегиялық менеджментте миссия – философия және алдын 
ала арнау, ұйымның өмір сүру мәні. Нақтылау айтқанда, ұйым не 
үшін  қызмет  етуі  керек    және  оның  басқаларға  қарағанда  қандай 
айырмашылығы бар деген сауалға жауап береді. Миссия дегеніміз 
– ол ұйымның анық көрінетін жалпы мақсаты. Ол мынадай негізгі 
сауалдарға жауап береді:
- ұйым не үшін қызмет етеді (оның себептері)?;
-  негізгі  тұтынушылары  кімдер  және  ұйым  олармен  қандай 
қатынаста болады?;
-  ұйымның  негізгі  философиясы  неде,  ол  қоғаммен,  өзінің 
тұтынушыларымен қандай қатынаста болады?;
- қызмет етудің негізгі қағидалары қандай?. 
Ұйымның  негізгі  мәселесі,  оның  миссиясы  –  қандай  адами 
қажеттілікті  қанағаттандыру  қажет  деген  сауалға  жауап  беру.  Кез 
келген ұйымның стратегиялық басқарудағы маңызды бөлшегі – ол 
миссия мен өзінің меншікті мақсаттарын анықтау. 
Миссия  деген  ұғымды  аударғанда  оны  мақсат  деп  түсінуге 
болады.  Жалпы  стратегияны,  әсіресе  стратегиялық  басқаруды 
негізгі,  басты  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін  пайдаланатын  әдіс 
ретінде  пайдалануға  әбден  болады.  Мақсаттардың  пайда  болу 
негізінде  олардың  иеленушілерінің  қызығушылық  қасиеттері 
жатыр:  ұйымдардың  иелері;  ұйымның  қызметкерлері;  ұйымның 
өнімін сатып алушылар; ұйымның іскерлік серіктестігі; жергілікті 
қоғам және жалпы қоғам. 
Ұйым мақсаттары – ол оның нақтылық хал-жағдайын сипаттау, 
жақсы жағдайға қол жеткізу. 
Жалпы мақсаттар ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді, орта мерзімді 
болып  жіктеледі.  Ол  мақсаттар  анықтау  үрдісінде  мынандай 
сатылардан өтеді:
- жан-жақты байқалатын  трендтерді анықтау;
- жалпы ұйымдар үшін мақсаттарды белгілеу;
- мақсаттар иерархиясын құру;
- жеке мақсаттарды белгілеу.
Осы  келтірілген  мақсаттардың  маңыздығына  қарасақ  XVII 
ғасырда  өмір  сүрген  голландық  философ  Спиноза  Барухтың 
«Әлемді  билейтін  мүдде»  деп  айтқан  пікірінің  қазіргі  заманда  да 


21
шындық екені күмән келтірмейді. 
Мақсаттар категория ретінде, басқарудың негізі және қозғаушы 
күші  ретінде  өздеріне  тән  сипаттамалары  бар:  мақсатқа  жету 
үдерісін  қатысушылардың  қызметтілігі;  әрбір  мақсатты  санатты 
түрде өлшемдеу; қойылған мақсатқа өз уақытында, өз мерзімінде 
жетуді анықтау және соны жоспарлау; мақсат нақтылы болуы қажет 
және орындалатын болуы керек; мүдделер бір-бірімен байланысты 
және бірін-бірі толықтыруға қызмет етеді.
Генри Минцбергтің стратегиялық анықтамалары
Ол стратегияның бес түрлі анықтамасын ұсынады: біріншіден, 
стратегия дегеніміз жоспар-болжау негізінде жасалған болашақтағы 
нәтиже, нысана, бағыттар. Осы тұрғыдан алғанда жоспар дегеніміз 
басынан аяғына дейін бақылауға алынатын, алдын ала белгіленген 
іс-қимыл. Екіншіден, ол тактикалық әдіс, бәсекелестік додасындағы 
ерекше айлакерлік. Жалпы алғанда ол қысқа мерзімдік стратегия, 
өте шектеулі мақсаттарымен сипатталады және қажет болған кезде 
өзгертуге болады. Үшіншіден, ол бет алыс қағидасы. Нақтылы үлгі 
арқылы іске асырылады. Бұл қалыптасқан бет алысқа байланысты 
өзгерістер  енгізу  стратегиясы.  Төртіншіден,  ол  нақты  нарықтағы 
бағаларға  қараған  көзқарас.  Бесіншіден,  ол  ұйымның  үлкен 
болашағы. 
Осы  берілген  анықтамалар  шеңберінде  стратегияның  үш 
компонентін  бөліп  көрсетуге  болады:  ұзақ  мерзімді  негізгі 
мақсаттарды анықтау; іс-қимыл бағамын қабылдау және ресурстарды 
орналастыру. 
Жоғарыда  берілген  анықтамаларға  қарағанда,  стратегия  -  көп 
мағыналы  және  көптеген  функцияларды  атқаратын  басқару  әдісі. 
Басқару тәжірибесінде, әсіресе жоспарлауда, ұдайы қолданылатын 
құрал. 
Басымдықтар
Ұйым  өзінің  ұзақ  мерзімді  болашақта  әрекет  етуін  қалай 
қамтамасыз ете алады, өзінің міндеттерін орындауы үшін оған не 
тән болуы қажет? Бұл сұрақтың жауабы айдан анық: ұйым тұрақты 
сатып  алушылары  болатын  өнімді  шығаруы  қажет.  Біріншіден, 
өнім  сатып  алушыға  қызықты  болуы  соншама,  ол  ақшасын  осы 
үшін  беруге  дайын  тұрады,  екіншіден,  ол  сатып  алушыға  басқа 


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау