Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет8/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   95

25
Ол  үшін  үш  бағытта  зерттеу  жүргізіледі:  1)саладағы  жағдайлар 
және бәсекелік мүмкіндіктер, 2)компанияның өз ішіндегі жағдайы, 
3)  оның  бәсекелестік  қабілеті.  Саладағы  жағдай  және  ондағы 
бәсекелік  шарттар  жалпы  алғанда  компанияның  макроортасына 
жатады. Сондықтан қалыптасқан жағдайды талдау үшін ең алдымен 
макроортаны зерттеу керек.
Саланың  жалпы  жағдайын  және  оның  бәсекелестікке 
қабілеттілігін  талдау  жұмыстары  төменгі  жеті  сауалға  жауап  алу 
үшін жүргізіледі:
1.  Саланы  сипаттайтын  негізгі  экономикалық  көрсеткіштер 
қандай?
2.  Салада қандай бәсекелестік күштер бар және олардың әсер 
ету дәрежесі қандай?
3.  Саланың құрылымындағы бәсекелік күштерді өзгертуге не 
себеп болады және олар болашақта қалай әсер етеді?
4.  Қандай  компаниялардың  ең  күшті  (әлсіз)  бәсекелік 
жағдайлары бар?
5.  Таяу  уақытта  бәсекелік  додада  қай  салада  қандай  бет 
алатынын кім тез анықтайды?
6.  Бәсекелік  додада  жетістікті  болмаса  сәтсіздікті  қандай 
шешуші фактор анықтайды?
7.  Болашақта  жоғары  табысты  болу  үшін  қандай  сала 
тартымды?
Осы  сауалдар  фирманың  (ұйымның)  қандай  жағдайда,  қандай 
ортада қызмет ететінін анықтайды. 
Салада  негізгі  экономикалық  көрсеткіштерді  анықтау  ерекше 
орын  алады.  Әдетте  оларға  мыналар  жатады:  рыноктың  көлемі; 
бәсекелестік қандай салада өтуі мүмкін (жергілікті аймақ, ұлттық, 
жаһандылық);  рыноктың  өсу  жылдамдығы  және  саланың  өмірлік 
циклы;  бақталастырушылардың  саны  және  олардың  көлемдері, 
шоғырлану дәрежесі; таласушылардың өнімдерінің (қызметтерінің) 
дифференциалдандырылуы; технологиялық өзгерістерінің деңгейі; 
экономикалық  өндіріске,  маркетингке,  жүк  тасымалдауға  әсері; 
капиталға қоятын талаптар; саланың табыстылығы және т.б.
Басқару ортасын 
стратегиялық талдау
Басқару  ортасы  -  стратегиялық  маңызды    объект.  Талдаудың 


26
өзі  сол  объектіден  басталуға  тиіс.  Жалпы  алғанда  стратегиялық 
басқаруда екі түрлі орта ұғым бар: сыртқы және ішкі орта. 
Басқарудың сыртқы ортасы дегеніміз – ол сыртқы субъектілер 
мен  факторлардың  жиынтығы.  Олар  ұйымның  жағдайына  және 
келешегіне белсенді түрде әсер етеді. Сыртқы орта шағын ортаға 
кіреді,  ал  олар  көптеген  нақтылы  субъектілерден  тұрады  және 
олардың  іс-әрекеттері  соларға  бағытталған:  тұтынушыларға, 
бәсекелестерге, делдалдарға және т.б. бағытталған.
Басқарудың  ішкі  ортасы  дегенді  ортаның  және  оның 
субъектілерінің сипаттау жиынтығы (күшті, әлсіз жақтары) ретінде 
деп  түсінуге  болар.  Олар  ұйымның  (фирманың)  келешегіне  әсер 
етеді. Ішкі ортаға мыналар жатады: қалыптасқан ұйымдық құрылым, 
функциялар, жауапкершілік, ресурстар және бөлімдер құқығы.
- ресурстық талдау;
- хабардарлықты тексеру мен талдау;
- ішкі қызметті (функцияларды) талдау;
- салыстырмалы талдау;
- адами ресурстар мен мәдениет;
- қаржы ресурстары және қаржылық қызметтің нәтижесі;
- өнімдер және олардың нарықтағы жағдайы.
Басқару ортаны зерттеу көптеген әдістермен жүргізіледі. Оларға 
мынандай  талдау  әдістері  жатады:  ӘТЭС    (талдау)  –  Әлеуметтік, 
технологиялық,  экономикалық,  саясаттық  (STEP-анализ)  және 
КӘМҚ  талдау  –  күшті  жағы,  әлсіз,  мүмкіндіктер,  қауіптер 
(SWOT-анализ).  Зерттеушілер  осы  талдау  әдістері  арқылы  мына 
стратегиялық сауалдарға жауап іздейді: ұйымның қазіргі жағдайы 
қалай;  болашақта  ұйымның  жағдайы  қандай  болмақ;  қойылған 
мақсатқа  жету  үшін  ұйымның  алдында  тұрған  қандай  кедергілер 
және  қандай  дұрыс  ықпал  ететін  жағдайлар  бар;  қойылған 
мақсаттарға  жету  үшін  қандай  мүмкіндіктерді  іске  асыру  керек; 
стартегияны жүзеге асыру үшін қалай басқару керек? 
ӘТЭС  (STEP)  және  КӘМҚ  (SWOT)  талдау  нәтижесінде 
басқарушы  жүйенің  даму  стратегиясы  қалыптасады  (фирмалар, 
ұйымдар, социум).
ӘТЭС (STEP) - ұйымның сыртқы жағдайын талдаудың бір түрі. 
Ол болашақ стратегияны дайындауға қолданылады және сараптау 
арқылы факторлардың салыстырмалы мәнін анықтауға көмек етеді. 
Ал  факторлар  әлеуметтік,  технологиялық,  экономикалық  және 


27
саясаттық болып төрт топқа бөлінеді. 
ӘТЭС  (STEP)  талдаудың  жақын  ортаға  әсер  етуі  төрт 
категориялы:

  социодемографиялық әсерлер – қоғамдық, мәдениеттік және 
демографиялық; 

  технологиялық  әсерлер  –  өнімдер,  инновациялық 
технологияның үрдістері, коммуникация және көлік;

  экономикалық әсерлер – ақша-несие саясаты, табыстар, өмір 
әл-ауқатының деңгейі және т.б.;

  cаяси әсер – үкіметтік, құқықтық және мөлшерлі әсерлер. 
ӘТЭС (STEP), талдау факторларының артықшылықтары: 
1)  ӘТЭС  факторларымен  жұмыс  істей  бастағанда  басшылар 
сыртқы қоршаған орта туралы ойлана бастайды. 
2)  адамдар  сыртқы  қоршаған  ортаны  дұрыс  көруге  мүмкіндік 
туады.  Сыртқы  қоршаған  ортаның  факторларын  есепке  алу 
мәдениеті тәрбиеленеді. 
3)  бір  фактордан  бір  факторға  еркін  ауысу  және  сол  арқылы 
қоршаған орта туралы тұтас пікір қалыптастыру.
4) сыртқы қоршаған ортаны талдау үшін жалпы тіл табысу.
5) ішкі мәселелермен айналыса бермей, сыртқы қоршаған орта 
туралы ойлауды әдетке айналдыру.
КӘМҚ талдау (SWOT-анализ) – бұл рыноктың макрожүйесі және 
олардың нақтылы мақсаттарын талдау әдісі. Фирманың және оның 
бәсекелестерінің  кешендік  сызбасының  үлгісі:  «күшті  жақтары  – 
әлсіздігі – мүмкіндіктері – қауіптер».
Ішкі  күшті  және  әлсіз  жағдайларды  талдауға  ұйымның  өзінің 
пайдасымен  және  кемшіліктерін  бағалауды  қамтиды.  Сондай-ақ, 
коммерциялық ұйымдарда маркетинг, қаржылар, адами ресурстар, 
өндіріс, ұйым, мәдениеті талданады және бағаланады. Мемлекеттік 
ұйымдарда да осындай көптеген бағалаулар орын алады. 
1-кесте.    КӘМҚ  талдау  Қазақстан  елінің  үлгісінде
Тәуелсіз егеменді мемлекеті-
нің негізі қаланды
Мемлекет құру әлі 
аяқталған жоқ


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау