Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет42/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68

бүкіл  ғылыми  саланың  80%  зерттеу  бөлігі  жэне  НИОКР үлесі  20% 
тек құрайтын қалыптасқан қүрылым болып табылуында, нәтижесін- 
де  ғалымдардың,  конструкторлардың  жэне  эксперименталдық 
(тәжірибелік)  өндіріс  қызметкерлерінің  арақатынасы  25:4:1  күрап 
отыр,  ал  дамыған  елдерде  бүл  1:2:4  немесе  20%  -  фундаменталды 
зерттулерді,  30  %  -қолданбалы  зерттеулерді,  50  %  -  тәжірибелік- 
конструкторлық жүмыстарды  күрайды.
Инновациялық 
құрамдасы 
Қазақстан 
ғылыми-техникалық 
саясатының  жетекші  басымдығы  болып  табылады.  Қазіргі  кез- 
де  үлттық  инновациялық  жүйе  қалыптасуда,  даму  институттарын 
қайта  қүру,  «Технологиялық  даму  жөніндегі  үлттық  агенттігі» 
АҚ  құрылған,  инновациялық  қызметті  жүйелі  қолдау  жөніндегі 
заңнамалық негіз қаланды.
Жоғары  дамыған  инновациялық  саланы  құру үшін республика- 
да алты еркін экономикалық аймақ қызмет етеді олар шартты түрде 
үш  топқа  бөлінген.  Бұл  топтың  бірін  техникалық  енгізілу  аймағы 
-   «Ақпараттық  технологиялар  паркі»  қүрайды,  оның  құрамына 
Астанадағы  технопарктер,  Шығыс  Қазақстандағы  «Алтай»  жэне 
Алматы  облысындағы  «Алатау»  технопарктері  кіреді.  Оларға 
қосымша  2011  жылдың  аяғында  нақты  салалық  бағыттағы  үш  ар- 
найы  экономикалық  аймақ:  Қарағанды  облысындағы  «Сарыарқа» 
АЭА-  метталлургия  мен  металл  өңдеуді  дамыту,  Алматы  облы- 
сында  «Қорғас-Шығыс  қақпа»  АЭА -  көлік-логистикалық  элеуетті 
дамыту;  Павлодар  облысындағы  -  өнеркәсіптің  химия  жэне  мүнай 
химия  салаларын  дамыту  аймақтары  күрылды.  Тұтастай  алғанда 
АЭА  аймағына 2  трлн.  621 млрд,  теңге  инвестиция  тартылып,  3961 
жұмыс  орны құрылды.
ҚР 2010-2014 жылдары қарқынды индустриалдық-инновациялық 
дамуы  жөніндегі  мемлекеттік  бағдарламаға  сәйкес  бастапқы 
жылдары  трансферт  технологиялар,  техникалық  модерназация- 
лау,  бизнес-үдерісті  жетілдіру,  басқару  технологияларын  енгізу 
арқылы  фирмалардың  экономикалық  белсенділігін  көтермелеуге 
басымдық  берілетін  болады.  Одан  кейін  белгіленген  мерзімнің 
екінші  жартысында  шығарылатын  тауарлар  мен  көрсетілетін 
қызмет  сипаттарының  сапалы  жақсаруын  көтермелеуді,  жаңа 
бэсекеге  қабілетті  тауарлар  мен  қызмет  көрсетулерді  эзірлеуді, 
сондай-ақ  оларды  дайындау  жөніндегі  технологиялық  үдерістерді 
қолдау  жоспарлануда.  Инновациялық  гранттарды  бөлу,  жобалық
131


қаржыландыру,  кешенді  насихат  жұмыстарын  іске  асыру  елдегі 
инновациялық қызметті қолдаудың тетігі болып табылады.
Аталған  шараларды  сапалы  пайдалану  Қазақстанға  әлемдегі 
инновациялық  елдер  рейтингінде  өзіне  лайықты  орын  алуына 
мүмкіндік  береді.  2011  жылы  Қазақстан  осы  рейтингте  84  орын 
алған,  ал  көшбасшылар  Швейцария,  Швеция,  Сингапур  болып 
АҚШ  7-ші орында, Ресей  56 орында тұрды.
Қазіргі  кезде  Қазақстанда  білім  беру  мен  ғылымға  орасан  зор 
мемлекеттік  қаражат  салынып  отыр  жэне  оларды  толыққанды 
дәрежесінде пайдаланып, лайықты нәтиже алу керек.
Қысқаша қорытындылар:
1. Қазақстанда индустриялаудан кейінгі, «ақылды» экономиканы 
немесе білім экономикасын қалыптастыру ғылым салалары, өндіріс 
пен нарық арасындағы интеграциялық үдерістерді күшейтуді талап 
етеді,  бұл  мемлекет  тарапынан  елеулі  институционалды  ықпалды 
объективті түрде қажетсінеді.
2.  Қазіргі  замануи  ғылыми  идеялар,  жаңа  өндірісті  құру 
үлкен  ұжымның  жұмысын,  ғылыми,  ақшалай  және  материалдық 
шығындарды  талап  етеді,  бұл  эсіресе  дамушы  немесе  өндірісі  мен 
халқы  шағын  елдер  үшін  мемлекеттің  ғана  шамасы  жететін  іс. 
Мүндай  жағдайларда  мемлекеттік  билік  органдарына  ресурстар- 
дың  барлық  түрлерін  ақылға  қонымды  бөлу,  бизнесті  дамыту 
механизмдерін тетіктерін кінаратсыз пайдалану,  кәсіпкерлік салада 
ғылыми өнім нарығын күру принциптерін ұстану қажет.
3.  Елдің  шаруашылық  қызметіне  техникалық  прогресс  пен 
инновацияларды  енгізу  үдерісін  реттеу  елдегі  инвестициялық, 
инновациялық климатпен, зерттеу құрылымдарын енгізу қызметіне, 
өнер  тапқыштықты  шаруашылық  тәжірибесінде  іске  қосудан 
пэрменді  нәтиже алуға ұмтылысты  көтермелеумен тығыз  байланы- 
сты.
4.  Қазақстанда  ғылыми-техникалық  жаңалықты  әзірлеу  мен  ел 
экономикасына енгізу жүйесі  жеткілікті  іске  қосылмаған.  Басқа  ел­
дер  тәжірибесін,  қазіргі  заманауи  ғылыми-техникалық  прогрестің 
жэне  инновациялық даму  ерекшеліктерін  зерттеу  негізіндегі  осын- 
дай жүмыстың өз жүйесі  жүмыс  істемей тұр.
132


5. 
Бұрынғы  ғылыми  мектептер  көптеген  жағдайда  нарықтық 
жағдайда  жүмыс  істеуді  үйренбегендіктен,  ал  жаңалары  қалып- 
таспағандықтан,  олардың  қызметін  қаржыландырудың  артуы  ар- 
қасында  енді-енді  қалыптаса  бастағандықтан,  біздің  елімізде 
элі  де  болса  жеткілікті  дәрежеде  ғылыми-техникалық  саясаттың 
басымдықтары жеткілікті дәрежеде эзірленбеген.
Н егізгі 
терминдер мен ұғымдар:
• ғылыми-техникалық үдеріс
• дамудың инновациялық типі
• ғылыми-технологиялық әлеует
•  білім трансформациясы
• тактикалық әлеует
•  стратегиялық элеует
• ғылыми-техникалық ақпарат
• интеллектуальдық меншік
•  инновациялық белсенділік
• қазақстандық үлестік құрам
Сұрақтар мен оқу тапсырмалары:
1.  Мемлекеттік  ғылыми-техникалық  саясаттың  міндеттерін, 
бағыттарын,  формалары  мен  тәсілдерін  оқып  үйреніңіздер  жэне 
алған білімдеріңіздің толықтығын бір-біріңізге көрсетіңіздер.
2.  Ғылыми-зерттеулерді  қаржыландырудың  олардың  нэтиже- 
лерімен өзара байланысы немен айқындалады?
3.  Тактикалық  жэне  стратегиялық  элеуеттің  арасында  айыр- 
машылық бар ма?
4.  Мемлекет  қазақстандық  үлестік  құрамның  қандай  реттегіш 
тетіктері пайдаланады?
5.  Фирмалардың  экономикалық  белсенділігі  ИИДҚ  МК  сәйкес 
мемлекеттік реттеудің қандай тетіктерімен көтермеленетін болады?
6. Егер қажетті институттар жаңадан құрылып, қаржыландыруды 
арттыру  мен  жаңа  буын  кадрларын  дайындауды  енді  бастаса, 
Қазақстанның  ғылыми-техникалық  саясатының  бағыты  инно- 
вациялық бағыт болады деп дұрыс айтылып жүр ме?
7.  Біздің  үлттық  инновациялық  жүйе  үшін  дамыған  елдердің 
тәжірибесі  қонымды  ма?  Егер  -  иә  болса,  неліктен?  Егер  олай  бол- 
маса -  онда неліктен? Өз көзқарастыңызды негіздеңіз.
133


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау