Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет38/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68

а)  ғылыми  зерттеулерді  мемлекеттің  қаржылай,  материалдық, 
кадрлық тұрғыда қолдаудың;
б)  кәсіпкерлік  құрылымдарды  венчурлі  (тэуекелді)  бизнесті  да- 
мытуды көтермелеудің;
в) ғылыми жэне ғылыми-техникалық өнім (тауарлар мен қызмет 
көрсетулер)  нарығы  қызметінің  қызмет  етуін  институционалды 
қамтамасыз етудің көмегімен іске асырады.
Аталған  тәсілдерге  мемлекет  осылардың  көмегімен  елдің  ғы- 
лыми-техникалық  бағытын  реттейтін  тетіктердің  едэуір  көп  түрі 
тэн.  Оларға  базалық  қаржыландыру,  бағдарламалық-мақсатты 
қаржыландыру,  фундаменталды  жэне  қолданбалы  зерттеулерді 
мемлекеттік  қолдау  қоры  мен  ғылыми-зерттеулер  жөніндегі  эзір- 
лемелерді  жэне  тағы  басқаларын  іске  асыру  жатады.  Реттегіш 
шараларды  жүргізгенде  аталған  функцияларды,  принциптер  мен 
тәсілдерді  есепке  алу  мемлекетке  елді  элеуметтік-экономикалық 
дамытуда  оң  нәтижелерге  қол  жеткізуге  мүмкіндік  береді. 
Қазіргі  замануи  экономикалық  әдебиетте  қарқынды  экономикалық 
өсу  үшін  ғылыми-техникалық  прогрестің  нәтижелерін  енгізуді 
инновациялық үдеріс деп атайды.
Қазіргі  замануи  ғылыми  идеялар  көбінесе  үлкен  үжымның  жү- 
мысын  қажет  етеді,  осыған  орай  қомақты  ақшалай  жэне  материал- 
дық  шығынды  туындатады,  бұл  әсіресе  дамушы  немесе  көлемі 
жөнінен шағын елдерде тек мемлекеттің ғана шамасы келетін шаруа. 
СондықтанҒТРнэтижелерінпайдалануинновациялықэкономикалық 
саясат  арқылы  іске  асырылады  деп  әділетті  есептеледі.  Ғылыми- 
зерттеулерді  мемлекеттік  қаржыландыру,  венчурлі  (тәуекелді) 
бизнесті  дамытуды  мемлекеттік  қолдау,  кэсіпкерлік  қүрылымдарда 
ғылыми өнім нарығын қүру инновациялық экономикалық саясатты 
іске асыру механизмі болып табылады.
Жоғарыда баяндалғандардан ел әлеуетін тиімді пайдалану, билік 
құрылымдарының жаңа техника мен технологияны енгізу жөніндегі 
жағдайлар  туындатуы  енетін  экономикалық  инновациялық  сая- 
сатсыз  қазіргі  заманауи  ғылыми-техникалық  саясатты  іске  асыру 
мүмкін емес деген ой туындайды.
119


9.3.  Мемлекеттің ұлттық экономикада индустриянын
дамуын реттеуі
Индустриялық саясат дегеніміз -  қолда бар жағдайларды есепке 
ала  отырып,  ұлттық  экономиканың  деңгейін  арттыру  мақсатында 
елдің  құрылымдық  жэне  ғылыми-техникалық  элеуетін  қоса 
өнеркәсіп кешеніне ықпал ету шараларының жүйесі.  Мыналар:
а)  тауарлар  мен  қызмет  көрсетулердің  орнықты  ішкі  нарығына 
жүмыс  істейтін  өзара  байланысқан  өнеркәсіп  кэсіпорындарының 
бэсекеге қабілетті жүйесін құру мен жұмыс  істету;
б)  қазіргі  заманауи  отандық  және  шетелдік  техника  мен 
технологияға  негізделген  өнеркэсіпті  құрылымдык  тұрғыда  қайта 
жаңғырту;
в)  өнеркәсіптік  өндірістің  экологиялығын  кұкықтык,  үйымдық 
тұрғыда қамтамасыз ету;
г) мемлекеттік кэсіпорындарда өндірілетін тауарлар мен қызмет 
көрсетулердің отандық қүрамын арттыру индустрияны дамытудағы 
мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері  болып табылады.
Мемлекет индустриялық саясатты эзірлей отырып келесілерді:
1.  индустрияны дамытудың басым бағыттарын анықтау;
2.  қолда бар индустриялық әлеуетке сүйену;
3. үлттық экономикада сапалы өзгерістерді көздеу;
4.  индустриялық  саясатты  іске  асыру  жөніндегі  функцияларды 
билік  салалары,  ведомстволар  мен  кәсіпорындар  арасында  айқын 
бөлу;
5. индустриялық, соның ішінде сыртқы экономикалық саясаттың 
барлық құрамдастарын өзара байланыстыру;
6.  өндірістің  элемдік  өлшемдеріне  бағдар  алу  пиринциптерін 
басшылыққа алуға міндетті.
Өнеркәсіпті қайта жаңғырту бір сәттік емес, ұзақ мерзімді үдеріс, 
бұл  жерде  пісіп  жетілген  проблемалар  саты-сатысымен  шешіледі. 
Осыдан  келе,  Қазақстан  ұзақ  уақыттық  бағдарламаларды  әзірледі, 
олар  іске  асырылуына қарай  нақтыланады  жэне түзетіліп  отырады. 
Елді  қарқынды  индустриялы-инновациялы  дамытудың  «Өндіруші 
-   2020»  мемлекеттік  бағдарламасы  қабылданды.  Бағдарлама  биз­
нес пен  мемлекеттің күшін тоғыстыруға,  пәрменді  институттар  мен 
өзара  әрекеттестік  механизмдерін  қүруға,  қолайлы  макроорта  мен 
инвестициялық климатты  жасауға есептелген.
120


Индустриалды  саясатта  жалпы  (жүйелі)  жэне  мақсатты  (селек- 
тивті) көтермелеу шараларын бөліп көрсетеді. Жалпылама шаралар 
барлық  өнеркәсіп  кэсіпорындарына  қатысты  болса,  ал  мақсатты 
шаралар  жекелей  белгілі  бір  бөлек  тауарларды,  тауар  топтарын 
өндірушілерге  қатысты  қолданылады.  ҚР  МК  ИИДҚ-да  индустри- 
ялдыдан  кейінгі  экономика  негіздерін  қалыптастыру  мақсатында 
экономикалық  саясаттың макро  жэне  секторлық деңгейдегі  жүйелі 
шаралары,  сондай-ақ  селективті  шаралар  арқылы  инновациялық 
инфракүрылымды  қалыптастыру  мен  ғылыми-техникалық  баста- 
маларды  қолдау  жалғасады  деп  атап  көрсетілген.  Экономикалық 
саясаттың жүйелі шаралары қолайлы макроорта мен инвестициялық 
климатты  қалыптастыруға,  еңбек  өнімділігін  және  экономиканың 
бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.  Селективті шаралар 
басымдығы  бар  салалар  мен жобаларды  қаржылай  жэне  қаржылай 
емес  қолдаудың  қосынды  шаралары  негізінде  іске  асырылады. 
Индустриялаудан  кейінгі  экономиканың  негіздерін  қалыптастыру 
мақсатында ҚР билік органдарының күш-қуаты қоғамдың өндірістің 
дәстүрлі  салаларын  -   мұнай-газ,  тау-кен  металлургия,  атом  жэне 
химия  өнеркәсібін  дамытуға  жұмылдырылган;  сондай-ақ  компа- 
ниялар мен мемлекеттің  сұранысына негізделген машина жасауды, 
күрылыс  индустриясын,  фармацевтиканы  дамытуға  бағытталған; 
жоғарыда аталған міндеттерді іске асырудағы мемлекеттің назар ау- 
даратын объектісі негізінен экспортқа бағытталатын агроөнеркэсіп 
кешені,  жеңіл  өнеркәсіп,  туризм  болып  табылады;  «болашақтағы 
экономиканың»  секторы  (ақпараттық  жэне  коммуникациялық 
технологиялар, биотехнологиялар, баламалы энергетика, ғарыш са- 
ласы).
Бағдарламалар  арқылы  мемлекет  өзінің  реттегіш  функция- 
сын  жүзеге  асырады.  Атап  айтқанда,  бағдарламалар  басымдықты 
салалардағы  бәсекеге  қабілетті  жэне  жоғары  технологиялы 
өндірістік  жобаларды  жеңілдікпен  қаржыландыруды,  қажетті 
инфракүрылымды  қамтамасыз  етуді,  кедендік  жэне  салықтық 
көтермелеуді,  секторалдық  бөгеттерді  алып  тастауды,  экспортты 
жылжытуға  көмектесуді,  ұзақ  мерзімдік  кезеңге  кепілді  тапсыры- 
стар беруді жэне т.б.  қарастырады.  ИИДҚ бағдарламасы Индустри- 
ализациялау  картасы  мен  Өндіріс  қуаттарын  рационалды  орнала- 
стыру  сызбасын  қамтиды.  Сызба  салалардың  теңестірілген  дамуы 
туралы  ақпаратты,  инфрақұрылымды  және  ресурстық  базаны
121


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау