Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет45/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68

10.2.  Қазақстан Республикасының аграрлық секторында 
кеңейтілген қайта жаңғыртуды қамтамасыз ету тәсілдері
Ауылшаруашылықтың  экономикалық  жүйесі  ретімен  байла- 
нысқан  элементтерді  қамтиды.  Әрбір  сала  мен  оның  аясы  агро- 
өнеркәсіптік  қайта  жаңғыруда  белгілі  бір  фазаның  функцияла- 
рын  атқарады.  Осыған  байланысты  Ауылшаруашылықтың  эрбір 
аясы  құрылымы  бір-біріне  сәйкес  өзінің  алдындағы  тізбек  өнімін 
тұтынушы болады. Тіпті дамыған нарықтық қатынастар жағдайында 
да нарықтың негізгі компоненттері шұғыл өздігінен реттелуді және 
Ауылшаруашылықтың  тиімді  дамуын  қамтамасыз  ете  алмайды. 
Өздігінен  реттелетін  нарықтық  механизм  кеңейтілген  ғана  емес, 
қарапайым  қайта  жаңғыртылуды  да  өздігінен  қамтамасыз  ете  ал­
майды.
Мемлекеттік  реттеу  үдерісінде  экономиканың  аграрлық  секто- 
рындағы  аталған  ерекшелікті  ескерген  жөн.  Дамыған  елдерде 
нарықтық  қатынастарды  қалыптастырғанда  ғана  емес,  нарықтық 
қатынастарды  дамытқанда  да  бұл  ерекшелікті  бұрыннан  ескереді. 
Егер  аграрлық  секторда  шаруалар  еңбегінің  өнімділігі  ақтай  ал- 
майтындай  төмен  жэне  бұл  жағдай  жеткілікті  өмір  сапасына 
мүмкіндік  бермейтін  болса,  онда  бірде-бір  ел  өзінің экономикалық 
қатынастарын  элеуметтік  бағыттағы  нарықтық  қатынас  ретінде 
сипаттай  алмайды.  Сондықтан  біздің  елде  «КазАгро»  АҚ  ұлттық 
холдингі,  «КазАгрофинанс»  АҚ,  «Аграрлық  несиелік  корпора­
ция»  АҚ,  ауыл  шаруашылығын  қаржылай  қолдау  қоры,  «Азық- 
түлік  келісімшарт 
корпорациясы» 
АҚ  ұлттық  компаниясы 
жэне  т.б.  сияқты  институционалды  қүрылымдар  жасақталған. 
Қуатты  техникалық  базасы,  жағдайлары  жасалған  тұрғын  үйлері 
мен  әлеуметтік-тұрмыстық  нысандары  жэне  т.б.  бар  аграрлық  ке- 
шен  түріндегі  жаңаша  шаруашылық түрлері  туындап  келеді,  олар- 
ды  «қазшарлар» деп немесе  к а п и т а л и с т   сарындағы  қазақстандық 
шаруашылықтар деп атайды.
«Агроөнеркәсіптік  кешеннің  жэне  ауылдық  аумақтардың  да­
муын  мемлекеттік  реттеу  туралы»  Қазақстан  Республикасының 
заңы  бойынша  ел  Парламенті  заңдарды  қабылдауы  жэне  Үкімет 
пен  бюджеттің  орындалуын  бақылау  жөніндегі  Есеп  комитетінің 
есептерін  бекітуі  тиіс.  Үкіметтің  қүзыреті  ішінде  техникалық 
саясаттың  негізгі  бағыттарын  эзірлеу,  жер  қатынастарын  рет-
141


теу,  мемлекеттік  ресурстарды  басқаруды  қамтамасыз  ету,  сондай- 
ақ  басқа  да  шаралары  бар  15  бағыт  енеді.  Агроөнеркәсіп  секто­
ры  саласындағы  уэкілетті  органның  құзіреті  ішінде  мемлекеттік 
салалық  даму  бағдарламаларын  әзірлеу  мен  іске  асыру,  вете- 
ринариялық 
қорғаныс 
пен 
өсімдіктер 
карантині 
жөніндегі 
мемлекеттік  шараларды  ұйымдастыру, 
нормативтік-құқықтық 
базаны,  баға,  техникалық,  салықтық  жэне  басқа  да  қызыметтер 
мәселелері  бойынша  енгізу  мен  басқа  да  шаралар  бар  21  бағыт 
енеді.  Заңда төменгі  сатыдағы  билік  органдарының  кұзыреттері  де 
жазылған.
ҚР  Ұлттық  қорының  қаражаты  есебінен  агроөнеркәсіптік 
кешенді  қолдау  аясындағы  жобаларды  тиімді  іске  асыруды 
қамтамасыз  ету үшін  ҚР  Үкіметінің,  Ұлттық  банктің  және  АФ-нің 
экономика  мен  қаржы  жүйесін  тұрақтандыру  жөніндегі  бірлескен 
іс-қимыл  жоспары  жұмыс  істеді.  Шағын  жэне  орта  бизнесті 
2011  жылдан  2015  жылға  дейінгі  дамыту  бағдарламасы,  АӨК 
салалық  бағдарламасы  әзірленді.  «Агроөнеркәсіптік  кешеннің 
және  ауылдық  аумақтардың  дамуын  мемлекеттік  реттеу  туралы» 
Қазақстан  Республикасының  заңы  қолданылуда.  Жаңа  салалық 
«Агробизнес-2020»  бағдарламасы  қабылданды,  ол  мынадай  төрт: 
қаржылық сауықтыру, тауарларды, жүмыс пен қызмет көрсетулердің 
қолжетімділігін  арттыру  АӨК  субъектілерін  қамтамасыз  ететін 
мемлекеттік  жүйелер  тиімділігін  жоғарылату,  экономика  аграрлық 
секторын мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру бағыты 
бойынша іске асырылады. Қаржылық сауықтыруға 376 млрд. теңге, 
тауарлардың,  жұмыс  пен  қызмет  көрсетулердің  қолжетімділігіне 
-  2  трлн.  185  млрд,  теңге,  АӨК  субъектілерін  қамтамасыз  етудің 
мемлекеттік  жүйесін  дамытуға  -  409  млрд.  теңге,  АӨК-ін 
мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыруға - 30 млрд. теңге 
бөлінетін болады.
Мемлекет  сервистік  дайындау  орталықтарын,  ұрық  дайын- 
дау  шаруашылықтарын,  агрохимиялық  тексеру  станцияларын, 
жылыжайлар  шаруашылығы  желілерін,  көкөніс  сақтау  орын- 
дарын,  санитарлық-ветеринариялық  қызметті,  мал  бордақылау 
алаңдарының  желісін,  малдан  алынатын  шикізатты  дайындау, 
сақтау жэне бастапқы  өңдеу жөніндегі  инфрақұрылымды  жасақтау, 
өңдеу  қуаттарын  модернизациялау,  суару  жүйелерін  қайта  жөндеу 
жэне  пайдалану  сапасын  арттыру,  тамшылатып  суару  тәсілдерін
142


енгізу  жэне  оларды  дамыту  жолымен  ауылшаруашылығын  қолдау 
жөніндегі стратегиялық бастаманы көтерді.
Мал  шаруашылығын  өркендету  жөніндегі  жоспарларды  іске 
асыру  үшін  американдықтармен  бірге  қазақстандықтардың  15% 
және  американдықтардың  85%  қатысуымен  «KazBeef  Ltd»  ЖШС 
бірлескен  кэсіпорны  құрылды.  Солтүстік  Дакотадан  Қазақстанға 
жоспарланған  2000  бас  герофорд  және  ангус  тұқымдарының  300 
қысыр  қүнажыны  жеткізілген.  Елдегі  10  аймақта  56  мал  борда- 
қылау  алаңдарын  салу  жоспарланған.  Бағдарламалық  мақсатқа  -  
экспортқа  60  мың  тонна  ет  шығаруға  қол  жеткізу  үшін  мал  беру 
жөніндегі жеңілдіктерді және нысандарды екі  еселеу, яғни  фермер- 
де  10  бас  болғанда  тағы  да  10  басқа  көбейту  принципі  бойынша 
несие беру механизмін пайдалану белгіленген.  Шағын және орташа 
фермерлікті  дамыту  бағдарламасы  бойынша  Ауылшаруашылығын 
қаржылай  қолдау  қоры  2011-2015  жылдардағы  кезеңге  оператор 
ретінде  көрініп  отыр,  ол  50  бастан  астам  аналық  мал  сатып  алуға 
несие  беретін  болады.  Сыйақы  ставкасы  -   жылына  6%.  Қордағы 
қаржыландыру мерзімі  7 жылға,  корпорацияда болса 84 айға дейін.
Жем-шөп 
өндіруді 
мемлекеттік 
қолдаудың 
механизмі 
әзірленген. Қатты азық дайындауға кететін шаруа қожалықтарының 
шығындарын  субсидиялау  үшін  Үкіметтің  резервінен  3,5  млрд. 
теңге  бөлу  қарастырылған.  Жем-жөп  дайындау  мәселесіне 
Ауылшаруашылығын  қаржылай  қолдау  қорының  қаражатынан  ми- 
кронесие пайдалану жоспарланған.
Ветеринариялық  зертханаларды  халықаралық  стандарттар  та- 
лаптарына  сэйкес  жарақтандыру  жүргізілуде.  2008-2009  жылда- 
ры  11  облыстьщ  ветеринариялық  зертхана  салынды,  2010  жылы  8 
аудандық  зертхананың  қүрылысы  аяқталды.  Тағы  да  11  облыстық 
жэне  115  аудандық  зертхана  мен  микроорганизмдерге  арналған 
биоқойма  мен  генетикалық  модификацияланған  организмдерді 
анықтауға арналған зертханалар құрылысы жоспарланған.
Осылайша,  соңғы  жылдар  ішінде  мал  шаруашылығын  қолдауға 
бөлінген қаржылай қаражаттың көлемі  3  есе  артып,  2010 жылы  2,5 
млрд.  теңгені  құраған.  Мал  шаруашылығы  өнімінің  сапасын  арт- 
тыру жөніндегі шараларды қаржыландыру  10  еседен  астап  өсіп,  13 
млрд.  теңгені қүрады.
XXI  ғасырдың  алғашқы  онжылдығында  Қазақстанда  АӨК-ін 
мемлекеттік қолдау көлемі  19,1  есе өсіп, 2010 ж. 235,5 млрд. теңгені
143


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау