Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет40/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68

компаниялардың өндіру  мен  сатып  алулар  жөнінде  есеп  беріп  оты- 
руымен  айқындалады,  сөйтіп  осы  компанияларда  тауарлар  өндіру 
мен  қызмет  көрсетулер  қаншалықты  жолға  қойылғаны  көрініп 
тұрады
Интернет-ресурстардағы жеткізіп берушілер мен өндірушілерге 
арналған ақпараттық көпір мемлекеттің маңызды реттегіш тетігі бо- 
лып  табылады.  «Қазақстандық үлес  құрам»  порталында тауардағы 
қазақстандық үлес  құрамның үлесі көрсетіледі,  мемлекеттік орган- 
дар,  ұлттық  компаниялар,  жер  қойнауын  пайдаланушылардың  ха- 
барландырулары  туралы  деректер  бар.  2011  жылдың  наурызының 
басында онда 800  астам өндіруші мен  17  мың тұтынушы тіркелген. 
Жүйе  қүрушы  97,9  ұлттық  компаниялардың,  5  элеуметтік- 
кәсіпкерлік  корпорацияның,  2  концессионерлердің  сатып  алула- 
ры  туралы  деректер  бар.  Осылайша,  іс  жүзінде  қазақстандық  үлес 
құрамның қоғамдық өндіріске жүйелі енуі жүріп жатыр
Баға  жэне  сапалық  көрсеткіштері  басқа  реттегіш  фактор  бо- 
лып  табылады.  Петропавлдағы  көп  бейінді  зауыт  бағасы  13  млн 
теңге  ЗМО-1500  станоктарын  шығара  бастады,  бұрын  оларды  18 
млн  теңге  сомасында  Ресейден  алып  келетін.  Осы  көрсеткіштің 
реттегіштік  рөлі  жаңа  жұмыс  орындарымен,  жаңа  технологияның 
келуімен,  өндірістің  тиімділігімен,  қызметкерлер  біліктілігінің  ар- 
туымен айқындалады.
ҚР  Индустрия  жэне  жаңа  технологиялар  министрлігінде  2004- 
2009  жылдары  аралығында  өнім  өндіруге  егжей-тегжейлі  талдау 
жүргізіліп,  импорт  үлесі  тым  жоғары  281  тауарлық  өндіріс  атап 
көрсетіліп,  аса  қажеттілік  туындататын  тауарлар  мен  олардың 
әлеуетті  өндірушілері  анықталған,  сөйтіп  тауар  өндірушілерге 
қандай  тауардың  шығарылуы  сатылуға  кепілдік  беретіні  жөнінде 
сигнал  берілген.
Мемлекеттік  бағдарламаларды  капиталдың  қажетті  көлемімен 
қамтамасыз ету мемлекеттің аса маңызды реттегіш тетігі болып та­
былады.  ИИҚЦ  мемлекеттік  бағдарламасын  Индустриализациялау 
картасына  сәйкес  іске  асыру  үшін  қажетті  инвестиция  көлемі  64 
млрд.  АҚШ  долларын  құрайды,  оның  65%  расталды  жэне  тағы  да 
22,4  млрд.  АҚШ  доллары  қажет.  ИИҚД  қаржыландыруға  арналған 
негізгі  тетіктің  бірі  мемлекет  немесе  «Самұрық-Қазына»  ¥ Д Қ  
кепілдік  берген  облигациялардың  шығарылуы  мүмкін,  бұларды 
сақтандыру  компаниялары  мен  зейнетақы  қорлары  сатып  алатын
125


болады.  Кейбір есептер бойынша соңғылары экономикаға 3,6 млрд. 
АҚШ долларын сала алады.
2010-20 Пжылдар  аралығында  Индустриализациялау  картасы- 
ның  аясында  1,8  трлн,  теңге  инвестицияланған  389  жаңа  өндіріс 
салынып,  90  мыңнан  астам  жұмыс  орны  құрылған.  Осы  2011  жыл 
ішінде  қатарға  қосылған  жэне  жүмыс  істеп  тұрған  кәсіпорындар  2 
млрд.  АҚШ  доллары  сомасында  тауар  өндірген.  Тұтастай  алғанда 
Индустрияландыру  картасы  қүны  9,6  трлн.теңге  609  жобаны 
қамтыған.
Индустриализациялау бағдарламасы бірқатар жоспарлы көрсет- 
кіштердің  артық  орындалуын  туындатты.  Негізгі  міндет  аркылы  5 
жылда  ІЖӨ  16  трлн-ан  2015  23  трлн,  теңгеге  дейін  өсетін  болған. 
Алайда  2011  жыл  қорытындысы  бойынша  бұл  көрсеткіш  27  трлн, 
теңге немесе  180 млрд-тан астам АҚШ долларын құрады.
ІЖӨ  құрылымындағы  өңдеуші  өнеркәсіптің  үлесі  2009  жылғы 
10,5%  2011  ж  тоғыз  айында  13%  дейін  өсті.  Индустриализациялау 
картасы  мен  «Бизнестің жол  картасы-2020»  жалпы  тиімділі  2011  ж 
ІЖӨ-нің 2% қүрады.
«Бизнестің  жол  картасы-2020» 
бағдарламасын  қаржылай 
қолдаумен  қатар  мемлекет  қаржылай  емес  те  қолдау  көрсетуде. 
Оның құрамдас тетіктеріне мыналарды:
1)  мүмкіндігі  шектеулі  кэсіпкерлерді  «Даму-Көмек»  бағдар- 
ламасы, «Жәрдем», «Вместе/Бір болайық» телевизиялық хабарлары 
арқылы қолдауды;
2) ай сайын шығатын «Мой бизнес» журналы, ҚР-дағы ХБҚ-ның 
жыл  сайынғы  талдамалық  кітабы,  ХБҚ  секторының  маркетингтік 
зерттеулері,  қашықтан  қызмет  көрсетуге  арналған  бизнес-портал 
жэне т.б.  арқылы ақпараттық-талдамалық қолдауды;
3)  кәсіпкерлікті  қолдау  орталықтары  арқылы  кәсіпкерлермен 
байланысуға қызмет көрсету орталықтарын  құруды,  ҚР-дағы  ХБҚ- 
ның  «дөңгелек  үстелдерін»,  форумдарын  өткізуді  жатқызуға  бола­
ды.
Қазіргі  замануи  экономикалық  өмір  біртіндеп  немесе  шұғыл 
шешілуі  тиіс  қандай  да  бір  мәселелерді  ұдайы  алға  тартып  оты- 
рады.  Бүл  мәселелердің  шешілуі  көп  жағдайда  қабылданған 
индустриалдық саясаттың бағытына, мағынасы мен ауқымына, оны 
іске асыру барысында басшылыққа алатын  принциптерге  байланы- 
сты  болады.
126


9.4. 
Инновациялық үдерісті жеделдету мен ҒТП 
тиімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік шаралар
жүйесі
Ғылыми-техникалық  саясатты  эзірлейтін  мемлекеттік  органдар 
ғылым қуаты өндіргіш күшке, ғылыми-техникалық элеует -  элемдік 
нарықтағы  кез  келген  ел  бэсеке  қабілеттілігінің  шешуші  жиынтық 
факторы,  ал ғылыми әзірлемелерді тиімді,  пәрменді жэне мақсатты 
пайдалану  -  кез  келген  шаруашылық  жүйесі  орнықты  дамуының 
маңызды алғышарты болғанын негізге алады.
Мемл екеттің ғылыми-техникалық саясаты -  ол ҒТП стратегиялық 
мақсаттарын қарқынды жүргізу негізінде қалайтын шаралар жүйесі 
болып  табылады.  Шаралар  жүйесі  елдің  ғылыми-техникалық 
әлеуетін  рационалды  орналастыру  мен  пайдалануға,  ғылыми  жэне 
техникалық  проблемаларға  көзқарас  жиынтықтылығына,  жоба- 
лар  ауқымдылығына  негізделеді.  Ғылыми-техникалық  дамуды 
мемлекеттік  реттеу  мен  енгізу  мақсатты  айқындау  мен  міндеттер 
бағдарламасын  жасаудан  басталады,  онда  мемлекет  маңызды 
әлеуметтік міндеттерді  іске  асыру мақсатында ғылым мен техника- 
ны  дамытуға  бөлінетін  қаражатты  елеулі  арттыруды  қарастырады. 
Мемлекет  көп  жағдайда  экономикада  ғылыми  және  техникалық 
үдерісті  жеделдету  үшін  ғылыми-зерттеулерді,  техникалық  прог- 
рессті ұйымдастырушы жэне басқарушы жэне ең бастысы қоғамдық 
өндірістің осы саласына түсетін қаржылай ағынның реттеушісі бола 
отырып,  осы үдеріске тікелей араласады.
Ғылыми-техникалық  даму  мен  инновацияларды  енгізуді  мем- 
лекеттік реттеу:
1)  ел  экономикасының  жай-күйі  мен  дамыған  елдер  жетістігін 
талдау  негізінде  ғылым  мен  техниканы  дамытудың  стратегиялық 
бағыттарын анықтауды;
2) ел экономикасының қажеттілігі тұрғысынан жүргізіліп жатқан 
ғылыми және техникалық зерттеулер инновациялығын анықтауды;
3)  экономиканың  мемлекеттік  жэне  жекеменшік  секторлары 
қаржылай салымдарды үйлестіруді;
4) экономикаға инновацияны енгізуді көтермелеуді қамтиды.
Дамыған  елдердегі  мемлекеттік  реттеу  зерттеулерге  жэне
инновациялардың  өндіріске  енгізілуіне  қолданылады  (мүнда  билік 
органдары  зерттеулер  нәтижелерін  өндіріске  енгізумен  көбірек
127


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау