қамтиды. Карта жаңа салынып немесе жоспарланып жатқан өндіріс
қуаттарының тізбесін, оларды мониторингтеу мен мемлекеттік
қолдаудың нүктелік шаралары арқылы басқару тетіктерін көрсетеді.
Корпоративтік элеуметтік жауапкершілік пен қазақстандық маз-
мұнның пайызы мемлекеттік индустриялдық саясаттың маңызды
элементі болып табылады. Соңғысы Қазақстан кэсіпорындарында
жұмыстар мен қызмет көрсетулерге тапсырысты жергілікті өн-
дірушілерге ұсынады. Сонымен тапсырысшылардың өздері қажетті
стандарттарды береді, сапалық сипаттарын айқындайды жэне катар
атқарылатын бизнестің дамуына өз қаражатын сала алады. Қатар
атқарылатын бизнестің жауапкершілігі өнім мен сервис сапасының
қажетті деңгейіне алып келеді.
Қазақстандық құрамды дамытудың маңызды нәрселерінің бірі
сервистік, көлік желілерінің, логистикалық компаниялардың да-
муын көтермелеу, яғни қайта жасалатын тауарлар мен кызмет
көрсетулердегі пайыздық құрамды арттыру ғана емес, әріптестерді
жасақтау болып та табылады.
Мемлекеттің қоғамдық өндірістің индустриялды дамуын реттеу:
- ғылыми-техникалық әзірлемелерді енгізу мен жоғары техно-
логиялы өндірісті қалыптастыру негізінде ел экономикасының да
муына жағдай жасау;
- ұйымдық жэне экономикалық жағдай жасау жолымен инно-
вациялық қызметті көтермелеу;
- қолайлы инвестициялық климатты жасау жолымен мемлекеттік
инновациялық саясатты іске асыру үшін инвестициялар тарту арқылы
іске асырылады. Елдің индустриялды дамуын мемлекеттік реттеу
механиизмі экономикалық (инвестициялық, қаржылық, бағаны рет
теу жэне т.б.), құқықттық, ұйымдық-техникалық (инновациялық са-
ясат, жеделдетілген амортизация, тауарлар мен қызмет көрсетулер
сапасын сараптау) рычагтары көмегімен басқарылады.
Мемлекеттік реттеудің ұйымдық функциялары нормативтік-
құқықтық актілерді, дамудың стратегиялық бағдарламалары мен
жұмыстың ағымдағы жоспарларын әзірлеумен, келісумен және
бекітумен айқындалады. Реттегіш қатынастар үдерісіне монито
ринг, үйлестіру жэне заңдардың, бекітілген бағдарламалар мен
индустриялды даму жоспарының орындалуын бақылау енгізіледі.
Мемлекеттік билік органдары қызметтің түрлі бағыттары бойын-
122
ша әдістемелік басшылыққа алуды іске асырады, ұйымдардың,
орталық пен жергілікті жерлердегі билік құрылымдарының тау-
арлар мен қызмет көрсетулерді сатып алуы кезінде қазақстандық
құрамды арттыру жөніндегі шараларды әзірлеуді жүзеге асырады.
Мемлекеттің реттегіш ықпалы тау-кен, энергетика, тамақ, химия
жэне т.б. сияқты өнеркэсіптік өндірістің түрлі салаларына сарап-
тама жүргізумен, инвестициялық бағдарламаларды, техникалық
пайдалану мен қауіпсіздік техникасы саласында нормативтік
техникалық қүжаттарды эзірлеуге техникалық тапсырмаларды
бекітумен айқындалады.
Ұлттық экономиканы индустриялды дамытудағы мемлекеттің
реттегіш рөлінің көп түрлілігі жөнінде бекітілген «ҚР Индустрия
және жаңа технологиялар министрлігі туралы ереже» арқылы
пайымдауға болады, мұнда министрліктің алдына 200-ге жуық
міндет қойылған.
Елді индустрияландыруда жаңа техологияларды дамыту мен
қолдану бірінші кезектегі мэнге ие екені белгілі. 2010-2011 жылда-
ры Қазақстанда технологиялық бизнес инкубациялау іске қосылды.
Т ехнологияны дамытудың басқа да маңызды тетігі инфрақұрылымды
ұйымдастыру мен құру жэне жаңа технологияларды енгізу бо-
лып табылады. «¥И Қ» АҚ базасында «Технологиялық даму
жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ құрылуда. Ғылыми-техникалыққ
дамудың салаларалық жоспары қабылданды. 3 конструкторлық
бюро, Францияның жэне Оңтүстік Кореяның қатысуымен 2
халықаралық технологиялық ынтымақтастық орталығы қүрылды.
9 технопарк, 5 ұлттық жэне 15 аймақтық зертханалар қызмет істеп
жатыр.
Қарқынды индустриялдық-инновациялық дамудың мемлекеттік
бағдарламасын (ҚИИД МБ) іске асыру үшін ішкі және сыртқы
инвестицияларды тарту Қазақстанның индустриялды дамуының
маңызды тетігі болып табылады. ҚР Индустрия жэне жаңа тех
нологиялар министрлігінің есебі бойынша бағдарламаны жүзеге
асыру үшін 30-50 млрд. АҚШ долларын тарту қажет. Қойылган
міндеттерді жүзеге асыру үшін 2010 жылы 10 млрд. АҚШ доллары-
на келісімшарт жасалған. Жоғарыда белгіленген міндеттерді орын-
дау үшін ҚР Индустрия жэне жаңа технологиялар министрлігінің
ақпараты бойынша қазір 55%-дан аспайтын деңгейде ғана жұмыс
істеп тұрған өндіріс қуаттары бар екені анықталды.
123
Кәсіпкерлердің өз бетінше қызмет етуі, Индустриялау кар-
тасы немесе Жол картасы бағдарламасына «енуді» еркін таңдау
Қазақстанда өнеркәсіптік өндірісті дамытудың маңызды қыры
болып табылады. Бұдан бөлек жергілікті билік органдарындағы
шенеуніктердің табысты бизнес үшін ынтымақтастығы қажет бола-
тын бизнес серіктестерді «ұсынатын» пысықайлығына жол бермеу
керек.
Белгілі бір шарттармен тауарлар мен қызмет көрсетулерді ше-
телге экспорттауға байланысты шығындардың бір бөлігін жаба-
тын «Kaznex» Экспорт пен инвестицияларды жылжыту жөніндегі
агенттік арқылы қазақстандық кэсіпорындарды колдау да үлттық
экономиканың индустриялды дамуына ықпал етеді.
Өндірілетін тауарлар мен қызмет көрсетулерде казақстандық
үлес құрамының болуы да ұлттық экономиканы индустриялды
дамытудың қажетті тетігі болып табылады. Қазақстандық үлес
құрамы дегеніміз өндірілген тауарлар мен қызмет көрсетулердегі
үлестік құрам болып табылады. Мысалы, Өскеменде Ресейлік фир
ма «Нива» автокөліктерін құрастыруды жүргізеді. Бастапқыда Ре-
сейде өндірілетін детальдардан автокөлікті жинау жүмыстары ғана
жүргізіледі. Қазақстандық үлес жұмысшылардың еңбек шығынын
жэне электр қуатына, жабдықтар мен қүралдар амортизациясына
жэне т.б. кететін шығынды құрайтын болады. Егер машина жина-
латын осы кәсіпорын болашақта, айталық, корпусын шығаратын
болса, онда қазақстандық үлестік құрам жалпы автокөлік қүнының
корпусы бағасына артатын болады. Сұраныстың Интернет-пор
тал жазбаларындағы «казахстандық үлес құрамы» 18,7 трлн тенге
сомасында 2,7 млн, ал ұсыныстар саны 1142 қүрайды, мүндағы
қазақстандық үлес қүрамы 0-ден 100%-ға дейін құрайды. 2010 жыл
қорытындысы бойынша «Қазмүнайгаз» компаниялары тобындағы
сатып алулардың жалпы көлемі 1,6 млрд теңге құрады, мұнда
қазақстандық үлестің қүрамы 51% немесе 811 млн теңге қүрады.
Қазақстанда мұнайгаз машина жасау саласының қажетін өтейтін 320-
дан астам атауды шығару жолға қойылған. 2010 жыл қорытындысы
бойынша мұнайгаз компанияларындағы қазақстандық үлестің
қүрамы 69,7%, ұлттық компанияларда - 50,3%, тау-кен компания-
ларында - 45,9% құрады. 2011 жыл ішінде мұнайгаз жабдықтарын
шығару өндірісінде қазақстандық үлестің құрамы 24%-ға артты.
Қазақстандық үлес қүрамы көрсеткішінің реттегіш рөлі ұлттық
124
Достарыңызбен бөлісу: |