Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет21/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68

қатысты  болады.  Мұның  бәрі,  сондай-ақ  басқа  да  қоғамдық 
қажеттіліктер мемлекеттік органдарды экономиканың құрылымына 
ықпал етуге итермелейді.
Экономиканың  құрылымы  әртүрлі  өндірістік  жэне  өндірістік 
емес  кэсіпорындардың  жэне  мекемелердің  жиыны,  олар  нарықтық 
бэсекелестік  жағдайында  орнайтын  белгілі  пропорцияда  қызмет 
етеді. Экономиканың құрылымында салаларды, қосалқы салаларды, 
кәсіпорындарды  (фирмаларды)  жэне  мекемелерді  бөліп  көрсетеді. 
Мемлекет  қоғамдық  өндірістің  барлық  салаларына  эрқашан  ынта- 
лана қатыспайды, бірақ әрқашан құқықтық жэне ұйымдық шаралар 
арқылы оларға ықпал етеді. Дамыған елдерде бұрын экономикалық 
ықпал  ету  (қоғамдық  өндіріске  қажетті  тиімсіз  кэсіпорындарды 
сатып  алатын)  жағдайларда  ғана  орын  алатын.  Экономикалық 
дағдарыс жағдайында мұндай көмек жүйелі сипат алған.
Б ¥ ¥  халықаралық салалық жіктемесі:
- тау-кен өндірісі өнеркэсібін;
- өңдеу өнеркэсібін;
-  құрылысты;
- көлік, қойма шаруашылығы мен байланысты;
- электроэнергетиканы, газ жэне сумей жабдықтауды;
-  ауылшаруашылықты,  аңшылықты,  орман  шаруашылығы  мен 
балық аулауды;
-  топтама  жэне  бөлшек  сауданы,  мейрамханаларды,  қонақ  үй 
шаруашылығын;
-  қаржыны,  сақтандыруды,  жылжымайтын  мүлікпен  операция- 
ларды, коммерциялық қызмет көрсетулерді;
-  коммуналдық,  қоғамдық  жеке  қызмет  көрсетулерді  эконо- 
микалық қызмет саласына жатқызады.
Салалықпен  қатар  аумақтық,  әлеуметтік,  сыртқы экономикалық 
құрылымды  ажыратып  көрсетеді.  Олардың  әрқайсысы  аталған 
құрылымдардың  ішіндегі  тараптардың  арақатысын  көрсетеді. 
Айталық,  сыртқы  экономикалық  қүрылым  экспорт  пен  импорттың 
арасындағы  арақатынасты,  яғни тауарлар  мен  қызмет көрсетулерді 
алып  шығу  мен  алып  кіру  арасындағы  жэне  т.б.  пропорциялар- 
ды  көрсетеді.  Аумақтық  күрылым  елдің  қайсібір  аудандарына  та- 
уар  өндірісі  мен  қызмет  көрсетулерді  орналастыруды  көрсетеді. 
Әлеуметтік  қүрылым  тауар  өндірісі  мен  қызмет  көрсетулерді  ел 
аудандарында  меншік  түрлері  бойынша  орналастыруды  көрсетеді,
65


бүл жекеменшік пен мемлекеттік капиталды аймақтардың дамуына 
салуға мүмкіндік береді.
Қазақстанда  билік  органдары  тәуелсіздіктің  бірінші  күнінен 
бастап  экономиканың  құрылымына  орасан  зор  назар  аударып 
келеді.  Билік  органдары  іс-әрекет  стратегиясы  айқындалған  Қа- 
зақстан  Республикасының  2010-2014  жылдарға  индустриалдық- 
инновациялық  қарқынды  дамуы  жөніндегі  Мемлекеттік  бағдар- 
ламаға  жіті  көңіл  бөлуде.  Қазақстанды  2010-2014  жылдарға 
индустрияландырудың жиынтық картасы  бағдарламаның қүрамдас 
бөлігі  болып  табылады,  ол  қаржыландыру  көзі,  оларды  іске 
асырудың  кестесі,  шаралар  жоспары  көрсетілген  республикалық 
жэне аймақтық индустрияландыру карталарынан тұрады.
Стратегияға  сэйкес  экономиканың  басымдықты  секторла- 
рын  аймақтық  даму  үшін  бәсекелестік  артықшылықтары  бар 
аумақтарға  орналастыруды  қамтамсыз  ету  көзделген.  Екіншіден 
қажетті ғылыми-техникалық,  білім  беру  элеуеті,  коммуникациялық 
инфрақұрылымы  бар  аймақтарда  оза  өсу  аймақтарын  құру 
көзделген.
Өндіріс  қуаттарын  орналастыру  сызбасы  елдің  өндірістік 
әлеуетін  орналастыру  тетігі  болып  табылады.  Сызба  ҚР  аумағын 
ұйымдастырудың  Бас  сызбасын,  сондай-ақ  қала  салу  жөніндегі 
басқа да қүжаттарды әзірлеуге негіз болып табылатын Қазақстанның 
аумақтық-кеңістіктік дамуының Болжамдық сызбасының  құрамдас 
бөлігі  болады.
Индустриялық  модернизация  өндіріс  факторларын  қарқынды 
ету  негізінде  экономиканың  экспортқа  бағытталған  дәстүрлі  са- 
лаларын  дамытумен  айқындалады.  Бағдарламада  дәстүрлі  сала- 
ларды  қалыптасқан  орталықтарда  шикізат  көзі  мен  техникалық 
инфрақұрылымға  қосақтай  отырып  дамыту  белгіленген.  Аграрлық 
салада,  жеңіл  өнеркэсіпте  экспортқа  бағытталған  өндірісті,  ту- 
ризмді  солар  үшін  дәстүрлі  аймақтарда  ірі  қалалар  нарықтарын 
межеге  ала  отырып  еңбек  күші  артық  аймақтарда  дамыту  жоспар- 
лануда.  Сұраныстың,  өндірістік,  техникалық  инфрақүрылымның, 
технологиялық  базаның  болуы,  өнімді,  жиынтықталымдар  мен 
жабдықтарды  жеткізуге  кететін  шығындардың  төмендігі  ішкі 
сұранысқа негізделген салаларды дамытуға түрткі болады.  Машина 
жасайтын жаңа кәсіпорындар бейініне және өндірілетін  машиналар 
мен оның қосалқы бөлшектеріне негізгі сұраныс болжануына сәйкес
66


(тау-кен  машинасын  жасау  -  орталық  жэне  шығыс  Қазақстанда 
жэне т.б.)  орналастырылатын  болады.  Бағдарламада Алматы, Аста­
на  қалаларының  негізінде  жэне  оларға  тартылысы  бар  аймақтарда 
экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру белгіленген.
«Дәстүрлі  индустрияны»,  ішкі  сұраныс  пен  экономикалық  өсу 
орталықтары  негізіндегі  салалардың дамуын қолдау экономикалық 
белсенділік  пен  инвестициялық  тартымдылықты  көтермелеудің 
түрлі  механизмдері  арқылы  іске  асырылады.  Бағдарламада  жеке- 
меншік  бизнес  қызметінің техникалық шарттарын қамтамасыз ете- 
тін  инфрақүрылымды  дамытуға  мемлекеттік  инвестициялар  тарту 
жөнінде  тура  айтылған.  Инфрақұрылымдық  қолдау  шараларын 
өндіріс  қуаттарын  жобаларды  инфрақұрылымдық  жэне  ресурстық 
қамтамасыз  ету,  минералдық-шикізат  жэне  еңбек  ресурстарын  қа- 
лыптасқан  нарықтық  ахуалға  сәйкес  өткізу  нарықтарын  үтымды 
бөлу  мәселелері  тұрақты  жаңарып  отыратын  ұтымды  орналасты- 
ру  Сызбасы  арқылы  іске  асыру  көзделген.  Бағдарламада  мемлекет 
пен  бизнестің  ресурстарын  экономиканың  басымдықты  секторла- 
рын дамытуға шоғырландыру,  мониторингтің заманауи ақпараттық 
жүйелерін жэне  іске  асырудың нақты тетіктерін пайдалану арқылы 
мемлекет  пен  бизнестің  шешімдерін  үйлестірудің  интерактивті 
үдерісімен қатар жүргізілетіні көрсетілген.
Осылайша,  мемлекеттік билік органдары ұлттық экономиканың 
мүддесіне  орай  экономика  құрылымын  қалыптастыруға  тікелей 
қатысады.  Мемлекеттің  ықпал  етуі  субсидиялар,  гранттар  беру,  не- 
сиелер,  лизингтер  бойынша  пайыздық  ставкаларды  субсидиялау 
жэне  т.б.  жолдармен  ақша қаражаты  арқылы  жүргізіледі.  Билік  ор­
гандары  жаңа  өндірістерді  орналастырғанда  шетел  инвесторлары- 
на  ақпараттық-презентациялық,  ақпараттық-талдамалық  шарала­
рын  өткізуге жэне т.б.  сервистік қызмет көрсетумен  айқындалатын 
қаражаттық емес қолдау да көрсетеді.  Осылайша, мемлекет ел үшін 
қажетті экономиканың құрылымын жасайды.
Қысқаша қорытындылар:
1. 
Қазақстан  классикалық  нарықтық  экономикасы  бар  ел- 
дерден  нарықтық  қатынастарды  қалыптастыру  сипатымен,  эдіс- 
тәсілдерімен  өзгешеледі.  ҚР-ға  меншік  түрлерінің  эртүрлілігін
67


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау