Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет18/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68

3. Гэлбрейт Дж.  К.  Новое  индустриальное  общество.  М.:  Про­
гресс.  1969 г.
4. Жатканбаев  Е.Б.  Основы  формирования  смешанной  эконо­
мики.  Алма- Ата.  1992 г.  Гл.  2.  §  2.3.
5.  Елемесов  Р.Е.,  Жатканбаев  Е.Б.  Государство  и  нарық.  Алма­
ты:  Қаржы -  қаражат.  1997  Гл.  4.
6.  Бибатырова  И.А.,  Сагындыкова  Г.К.  Государственное  регу­
лирование  национальной  экономики.  Алматы.  2008  г.  Гл.  3. 
§3. 2.   и 3.3.
55


4.  ЭКОНОМИКАНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ 
ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСКЕ ТИГІЗЕТІН ЫҚПАЛЫ.
4.1.  Мемлекеттік экономика секторын қалыптастыру.
Әртүрлі  елдерде  мемлекеттік  қызмет  бірнеше  жағдайларда 
жүзеге  асырылады.  АҚШ  пен  РФ-да  федералдық,  аймақтық  және 
жергілікті деңгейлерде іске асырылады. Қазақстандареспубликалық 
жэне  жергілікті  деңгейлерде  іске  асырылады.  Барлық  үкіметтер 
ұлттық қорғаныс,  пошта,  ақша шығару,  аймақтар  аралық сауда мен 
халықаралық сауданы  реттеу үшін  жауапкершілікте  болады.  Штат- 
тар мен жергілікті билік органдарының құзырына, білім беру, игілік, 
полиция,  өрт  қызметі,  жергілікті  сипаттағы  қызмет  көрсетулер- 
мен  қамтамасыз  ету  енеді.  АҚШ  Конституциясында  федералдық 
үкіметке  айқын  қарата  белгіленбеген  құқықтар  штаттардың  жэне 
халықтың күзырында қалады деп  жазылған,  бұл дэл  аражігін  ажы- 
рату қиын болғандықтан бұларды түрліше түсідіруге жол береді.
Сондай-ақ  Қазақстанда  ұлттық  қорғаныс,  пошта,  телефон 
байланысы,  теміржол  тасымалы  мен  тағы  да  басқалары  үшін 
Үкімет  жауапты.  Білім  беру,  әлеуметтік  мәселелер,  төтенше  жағ- 
дайлардағы  мәселелер  мен  бірқатар  басқа  мәселелер  бойынша 
үкімет  те,  жергілікті  билік  органдары  да  жауапты.  Осылармен 
қатар  мемлекет  қүрған  мемлекеттік  мекемелер  бар,  бірақ  олар 
өздерінің  әрекеттерін  іске  асырғанда  жекеменшік  кэсіпорынның 
принциптерін  және  ережелерін  басшылыққа  алады.  Мемлекет 
негізгі,  бірақ  компанияның  жалғыз  акционері  немесе  ол  компания 
акционерлерінің бірі жэне т.с.с.  кэсіпорындар мен мекемелер де бо­
лады.
Басқару  үшін  мемлекеттік  институттарға  жауапты  адамдар 
тағайындалады  жэне  олар  мемлекеттік  қызметке  шенеуніктерді 
конкурстық  негізде  таңдап  алады.  Жекеменшік  кэсіпорындарды 
басқару үшін  жауапты  адамдарды  акционерлер  сайлайды.  Осылай- 
ша, мемлекеттік жэне жекеменшік институттар арасындағы бірінші 
айырмашылық, біріншілері жоғары тұрған басшыларды тағайындау 
мен  конкурсының  нәтижесі  болса,  екіншілерін,  институт  олардың 
меншігінде болатын  құрылтайшылар сайлайды.
56


Олардың  арасындағы  екінші  айырмашылық  мемлекеттің  мем- 
лекеттік  биліктің  мэнінен  туындайтын  белгілі  бір  құқықтарға  ие 
болуында,  ал  жекеменшік  мекемелерде  оның  болмауында.  Мемле- 
кет  өзіне  тиесілі  құқықтарымен  халықты,  институттарды  қандай 
да  бір  міндеттерді  атқаруға  (эскерде  қызмет  етуге,  салық  төлеуге, 
белгіленген  ережелерді  бұзғаны  жэне  т.б.  үшін  айыппұл  төлеуге) 
мәжбүрлейді.  Жекеменшік институттар  элдекімдерді  қандай да бір 
жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге мәжбүрлей алмайды. 
Олар оны тек ерікті негізде немесе ақылы жалдау түрінде жасайды.
Мемлекет  қоғамдық  жэне  жекеменшік  тауарлар  өндірісіне  қа- 
тысады.  Осы  үдерістегі  мемлекеттің  реттегіш  рөлі  мемлекеттік 
кэсіпорындарда  тауарлар  өндіру  мен  қызмет  көрсетулер  арқылы 
өндірістің  шынайы  шығынына  негізделген  нақты  бағаларды 
қоюымен  немесе  жаңа  жабдықтарды  орната  отырып,  кәсіпкерлік 
қүрылымдарды жаңа өндіріс құралдарын сатып алуға мәжбүрлеуден 
көрініс  табады.  Осындай  тәсілдермен  кәсіпкерлерге  қоғамдық 
өндірістің  барлық деңгейлерінде  ықпал жасау  іске  асырылады.  Тек 
тауарларды ұсынуға ғана емес,  бағаға да,  осыған  сәйкес  сұранысқа 
да  ықпал  ету  жүреді.  Мемлекет  мемлекет  пен  халық  қажеттілігі 
үшін тауарлар мен қызмет көрсетулерді жеткізіп беруге жекеменшік 
фирмалармен  келісімшарт  жасасады.  АҚШ-та  мемлекеттік  сек­
тор  ¥ІӨ -ге  шаққандағы тауарлары  мен  қызмет көрсетулердің  12%, 
ал  жекеменшік  сектор  -  88%  өндіреді.  Жекеменшік  сектор  ¥ІӨ -ге 
шаққандағы  тауарлар  мен  қызметтің  80%,  ал  мемлекеттік  сектор  - 
20% алады жэне төлейді.
Қазақстандағы  меншік  формаларының  көп  түрлілігі  жеке  мен- 
шік  қолына  39  мыңнан  астам  объект,  акционерлік  қоғамдардың 
мемлекеттік акциялары мен 326 мыңнан астам мүлкіктік кешендер, 
сондай-ақ  жылжымайтын  мүлік  нысандары,  аяқталмаған  күрылыс 
нысандары мен т.б.  1991  жылмен 2006 жылдар аралығында кезеңде 
қалыптасты.  Осы  кездегі  жекешелендіруден  түскен  кірістер  350 
миллиард  теңгені  құрады,  бұл  сатылған  дүниелердің  шынайы 
құнына шендесе алмайды әрине.
Салық  Кодексіне  енгізілген  «Жер  қойнауы  мен  жер  қойнауын 
пайдалану» Заңы деп аталатын соңғы түзетулер,  қоршаған орта ту- 
ралы заңнама шетел инвесторларына қатысты шарттарды қатайтып 
ғана  қойған  жоқ,  мемлекеттің  реттегіш  рөлін  де  күшейтті.  Енді 
мемлекет  эрбір  жаңа  жоба  үлесінің  жартысын  иемденуге  құқылы
57


жэне  екінші нарықта 2  жыл бойына жер қойнауын пайдалануға ли- 
цензияны  сатуға  тыйым  салынған,  «қазақстандың  қатыстылықты» 
жасау  жөніндегі  жэне  т.б.  талаптар  барлық  формалары  бойынша 
орындалуға міндетті.
Мына жағдайлар:
-  егер  нысандарды  жекешелендіру  қолданыстағы  заңнаманы 
елеулі бұзушылықпен жүргізілгенде;
-  егер  нысандарды  мемлекет  тиісті  адамдарға  себепсіз  төмен 
бағамен сатқанда;
-  егер  нысандарды  иеленушілер  келісімшарттарда  белгіленген 
міндеттемелерді  орындамайтын  болғанда,  мемлекеттің  бұрын 
инвесторларға  берген  активтерді  қайтарып  алуға  дейін  баруға 
қүқылы  болуы  мемелекеттік  меншік  пен  оның  экономикаға 
ықпалының маңызды рөлін көрсетеді.
Мемлекеттік  сектор  жекеменшік  тауарлар  арасынан  нені 
өндіреді?  АҚШ-та  мемлекет  федералдық  деңгейде  жекеменшік 
тауарларын  өндіретін  алты  негізгі  сала  бар.  Ол  пошта  қызметі, 
электр,  темір  жол  (Амтрак  жэне  Конрэйл),  сақтандыру  (мем­
лекет  арнайы  бағдарламаларға  қатысады  -   өмірді,  еңбекке 
жарамсыздықты,  жұмыссыздықты,  банк  салымдарын,  несиелерді 
жэне т.б. сақтандыру). Барлық мемлекеттерде банк саласын белсенді 
реттейтін  жэне  бақылайтын  орталық  банк  бар,  өйткені  ол  жағдайы 
инфляцияның,  жұмыссыздықтың,  төлем  тепе-теңдігінің  деңгейіне 
ықпал  ететін  ақшаның  ұсынылуына,  несиенің  қол  жетімді  болуы- 
на,  пайыздық  ставкалардың  деңгейіне  жауапты  болады.  Алтыншы 
-  ол жерді жэне пайдалы қазбаларды басқару.  АҚШ Үкіметі жердің 
32%  иеленеді.  Қазақстанда  Конститутция  бойынша  жер  мен  оның 
қойнаулары  мемлекеттің  меншігінде  болады  жэне  заңмен  эрі  ере- 
желермен бекітілген шектерде ғана жеке меншіктің қолында болуы 
мүмкін деп жазылған.
Қазіргі  жағдайда  жерге  деген  меншік  -   мемлекеттік  меншік 
нысандары.  Мемлекет  орасан  зор  жылжитын  жэне  жылжымайтын 
мүлікке, қуатты қаржылық ресурсқа иелік етеді, осының арқасында 
елдің  білім  беру  жэне  ғылыми-зерттеу  потенциалын  үстап  тұрады, 
елдегі  жетекші  жэне  орнықты  жүмыс  беруші  ретінде  танылады. 
Мемлекеттік  меншік  қүрылымына  елдің  орман,  су  байлықтарын 
қорғау,  пайдалы  қазбаларды  жэне  басқа  ресурстарды  өндіру
58


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау