Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет23/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68

жүргізуші  субъектілер  -   25,4  млн.,  пайда  болған  фирмалардың 
саны  -   612,4  мың,  жабылған  фирмалардың  саны  -   550,0  мың,  бан- 
кароттар саны -  35,2 мың. Бұл нақты жабылу, ал 550 ішіндегілердің 
белгілі  бір  бөлігі  қайта  құрыған  немесе  басқаларына  жұтылып 
кеткен  немесе  басқалармен  біріккен  жэне  осы  орайда  инвестор- 
ды  ғанағаттандырарлық  нәтижелерге  қол  жеткізген.  Мұндай 
жағдайлардағы  мемлекеттің  міндеті  -   кедергі  келтіру  немесе 
бюрократиялық  сүріндірулер  жасау  емес,  жылдам  қайта  күрылуға 
түрткі болу.
АҚШ-тың  кәсіпкерлік  жөніндегі  Үлттық  комиссиясының  зерт- 
теу  деректеріне  сәйкес  аймақтар  арасында  мамандану  болатыны 
байқалған, атап айтқанда белгілі бір аумақтарда шағын компаниялар 
өзіндік  іскерлік  қауымдастықтар  қүрып,  олардың  мүшелері  сол  бір 
ғана  өнеркісіптік  немесе  аграралық  кластер  аясында  әрекет  ететін 
болған.  Бұл  қауымдастық  өз  қатысушыларына  елеулі  бәсекелестік 
артықшылықтарды  қамтамасыз  етеді.  Слликонды  жазықтықтағы 
компьютерлік  салалар,  Бостондағы  теңіз  өнімдерін  өңдеу  істері 
осыларға  мысал  бола  алады.  Қазақстан  Үкіметіне  экімшілік 
сипаттағы  эртүрлі кедергілер жасамастан,  заңға өзгертулер енгізуді 
қоса осындай қауымдастықтар құру тәжірибесін қабылдау қажет.
АҚШ-та  шағын  бизнес  бұрын  негізінен  ірі  фирмалардың  өрісі 
болған салаларда белсенді позицияларға ие болған. 20 ғасырдың 90- 
шы  жылдары  әлемдік  саудада жэне  тұтастай  алғанда халықаралық 
экономикалық  қарым-қатынастарда  шағын  бизнестің  белсенділігі 
елеулі  артты.  Сыртқы  экономикалық  қарым-қатынастарға  қаты- 
сушы-фирмалардың  саны  66  мыңнан  202  мыңға дейін үш  есе  өсті. 
Тұтастай  алғанда,  сыртқы  экономикалық  қарым-қатынастарға 
қатысушылардың  97%  дейіні  қызметшілер  саны  20  адамға  дейін 
болатын  шағын  бизнесте  жұмыс  істейді.  АҚШ  сыртқы  экономика- 
лық  айналымының  31%  дейіні  шағын  фирмаларға  тиесілі,  олар 
халықаралық  қызмет  көрсетулер  саласында  аса  күшті.  Шағын 
кәсіпкерліктің дамуына келтірілген мысалдар,  оның экономикалық 
прогрестің  шешуші  факторы  болып  табылуымен  бағалы,  бұдан 
нарықтың қажеттілігіне жауап бере алмайтын тиімсіз фирмалардың 
тұрақты түрде шығып отыруы жэне жаңа, едәуір агрессивті, де табы- 
сты фирмалардың пайда болуы жүзеге асып отыратын динамикалық 
тұрақтылық туындайды.  Мұндай жағдайда мемлекеттің рөлі арала- 
спаумен шектелуі тиіс.
71


Ел  Президентіндегі  кәсіпкерлермен  болған  кеңесте  кәсіпкерлер 
қызметіне  шенеуніктер  тарапынан  болатын  кез  келген  кедергінің 
жолы қатаң кесіледі деп айтылған. Президент Әкімшілігінің арнайы 
сайты ашылып, онда кәсіпкерлер шенеуніктің аты-жөнін, жұмыс ор- 
нын көрсетіп жэне нақты мәселенің мәнін баяндай отырып, тікелей 
шағымдана  алатын  болады.  Яғни  мемлекет  Президент  Әкімшілігі 
атынан әр кәсіпкердің қызметіне кепілдік беруші болады.
АҚШ-та  кәсіпкерлікті  қолдау  федералдық  жэне  жергілікті  дең- 
гейде  жүзеге  асырылады.  Федералдық  деңгейде  мамандандырыл- 
ған  тәуелсіз  ұйым  агенттік -  АҚШ  Шағын  бизнес  істері  жөніндегі 
әкімшілігі  айналысады,  ол  1953  жылы  құрылып,  шағын  бизнеске 
қолдау  жасайтын  эртүрлі  бағдарламаларды  жүзеге  асырады.  1953 
жылы қабылданған Шағын бизнес туралы заң егер басқа көздер қол 
жетімді  болмаса,  ШБА  алдына  ұсақ  фирмаларға  қаржылай  колдау 
жасау  міндетін  қойды,  атап  айтқанда  мемлекеттік  тапсырыстарды 
алуға  көмектесуді,  басқару  мәселесі  бойынша  техникалык  және 
кеңес  беру  қызметін  көрсетуді,  табиғи  апаттардан  зардап  шеккен 
ұсақ фирмаларға жәрдемдесуді міндеттеді.  1980 жылы Жаңа Заң бой­
ынша ШБА Конгрес  пен  Үкіметті шағын  кәсіпорындардың  қызмет 
ету  жағдайлары  туралы  деректермен  қамтамасыз  етуі  тиіс  шағын 
бизнес  туралы  базалық  экономикалық  ақпарат  жүйесін  әзірлеуге 
міндетті  болды.  ШБА  еңбекпен  қамтылу,  шағын  кәсіпорындардың 
саны  мен  түрлері,  жаңа  фирмалардың  пайда  болуы  мен  банкротқа 
ұшырауы,  сату  көлемі  мен  жаңа  тапсырыстар,  капитал  салынуы, 
экспорт  жэне  т.б.  сияқты  параметрлер  бойынша  шағын  бизнес 
қызмет  етуінің  жалпыұлттық  және  аймақтық  көрсеткіштерін  жа- 
риялап  отыруға  міндетті.  ШБА  демеушілердің  бірі  ретінде  кә- 
сіпкерлік  пен  менеджментке  оқытуды  жүргізеді  немесе  үйымдас- 
тырады.
АҚШ-та  1980  жылдан  қызмет  етуші  Шағын  бизнесті  дамыту 
бағдарламасы  кеңінен  тараған.  Олар  колледждер,  университеттер 
мен  сауда  палаталары  жанынан  құрылған  меденджмент  жөнінде 
консультациялық  қызметтер  көрсетеді,  оқытуға  көмектеседі  жэне 
кәсіпкерлерге  техникалық  көмек  көрсетеді.  Орталықтар  бүрыннан 
бар  федералдық,  штаттық  жэне  жергілікті  деңгейлердегі  ресур- 
старды  біртүтас  торапқа  біріктіреді  жэне  оқытушылар  мен  сту- 
денттер  арасынан  еріктілер  ретіндегі  оқу  орындарының  ресурста- 
рын  тартады.  Шағын  бизнес  интитуттарының  бағдарламасы  ШБА
72


мен  АҚШ-тағы  500  бизнес  мектебімен  арадағы  келісім  шартты 
білдіреді.
Федералдық  деңгейде  де  шағын  бизнес  пен  тұтастай  алғанда 
кәсіпкерлердің  мүддесін  білдіретін  лобистік  ұйымдардың  саны 
жеткілікті.  Олардың  арасында  анағұрлым  елеулісі  -   кәсіпкерлік 
жөніндегі  ұлттық  комиссия.  Федералдық  үкіметтің  жүйесінде 
шағын  бизнеспен  жэне  кэсіпкерлікпен  қандай  да  бір  шамада 
экономикалық  қызметке  қатысы  барлық  негізгі  министрліктер  -  
сауда,  ауылшаруашылығы,  көлік,  еңбек  министрліктері  байланы- 
ста  болады.  Қорғаныс  министрлігі  өзінің  сатып  алу  саясатында 
жиынтықтағыштар мен қосалқы бөлшектерді өндіруші-шағын фир- 
маларды көбірек таңдайды.
Аймақтар  деңгейінде  штаттар  үкіметі  кэсіпкерлердің  шағын 
бизнеске  қолжетімділігін  жеңілдету  саясатын  жүргізе  отырып, 
штаттың  бюджетіне  байланысты  қаражат  есебінен  тікелей  жеңіл- 
дікті  займдар  береді  немесе  басқа  ұйымдармен  жэне  компани- 
ялармен  бірге  займдарға  үлестік  қатысулы  ұсынады.  Аймақтар 
деңгейінде  штаттар  үкіметі  орта  мекетептер  мен  жоғары  білім 
берудің  бастапқы  сатыларында  кәсіпкерлік  бағдарламалардың  да- 
муына  бюджеттің  қаражатын  белсенді  түрде  инвестициялайды. 
Штаттар  басшылығының  жоғары  технологиялы  жаңа  салаларға 
бағытталған  индустриялық,  өнеркэсіптік  парктердің  және  инку- 
баторлар  желілерін  дамыту  жөніндегі  эрекеттері  айрықша  бағ- 
дарламаны құрайды. Бұл бағдарлама тиісті университеттік орта бар 
жерлерде табысты дамиды.
Аймақтардағы кэсіпкерлік ортаның қалыптасуында штат халқы, 
саяси  жэне  іскер  элитасы  арасындағы  қарым-қатынас  та,  сондай- 
ақ бұхаралық ақпарат қүралдарында кәсіпкерлік қызметті жариялап 
отыру проблемасы да маңызды рөл ойнайды. Бүл әлеуетті бизнесмен- 
дер  мен  кәсіпкерлер  арасында  құндылықтар  мен  жағымдылықтың 
белгілі бір жүйесін қалыптастырады.
Кэсіпкерлік  ҒТП  жетістіктерін  жылдам  және  аз  шығындармен 
бейімдеуге  жэне  экономика  құрылымына  түбегейлі  ықпал  ететін 
жаңа  салаларды  қүруға  мүмкіндік  беретін  экономиканың  негізгі 
ресурстарының  бірі  болып  табылады.  Фирмалардың  пайда  бо- 
луы  мен  кету  қарқыны  кәсіпкерліктің  даму  индикаторларының 
бірі  болып  табылады.  Бұл  көрсеткіш  бойынша  АҚШ  Еуропа  мен 
Жапониядағы өз бәсекелестерінен анағұрлым басым.
73


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау