маларын қамтитын келісімшарт жүйелерін пайдалануға міндетті.
Бұл орайда шетел тэжірибесін, ең алдымен француздық «жоспарлы
келісімшарттар», «бағалар туралы келісімшарттар», мемлекеттік
акционерлік кәсіпорындар қызметін, жекеменшік секторға арнал-
ған мемлекеттік тапсырыстар тэжірибесін, ғылыми-техникалық,
әлеуметтік, эскери мақсаттарға мемлекеттік қаржы ресурстарын
бөлудің американдық федералдық келісімшарт жүйесін ескергені
жөн.
Президенттің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 Жарлығымен
ҚР-дағы Жоспарлау жүйесі бекітілді. Онда жоспарлар жүйесінің:
1) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы; 2) ҚР
Стратегиялық дамуының 10 жылға арналған жоспары, елдің
аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық сызбасы; 3) 5-10 жылға
арналған мемлекеттік бағдарламасы; 4) Әлеуметтік-экономикалық
дамудың 5 жылға арналған болжамы; 5) Аймақтар дауының 5 жылға
арналған бағдарламасы; 6) Мемлекеттік органдардың стратегиялык
жоспарлары; 7) 10 жылға арналған даму стратегиясы және жарғылық
капиталында мемлекеттің қатысуы бар үлттық басқарушы холдинг-
тер мен ұлттық компаниялардың 5 жылға арналған даму жоспары;
8) салалық бағдарламалар; 9) 3 жылға арналған Республикалык
(жергілікті) бюджет сияқты түрлері болады.
ҚР стратегиялық даму жоспары 2030 даму стартегиясын,
мақсаттар мен міндеттерін, елдің әлеуметтік-экономикалық жэне
қоғамдық-саяси дамуының басымды бағыттарын, олардың көр-
сеткіштерін көрсете отырып күтілетін нәтижелерді, сатылы мақ-
саттағы бағдарларды нақтылайды.
Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары бесжыл-
дық кезеңге сырғымалы негізде әзірленеді. Ол стартегиялық бағыт-
тарды, мақсаттарды, міндеттерді, мемлекеттік органдар қызметінің
нәтижелерін айқындайды, қаржыландыру көлемімен бірге бюд-
жеттік бағдарламаларды белгілеуді қамтиды.
Жоспарлаудың көмегімен мемлекет пен оның институттары
осылайша өндіріс факторларын пайдаланудың баламалы салала-
ры арасында мақсатты бөлу жолымен түпкілікті өнімнің көлемі
мен құрылымын анықтауға үмтылады, мақсаттарды белгілейді
жэне салық пен ақша-несиелік, аймақтық субсидия саясатының
көмегімен экономикалық қызметті жандандырады.
52
Қысқаша қорытындылар:
1. Экономиканы мемлекеттің реттеуді іске асыру тәсілдерінің
бірі болжау, бағдарламалау мен жоспарлау болып табылады.
2. Экономикалық дамудың болжамдары ел ішінде жэне әлемде
жүріп жатқан экономикалық, саяси, элеуметтік жэне басқа да
үдерістер ескерілетін логикалық пайымдаулардың негізі болып та-
былатын экономикалық-математикалық есептеулер негізінде жаса-
лады.
3. Елдің, аймақтың, саланың жэне фирманың экономикалық даму
бағдарламалары алдағы кезеңге халықтың өмір-тіршілігіне қажетті
жағдайларды жасайтын экономиканың даму бағытын айқындайды.
4. Жоспарлау дегеніміз мемлекеттік реттеуді іске асырудың
қажетті элементі болып табылады, мемлекеттік билік органдарының,
әкімшіліктің жэне кәсіорындар мен мекемелер қызметінің нэтижесі
елдің, аймақтың, фирманың экономикалық, элеуметтік дамуын дэл
белгілеп көрсетуге байланысты болады
5. ¥лтты қ экономика тұтас құбылыс болып табылады, бұл орай-
да нарықтық экономика жағдайында бағдарламаларды, жоспарлар-
ды іске асыруды меншік формасына қарамастан біртұтас бірлікте
қарастыру керек.
6. Заманауи нарықтық экономика белгісіздік, өзгергіштік сипатта
болады, осының салдарынан қоғамның жэне жеке меншік бизнес-
тің бағдарламалар мен жоспарлардағы белгіленген басымдықты
міндеттеріне қол жеткізу ісіндегі экономикалық үдерістерді реттеу
икемді болуы тиіс.
Негізгі терминдер мен үғымдар:
• мемлекеттік бағдарлама
• экстраполяция
• сараптамалық бағалау
• индикативті жоспарлау
• стратегиялық жоспарлау
• макроэкономикалық жоспарлау
• жоспарлылық
• мемлекеттік жоспарлау жүйесі
53
• ақпараттың жинақталуы
• бюджеттік параметрлерді болжау
• тактикалық және стратегиялық мақсаттар
• мемлекеттік тұрақтандырғыш бағдарлама
• жоспарлы келісімшарттар
Сұрақтар мен оқу тапсырмалары:
1. Экономика дамуының болжамдық көрсеткіштерін жасау
қандай принциптерге негізделеді?
2. Сіз елдің экономикалық дамуын болжау, бағдарламалау мақ-
сатын қалай айқындайсыз?
3. Макроэкономикалық болжаудың мәні немен айқындалады?
4. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын болжау қандай көр-
сеткіштерден құралады. ҚР-дағы Елді дамыту стратегиясын окып
үйреніңіздер жэне әзірлеу механизмдерін көрсетіңіздер.
5. Мемлекеттік бағдарламалар жүйесін оқып үйреніңіздер
жэне билік органдарының ел экономикасына тұрақтандырғыш,
құрылымдық, қаржылық, мемлекеттік төтенше бағдарламалар ар-
қылы ықпал ету механизмінің біртұтастығы мен айырмашылығын
көрсетіңіз.
6. Нарықтық экономика жағдайында макроэкономикалық бағ-
дарламалау қандай фунцияларға ие болады?
7. Әлемдік жэне қазақстандық тәжірибеде экономикалық бағ-
дарламаны жасаудың айырмашылығы мен ортақтығы бар ма?
8. Экономиканы директивалы, индикативті жэне қазақстандық
жоспарлауды оқып үйреніңіздер жэне олардың мэнінің, мақсатының
біртұтастығы мен айырмашылығын анықтаңыздар.
Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы»
2009 жылғы 18 маусым. № 827
2. Қазақстан Республикасы ПрезидентініңЖарлығы «Қазақстан
Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму
жоспары туралы» 2010 жылғы ақпанның 1-і.№ 922
54
Достарыңызбен бөлісу: |