Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет29/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68

көрсетулердің  жаңа  түрлерін  ұсыну  арқылы  кәсіпкерлердің  бір- 
бірінен асып түсуге, қуып жетуге тырысатын тартысы болып табы- 
лады.
2.  Қазақстандық заңнама  бәсекелестік қатынастар  саласындағы 
мемлекеттік реттеудің рөлін едәуір кең тұрғыда қарастырады.
3.  Бәсекелестік  мэселелері  жөнінде  Қазақстандық  заңнама 
Монополияға  қарсы  реттеудің  батысеуропалық  моделіне  жақын 
жэне  билік  органдарының  міндеті  өз  функцияларын  едәуір  айқын 
атқарумен көрінеді.
4. Қазақстанда тиісті заңдық база жасалған жэне табиғи монопо­
лия  субъектілеріне  қажетті  экономикалық  жэне  экімшілік  тетіктер 
арқылы  ықпал  ету құқы  берілген Уэкілетті  билік органы құрылып, 
эрекет етеді.
Негізгі терминдер мен уғымдар:
• экономикалық бақталастық 
тартыстылық
•  бэсекеге қарсы 
бәсеке коэффициенті
• адал емес бәсеке
• экономикалық бэсеке
• демонополизация
• табиғи монополиялар
Сұрақтар мен оқу тапсырмалары:
1.  Бәсеке  ұғымының  мэнін  анықтаңыздар.  Бэсекелестік  мэсе- 
лесіне  экономист-ғалымдардың  эртүрлі  көзқарастарын  салыс- 
тырыңыздар жэне өз ұғымыңызды негіздеңіз.
2.  Қазақстан  Республикасында  қандай  қызмет  түрлері  моно- 
полияға жатады?
3.  Мемлекеттің  монополияға  қарсы  саясаты  мен  осы  мақсатты 
іске  асыру  міндеттерін  анықтаңыздар.  Осыларды  негізге  ала  оты- 
рып,  орталықтағы  және  жергілікті  жерлердегі  монополияға  қарсы 
комитеттің бөлімдеріне Сіз қандай ұсыныстар жасар едіңіз?
4.  Еліміз  БДС¥-ға,  Еуроодаққа,  Кедендік  одаққа  кіргеннен 
кейін  адал  емес  бэсеке  бар  ма?  Қандай  шаралар  Қазақстанның 
тұтынушылары мен өндірушілерін қорғайды?
89


5. 
«Табиғи  монополиялар  жэне  реттелетін  нарық  туралы»  ҚР 
Заңын  оқып  үйреніңіздер  жэне  ҚР  Табиғи  монополияларды  реттеу 
жөніндегі агенттігінің рөлі мен маңызы туралы айтып беріңіздер.
Әдебиет:
1.  Қазақстан  Республикасының  Заңы  «Бәсекелестік  туралы» 
2008  жылғы желтоқсанның 25-і.  №  112-IV ҚРЗ.
2.  Стиглиц  Дж.  Крутое  пике:  Америка  и  новый  экономический 
порядок после глобального кризиса.  М.  2011  г.  Гл.  9.
3.  Сабден О.  Конкурентоспособная экономика и инновации.  Ал­
маты.  2009 г.  Гл  1.  §  1.
4.  Бибатырова И.А.,  Сагындыкова Г.К.  Государственное регули­
рование национальной экономики.  Алматы.  2008  г.  Гл.  9.
5.  Прудников В.  М.  Государственное регулирование предприни­
мательской деятельности.  М.  2010 г.  Тема 8.
6.  Рамазанов  А.  А.  Диалектика  отношений  собственности.  Ал­
маты.  2004 г.  Гл.  4.
90


7. 
¥ЛТТЫ Қ ЭКОНОМИКА СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ 
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
7.1.  Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің
негізгі бағыттары
Инвестиция  таза  шығындардың  маңызды  компоненттерінің 
бірі  болып  табылады.  Олардың  көмегімен  келесі  экономикалық 
жэне  өндірістік  міндеттер:  жаңа  зауыттарды,  фабрикаларды  салу, 
өндірісті  техникамен  жэне  ұзақ  мерзімді  қызмет  ететін  жабдық- 
тармен  жарақтандыру  жэне  қайта  жарақтандыру,  қоғамдық  өн- 
дірістің  дамуына  салынатын  басқа  да  қаражаттарды  бөлу  мәсе- 
лесі  шешіледі.  Өндіріс  құралдарын,  материалдарды,  қызмет 
көрсетулерді  жэне  т.б.  жетілдіру  үшін  ғылымды  дамытуға  да  ка­
питал  салынады.  Қазіргі  кезде  көптеген  мемлекеттер  білім  беруге 
де  ақшалай  қаражат  салуда.  Бұл  тұрғыда,  инвестициялық  үдеріс 
дегеніміз  қайта  жаңғырту  үдерісіне  қатысушылардың  қоғамның 
шынайы капиталын үстемелеу жөніндегі жан-жақты қызметі болып 
табылады.  Инвестициялық  үдеріс  инвестордың  қандай  да  бір  іске 
өз  инвестицияларын  салуға,  сондай-ақ  инвестициялар  көлемі  мен 
мерзімдеріне байланысты шешім қабылдауы болып табылады.
Инвестициялық  үдеріс  бірқатар  сатыларды  қамтиды,  олардың 
негізгілері:  инвестициялық  саясатты  таңдау,  капитал  нарығын  тал- 
дау, таңдап алған саясатты бағалау. Бүл үдерісте саясатты анықтауда 
ғана емес, өз қызметінің мақсатын айқындауда да, капитал нарығын 
талдау  мен  қоғамдық  өндірісті  дамытуға  салынған  капиталдың 
тиімді  болуында  да  мемлекеттің  рөлі  орасан  зор.  Бұл  қырынан 
алғанда қазіргі заманауи экономистердің көпшілігі  инвестицияның 
мэнін  олардың  меншік иелеріне  белгілі  бір  кіріс  кіргізетін  кез  кел- 
ген салымдар деп түсінеді.
Айтылғандарды  негізге  ала  отырып  қаржылай,  нақты,  шынайы 
жэне  интеллектуалды  инвестицияларды  ажырата  білу  керек.  Шы­
найы инвестициялар немесе капитал салу -  ол кәсіпорынның негізгі 
капиталына қаражат салу болып есептеледі.  Қаржылық инвестици­
ялар - бағалы қағаздарға салымдар, капиталды басқа мемлкеттердің 
банктерінде  облигацияларға  салу.  Интеллектуальдық  инвестици-
91


ялар  патенттерді,  ноу-хауға  лицензияларды  сатып  алу,  білім  беру- 
ге,  ғылыми  -  зерттеулер  инфрақұрылымына,  ғылыми  білім  беру 
кадрларын  даярлауға  салымдар  салу  болып  табылады.  Дамушы 
елдерде  инвестициялардың  негізгі  бөлігін  нақты  инвестициялар- 
ға  бағыттауға  тырысады,  дамыған  елдерде  инвестициялардың 
үлкен  бөлігі  қаржылық  инвестицияларға  жұмсалады.  Бұл  орай- 
да  инвестицияның  осы  екі  формасы  бәсекелесуші  емес,  бірін-бірі 
толықтырушы  болып  есептеледі.  Осыған  сэйкес  қаржылық  ин­
вестиция  нақты  инвестициялардың  өсіміне  ықпал  етеді  деп  есеп- 
теу  етек  алған.  Олардың  әрқайсысында  мемлекет  инвестициялық 
салымдардың  басында  пісіп  жетілген  міндеттерге  қарай  қатысып 
отырады.
Инвестициялар  мэселесі  мемлекеттің  экономикалық  ғана  емес, 
маңызды  практикалық  мәселе  ретінде  көрініс  береді,  бұл  эко- 
номиканың  өсу  мүмкіндігін,  қоғамдық  өндірістің  құрылымдық 
қайта  өзгеруін,  ел  азаматтары  игілігінің  саяси  жағдайын  және 
т.б.  айқындайды.  Осыларды  негізге  ала  отырып,  билік  органдары 
нақты жағдайларда инвестициянық қай түрін пайдалану қажеттігін 
белгілейді.  Мемлекеттік  инвестициялардың  көзі  мемлекеттік  бюд­
жет,  мемлекеттік  кэсіпорындар  түсімінен  мемлекеттік  бюджетке 
есеп аударулар,  ақша эмиссиясы, үкіметтік ішкі жэне сыртқы займ- 
дарын шығару болып табылады.
Инвестициялық  қызметті  мемлекеттің  реттеуі  көп  дэрежеде 
қатар ілесетін факторларға байланысты болады. Инвестициялардың 
көлемі  күтілетін таза түсімге  жэне  банктық пайыз  ставкасына  бай­
ланысты.  Инвестициялар  туралы  шешімдер  қабылдау  номинал- 
ды  емес,  ықтимал  инфляцияға  қарай  түзетілген  нақты  пайыздық 
ставкаға байланысты болады. Егер инфляция таза түсім нормасы мен 
пайыз  ставкасы  арасындағы  айырмашылықты  жұта  бастаса,  онда 
инвестициялар  тиімсіз  болады.  Бүл  орайда  инвестициялар  ақылға 
қонымды  экономикалық  ойға  жэне  кәсіпкерлік  шынайылыққа 
тәуелді  болады.  Сондықтан  мемлекет  кәсіпкерлерді  қандай  да  бір 
тауар  өнімін  шығаруға  қарқын  алдырмас  жэне  соған  итермелес 
бұрын, ең алдымен нарықтың жағдайы мен сол тауарлардың сатылу 
болашағы  туралы  айқын  хабардар  болуы  тиіс.  Егер  болашағы  бол- 
са,  онда  мемлекеттік  органдар  олардың  осы  салага  капитал  салуы 
үшін  кәсіпкерлік  ортаға  ықпал  етудің  қандай  тетіктерін  пайдалану 
керектегін  анықтап  алулары тиіс.
92


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау