Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет3/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61

10
планетааралық автоматты станция, бортында жануарлар мен 
басқа да тірі ағзалар бар ауыр ғарыштық кемелер Байқоңыр 
ғарыш алаңынан ұшырылып, сынала бастады.
Байқоңыр ғарыш айлағы Қазақстанның Қызылорда облысын-
да орналасқан (1996 жылға дейін Ленинск қаласы). Ғарыш алаңын 
салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бүкіл жердің елді ме-
кендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ра-
кета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық нысан-
дар үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар 
ескерілген. Байқоңыр ғарыш алаңының басты жəне көмекші ны-
сандары мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналастырылған.  
1961 ж. 12 сəуірінде ұшқыш-космонавт Ю. Гагарин дүниежүзінде 
тұңғыш рет «Восток» кемесімен, 1964 ж. үшкісілік «Восход», 1965 
ж. «Восход-2», «Союз» ғарыш кемелері Байқоңырдан ұшырылды, 
1966 ж. планетааралық «Луна-9» автоматтық станциясы Айдың 
бетіне қондырылып, ай бетінің телекескінін көрсетті.
Бүгінде Байқоңыр ғарыш алаңы дүниежүзілік ғарыштық зерт-
теулер жүргізудің орталығына айналды. Бұл алаңнан тұңғыш 
қазақстандық ұшқыш-космонавтар Т. О. Əубəкіров (1991жыл-
дың қазанында) жəне Т. А. Мұсабаев (1994 жылдың шілдесінде) 
ғарышқа ұшырылды.
Байқоңыр 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 
1993 ж. Ресей федерациясына 20 жылға жалға берілді. АҚШ 
ғарыш кеңістігін зерттеу мақсатымен көптеген ЖЖС–мен қатар 
Шолпанға, Марсқа «Маринер», Айға «Рейнджер» планетааралық 
автоматты станцияларын жəне «Апполлон» ғарыштық кеме-
лелерін де ұшырды.
Ғарыш кеңістігін игеру саласындағы жетістіктер Қазақстан 
Республикасында Ұлттық ғарыштық жоспарларды жүзеге асы-
ратын арнайы мемлекеттік мекемелер мен орталықтар құрылды. 
Біздің елімізде ғарыш кеңістігін зерттеу жəне игеру жөнінде 
ғылыми-зерттеу институты, Ресейде Ғылым академиясы жанында 
Ғарыштық орталық, АҚШ-та Аэронавтикалық ұлттық басқарма, 
Францияда Ғарыштық ұлттық орталықтар жұмыс істеуде.
Бүгінгі таңда ҚР «Қазғарыш» Ұлттық ғарыш агенттігінің 
мына ұйымдары:


11
-  «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орта-
лығы» АҚ (ҰҒЗТО);
- «Ғарыштық байланыс жəне радиоэлектронды құралдардың 
электр магниттік үйлесімділігі республикалық орталығы» акцио-
нерлік қоғамы» АҚ (РҒБО);
- «Бəйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кəсіпорыны;
- «Инфракос-Экос» ЕМК; 
- «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ ; 
- «Казгеокосмос» АҚ
- «Kazsatnet» Ұлттық компаниясы» АҚ жəне т.б. агенттіктің 
қызметін жандандыруда. 
Ғарыштық жоспарлардың алғашқы кезеңіндегі ғылыми мə-
селелердің ішінде Күн жүиесінің қазіргі күйі, оның жаралуы 
мен галлактикалық жəне галлактикадан тысқары астрономия 
мəселелері болды. Ғарыштық кеңістік арқылы шешілетін басқа 
бір мəселе – тіршіліктің пайда болуы мен дамуы, яғни Адамзаттың 
Əлем құпиясын тану мəселесімен қатар ғылым мен техниканың 
алдына жаңа идея – Жерден тысқары цивилизацияны іздеу жəне 
жұлдызаралық байланыс жасау мəселелері күн тəртібіне қойылып 
отыр. 
Ғарыштық геодезияның дамуы барысында геодезияның ғана 
емес, сонымен қатар, инженерлік геодезия мен маркшейдерлік 
істің есептерін шешу мүмкінді де туды. Ең алғашқы Ресейде 
жəне шетелде өткізілген сынақтар ғарыштық əдістердің жоғары 
мүмкіншіліктері мен ғарыштық анықтаулардың жоғары дəлдігін 
ашу мүмкіндігін көрсетті.
Ғарыштық геодезияда оптикалық-механикалық аспаптар-
ды қолдану арқылы геометриялық əдіспен аспан шырақтарын 
бақылауға қол жетті; жасанды мақсаттар өз бортында жарық, 
дауыс жəне радио сигналдар шығарушыларды қосып алды, 
сон дықтан мұнда акустикалық жəне радиофизикалық əдістер 
қолданылды, оның ішінде радиотехникалық əдіс бірінші орынға 
шықты. Ғарыштық аппараттар əмбебапты жылжымалы бол-
ды. Расында да, ЖЖС орбиталарының координаттары берілсе, 
ағымдағы координаттар белгілі болып отырды. Сөйтіп, ЖЖС-н 
үлкен базистен бақылаудың мүмкіндігі туды, сонымен қатар, олар 


12
геометриялық жəне радиотехникалық əдістермен бақылауға жа-
рамды болды.
Соңғы онжылдықта ғарыштық навигациялық жүйені (ҒНЖ) 
қолдану аясы кеңейе түсті. Қазіргі ғарыштық əдістер бойынша 
шешілетін есептердің бірқатарын көрсетуге болады: на 
вига-
циялық-географиялық, диспетчерлік, геодинамикалық есеп терді 
шешу жəне қоршаған ортаның жағдай мониторингі, арнайы 
геофизикалық қондырғылармен жабдықталған инженерлік-зерт-
теу кешендік полигонын құру мүмкіндігі.
ХХ ғасырдың 80 жылдарының соңында Ғарыштық геоде-
зияда бүкілəлемдік позициянирлеу ғарыштық жүйенің дамуы 
қарқынды жүрді, онсыз геодезияның болашағын ойлау қиын еді.
Қазіргі уақытта «ғарыштық позиционирлеу» атты білім са-
ласы қарқынды дамуда. Ғарыштық навигациялық жүйелер 
(ҒНЖ), ең алдымен, əскери талаптарға, ауа жəне су транспорттық 
қызметтеріне, геодезиялық жəне географиялық зерттеулер үшін 
арналған. ҒНЖ геодезияны ғана емес, сонымен қатар, инженерлік 
геодезия мен маркшейдерлік істің есептерін шешу мүмкіндігін 
туғызды.
Геодезия, картография жəне маркшейдерия мамандықтары 
үшін ғарыштық əдістерді практикаға енгізу техникалық рево-
люция болды, елдің геодезиялық жабдықтау құрылымын қайта 
қарауға əкеліп соқты, жалпы мемлекеттік координаталар жүйе-
сіне көшуге тура келді, далалық жəне камеральдық жұмыстар-
дың əдісін өзгертті. Сонымен бірге, өңдеу əдістерін, ғарыштық 
анықтауларды орындау жəне олардың нəтижелерін өндірістің 
кез келген салаларында қолдану аясы бітті деуге болмайды, тех-
ника мен аппараттар үнемі талаптардың өсуін қамтамасыз етіп 
отырады, техникалық прогресстің дамуы болашақта ғарыштық 
əдістерді қолдану аймағын кеңейте түспек.
Ал енді бұл саладағы мамандар мəселесі жайында сөз ет-
сек, мемлекет тарапынан осы ғарыш саласын зерттейтін маман-
дарды даярлау мəселесіне жеткілікті көңіл бөлінбей отыр. Осы 
салаға қатысты қазақ тіліндегі оқулықтар да тапшы. Сол себепті 
қазақтілді мамандардың бірнеше буыны орыстілді мамандардан 
кенже қалып барады. Əрине, қазірде ғарыштық ғылыми-зерттеу 
институттары, орталықтар арнайы шетелдік əріптестермен 


жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау