24
Координаталардың географиялық жүйесінің элементтеріне
мыналар жатады (1.6-сурет): экватор жазықтығы; NS – экваторға
перпендикуляр, жердің айналу осі; бастапқы меридиан (Гринвич)
жазықтығы.
1.6-сурет. Географиялық координаттар жүйесі
Халықаралық келісім бойынша, бастапқы меридиан ретінде
қазіргі кезде Лондон қаласы жанындағы Гринвич меридианы
қабылданған. Р нүктесінің эллипсоид бетіндегі проекцияларының
орны мынадай координаталармен: φ – геодезиялық ендікпен жəне
λ – геодезиялық бойлықпен анықталады.
Геодезиялық ендік (φ) экватор жазықтығы мен берілген
нүктедегі тіктеуіш арасындағы бұрыш. Ендік экватордан берілген
нүктеге дейінгі геодезиялық меридианның доғасымен өлшенеді
жəне жарты шарға байланысты солтүстік ендік (+) немесе
оңтүстік ендік (-) болуы мүмкін. Геодезиялық ендіктің шамасы
экватордан (0°-тан) басталып, оңтүстік жəне солтүстік полюстер-
ге қарай (90°-қа дейін) өзгеріп отырады.
Геодезиялық бойлық (λ) бастапқы (Гринвич) меридианның
жазықтығы мен берілген нүкте арқылы өтетін меридиан
жазықтығы арасындағы бұрыш. Ол бастапқы меридинан-
нан батысқа қарай есептеледі. Бойлық бастапқы меридианнан
батысқа (батыс бойлық) жəне шығысқа (шығыс бойлық) қарай
(0°-тан 180°-қа дейін) саналады
25
Географиялық координаталар жүйесі қашықтықпен байла-
нысты көптеген геодезиялық есептерді шешу үшін пайдаланы-
лады. Дегенмен географиялық координаталар жүйесі нүктелер-
дің өзара орнын ұзындық өлшемде емес, бұрыштық өлшемде
анықтайтын болғандықтан, практикалық мақсаттарда кең қол-
дануға қолайсыздау. Сондықтан көбіне тікбұрышты координата-
лар жүйесі қолданылады.
Геодезиялық координаталар жүйесі астрономиялық-геоде-
зиялық тораптарды өңдеңуде қолданылады жəне бұл жүйе жер
бетіндегі нүктелердің референц-эллипсоид бетінде көрсетілген
бұрыштық жəне сызықтық шамаларымен анықталады. Ол шама-
лар геодезиялық ендік (В), бойлық (L) жəне биіктік (Н) мəндерімен
беріледі.
Геодезиялық ендік (В) - берілген нүктеден эллипсоидқа ба-
ғытталған нормаль мен геодезиялық экватор жазықтықтарының
арасындағы бұрыш.
Геодезиялық бойлық (L) - берілген нүктенің геодезиялық ме-
ридианы мен бастапқы (Гринвич) меридиан жазықтықтарының
арасындағы екіжақты бұрыш. Геодезиялық биіктік (Н) - нүктенің
эллипсоид бетінен нормаль бойынша жер бетіне дейінгі ара
қашықтығы.
Тік бұрышты геодезиялық координаталардың эллипсоидтық
координаталармен байланысы мына төмендегідей:
Х
г
= (N + H ) cosB cosL,
Y
г
= (N + H ) cosB sin L, (1.13)
Z
г
= (N + H – Ne
2
) sin L,
Мұндағы, N – бірінші вертикальдың қисаю радиусы;
e - меридиандық эллипстің эксцентриситеті.
Жер бетіндегі нүктелердің геодезиялық координаталарын
анықтау үшін астрономиялық-геолезиялық өлшеулер жүргізіле-
ді. Геодезиялық координаталардың шамалары жер бетінде жүр-
гізілетін геодезиялық өлшеулердің нəтижелерін референц-эл-
липсоид бетіне проекциялау арқылы есептеп анықталады.
26
Беріл ген нүктелерден эллипсоид бетіне түскен нормальдар мен
тіктеуіш сызықтардың бағыттары бірдей болмайтындықтан,
олар дың арасында айырмашылық балады. Тіктеуіш сызық ауыт-
қуы Жер массасының бірқалыпты таралмауынан жəне эллипсоид
жазықтығын бағыттауда кететін қателіктерге байланысты.
Ол қателіктердің шамасы кейбір аумақтарда 10
о
-қа жетеді.
Сондықтан да жазық жерлердегі астронмиялық-геодезиялық
жү йелерде пайдаланылатын нүктелердің арасында 100 м-дейін,
ал таулы жерлерде айырмашылық одан да көп мөлшерде бола-
ды. Сол себептен де астрономиялық координаталар жүйесінен
геодезиялық жүйеге көшкенде тіктеуіш сызықтың ауытқуын
əрқашан ескеру қажет.
Қолданбалы геодезияда өлшеулер метрлік жүйеде жүргізі-
летіндіктен, геодезиялық координаталар жүйесінен жазық тікбұ-
рышты координаталар жүйесіне көшу - арнайы проекциялау əді-
сі мен жүзеге асырылады.
1.2. Ғарыштық геодезиядағы уақыт жүйелері
1.2.1. Жұлдыздық жəне бүкілəлемдік уақыттық жүйелер
Негізгі уақыт өлшем бірлігі жер бетінде болып жатқан мер-
зімдік процестермен: Жердің өзінің осі бойынша айналуына жəне
Жердің Күнді айналуына байланысты болып келеді.
Жұлдыз уақытының жүйесі көктемдегі күн мен түннің теңе-
суімен байланысты.
Меридиандағы бақылаулардың жергілікті жұлдыздық уақыты
S күн мен түннің теңесу уақытының - сағаттық бұрышымен - t
анықталады немесе кез келген шырақтың сағаттық бұрышы - t
мен оның көтерілу мезгілінің - t
γ
қосындысы арқылы есептеледі.
S= t
γ
=t+ α. (1.14)
Жұлдыздық тəулік дегеніміз - екі күн мен түннің теңесу
уақыттының аралығы.
Күн мен түннің теңесу уақытын -
таңдалуға байланысты
жұлдыздық уақыт дəл, квазиистік жəне орташа болып бөлінеді.
Прецессиондық жəне нутациондық қозғалыстарға қатысты дəл
уақыт таңдалады, квазиистік қозғалысында нутация ескерілмейді;
ал орташа У-ң қозғалысында нутация толық ескерілмейді.
27
Гринвичтік жұлдыздық уақыты S (Гринвич меридианындағы
жергілікті жұлдыздың уақыт) М нүктесіндегі уақытпен тікелей
байланысты.
λ
−
=S
s
, (1.15)
Мұнда, λ - М нүктесінің бойлығы, Гринвичтен батысқа
қарай плюс таңбасымен, шығысқа қарай минус таңбасымен
бел
гіленеді. Прецессия нəтижесінен орташа жұлдыздық тəулік
жердің айналасындағы өзінің осі бойымен толық айналым пе-
риоынан 0,0084
s
-қа қысқа. Нақты жұлдыздық тəулік жердің
айналасындағы өзінің осі бойымен толық айналым периодынан
ауыспалы мөлшерге ерекшеленеді, жердің айналу осінің нутаци-
яна тəуелді болады.
Сол себепті нақты жұлдыздық уақыт аралық уақытты өлшеу
үшін қажетсіз жəне тегіс емес.
Нақтылы күндік уақыт - нақты Күннің төменгі кульминация
кезеңінен бастап кез келген басқа орынға дейін есептелетін уақыт.
Ол Күн көрінетін дискісінің центрінен t
0
сағаттық бұрышпен
өлшенеді жəне ол бақылау жерінің лездік меридианынан бастап
саналынады. Күн көрінетін дискісінің центріндегі екі кезектік
кульминациялардың бір меридианындағы аралық уақытын нақты
күн тəулігі деп атайды. Ортаңғы эклиптикалық Күн – нақты күн
эклиптикасы бойынша бірқалыпты бұрыштық жылдамдықпен
қозғалатын аспан сферасында көрінетін нүкте немесе бір уақытта
онымен бірге перигей жəне апогей арқылын өтетін нүкте.
Ортаңғы экваторлальдық Күн экватор жазықтығы бойымен
бір қалыпты қозғалатын жəне бір уақытта орташа эклиптикалық
көктемгі теңесудің нақты нүктесі арқылы өтеді.
Ортаңғы күндік тəулік бір меридиандағы ортаңғы экватор-
лальды күннің екі кезектік кульминациялар арасындағы уақыт.
Ортаңғы күндік уақыт m - Күннің ортаңғы экваториаль-
дық төменгі кульманация кезеңінен бастап кез келген жерге
дейінгі өткен уақыт жəне ол ортаңғы экваторлальдық сағаттық
бұрышымен өлшенеді.
Нақты күндік айналым мен ортаңғы күн уақыты арасындағы
байланыс уақыт теңдеу деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |