Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет61/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61

234
жер серіктерінің қателіктері; сыртқы ортаның əсерінен болатын қателік-
тер, (ионосфера жəне тропосфера); құрал-жабдық қателіктері, оларға – 
қабылдағыш антенналарының орналасу жағдайы; сонымен қатар, тіркейтін 
жерсеріктік қабылдағыштардың жұмысы жатады.
Жерсеріктік радионавигациялық жүйелер (ЖРНЖ) – жасанды жер 
серіктерінен жіберілетін радиосигналдар бойынша навигациялық тапсыр-
малар мен жергілікті жерде тірек нүктелерінің қызметін атқаратын, нүкте 
координаталарын анықтауға арналған техникалық құралдар кешені.
Жерсеріктік қабылдағыштардың антенна  құралдары  – электр 
сигналға сəйкес электромагниттік толқынды айналдыруға арналған құрал.
Жүйелік өлшеу əдісі – жерсеріктік нүкте орны əрбір сызықта не 
жүйенің əр пунктінде анықталады.
Жүйелік уақыт – жер серігінен берілетін радиосигналдарды қабыл-
дағышпен алғаш ұстаған кездегі тұрақты уақыт.
ЖРНЖ ғарыштық секторы – координаталары белгілі тірек нүк-
телерінің қызметін атқаратын, НЖЖС жиынтығы (шоқжұлдыз). 
ЖРНЖ-нің секторымен басқару жəне бақылау  – планетаның əр 
бөліктерінде орналасқан орталық жəне бірнеше бақылау станциялары-
нан тұрады. Олардың негізгі міндеті – жер серігі жүйелерінің есептеу 
параметрлерінің дұрыс жұмыс істеуін бақылау, эфемерид жер серіктерін 
жүйелік дəл қадағалау. Əр жер серігіне сағат көрсеткіштерін түзету, 
навигациялық мəліметтерді жиі-жиі жаңарту жəне олардың таралуын 
ұйымдастыру.
Жылыну əсері немесе көшетханалық əсер - атмосферада антро-
погендік қоспалардың артуы салдарынан ғаламшарымыздағы климаттың 
біртіндеп жылуы.
Инициализация мерзімі – бір нүктеде бақылау уақыты.
Ионосферлық кідіріс   НЖЖС-нен ионосфера арқылы өтетін элек-
трмагниттік толқынның таралу жылдамдығын өзгерту.
Қашықтық өлшеуіштердің кодталған əдістері – кодталған радио-
сигналдарға негізделген ара қашықтықты өлшеу. 
Қашықтық өлшеуіш өлшеулердің фазалық əдісі – дециметрлік 
дипазондағы радиотолқындарды таситын ақпараттық сигналдар түрінде 
қолдануға сүйене отырып, арақашықтықты өлшеу, мұндағы негізгі 
параметр-ағымдағы фаза.


235
Кеңістіктегі қиылыстырулар – анықталатын пункттен берілген 
пунктке өлшенген бағыттар əдісімен, пункт координаталарын анықтау 
(кеңістіктегі жағдайын).
Құралдардан болатын қателіктер  – жер серіктеріндегі орналасқан 
аппаратурадағы жүйелердің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты 
қателіктер.  
ҚР ҒЗИ – Қазақстан Республикасының ғарыштық зерттеу институты
Мезосфералық бұлттар – ауаның 75-80 км аралығындағы қабатты ме-
зосфера жəне одан жоғарғы қабатты тропосфера деп атайды. Мезосфера 
мен термосфераның арасындағы мезопаузада «мезосфералық бұлттар», 
яғни өте сирек мұз кристалдарынан құралған, жылтырап тұрғандықтан 
«күміс бұлттар» деп аталған құбылыс пайда болады. Мезосфералық неме-
се күміс бұлттар жер бетінен 85 км биіктікке жақын аралықта түзіледі жəне 
олар геофизикалық зерттеулер кешеніне кіретін өте маңызды нысан.
Мүмкіндік (кеңістік шешім) – бір пикселмен көрсетілетін кеңістік  тің 
ең кіші учаскесінің мөлшері. Пикселдің мөлшері кіші болған сайын
зондтау шешімдігі жоғары болады.
Навигация – бағыт тəсілдерін таңдайтын жəне көлік құралдарын 
жүргізу əдістері туралы ғылым; оның міндетіне: тиімді қозғалыс траекто-
риясын табу, орналасу орнын анықтау, қозғалыс жылдамдығының мəні мен 
бағытын, басқа да объектілер қозғалысының параметрлерін анықтау кіреді. 
Нүкте орнын салыстырмалы əдіспен анықтау – координаталарды 
анықтау, бұл кезде шешілетін тапсырма екі жəне одан да көп пункттерде 
орналасқан жерсеріктік қабылдағышпен орындалады. 
Озоннның жұқаруы, немесе озон тесігі – ғаламшардың озон қаба-
тындағы озон құрамының едəуір төмендеуінен (50-60% дейін) 20-25 км 
биіктікте пайда болатын кеңістік. Антропогендік факторлардың салдарынан 
атмосфераға фереондар мен азот оксиді (ғарыштық аппараттар мен ұшақтар 
органикалық отындарының толық жанбаған өнімі) шығарындыларының 
көп бөлінуінен Жер атмосферасындағы озон қабатының жұқару процесі, 
тесік пайда болуы. Озонның жұқару процесі ғарыштан келетін зиянды 
ультракүлгін сəулелердің еркін өтуіне жол беріп, бүкіл тіршілік атаулыға 
қауіп төндіреді
ОК – орбиталық кешен, мəселен Қазақстандық «Мир» ОК, NNSS 
(АҚШ), «Цикада» (КСРО) – алғашқы жерсеріктік навигациялық жүйелер.
Пиксел – бейнелеу элементі. Жерді қашықтан зондтау кезінде кеңістік 
шешімділігін (рұқсатын) бағалайтын төртбұрыш форма жəне ол көлеммен 
сипатталады.


236
Позициялау – ғарыштық жүйе арқылы кез келген нысанның үш өл- 
шем дік кеңістік координаталарын анықтаудың əдісі. 
Референцті нүкте (станция, тикет) – жерсеріктік анықтауға дейінгі 
координаталары белгілі пункт.
Редуция   координаталарды бір жүйеден басқа жүйеге түзетулер 
енгізе отырып ауыстыру.
Сандық бейне – ғарыштық зондтау немесе ғарыштық аппараттардың 
радио каналдары бойынша алынған бейнелерді цифрлеу жолы арқылы 
көрсетілген бейне.
Сканер – нысанды зерделеу, бақылау жəне оның параметрлерін көріп 
түсіруді қамтамасыз ететін бар құрылғы. 
Сканерлеу – сканердің көмегімен алынған графиктік ақпаратты 
растрлі түрге енгізу үлгісі. Сканерлеу кезінде екіөлшемдік (жазық) жəне 
үшөлшемдік (3D) бейнелер алынады. 
С/А-код – жалпыға мəлім ЖРНЖ GPS радиодальномерлі коды.
Супергетеродинді принцип – тұрақты жилігі бар, аралық жилікті алу 
принципіне негізделген, қабылдағыштағы радиосигналды үдету.
Тақырыптық карта – қандай да бір сюжетті (тақырыпты, нысанды, 
саланы) бейнелейтін карта. Тақырыптық карталар геологиялық, этногра-
фиялық, экологиялық, əлеуметтік-экономикалық болып бөлінеді.
Тұтынушы ЖРНЖ секторы – қабылдағыш-есептеу комплексі (GPS 
қабылдағышы), тұтынушы бақылау бекетінің орналасу орны туралы 
ақпаратты дəл уақытта алатын, біріктірілген компоненттер.
Тропосфералық кідіріс    НЖЖС-нен тропосфера арқылы өтетін 
электрмагинттік толқынның таралу жылдамдығын өзгерту.
ҰҒА – ҚР ұлттық ғарыштық агенттігі («Қазғарыш»).
ҰЯО – ұлттық ядролық орталық
Фазалық орта – антенналық жүйедегі геометриялық өлшеулерге кел-
мейтін нүкте; одан жер серігіне дейінгі ара қашықтық өлшенеді.
ХҒС – халықаралық ғарыш стансасы.
Эфемеридтер – навигациялық жасанды жер серіктері орбитасының ко-
ординаталары немесе элементтері.
Эфемеридтік уақыт – астрономиялық эфемеридтер құрастырылатын 
бірқалыпты өтетін уақыт. Дүниежүзілік уақыттың өтетін негізінде жатқан 
Жердің өз осінен айналысының бірқалыпты еместігі анықталғаннан кейін, 


237
Эфемеридтік уақыт астрономияда, т.б. ғылым салаларында қолданыла ба-
стады. Эфемеридтік уақыт ұғымы 1950 ж. Парижде өткен халықар. конфе-
ренцияда қабылданған.
ASCII – жерсеріктік деректерді көрсететін мəтіндік формат.
DOP (Delution of Precision – дəлдіктің төмендеуі) – жер серіктерінің ор-
наласу геометриясына байланысты, өлшеу қателіктерінің өсу параметрлерін 
бағалайтын геометриялық фактор.
EUREF – Еуропалық референцтік каркас.
HDOP – горизонталь жазықтықтағы екі көлемдік позициялаудағы 
дəлдіктің төмендеуін ескеретін геометриялық фактор.
GDOP  – үш көлемдегі позициялау дəлдігін сипаттайтын уақытты 
анықтау қателігін ескере отырып, геометриялық фактор дəлдігінің тө-
мендеуі.
GPS – Global Position System.
Galileo – Еуропа ғарыштық агенттігінің жобаланатын СРНЖ. 
IGS  (International GPS Service) – геодинамикаға арналған GPS халы-
қаралық қызметі. 
IGS  (International GPS Service) – барлық жер шарын қамтитын 
халықаралық геодинамикалық жүйе.
NAVSTAR  – Navigation Satellite Timing and Ranging, АҚШ-тың көп-
функциялы СРНЖ-і .
OTF (Ambiguity fi xing on the fl y) – ұшудағы арнайы жылдам істеуші əдіс. 
РDOP  – уақытты анықтау қателігін ескерусіз үш көлемдегі позиция -
лау дəлдігінің төмендеуін ескеретін геометриялық фактор.
Rapid Static - дифференциалдық жерсеріктік бақылауларды үдете оты-
рып, статикалық орындау.
RINEX – əртүрлі типтес қабылдағыштар арасындағы тəуелсіз ауысым 
форматы. 
Real-Time Kinematik GPS (RTK GPS) – нақты уақыттағы жерсеріктік 
өлшеу жəне өңдеудің кинематикалық кезеңі.
Statiс  – екі қозғалмайтын қабылдағыш арасындағы дифференциал 
-
дық жерсеріктік бақылауларды статикалық орындау мерзімі. 
VDOP  – вертикаль бағыттағы дəлдікті төмендетуді сипаттайтын 
геометриялық фактор.
 
 
 
 
 
 


238
МАЗМҰНЫ
АЛҒЫ СӨЗ
 ..................................................................................................................................... 3
КІРІСПЕ
 ......................................................................................................................................... 5
1. Ғарыштық геодезияның мазмұны, мəні жəне əдістері  ......................................................... 5
2. Курстың басқа пəндермен байланысы .................................................................................... 6
3. Ғарыштық геодезияның даму тарихы .................................................................................... 8
    Бақылау сұрақтары ................................................................................................................. 13
1. ҒАРЫШТЫҚ ГЕОДЕЗИЯДАҒЫ КООРДИНАТАЛАР ЖƏНЕ УАҚЫТ ЖҮЙЕЛЕРІ .................. 14
1.1. Ғарыштық геодезиядағы координаталар жүйесі ...................................................... 14
1.1.1 Есеп жүйесі ................................................................................................................ 14
1.1.2 Ғарыштық геодезияның негізгі теңдеуі .................................................................. 15
1.1.3. Жермен бірге айналмайтын жұлдызды (аспанды) геоцентрлік 
          координаталар жүйесі .............................................................................................. 18
1.1.4. Жермен бірге айналатын жұлдызды (аспандық) геоцентрлік 
          координаттар жүйесі ................................................................................................ 19
1.1.5. Топоцентрлік жəне орбиталдық координаталар жүйесі ....................................... 22
1.2. Ғарыштық геодезиядағы уақыт жүйелері ................................................................. 26
1.2.1. Жұлдыздық жəне бүкілəлемдік уақыттық жүйелер.............................................. 26
1.2.2. Эфемеридтік уақыт .................................................................................................. 29
1.2.3 Атомдық уақыт .......................................................................................................... 30
2. ҒАРЫШТЫҚ ГЕОДЕЗИЯНЫҢ ЕСЕПТЕРІ
 ............................................................................ 32
2.1. Ғарыштық геодезияның геометриялық əдістері ...................................................... 32
2.1.1. Координаталарды есептеудің əдістері .................................................................... 32
2.1.2. Ғарыштық триангуляцияның құрылу тəсілі .......................................................... 35
2.1.3. Ғарыштық триангуляцияны жобалау ..................................................................... 38
2.2. Ғарыштық геодезияның динамикалық есептері ...................................................... 40
2.2.1. Динамикалық есептер туралы мəлімет .................................................................. 40
2.2.2. Жердің негізгі параметрлерін анықтап отыру ....................................................... 43
3. ЖАСАНДЫ ЖЕР СЕРІКТЕРІН БАҚЫЛАУ .................................................................. 48
3.1. ЖЖС бақылаудың əдістері  ........................................................................................ 48
3.2. ЖЖС бақылаулардың фотографиялық əдісі ............................................................. 49
3.3. ЖЖС бақылаудың лазерлік əдісі ............................................................................... 51
3.4. Бақылаулардың радиотехникалық əдісі .................................................................... 54
3.4.1. Радиодальномерлі əдіс ............................................................................................. 54
3.4.2. ЖЖС-ті бақылаудың доплерлік əдісі ..................................................................... 55
3.4.3. Бақылаудың радиоинтерференциялық əдісі .......................................................... 58
4. ҒАЛАМДЫҚ ЖЕРСЕРІКТІК НАВИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
.................. 61
4.1. Жерсеріктік навигациялық жүйелер.......................................................................... 61
4.2. Əлемдік ғарыш айлақтары ......................................................................................... 66
4.3. Жерсеріктік радионавигациялық жүйе координаталарын анықтаудың 
       принциптері ................................................................................................................. 70
4.4. Жасанды серікке дейінгі қашықтықты өлшеу  ......................................................... 73
4.5. GPS серіктері орбиталарының сипаттамасы ............................................................ 75
4.6. Позициялаудың дифференциалдық əдiсі .................................................................. 78
4.7. Жерсеріктік радионавигациялық жүйе қателiктерінің көздерi ............................... 81
5. GPS ҚАБЫЛДАҒЫШТАРЫ ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАЛАРЫ
 ....................... 84
5.1. Жерден бақылау жəне тұтынушы блоктары ............................................................. 84
5.2. GPS қабылдағыштары жəне олардың сипаттамалары ............................................. 87


239
5.3. GPS қабылдағыштарын қолдану салалары .............................................................. 95
5.3.1. GPS қабылдағыштарын геодинамикалық мəселерді шешуде қолдану ............... 95
5.3.2. GPS технологияны геодезияда пайдалану ............................................................. 98
5.3.3. GPS технологиясын теңіз геодезиясында қолдану  ............................................ 103
5.3.4. GPS технологиясын топографиялық түсірімдерде қолдану .............................. 108
5.3.5. Сандық картографияда GPS жүйесін қолдану .................................................... 112
5.3.6. GPS технологиясын маркшейдерияда қолдану ................................................... 116
6. ҒАРЫШТЫҚ ПОЗИЦИЯЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ КООРДИНАТАЛАРЫ
 ..................................... 120
6.1. Қысқаша тарихи мəлімет .......................................................................................... 120
6.2. Координаталардың референцтік жүйелері ............................................................. 121
6.3. 1942 жылдық координаталар жүйесі ....................................................................... 123
6.4. 1995 жылдық координаталар жүйесі ....................................................................... 123
6.5 42-КЖ-нен 95-КЖ-не көшудің жалпы тəртібі ......................................................... 126
6.6. Бір референцтік координаталар жүйесінен екінші жүйеге көшудің тəртібі ........ 127
7. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
 ................................................................. 130
7.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыштық агенттігі – 
       «Қазғарыш» жəне оның құрылымы ........................................................................ 130
7.2. Қазақстандағы ғарыштық зерттеулер ...................................................................... 133
7.2.1. «Мир» ОК мен ХҒС-дағы ғылыми зерттеулер мен тəжірибелер ...................... 133
7.2.2. Физикалық-техникалық зерттеулер.  .................................................................... 137
7.2.3. Қазақстан территориясын табиғи-ресурстық мониторингтеу ........................... 139
7. 3. Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің келешегі ............................................... 141
8. ҒАРЫШТЫҚ ТАБИҒИ-РЕСУРСТЫҚ МОНИТОРИНГ
 ........................................................ 145
8.1. Қазақстан территориясын қашықтан зондылау ..................................................... 145
8.2. Қашықтан зондтау деректерін табиғи-ресурстық мониторингте пайдалану ...... 149
8.3. Арал теңізі жағалауындағы тұзды-шаң борамаларын мониторгтеу .................... 154
8.4. Семей ядролық полигонының территориясын мониторингтеу ............................ 160
8.5. Жер ресурстарын мониторингтеу арқылы жердің құнарлылығын бағалау ......... 165
9. ҒАРЫШТЫҚ СУРЕТТЕРДІ ӨҢДЕУ
...................................................................................... 171
9.1. Қашықтан зондтаудың мəліметтерін дешифрлеу (бажайлау) ............................... 171
9.2. Каспий теңізі жағалауының экологиялық карталарын жасау  .............................. 175
9.3. Семей ядролық полигоны территориясының экологиялық карталарын 
        жасау .......................................................................................................................... 183
9.4. Қашықтан зондтау арқылы үлкен қалалар территориясының карталарын 
        жасау .......................................................................................................................... 190
10. ГЕОФИЗИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
 ........................................................................................ 198
10.1. Астрофизика институты зерттеулерінің негізгі бағыттары ................................ 198
10.2. Жер климатының ғаламдық өзгерістері жəне ғарыштық планетарлық 
         мониторинг .............................................................................................................. 203
10.2.1. Жер климатының ғаламдық өзгерістері жəне оның себептері ........................ 203
10.2.2. Қоршаған ортаның (атмосфераның) ластануы. ................................................ 206
10.2.3. Ғарыштық ғаламшарлық мониторинг ................................................................ 213
10.3. Мезосфералық бұлттарды зерттеу......................................................................... 221
Пайдаланған əдебиеттер .......................................................................................................... 230
Глоссарий .................................................................................................................................. 231


240
Басуға 01.02.12. қол қойылды. Қағазы офсеттік. 
Қаріп түрі “Таймс” Пішімі 60х90/16. Баспа табағы 15. 
Таралымы 1100 дана. Тапсырыс 246.
Тапсырыс берушінің дайын файлдарынан басылып шықты.
ЖШС РПБК «Дəуір», 050009, 
Алматы қаласы, Гагарин д-лы, 93а.
Е-mail: rpik-dauir81@mail.ru
М. Б. Нұрпейісова 
ҒАРЫШТЫҚ ГЕОДЕЗИЯ
Оқулық

жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау