Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет58/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61

222
бұлттардың жаратылу физикасы жəне көріну заңдылықтары əлі 
күнге дейін жеткілікті зерттелген жоқ. 
Күміс түсті бүлттардың жұлдыздарды көруге бөгеті жоқ, олар 
шығыстан батысқа қарай 40-80 м/сек жылдамдықпен көшетін, 
түнде жарық шашып тұратын бұлттар. Бірінші рет оларды 1885 
жылдың маусым айында Мəскеу астрофизигі В. К. Церский, неміс 
астрономы Т. Бакгауз, чехия астрономы В. Ласка, эсто астроно-
мы Э. Гартвингтар бір мезгілде мезосфера мен термосфераның 
арасындағы мезопауза көріп, «мезосфералық бұлттар» немесе 
жылтырап тұрғандықтан «күміс бұлттар» деп атаған. Олар ұлпа 
мұз кристалдарынан түзілген болып табылды.
Жер атмосферасы, зерттеуші мамандардың пікірінше, ол Жер 
бетінен қашықтаған сайын түрлі температурадағы бірнеше ай-
мақтардан (тропосфера, стратосфера, мезосфера жəне термосфе-
ра) тұрады. 1000 км жəне одан ары қарай экзосфера болып, онда 
атмосфералық газдар əлем кеңістігіне таралады. Осы қабатта ат-
мосфера бірте-бірте планетааралық кеңістікке ауысады. 
Атмосфераның Жер бетіне ең жақын қабаты «тропосфера» 
деп аталады. Бұл қабаттың орта ендікте теңіз деңгейімен биіктігі 
- 10-12 км, экваторда - 16-18 км, полюстерде - 7-10 км. Осы 
қабатта жауын-шашын, дағдылы бұлттар түзіліп, найзағайлар 
күн күркіреуі жүреді. Тропосфераның жоғарғы жағында 40 км-
ге созылатын стратосфера қабаты орналасқан. Онда ылғалдылық 
біршама төмен, атмосферадағы озонның көп бөлігі осы кабатта 
жинақталған, озон Күннің улыракүлгін сəулелерін сіңіріп, атмос-
фераны қызып кетуден сақтайды. 
Стратосферадан кейін 50 км биіктікте мезосфера қабаты 
орналасқан. Мезосферада температура одан əрі қарай төмендеп, 
80 км биіктікте — 70°С-қа түседі. Мезосферадан жоғары тер-
мосфера орналасқан, онда 500-600 км биіктікте температура 
+1600°С жетеді. Атмосфераның 100-120 км биіктікке дейін ғана 
сақталатын газды құрамы төмендегі 10.15-суретте берілген.
Күміс (мезосфералық) бұлттарды зерттеуге 1950 жылдан 
бастап қатты көңіл бөлінді. ССРО-ның Геофизика институ-
ты АҚШ-тың Айова штатының университеті, Шфецияның, 
Канаданың университеттері жəне Қазақстандағы В. Г. Фесенков 
атындағы Астрофизика институты күміс бұлттарды ғарыштық 


223
бағдарлама бойынша зерттеуде. Мəселен, Алматыдағы ҒЗИ 
1994 жылы «Полет-М», 1998 жылы «Полет М2» «Мезосфера» 
ғарыштық бағдарлама аясында, күміс бұлттардың пайда болу 
мезгілін, географиялық орындарын жəне таралу динамикасын 
анықтау мақсатымен Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл 
қаласында бақылаулар жүргізді. Күміс бұлттарды бақылау бір 
мезгілде Алматыдағы Астрофизика институтының обсерватория-
сында да жүргізілді. Осы зерттеулер нəтижелері өңделгеннен ке-
йін мезосфералық бұлттардың шекара координаттары, көлемдері 
анықталды. Олардың мезопаузада жылжу жылдамдықтарын 
компьютерлік анықтаудың əдістемесі жасалынды.
Соңғы кездегі экологиялық шиеленісулерге, оның ішінде 
ғаламдық климаттың өзгеруіне байланысты Жер атмосферасының 
жағдайын қадағалау, бағалау жəне болжау маңызды мəселеге 
айналды. Осыған байланысты, Жер атмосферасының əртүрлі 
биіктіктерінде жүріп жатқан процестерді, оның ішінде стратос-
фера мен мезосферадағы техногендік əсерлерді (дыбыстан жыл-
10.15-сурет. Жер атмосферасы құрылымының схемас


224
дам ұшақтар, ғарыш кемелері, аппаратары, күшті жарулар жəне 
т.б.) зерттеу өте қажет. Мезосферада жүріп жатқан күшті жəне əлі 
толық зерттелмеген процестердің бірі – күміс бұлттар. 
Күміс (мезасфералық) бұлттардың Қазақстан территория-
сы үстінен көрінулеріне Байқоңырдан ғарыш зымырандар мен 
жерсеріктерін ұшыру, жоғары биіктікте ұшатын ұшақтар жəне 
атом ядролық жарылыстар тікелей əсер етеді деп білеміз. Бұл 
құбылысты жер бетінен зерттеу Халықаралық геофизикалық 
жыл (1957-58) бағдарламасына кірген болатын, одан кейін, Ха-
лықаралық астрономиялық-геодезиялық қоғам, ішінде оның 
Ал 
матыдағы бөлімшесі арнайы бақылау экспедициялар ұйым-
дастырып осы іске өз үлесін қосты. Бұл құбылысты зерттеумен 
айналысатын мемлекеттердің саны сөнша көп, соның дəлелі 
ретінде 10.16-суреттен 1998 жылғы мағлұмат бойынша Күміс 
бұлттарды бақылаудың тек солтүстік жарты шарда орналасқан 
пункттерін көрсетуге болады. 
10.16-сурет. Күміс бұлттарды бақылау пункттерінің
географиялық таралуы 
1996-1998 жылдары Күміс бұлттар Алматыда (Астрофизика 
институтының обсерваториясында) байқалды. Бұл құбылысты 
зерттеуде ғарыштық бақылаулар да өз үлесін қосуда. Күміс бұлттар 
Күн батар алдында байқалады. Жерді 200-400 км биіктікте ай-
налып жүрген орбиталық станцияның түсірген суретінде, күміс 
бұлттар тек қырынан ғана көрінеді (10.17-сурет).
Күміс (мезосфералық) бұлттарды бақылауда Казақстанның 
ҒЗИ-да көп жұмыстар атқарды. «Полет-М» бағдарламасының 


225
геофизикалық блогы бойынша, Т. Мұсабаев 1994 жылы жер 
атмосферасының əртүрлі қабаттарын, оның ішінде мезосферадағы 
процестерді зерттеді (10.18-сурет). 
10.17-сурет. Күміс бұлттардың ғарыштық станциядан көрінуі 
 10.18-сурет. Т. Мұсабаевтың күміс бұлттарды ғарыштан түсірген 
суреттері: а - бұлттардың үстінгі жағы; ə – жан-жағы көк түспен 
көмкерілген бұлттар.
Т. Мұсабаев жүргізген зерттеулердің мақсаты – ұшу кезінде, 
қысқа ғана уақыт ішінде пайда болатын, күміс бұлттарды су-
ретке түсіру болатын, əлбетте, ол ғарышкер қимылдарының 
жылдамдығын қажет ететін қиын жұмыс болды. Күміс бұлттар 
15–246


жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау