Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет57/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61

216
харықаралық бағдарламасы жүзеге асырылды. Оған Қазақстан 
Астрофизика институтының Асы-Түрген обсерваториясы да 
қатысты. 1988-1991 жж. Асы-Түрген обсерваториясының 1м те-
лескобымен Юпитер бетін түсірген бейнесі 10.8-суретте берілген.
Суреттегі бұлтты белбеулердің түстері анықтап көріну үшін 
əдейілеп əсерленген.     
Марс ғаламшары белсенді мезгілдік метеоро-логиялық құбы-
лыстарды көрсетіп отырады, олар ғаламшардың орбитада орна-
ласуына байланысты өзгереді. Марс түрі, атмосферада «көгілдір 
бұлттар» болғандықтан, əртүрлі сəуледе болады (10.9, а - сурет). 
Кей уақытта Марс атмосферасында жердегі сияқты циклондар да 
байқалады (10.9, ə - сурет). 
10.9-сурет. Астрофизика институты абсерваториясы тіркеген:
а - 2001 ж.тіркеген «көгілдір бұлттары»; 
ə - 1997 ж. Марс бетіндегі циклон
Марста мезгіл-мезгіл шаңды дауылдардың болып тұруы, 
оның Күнге жақындаған кездеріне сəкес келеді, кей жағдайда 
ғаламшарды түгел қамтиды. Мəселен, осындай жағдай 2001 
жылдың шілдесінде байқалған (10.10-сурет).
Мониторинг жүргізуге неғұрлым ыңғайлы Сатурн, Уран, 
Юпитер жəне Нептун сияқты алып планеталар. Біріншіден, 
бұл планеталардың қуатты сутекті атмосфераға ие, екіншіден, 
бұлардың Жерден үздіксіз көріну мерзімдері ұзағырақ, себебі 
олардың орбиталды қозғалыста орын ауысуы азырақ. Алай-


217
10.10-сурет. Марстағы  шаңды дауыл (2001 ж.)
да алып планеталарда ішкі жылу көзі болғандықтан, бұлардың 
атмосфераларының динамикасы күрделі сипатта болады. 
Сатурн - Күн жүйесіндегі көзге Жерден көрінетін бес ға-
ламшарлардың бірі. Сатурнның атмосферасында кейде аса күшті 
құйын түріндегі орнықты түзілулер пайда болады жəне оның 
бетінде «Үлкен ақ доғал» бар. Мұндай нысандар Күн жүйесінің 
басқа да ғаламшарларында да байқалады (Юпитердегі Үлкен 
қызыл дақ, Нептундағы Үлкен қара дақ). Сатурндағы ірі «Үлкен 
ақ доғал» оның бетінде шамамен 30 жыл сайын көрінеді, соңғы 
рет ол Сатурн бетінде 1990 жыл жылы көрінген (одан кішігірім 
құйындар жиірек көрінеді). 


218
Сатурнды  зерттеу үшін оның екі жартылай шары бірдей 
көріну жағдайларында жəне жарықтандыруы сақиналарымен 
экрандалады - бұл кезде солтүстік жəне оңтүстік жартылай шар-
да атмосфераның оптикалық қасиеттерінің ассиметриясын зерт-
теуге болады, қиынырақ жасалатыны сақиналар еңістігі көру 
сəулесінде 27 градусқа артса, бір жағынан максималды еңістікте 
планетаның полярлық бөліктері зерттеледі. Егер климат түсінігін 
нақты деп санасақ, онда басқа планеталарда мұндай анықтама 
əзірге жоқ. 
1659 жылы Сатурн серіктерінің дене емес, жұқа жəне жалпақ 
сақина екенін жəне ғаламшарға тимей тұрғаны дəлелденді. 1979 
жылы «Пионер-11» құрылғысы алғашқы рет Сатурнның қасынан 
ұшып өтті, оның артынан 1980 жəне 1981 жылдары «Вояд-
жер-1» жəне «Вояджер-2» өтеді. Бұл құрылғылар алғашқы рет 
Сатурнның магниттік ортасын байқап, оның магнитосферасын 
зерттеді, Сатурн атмосферасындағы құйындарды байқады, оның 
сақиналарының анық бейнелерін алды. 
Сатурнның қатты беті жоқ, оның орташа тығыздығы – Күн 
жүйесіндегі ең төмен шама. Ғаламшар негізінен кеңістіктегі ең 
көп тараған сутегі жəне гелий элементтерінен тұрады. 
Сатурнның сəулелену режимі жылдан-жылға өзгеріп отыра-
ды, себебі оның экваторы орбита жазықтығына 27° еңістелген. 
Сондықтан белгілі кезеңдерде оның жартылай шары күн энергия-
сын аз алады. Алайда бірдей қабылдау режимінде Күнге қатысты 
Сатурн атмосферасы Оңтүстік жəне Солтүстік жартылай шарда 
бір қалыпты емес. 
 Астрономиялық бақылаулардағы ең қызығушылық туды-
ратын жəне мол деректер алуға лайық нысан – Сатурн плане-
тасы. Ол атмосферадағы қысқа мерзімді жəне ұзақ периодты 
құбылыстарды зерттеудің обьектісі болып табылады (10.11 жəне 
10.12-суреттер). 
Атмосферада күшті найзағайлар, полярлық жарықтар, су-
тегінің ультракүлгін шашыратуы байқалады. Айқын көрсетіл-
ген зоналық айналым кезінде Сатурн планетасының экваторлық 
белдеуінде мерзімі күшті «дауылдар» да (10.13-сурет) болып 
тұрады.


219
10.12-сурет. Əртүрлі сəуледегі Сатурн (АФИ, 2000 ж)
10.11-сурет. Əр жылғы Сатурн (АФИ).


220
Уран ғаламшарының өзіндік ерекшелігі бар (10.14, а - су-
рет), оның айналу осі орбита жазықтығында жатыр. Ғаламшар 
Күнге бір полюспен немесе экваторлы белдеумен қарап тұрады. 
Сондықтан бұл ғаламшар атмосферасындағы қысқа мерзімді 
құбылыстар мезгілді өзгеріс кезінде жылдам анықталады. Бірақ 
Уранның Күнге бағытталуы өте баяу, яғни 84 жылда бірақ 
қайталанып отырады. Сондықтан да оның атмосферасындағы 
қысқа мерзімдік құбылыстарды тек сол уақытта ғана тіркеуге бо-
лады.
Нептунның құрылысы Уранның құрылысына ұқсас. Ол 
Күн 
нен алыс болса да, оның атмосферасында қарқынды про-
цестер жүріп жатады. Нептунға жақын жерден «Voyager 2» ап-
параты арқылы түсірілген бейнеден ғаламшар бетіндегі бұлтты 
құрылымдарды байқауға болады (10.14, ə-сурет). 
10.13-сурет. Сатурндағы дауыл (1994 ж)
10.14- сурет. а – Уран жəне ə – Нептун


221
Нептунның бетінде  Күн Жүйесінде тіркелген ең қатты желдер 
болады, олардың жылдамдығы 2100 км/сағат. Нептун бетіндегі 
бұлттардың температурасы − 218°C дейін жетеді, бұл Күн 
Жүйесіндегі ең салқын температура, бұған себеп ғаламшардың 
Күннен алыстығы. 
Сөйтіп, АФИ-ның жүргізген зерттеулері нəтижесінде: 
- галактиканың белсенді ядроларының физикасын сипаттай-
тын, нақтылаушы сандық модель құрылды, квазарларды жұту 
спектрлерінің есептері жасалды жəне стационар емес жұл дыз-
дардың газ қабаттары эволюциясының жаңа интерпретациясы 
ұсынылды;
- Қазақстан аумағы үстіндегі жерүсті жəне ғарыштық байла-
ныс кезінде радиотолқындар таралуы жағдайына жедел болжау 
жасауға мүмкіндік беретін ионосфераның динамикалық моделі 
құрылды;
- ғарыштық аппарат орбитасының параметрлерін өте жоғары 
дəлдікпен есептеуге мүмкіндік беретін, Жердің гравитациялық 
жəне магниттік өрістерін есепке ала отырып, ғарыштық аппарат 
қозғалысының математикалық моделі əзірленді;
- ғарышты тиімді игеру жақын жəне алыс ғарыш физикасы, 
радиоэлектроника жəне байланыс, ғарыштық бақылау аспапта-
рын жасау, Жерді қашықтықтан зондтау сияқты салаларда іргелі 
жəне қолданбалы зерттеулер дамуда.
Бүгінде Қазақстанның Ғарыштық зерттеулер институты ха-
лықаралық ғаламшарлық мониторингтің аймақтық орталығын 
құру туралы ұсыныс жасады жəне арнайы ғарыштық теле-
скоп жасаудың жобасын дайындады. Бұл жобаға көптеген ел-
дер қатынасады, солардың бірі - көпжылғы тəжірибесі жəне 
ғылыми-технологиялық базасы бар Қазақстандық АФИ. Əл-
бетте, бұл ғылыми жəне ғылыми-технологиялық базаның рөлін 
бағалағандық, біздің зерттеулеріміздің əлемдік ғарыштық держа-
валардың ғарыш қызметі дамуының тарихи тəжірибесі мен заң-
дылықтарына толық сəйкес келетіндігі.
10.3. Мезосфералық бұлттарды зерттеу
Мезосфералық немесе күміс бұлттар жер бетінен 85 км 
биіктікте жақын аралықта түзіледі жəне олар геофизикалық 
зерттеулер кешеніне кіретін өте маңызды нысан. Мезосфералық 


жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау