Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2


10.2.2. Қоршаған ортаның (атмосфераның) ластануы



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет54/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   61

206
10.2.2. Қоршаған ортаның (атмосфераның) ластануы.
Қоршаған ортаның, əсіресе, атмосфераның химиялық лас та-
нуының кейбір түрлері ғаламдық экологиялық проблемаларды 
туғызып отыр. Олар Жер шарындағы жиі-жиі байқалып отырған 
«Жылу эффектісі», «Озонның жұқаруы», «Қышқыл жауындар» 
жəне т.б.
«Жылу эффектісі» салдарынан болатын климаттың өзгеруі 
жалпы əлемдік көлемдегі проблема болып табылады жəне 
қоршаған ортаның жан-күйіне барынша қатер төндіреді. Жылу 
газдары əсерінен жылу балансының өзгеру нəтижесіндегі жер 
шарының əлемдік температурасының жоғарлауының мүмкіндігі 
«Жылу эффектісі» деп аталады. Оны американ экологы Б. Небел 
болашақтағы орасан зор катастрофа ретінде қарастырған.
Егер 60млн. жыл бұрын болған катастрофа, Небел пікірінше, 
жануарлар мен өсімдіктердің тұтастай жойылып кетуіне жəне жер 
бетіне ірі астероидтың түсуіне себеп болса, ол климат өзгеруіне 
байланысты катастрофада жеке ағзалар тобына немесе экожүйеге 
ғана емес, бүкіл биосфераға қауіпті. 
 Негізгі жылу газына көміртегі оксидтері жатады жəне ол «жылу 
эффектісінің» 50-65% құрайды. Ал жылу эффектісі өз кезегінде 
Жер шары климатының отраша температурасын көтеріп, түрлі 
экологиялық апаттардың (мұхиттардың көтерілуі, ауа райының 
өзгеруі, қауіпті циклондар мен цунамилар, шөлейттену, өрттер, 
т.б.) туындауына себеп болады. 
 Бұл жағдай антропогендік қосындылардың атмосферада соң-
ғы жылдары көбеюіне байланысты болып отыр. Атмосферадағы 
газдар мен басқа қосындылардың көбеюінен, Жерден ғарышқа 
көтерілетін жылудың көлемі азаяды да, Жер бетінде қалып қояды 
жəне климаттың жылынуына əкеліп соғады. 
Климаттың əр түрлі моделін жасап, зерттеу 2050 жылы жерде 
орташа температура 4,5°С дейін көтерілуі мүмкін. Жер шарының 
мұндай жылынуы мəңгілік мұздардың еруіне əкелетін болса, 
Əлемдік мұхиттың деңгейі 0,5-1,5 м көтеріледі. Климаттың одан 
ары жылынуы 2100 ж. əлемдік мұхиттың деңгейін 2 метрге дейін 
көтереді. Ал бұл 5млн. шаршы километр құрлықты су басып 
кетуіне əкелуі мүмкін, яғни барлық құрлықтың 3% көлемі, жер 


207
шарындағы қолданбалы жердің 30% көлемі. Жылу эффектісінің 
Жер тұрғындарына алып келер зардабы ұшан теңіз. Сондықтан 
осы күрделі мəселелер жөнінде адамзат алдын ала тиімді шара-
лар қабылдамаса, жердегі өмір, тіршілікке үлкен қатер туындауы 
мүмкін.
 «Озонның жұқаруы». Климаттың өзергуіне бүгінгі кездегі гло-
бальды экологиялық проблемалардың бірі «Озоннның жұқаруы» 
немесе «Озон тесігі» де себепкер. XIX ғасырдың 80 жылдарын-
да атмосфера қабатында озонның кейбір жерлерде жұқаруы 
байқалған. Мəселен, 1987 жылы Антарктида тұсында озонның 
мөлшері күрт азайып (ғарыштық суреттер бойынша анықталған), 
ол 7 млн км
2
 аумақты қамтыған. 
Осы құбылыс «озон тесігі» деген атау алған. Бұл құбылыс 
жағдай 1992 ж. Оңтүстік Америка тұсынан қайталанған жəне 
оның мөлшері 50%-ға жеткен. «Озон тесігі» құбылысы қайтадан 
Антарктидада, Канада аудандарында, Скандинавия түбегінде, 
Шотландия аралдарында да тіркелген (10.6, а жəне ə-суреттері). 
Осы жағдайға байланысты БҰҰ жанынан ғылыми кеңес құрылып, 
«озон тесігін» зерттеу басталды. Зерттеу нəтижесінде оның 
негігі көзі – хлорфтор- көміртектік (фреондар) қосылыстар екені 
анықталды.
10.6-сурет.  Антарктида үстінде 2001 ж. тіркелген «Озон тесігі»
(NASA Siencе сайтынан) жəне ə - осы құбылыстың глобустағы бейнесі
Осы химиялық қосылыс атмосфераның жоғарғы қабаттарына 
көтеріліп, қарқынды түрде озонды молекуласын ыдыратып жойып 


208
отырады. Сөйтіп, озонның жұқару процесі басталып, ғарыштан 
келетін зиянды ультракүлгін сəулелердің еркін өтуіне жол беріп, 
бүкіл тіршілік атаулыға қауіп төндіреді.
Осындай кұбылыс 1992 ж. қайталанған. Бұл кезде Оңтүстік 
Америка материгі жəне оған жанасқан кеңістіктер үстінде озон 
құрамының айтарлықтай төмендеуі (50%-ға) тіркелді. Осы-
ған ұқсас құбылыс (1986 ж. көктемінен) Арктикадағы Халли-
Бей ағылшын станциясының үстінде байкадды. Ондағы озон 
шоғырының минималды көрсеткіші 40%-ға азайған, ал Жапон 
станциясының үстінде 2 есеге төмендеген. Бірақ мұндағы озон 
тесігінің өлшемі Антарктидадағы озон тесігінің мөлшеріне 
қараганда 2 есе кіші болған. 1995 жылдың көктемінде Арктиканың 
озонды қабаты шамамен 10-40%-ға азайған. Сонымен бірге, 
Канаданың солтүстік аудандарында жəне Скандинавия түбегінде, 
Шотландия аралдарында да тіркелген. Жердің озон қабатының 
тозуы жер бетіне ультракүлгін сəулелер ағынының мол түсуіне 
алып келеді. Ол, əрине, планетадағы барлық тіршілікке қауіп ту-
дырады. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының (БДҰ) 
мəліметтері бойынша, атмосферадағы озон қүрылымының 1%-
ға төмендеуі (осыған сəйкес ультракүлгін сəуле 2%-ға өседі) 
адамдардың қатерлі ісік ауруларының көбеюіне себепші болды. 
Сөйтіп, атмосферамыздың маңызды компонентінің біріне 
озон - О

жатады. Ол Жердің инфрақызыл сəулелерінің 20%-
ын ұстап қалады жəне ауаның жылыту əсерін күшейтеді. Озон 
қабатын 122-124км. биіктікте орналасады «озон экраны» деп 
атайды. Озон қабаты жұқаруының негізгі себептері мыналар:
1. Ғарыш кемелерін ұшыру салдарынан озон қабатының те-
сілуі жəне олар ұзақ уақыт бойы бірқалыпты тұра береді.
2. 12-16 шақырым биіктікте ұшатын ұшақтар да озон қабатына 
қауіп төндіреді. Керісінше, 12 шақырымнан төменде ұшатындары 
озон қабатының қалыптасуына септігін тигізеді.
3. Атмосфераға фреондардың тасталуы. Озон қабатының те-
сілуіне ең үлкен қауіп тигізетін хлор мен оның судағы қоспасы. 
Хлордың көп бөлігі атмосфераға фреондардың ыдырауы арқылы 
тарайды. Ол «жарылуға» əкеп соғады. Сондықтан хлордың бір 
атомы көп озонды құртуға қызмет етеді.
4. Вулкан газдары;


жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау