1
М. Б. Нұрпейісова
ҒАРЫШТЫҚ ГЕОДЕЗИЯ
ОҚУЛЫҚ
Алматы, 2012
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ
2
ƏОЖ 528 (075.8)
Н 86
Н 86
ISBN 978-601-217-287-4
Нұрпейісова М. Б.
Ғарыштық геодезия
: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір»,
2012. – 240 бет.
ISBN 978-601-217-287-4
Оқулықта пəн курсының мазмұнына қатысты ғарыштық геодезия мен
жерсеріктік позициялаудың негізгі міндеттері, əдістері, студенттердің GPS-
пен жұмыс жүрізуіне қатысты, Жер серігінің радионавигациялық жүйелері
туралы деректер келтірілген. Сонымен қатар, оқулықтың теориялық жағы
біздің ғарышкерлеріміздің Жерді қашыктан зондтау арқылы алынған ға-
рыштық cypeттерімен, оларды өңдеу жəне талдаудан алынған нəтижелер мен
жəне де ҚР Ғарыштық зерттеулер институты мен Астрофизика институты
ғалымдарының зерттеулерімен толықтырылған.
Əр тараудың соңында студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған
бақылау сұрақтары жəне глосарий берілген.
Оқулық «Ғарыштық геодезия» пəні бойынша «05071100 - Геоде-
зия жəне картография» мамандықтары студенттеріне, магистранттарға,
докторанттарға жəне ғылыми қызметкерлерге арналған.
ƏОЖ 528 (075.8)
Пікір жазғандар:
Техника ғылымдарының докторы, профессор Х. М. Касымханова;
Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик А. Ф. Мухамедгалиев;
Техника ғылымдарының докторы, профессор Ф. К. Низаметдинов.
© М. Б. Нұрпейісова жəне т.б., 2012
© ҚР Жоғары оқу орындарының
қауымдастығы, 2012
3
АЛҒЫ СӨЗ
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі нің
бағдарламасына сəйкес оқу жүйесін жəне білім беруді инно-
вациялық жолға қою қолға алына бастады. Соның ішінде жоғары
оқу орындарында «Геодезия жəне картография» мамандықта-
рына «Ғарыштық геодезия» пəнін оқытуды жақсарту, оның
оқулықтарын жазу міндеті алға қойылып отыр. Қолданыстағы
ғарыштық геодезия оқулықтары, негізінен алғанда, шетелдік
кітаптардың орыс тіліндегі аудармалары немесе орыс тілінде
жазылғандар. Сондықтан оқу жүйесін оқулықтармен қамтамасыз
ету – бүгінгі күннің басты талабы.
Оның үстіне қазіргі пайдаланып жүрген В. И. Зарубинский
мен А. А. Изототардың «Основы спутниковой геодезии» (197),
И. И. Краснорылов пен Ю. В. Плаховтардың «Основы космиче-
ской геодезии» (1976), В. Н. Баранов «Космическая геодезия»
(1986) т.б. оқулықтардың тілі ауыр əрі пəннің ғылыми негіздері,
фактілері мен мысалдары шетелдік материалдар арқылы берілген.
Мұның өзі дүниежүзіндегі аса ірі ғарыш айлағы – Байқоңыры
бар, Байқоңырдан 4.10.1957 жылы алғашқы Жердің жасанды
серігі жəне 12.04.1961 жылы дүние жүзіндегі тұңғыш ғарышкер
Ю. А. Гагарин ғарышқа ұшырылған, содан бері ғарышқа 300-ден
астам адам ұшса, оның ішінде қазақстандық Т. О. Əубəкіров пен
Т. А. Мұсабаев сынды ғарышкерлері де бар, еліміздегі жүргізіліп
жатқан ғарыштық зерттеулердің негіздерін өз мағынасында оқыту
деңгейіне сай келмейді.
Республикамыздың техникалық жоғары оқу орындарында
«Геодезия жəне картография» мамандықтарын осы күннің
тала бына сай даярлауда. Десек те, осы мамандыққа қажетті
«Ғарыштық геодезия» пəнінен мемлекеттік тіл түгіл, орыс тілінде
жазылған оқулық мүлдем жоқ.
Ұсынылып отырған оқулық ғарыштық геодезия ғылымының
қалыптасуы, даму кезеңдері, ғарыштық аппараттар, ғарыштық
4
байланыстар, ғарыштық барлау, ғарыштық зерттеулер, ғарыштық
түсірім, ғарыштық геодезиядағы координаталар жүйелері, Жер
серіктерін бақылау əдістері, ғарыштық мониторинг, қашықтан
зондылау мен олардың деректерін математикалық өңдеу жəне
геоақпараттық жүйелер технологиясының əдістері негізінде
Қазақстан аумағындағы экологиялық табиғи-ресурстық монито-
ринг жүйелерін құру туралы мəселелерді қамтиды.
Бүгінде Қазақстан үшін ғарыш саласының алар орны ерек-
ше. Əлем біздің ғарыш айлағымызды «Жердің бірінші ғарыш-
тық айлағы» деп мойындап отыр. Ғарышты игеруге басталған
қадамға көп уақыт өтпесе де, адамзат баласы бұл бағытта айтулы
жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді. Сөйтіп бұл оқулық ғарыштық
зерттеулердің бүгіні мен болашағы туралы оның жалпы адамзат-
қа беретін құндылықтары экономикалық, əлеуметтік жағдайын
жақсарту
ға тигізетін əсері жөнінде оқушыларға тереңірек,
толыққанды мағұлмат беру мақсатында жазылды.
5
КІРІСПЕ
1. Ғарыштық геодезияның мазмұны, мəні жəне əдістері
«Геодезия жəне картография» мамандығы бойынша студент-
терге оқытылатын «Ғарыштық геодезия» пəнінің инженер-гео-
де зистер мен картографтар дайындауда маңызы зор. Оқулықтың
мақсаты – болашақ мамандардың жердің жасанды серігі (ЖЖС)
мен ғарыштық геодезия есептерін шешудегі білімдері мен талап-
тарын жəне ой өрісін кеңейту.
Ғарыш араб тілінде – кеңістік, космос деген сөздің мағына сын
білдіреді.
Ғарыштық геодезия (ҒГ) – Жердің жасанды серіктерінің,
ға рыштық кемелер мен аппараттардың көмегімен жер беті нүк-
телерінің геометриялық арақашықтықтарын, Жердің гравита-
ция лық өрісін, жер бетіндегі табиғи жəне адамның инженер лік
əре кеттеріне байланысты өзгерістерді зерттейтін геодезияның
бір саласы. Ғылым мен техниканың кейінгі жылдарда қарқын-
ды дамуы координаталар мен координаталар өсімшелерін анық-
таудың ең дəл ғарыштық əдісін жасауға мүмкіндік туғызды. Бұл
əдісте геодезиялық тораптардың бекітілген ( қозғалмайтын), ко-
ординаталарын кез келген уақытта есептеп алуға болатын жыл-
жымалы серіктері пайдаланылады.
Ғарыштық геодезияның негізгі талаптары:
- Жердің, Айдың жəне планеталардың тəуліктік қозғалысын,
өлшемін жəне пішінін сипаттайтын іргелі тұрақты шама-
ларын жəне олардың уақыт бойынша өзгеруін анықтау;
- арнайы тірек пункттерін құру жолы арқылы геоцентрлік
жəне планетоцентрлік координат жүйесін құру;
- планеталардың сыртқы гравитациялық өрісін зерттеу;
- əртүрлі мақсаттар үшін қолданылатын планета мен Жер-
дің ғарыштық суреттерімен байланысты қолданбалы есеп-
терді шешу.
ҒГ-ның есептерінің геодезияның есептерімен толық ұқсастығы
бар. ҒГ-ның артықшылығы геодезияның есептерін қысқа уақыт
Достарыңызбен бөлісу: |