1-дәріс: Кіріспе
Дәрістің жоспары:
1 Пәннің мақсаты мен қарастыратын мәселелері.
2 Стандарттаудың даму сатылары.
3 Ұлттық стандарттаудың пайда болуы.
4 Халықаралық стандарттаудың даму кезеңдері.
5 Қазақстан Республикасында стандарттаудың даму тарихы.
1 «Стандарттау және метрология» пәні үш бөлімнен тұрады, олар бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді, сондықтан бұл пәндерді бір оқулық курста оқыту әрбір қызмет бағытының маңыздылығы жөнінде толық түсінік береді.
«Стандарттау» атты бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы стандарттаудың құқықтық, ұймдастырушылық және әдістемелік негіздері беріледі. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар, оларды жасау, бекіту және қолдану тәртібі.
«Сертификаттау» атты екінші бөлімі Қазақстандағы сертификаттаудың ұйымдастырушылық-әдістемелік және құқықтық принциптерге арналады.
«Метрология» атты үшінші бөлімінде метрология нысаны ретінде өлшеулер, халықаралық сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық қатынастарда өлшемдердің бірлігіне жетудің рөлі мен мәні қарастырылады.
Осы пәннің басты мақсаты студенттерге кәсіпорындардың сыртқыэкономикалық қызметтерінің дамуына қажетті және Қазақстаннның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі үшін халықаралық сертификаттау жүйелерінің деңгейіне жету үшін стандарттау, сертификаттау, метрология салалары жөнінде білім беру.
Пәнді оқытудың басты мәселесі – студенттерге өнімнің, қызметтердің, технологиялық процестердің параметрлерінің әдістері мен ережелері жөнінде түсінік беру; сонымен қатар студенттерді стандарттаудың, сертификаттау мен метрологияның даму тарихымен, олардың өнімнің сапасын жоғарлатудағы рөлімен, құқықтық, ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздерімен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйелерімен, ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейлерде стандарттау және сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарымен таныстыру; өлшемдер, олардың бірлігін қамтамасыз ету әдістері мен құралдары және қажетті дәлдікке жету тәсілдері жөнінде теориялық және тәжірибелік дағдылар беру.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер келесілер жөнінде түсінік алады:
- метрологияның, стандарттау мен сертификаттаудың тарихы мен олардың Қазақстан мен шетелдегі қазіргі жағдайы туралы;
- өлшеулер, олардың бірлігін қамтамасыз ету әдістері мен құралдары жөнінде;
- қажетті дәлдікке жету тәсілдері жөнінде;
- дамыған елдерде стандарттау қызметінің ұйымдастыруы туралы;
- стандарттау және сертификаттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдары жөнінде;
- метрология, стандарттау мен сертификаттау арасындағы байланыстары жөнінде.
Сонымен қатар студенттер пәнді оқу барысында келесілерді білуі керек:
- стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік материалдарын;
- стандарттар мен өлшем бірліктеріне ведомствоаралық және ведомстволық бақылау жүйелерін;
- физикалық шамалардың бірліктерін қайта-өңдеу теориясы мен олардың өлшемдерін тасымалдау;
- өлшемдер мен өлшеу құралдарының нәтижелерін өңдеу әдістерін, олардың метрологиялық сипаттамаларын;
- өнімнің сертификаттау технологиясы мен ұйымдастыруын, өнімге сынақ жүргізу мен оны қабылдау ережелерін.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер келесілерді қолдануды білуі керек:
- стандарттау, сертификаттау мен метрология жөніндегі жұмыстарды жоспарлау мен жүргізудің компьютерлік технологиясын;
- өлшемдердің нәтижелерін өңдеу мен олардың дұрыстығын талдау әдістерін;
- өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізу кезінде өнімнің және процестердің сапасын бақылау әдістерін;
- өнімнің сапасы жөніндегі мәліметтерді талдау әдістері мен ақаулардың пайда болуын табу тәсілдерін;
- стандарттау, сертификаттау жөніндегі жұмыстардың экономикалық тиімділігін есептеу әдістерін.
Достарыңызбен бөлісу: |