Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет51/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   61

192
Қалалық жəне ауылдық жерлерді əуелік түсірістер арқылы 
танып білудің жəне территориялық талдау жасаудың бірнеше 
əдістері бұрыннан белгілі. Кейінгі кезде ғарыштық суреттерді 
өңдеу үшін Landsat TM деректері мен KWR-1000 сканері қол-
данылуда. Бұл əдісті қолдануда ғарыштық суреттер жоғары 
дəрежедегі кеңістіктік шешіліммен алынады жəне үлкен қалалар 
территориясын бейнелеуде кеңінен қолданыс табуда. 
Үлкен қалардың жоспарлау қызметі қажетті карталарын ар-
зан да жылдам жаңартып отыруға мұқтаждығын ескере келе, 
басқалармен салыстырғанда қарапайым, дəлдігі жоғары жəне 
тиімді технологияны пайдалануға болады. Мəселен, Колум-
бияның Барранквил қаласының жаңа технология - SPOT ЖЖС-
нен алынған суреттері, қаланың ЖҚЗ мен ГАЖ арқылы алдын 
ала құрылған сандық картасымен салыстырғанда, қалалық тер-
риторияның жоспарланбаған жерлері бар екендігіне көз жеткізген.
Екіөлшемдік жəне үшөлшемдік бейнелері арқылы құр 
лыс-
тарды жоспарлаудың автоматтык əдістері де қолданылады. 
Қала жағдайын жан-жақты зерттеу кезінде биологиялық, 
эстетикалық жəне басқа да атқаратын функцияларын көрсету 
қажеттігі туындайды. Оларды Lansat ЖЖС алынған инфрақызыл 
дипазондағы суреттерден тануға болады. 
КФА-1000, КФА-3000 КВР арқылы алынған жоғары ше шім-
ділікті суреттерден құрастырылған ортографиялық карталар қа-
ланың өсу динамикасын зерттеуде кеңінен қолданылады.
Қазақстанның Алматы жəне Астана сияқты үлкен қалала-
рын карталау «Қала» бағдарламасы бойынша мына əдістеме мен 
жүргізілді:
1. Қолда бар карталарды растрлі жəне векторлы тұрге келтіру.
2. Францияның SPOT ЖЖС 10 м шешімділіпен панхромдық 
түсірімдер жүргізу.
3. Ресейдің «Ресурс-03» ҒА-нан 40 м шешімділікпен түрлі-
түсті түсірімдер жүргізу.
4. Нысандарды координаталық байланытыру, радиометрлік 
түзету жəне теңестіру.
5. Arclnfo жəне ERМapper бағдарламалары негізінде ғарыш-
тық суреттерді пайдаланып карталарды жаңартудың технология-
сын жасау. 


193
9.19-сурет. Алматы қаласының SPOT ЖЖС-нен 10 м шешімдікпен 
түсірілген ғарыштық суреті
9.20-сурет. Алматының GPS – түсірімдік суреті
13–246


194
Осы əдістеме бойынша Алматы жəне Астана қалаларының 
карталары жаңартылды.
Географиялық байланыстыру ERМapper бағдарламасы не-
гізінде GPS аспабымен жүргізілді, оның координаттарды анық-
тау дəлдігі 10 м шамасында. Түсірімдер кезде 50-ден артық 
нүк 
телердің (оның ішінде Медеу мұз айдыны мен Бұрындай 
поселкесінің) координаттары анықталды. Əрі қарай Arclnfo ар-
қылы карта жасалды(9.19 жəне 9.20-суреттер).
Сонымен қатар, Алматы қаласы жер бедерінің үшөлшемді 
моделі алынды. Оның негізіне биіктік изосызықтары 25 м жүр-
гізілген Алматы қаласының картографиялық мəліметі алынды. 
Жер бедерінің үшөлшемді моделі TIN Arclnfo бағдарламасы 
арқылы құрылады (9.19-сурет)
9.21-сурет. Жер бедері: а - Алматы жəне ə - қала төңірегі
Қаланың электронды картасын жасау процесі CalComp жəне 
Kurta XLC дигитайзерлері арқылы Arclnfo бағдарламасында 
жүргізіледі. Сөйтіп, Алматы қаласының векторлық деректері 
(кварталдары, көшелері, қала шекаралары, парктер, су нысан-
дары, үлкен қала сыртына шығатын жолдар, ауылды мекендер, 
бедер жəне т.б.) бар электрондық картасы жасалынды. Жаңадан 
алынған деректер бұрынғы мəліметтерді толықтырады жəне кар-
та басқа атрибутивті ақпараттарға ие болады (9.22-сурет). 
Автоматты түрде карта жасау əдістемесі бойынша Аста-
на қаласы да карталанды. Карта жасау үшін «Ресурс-03» ҒА-ан 


195
МСУ-Э сканерімен түсірілген ғарыштық суреттер (9.23-сурет) 
пайдаланылады. Елордамыз Астананың көшелері, кварталдары 
мене жасыл нысандары, жəне де барлық атрибуттық ақпараттары 
бейнеленген электронды картасы жасалынды. 
9.22 - сурет Алматы қаласының электронды картасы
9.23- сурет. Астана қаласының «Ресурс-03» ҒА түсірілген сканерлік суреті


196
2. Қаланың ластануын зерттеуде ГАЖ-ды қолдану. Үл-
кен қалалар территориясының экологиялық жағдайын зерттеу-
дің əртүрлі əдістері, оның ішінде ең тиімді де жəне кеңістігінен 
қолданыстағысы қашықтан зондтау əдісі. Ғарыштық суреттер-
ді пайдалану арқылы қала атмосферасы, литосферасы жəне 
гидросферасының шектен тыс ластануын зерттеуге арналған 
ғылыми жұмыстар өте көп. 
Солардың бірі Қ. И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың ат-
қарған, қашықтан зондтылау деректерін қолдану арқылы қа-
ланың тұрмыстық қатты қалдықтары полигонын мониторингтеу 
жұмысы. «Қарасай» қатты қалдықтар полигонындағы литос-
фералық мониторингтау кезінде түсірілген ғарыштық бейне 
9.24-сурете берілген. ЖҚЗ-дың деректері əр деңгейдегі ГАЖ-
дарды құруда таптырмайтын жəне өте тиімді мəліметтер болып 
есеп теледі.
Алматы қаласының жергілікті ГАЖ ның құрамына мыналар 
кіреді:
-  Алматы қаласының қажетті топографиялық қарта қабатта-
рын жасау үшін ГАЖ-дың базалық топографиялық негізін 
(1:2000) құру;
- деректер базасы мен экологиялық жағдайларды бағалау 
-
дың компьютерлік əдістемесін ГАЖ жүйесіне енгізу;
9.24-сурет. «Қарасай» ТҚҚ полигонының ғарыштық суреті 


197
- функционалдық есептер мен қосымша моделдерді құруды 
ГАЖ жүйесіне енгізу;
- ГАЖ-ға қажетті бағдарламаларды сатып алу, орнату жəне 
жөндеу.
- ГАЖ-да жұмыст істеуге мамандарды үйрету:
Полигон территориясында ғарыштық мониторингпен қатар 
жер бетінде де зерттеу жұмыстары жүргізілді. Суреттегі 1-9 
нүктелер - топырақтан сынақ алу пункттері. Сөйтіп, еліміздегі 
ең ірі кəсіпорындар мен мəдени орталығы болып саналатын Ал-
маты қаласының жоғарыда көрсетілген, бірінші кезекте тұрған 
мəселерін шешу үшін, бірнеше мамандандырылған қалалық ме-
кемелер өз қызметтерін атқаруда. 
Бүгінгі таңда қала бойынша «Алматының Бас планы» ГАЖ-ы, 
«Қала экологиясы» ГАЖ-ы, «Қоршаған ортаны басқарудағы 
ГАЖ», «Денсаулық сақтаудағы ГАЖ», «Төтенше жағдайларды 
басқарудағы ГАЖ» сияқты жүйелер бар. Осы ГАЖ-дардың 
барлығы əртүрлі жəне көп ақпараттарды жинаумен, оларды тал-
даумен тығыз байланысты. 
Аумақтық ақпараттық жүйе құруда ГАЖ-технологиясын 
қол 
дану географиялық кеңістіктік мəліметтер базасын құруға 
мүмкіндік береді. Ең негізгі ерекшелігі атрибуттық жəне гео-
графиялық құрылымдарының тығыз байланыстылығы, яғни ат-
рибуттық бөліктеріндегі барлық өзгерістер географиялық бөлі-
мінде автоматты түрде бейнеленетіндігі.
Жалпы қала туралы үлкен көлемді мəліметтер қоры Алматы 
қаласының архитектура Департаментінде, сейсмология институ-
тында, ғарыштық зерттеулер институттарында жəне басқа да ме-
кемелерде жинақталған.
Бақылау сұрақтары: 
1. ЖҚЗ деректерін дешифрлеуді қалай түсінесіз? 
2. Дешифрлеудің негізгі компоненттері
3. Лазерлі аэротүсірістің негізiнде не жатыр?
4. Микротолқынды радиометр не үшін қолданылады? 
5. ГАЖ жəне оның компонентері
6. ГАЖ-дағы деректер дегенді қалай түсінесіз?
7. Экологиялық карталарды жасаудың ерекшеліктері.
8. ЖҚЗ деректері арқылы карталарды жасау жəне жаңарту. 


жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау