100
6. Өнім, жұмыс жəне қызмет түрлерін сатуды ұйымдастыру – тап сондай
аймақта жұмыс жасайтын жəне ұқсас жұмыс, қызмет түрлерін орындайтын
кəсіпорындарды
бағалау
жүзеге
асырылады; аталған
кəсіпорынның
мүмкіндіктері, бəсекелес-кəсіпорындардың өндірістік жəне өндірістік емес
мүмкіндіктерімен қатар талданады; тұтынушылардың таңдаулары зерттеледі.
Маркетингтік зерттеу ақпарат жинаудан басқа, оны жүйелендіру мен
талдауды да жүргізеді. Бұл жағдайда екі негізгі міндет шешіледі: нарық
конъюнктурасын (геологиялық
қызметке
сұраныстың
деңгейі
мен
номенклатурасын) бағалау жəне геологиялық қызмет түрлерінің əлеуетті
тұтынушыларын анықтау (нақты тапсырыс беруші кəсіпорындарды,
геологиялық жұмыстардың номенклатурасы мен көлемдерін, сондай-ақ оларды
өндірудің ықтимал бағаларын анықтау).
Маркетингтік зерттеу үдерісі мына төрт кезеңнен тұрады: зерттеу
мəселесі мен мақсаттарын анықтау; зерттеу жоспарын дайындау; зерттеу
жоспарын жүзеге асыру; алынған нəтижелерді интерпретациялау жəне оларды
басшылық назарына ұсыну.
Зерттеу мəселесі мен мақсаты ретінде негізінен, геологиялық нарықты
зерттеу жəне геологиялық жұмыстарға тапсырыс берушілерді анықтау.
Зерттеу жоспарын əзірлеу мына операциялардан тұрады:
кəсіпорынның геологиялық қызмет нарығының жағдайы туралы
қажетті ақпаратқа деген сұранысын анықтау;
ақпаратты жинаудың əдістері мен құралдарын таңдау. Алғашқы жəне
қосымша ақпараттарды ажыратады: алғашқы – бақылау, тексеру, сауалнамалық
сұрақ-жауап алу, сұхбаттасу (жеке жəне телефон бойынша) арқылы жиналған
мəліметтер; қосымша – маркетингтік зерттеу мəліметтерінің мақсатынан басқа
мақсатта, бұрын сыртқы жəне ішкі дереккөздерден жиналған мəліметтер.
мысалы, үкіметтік басылымдардан, биржалық бюллетеньдерден, статистикалық
жинақтардан, мерзімді баспасөзден, фирмаішілік есептерден, атап айтқанда,
жер қойнауын пайдаланушылардың аумақтық геологиялық комитеттерге
тапсыратын есептерінен;
зерттеулерді өткізуге жұмсалатын қаржы шығындарын, олардың
өткізілу кезегін, зерттеудің қайсыбір бағытына жауаптыларды анықтау.
6.5 Кəсіпорнындағы жоспарлар жүйесі
Кəсіпорнындағы жоспарлау – бұл нəтижесінде кəсіпорын мақсаттары,
оларға қол жеткізу тəсілдері жəне уақыт пен кеңістіктегі нақты əрекеттермен
байланысатын үдеріс.
Жоспарлау нəтижесінде жоспарлар жүйесі пайда болады. Кəсіпорындары
мен ұйымдарының жоспарлар жүйесі бірқатар белгілер бойынша ажыратылады.
І. Қабылданатын жоспарлау кезеңінің ұзақтығына қарай: ұзақмерзімді
негізгі жоспарлар, бағдарламалар, болжамдар (10, одан да көп жыл); орта
мерзімді болашақты жоспарлау (5 жылға дейін); қысқа мерзімді немесе жылдық
(1 жыл); жедел.
101
Ұзақмерзімді жоспарлар мен болжамдар, мемлекеттік басқару
органдарының республикалық немесе аймақтық деңгейлерінде, елдің
минералды-шикізат базасы дамуының ұлттық міндеттерін жүзеге асыру
мақсатында жүргізіледі. Сондай-ақ, ірі бірлестіктерде немесе компанияларда
дербес ұзақмерзімді міндеттерді шешу үшін əзірленеді. Мұндай жоспарлардың
мақсаты – экономикалық дамудың ғаламдық мақсаттарын анықтау.
Орта мерзімді жоспарлар кəсіпорын қызметінің аумағы немесе
нысаналары шегінде жұмыстарды жүзеге асыру жəне дамыту үшін жасалады.
Жоспарлаудың бұл түрі, кəсіпорынның экономикалық, техникалық жəне
əлеуметтік дамуының орта мерзімді міндеттерін анықтауға бағдарланады.
Сонымен қатар, бұл жоспарлар шаруашылық қызметтің негізгі өндірістік-
экономикалық пропорцияларын орнатады. Орта мерзімді жоспарларды əзірлеу
мемлекеттік тапсырыстар (минералды-шикізат базасы дамуының мемлекеттік
немесе аймақтық бағдарламалары аясында алынған) негізінде, өнеркəсіптің
өндіруші салаларының тапсырыстары, т.б. негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Жоспарлау үдерісі үздіксіз болып екі бесжылдық жоспар арасында
алшақтық пайда болмауы мақсатында, көптеген геологиялық ұйымдар
жылжымалы (өтпелі) жоспарлар құрады. Жылжымалы жоспарда өткен жылдың
орнына əркез жаңа жыл қосылып отырады (мəселен, 1994-1998 жж. жоспарда
1994 ж. аяқталғаннан кейін, 1999 ж. қосылып, жаңа бесжылдықтың шектері
анықталады – 1995 жылдан 1999 жылға дейін). Бұл жерде нарық, технология,
саясат, кəсіпорынның ішкі факторлары жағдайында алдыңғы (1994) жылы
болған өзгерістер ескеріліп, жаңадан құрылған жоспарларға қажет өзгерістер
енгізіледі.
Жылдық жоспарлар неғұрлым толық болып келеді. Олар кəсіпорынның
өндірістік бағдарламасын анықтайтын бөлімдерді (əрбір нақты өндірістік
бөлімшеге арналған бағдарламалар), инвестициялық саясатты, материалдық-
техникалық жабдықталуды, техникалық даму бағыттары мен кадрлық саясатты
қамтиды (8-сурет).
Жедел өндірістік жоспарлау жылдық жоспарлаудың жалғасы, əрі аяғы
болып табылады. Ол іс жүзінде өндірісті жоспарлау мен ағымдағы басқару
арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Жедел-өндірістік жоспарлау жүйесі ретінде, тікелей орындаушыларға
жылдық жоспардың міндетті тапсырмаларын жеткізу мен олардың орындалуын
қамтамасыз ету бойынша міндеттер кешенін шешу əдістері мен жолдарының
жиынтығы саналады. Жедел жоспарлар бір тоқсанның əрбір айына бөлек
əзірленеді.
ІІ. Шығарылатын өнімнің – жұмыс немесе қызмет түрінің – ақырғы
нысанына сəйкес, жоспарлар былай бағдарлануы мүмкін: пайдалы қазба
қорларының өсімі немесе неғұрлым жоғары санаттарға ауыстыру; геологиялық-
түсіру немесе карта құрастыру жұмыстары; гидрогеологиялық жəне
инженерлік-геологиялық жұмыстар; мұнай мен газға арналған терең іздестіру-
барлау жəне эксплуатациялық ұңғымалар құрылысы есебінен, негізгі өндірістік
қорларды құру; ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстар;
Достарыңызбен бөлісу: |