Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет34/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85

97
зерттеуге бағытталған жұмысты ұйымдастырып, маркетингтік қызметті  жүзеге
асырады. Нарықты  зерттеу    тұтынушылардың  өнім  сапасына, техника-
экономикалық 
параметрлеріне, жаңашылдығына, дизайнына 
қатысты
сұраныстардың  мұқият  ескерілуін  де  қамтиды. Нарық  пен  тұтынушылар
сұранысын  кешенді  зерттеу  негізінде  ғылыми-техникалық, ассортименттік,
технологиялық, сату, ресурстық  саясаттар  қалыптастырылады; өндірістің
қолайлы құрылымы мен жұмыс нəтижелерін жүзеге асырудың барынша тиімді
жолдары анықталады.
Геологиялық  кəсіпорын  жағдайында  маркетингті  екі  бағытта  жүргізген
дұрыс: мемлекеттік  қажеттіліктерге  қатысты  жұмыс  пен  дербес  шаруашылық
қызмет  түрінде  орындалатын  жұмыстар  бойынша. Бірінші  жағдайда,
кəсіпорынның  республикалық  геологиялық  бағдарламаны  жүзеге  асыруға
болашақ қатысуының бағасын алу, болашақ жұмыстардың құрамы мен көлемін,
конкурстың  өткізілу  орнын, тəртібі  мен  шарттарын  анықтау  үшін  əрекет
жасалады. Алынған  мəліметтерді  ескере  отырып, өндірістік  қорларды
инвентаризациялау, мамандарды  біліктендіру  арқылы  кəсіпорын  жағдайы  мен
мүмкіндіктерінің  бағалануын  жүзеге  асыру  қажет. Мұндай  инвентаризацияны
өткізу, кəсіпорынға  мемлекеттік  тапсырыс  алу  үшін  қажет  болуы  мүмкін
нəрселер туралы нақты түсінік береді.
Конкурстық  негіздегі  мемлекеттік  тапсырыстарды  орналастыру,
келешекте  осындай  тапсырыстарды  алу  аясындағы  маркетинг  қызметінің
ерекше  сипатын  болжайды. Мұнда, ең  бастысы – дайындауға  жоспарланып
отырған  жəне  əзірленіп  жатқан  геологиялық  бағдарламалар  туралы  кеңінен
хабардар  болу  жəне  оларды  орындау  барысына  қатысу  мүмкіндігін  алдын  ала
анықтау. Бұл  жағдайда  назар  аударылып, зерттелетін  нысана  ретінде  тек
ықтимал  тапсырыстың  ауқымдары  ғана  емес, сондай-ақ  оның  уақытқа  қарай
бөлінуі  де  болуы  тиіс. Экономикалық  жағдай  мен  əлеуетті  бəсекелестердің
болуын  білу  де  өте  маңызды. Осы  негізде  кəсіпорынның  тапсырыс  берушіге
өзара  тиімді  мəміле  жасасуды  ұсына  отырып, конкурсқа  қатыса  алатындай
талаптарды анықтап, əзірлеуі қажет.
Конкурс  барысында  жағдайға  байланысты, тапсырыс  беруші  өзіне  онша
тиімді болмайтын нұсқалардан  неғұрлым  тиімділеріне  жедел  өту  мүмкіндігіне
ие  болу  үшін, бұл  талаптарды «минимум – максимум» қағидасы  бойынша
қалыптастырған жөн.
Кəсіпорын  аумақтық  геологиялық  комитеттер  жəне  аймақтық
геологиялық  орталықтармен (басқармалармен), ал  мүмкін  болған  жағдайда,
өздерінің  сəйкес  өкілеттіктері  бар  арнайы  уəкілдері  арқылы  тікелей
министрліктің салалық басқармалары мен бөлімдерімен жүйелі қатынас  жасап
отыруы керек.
Дербес шаруашылық қызметтегі табыстар көбіне геологиялық, өндірістік
қызметтерге  деген  тұтынушылық  сұранысты  білумен  жəне  білікті
ұйымдастырылған  жарнамамен  шартталады. Бас  геолог  пен  бас  инженер
қызметтері, кəсіпорынның  геологиялық  жəне  өндірістік  қызметтеріне  тұрақты
сұранысты  қамтамасыз  ету  үшін, тапсырыс  берушілерге  ұсына  алатын


98
жұмыстары мен  зерттеулері  туралы  ақпаратты үнемі  дайындап, орналастырып
отыруы тиіс.
Геологиялық  ұйымдардың  қызметін  пайдаланатын  өндіруші, т.б.
кəсіпорындардың  мамандарына  сауалнама  өткізу  жөнінде  іс  шара  да  пайдалы
болуы  мүмкін. Оның  негізінде  жұмысқа  деген  болашақ  сұраныс  дəрежесіне
қарай үш  топ  қалыптастыруға болады: 1) мамандардың  бағалаулары бойынша
сұранысы  артатын  жұмыстар; 2) сұранысы  төмендемейтін, тұрақты  бір
деңгейде  қалатын  жұмыстар; 3) сұранысы  төмендеуі  мүмкін  деп  күтілетін
жұмыстар.
Алынған  мəліметтер  кəсіпорын  жұмысындағы  басым  бағыттарды
анықтауға, тапсырыс  берушілермен  келісім  жасасу  жүйесін  реттеуге,
кəсіпорынның  аман  қалуына  бағытталған  өндіріс  пен  баға  құрау  саясатын
қалыптастыруға септігін тигізе алады.
Нарықты  сегментациялауда  қолданылатын  маркетингтік  ақпарат  жүйесі
төмендегідей сұлбамен берілуі мүмкін (7-сурет).
7-сурет. Маркетингтік ақпарат жүйесі
1. Ішкі есептілік мыналардан тұрады:
  тапсырыстың  жоспарды  құру  сəтінде  қолданыста  болған  жəне
келешектегі көлемі;
  тау-кен-геологиялық  тапсырыстарды  жүзеге  асырумен  байланысты
өндіріс шығындары;
 есепті кезеңдегі тапсырыс көлемдері мен оларды орындау көлемдерінің
жоспарлы жəне нақты көрсеткіштері ақшалай жəне заттай көрсеткіш түрінде;
  негізгі  өндірістік  қорларды  пайдаланудың  күнтізбелік  уақытының
құрамы, құрылымы, техникалық сипаттамасы;
  материалдық  қорлар  жəне  өнім, жұмыс, қызмет  түрлерін  орындаудың
аяқталмаған көлемі;
 еңбек пен еңбекақыны пайдаланудың көрсеткіштері;
 кəсіпорынның қаржылық жағдайының көрсеткіштері.
2. Сыртқы ақпарат мыналарды қамтиды:
 тау-кен-геологиялық кəсіпорындарға əлеуетті тапсырыстар беру туралы
инвестициялау бағыттары бойынша мəліметтер;
Маркетингтік орта
Маркетингтік
ақпарат жүйесі
Маркетингтік іс-
шара
Ішкі
есептілік
Ішкі ақпарат
Маркетингтік
зерттеулердің
мəліметтері
Ақпараттарды
талдау


99
  тау-кен-геологиялық  кəсіпорындардың  жұмыс, қызмет, өнім
жасауларына қалыптасқан бағалар;
 нақты кəсіпорынға қол жетерлік нарық əлеуеті мен нарық сегменттері.
3. Маркетингтік зерттеулер – мына ақпарат қалыптасады:
 сату нарығының болжамды сипаттамалары;
  нақты  кəсіпорын  жұмыс  жасайтын, кəсіпорындар  арасында  нарық
үлестерін бөлуді талдау нəтижелері;
  бəсекелестер  танытатын  іскери  белсенділік  үрдістерін, сондай-ақ
олардың  жасайтын  тауарларын, жұмыстары  мен  қызметтерін  талдау
нəтижелері;
  тау-кен-геологиялық  кəсіпорындардың  өнімі, жұмысы  мен  қызметінің
бағаларын зерттеу нəтижелері.
Сұлбадан  көрініп  тұрғандай, маркетингтік  ақпарат  жүйесі  төрт  кіші
жүйеден тұрады.
4. Ақпаратты  талдау  арнайы  əдістерді (корреляциялық, регрессиялық,
факторлық, т.б.) қолдану  негізінде  жасалады. Оның мақсаты    басқарушылық
шешімдерді  қабылдау  үшін  ақтық  нұсқауларды  дайындау. Осы  бағыттағы
жұмыстардың  нəтижелері  бойынша, кəсіпорын  статистикалық, маркетингтік
ақпарат банкін құрайды немесе оны толықтырады.  Сондай-ақ үлгілер банкі деп
аталатын  банкті  қалыптастырады (баға  жасау, өнім  тапсырыстарын  бөлу, т.б.
үлгілер).
Нарықтың негізгі сипаттамаларын зерттеу кезеңдері.
1. Нарықтың  санды  параметрлерін  бағалау (бұл  кезеңде  нарық
сыйымдылығы, қаныққандылық  дəрежесі, жақын  болашақтағы  сыйымдылық
пен қаныққандылықтың өзгеру үрдісі, жобаланатын өнім, жұмыс, қызметтердің
ерекшеліктері, сұраныс үрдістерін зерттеу).
2. Нарықты  сегменттеу  мыналарды  қамтиды:  кəсіпорынның  өнімі,
жұмысы, қызметтеріне  арналған  нарық  сегменттерін  негіздеу; нарықтың
неғұрлым  келешегі  зор  сегменттерін  бағалау, өнім, жұмыс  пен  қызмет
сипаттамаларын  бағалау; осы  өнім, жұмыс  пен  қызмет  түрлеріне  деген  алдын
ала сұраныс.
3. Неғұрлым  келешегі  зор  нарықтарды  анықтау – бұл  кезеңде  өнім,
жұмыс  жəне  қызмет  түрлерін  сатудың  неғұрлым  келешегі  зор  нарықтары
анықталады; оларға  өнімді  тасымалдау  жəне  оны  сату  жағдайы; сатудың
сыртқы нарықтары.
4. Жұмыс пен қызмет түрлеріне қатысты тапсырыс көлемдерінің, оларды
сатудың  деңгейін  болжамдау - өнім  түрлері  мен  олардың  сатылу  көлемдері
жоспарланатын  кезеңнің  бірінші  жылына  жобаланады; бизнес-жоспар  құру
кезеңінде (3-5 жыл) сатылымдардың  немесе  өнімді  сатудың  болжамды  өсуі
анықталады; өнім бағалары болжамданады.
5. Əлеуетті  сатып  алушылар    өнімді  ықтимал  сатып  алушылардың
шеңбері  анықталады. Жоспарланатын  кезеңнің  бірінші  жылына  арнап, нақты
сатып  алушылар  немесе  тапсырыс  берушілер, сондай-ақ  тапсырыс  көлемдері
белгіленеді.


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау