94
Шектелген өсу стратегиясын тұрақты технологиясы бар салаларда жұмыс
жасайтын көптеген ірі кəсіпорындар қолданады. Бұл жағдайдағы даму
мақсаттары «қол жеткізілгеннен бастап» белгіленіп, жағдайдың өзгеруіне қарай
түзетіліп отырады. Егер кəсіпорынның жағдайы тұрақты болса, келешекте оның
басшылығы бұрын таңдалған стратегияны ұстанатын болады. Себебі, бұл
стратегия ең қарапайым жəне тəуекелі анағұрлым аз əрекет түрі болып
саналады.
Өсу стратегиясы көбіне технологиясы тез өзгеріп отыратын, қарқынды
дамып келе жатқан салаларда қолданылады. Оған кəсіпорын дамуы деңгейінің
алдыңғы жылдағы деңгейден айтарлықтай асып түсуін жоспарлау тəн. Өсу
стратегиясының негізгі модификациялары 6-суретте келтірілген.
Қысқарту стратегиясын кəсіпорындар соңғы тəсіл ретінде қарастырып,
оны өте сирек таңдайды. Бұл стратегия үшін мақсаттарды, бұрын қол
жеткізілген деңгейден анағұрлым төмен деңгейде белгілеу тəн. Қысқарту
стратегиясына, қызмет көрсеткіштері тұрақты нашарлау үрдісін танытқан
жағдайда жəне ешбір шара бұл үрдісті өзгерте алмаған кезде жүгінеді.
Құрама стратегия қарастырылған баламалардың – шектелген өсудің, даму
мен қысқартудың кез келген үйлесімі болып табылады. Құрама стратегияларды,
əдетте бірнеше салада белсенді жұмыс жасап келе жатқан ірі компаниялар
ұстанады. Мəселен, кəсіпорынның өз өндірістерінің біреуін сатуға немесе
таратуға жəне орнына бір немесе бірнеше басқа өндіріс сатып алуға мүмкіндігі
бар. Бұл жағдайда екі негізгі стратегияның – қысқарту мен өсудің үйлесімі
орын алады.
Негізгі стратегиялар жалпы стратегияның нұсқалары болып табылады.
Олар кəсіпорын мақсаттарына жауап беріп, тауардың өмірлік айналымының
сəйкес кезеңдерімен, түрлі маркетингтік факторлармен (сұраныс, бəсекелестік,
нарық мүмкіндіктері, орнын толтырушы-тауарлардың даму қарқыны, т.б.) жəне
технология деңгейімен келісілген болуы тиіс.
Аталғандармен қатар, мақсатқа жету барысында шешу қажет болатын
стратегиялық міндеттер қалыптастырылады. Міндеттерді шешу мерзімдері
(кезең бойынша) белгіленеді, жалпылама түрде қажетті қорлар анықталады.
Стратегиялық баламаларды жоспарлау мен оларды бағалаудың қатысты
бірнеше əдістемелік тəсілі бар. Кəсіпорынның жеке тауар түрлеріне қатысты
стратегиясын қалыптастыруда негіз болатын тəсілдердің біреуін қарастырып
көрелік (3-кесте).
95
6-сурет. Кəсіпорынның өсу стратегияларының нұсқалары.
3-кесте
Тауар жəне нарық мүмкіндіктерінің матрицасы
Нарықтар
Тауарлар
қолданыстағы
жаңа
Қолданыстағы
I."Жасап жатқаныңды арыттыр"
стратратегиясы
II.
Нарықты дамыту
стратегиясы
Жаңа
III. Жаңа өнім жасау стратегиясы
IV. Диверсификациялау
стратегиясы
Осындай матрицаның көмегімен жасалған стратегиялар болашақта
кəсіпорынның мақсаты мен тұжырымдамасына толық сəйкес болуына алып
келеді. Матрицада өнімдер мен нарықтардың бар-жоқтығына немесе тек
болашақта болатындығына қарамастан, барлық түрлері келтірілген.
Матрицаның əрбір квадранты қандай да бір нақты стратегияны, кəсіпорын
жұмыс жасап жатқан немесе болашақта жасап шығаратын, қолданыстағы
Интеграциялық өсу
·
Саланың басқа
кəсіпорындарымен
интеграциялану мүмкіндігі
·
Регрессивтік интеграция
(жабдықтаушылармен
бірігу немесе оларды қатал
бақылауға алу)
·
Прогрессивтік интеграция
(бөлу жүйесін иелену
немесе қатал бақылауға
алу)
Қарқынды өсу
·
Қызметтің қалыптасқан
ауқымдарындағы
кəсіпорын мүмкіндіктері
·
Нарықта терең ендіру
·
Нарық шектерін кеңейту
·
Тауарды жетілдіру
Диверсификациялық өсу
·
Сала сыртында
ашылатын мүмкіндіктер
·
Центрлес
диверсификация
(ассортиментті
кəсіпорынның
шығаратын тауарларына
ұқсас тауарлармен
толтыру)
·
Көлденең
диверсификация
(ассортиментті
кəсіпорынның
шығаратын тауарларына
ұқсамайтын, бірақ
қалыптасқан
тұтынушыларды
қызықтыратын
тауарлармен толтыру)
·
Конгломеранттық
диверсификация
(ассортиментті
қолданыстағы тауарлар
мен технологияларға
қатынасы жоқ
өнімдермен толтыру
96
немесе дайындық үстіндегі тауары мен нарығының сипаттамасы негізінде
анықтайды.
Квадрант І ұйым стратегиясының қолданыстағы өнімдер мен нарықтарға
бағытталғандығын көрсетеді. Бұл стратегияны шығындарды үнемдеу немесе
«жасап жатқаныңды арттыр» деп атайды. Бұл стратегияны кəсіпорын нарықта
көп таралмаған тауарларға немесе дамып келе жатқан нарықтардағы тауарларға
қатысты таңдай алады. Кəсіпорын дəстүрлі нарықтарда шығарылатын
тауарлардың сатылуын бəсекеге қабілетті баға қою, бірізді жарнама,
жеңілдіктер жүйесі, т.б. жолдар арқылы кеңейтуге тырысады.
Квадрант ІІ нарық дамуы стратегиясының сипатын, яғни біршама
уақыттан бері шығарылып келе жатқан өнімге арналған жаңа нарықтар құруды
білдіреді. Бұл стратегия жаңа географиялық нарықтарға, соның ішінде басқа
елдердегі нарықтарға да ену есебінен өз нарығын кеңейтуді; жаңа нарыққа
қолданыстағы нарық сегменттерін ендіру жəне белгілі өнімнің жаңа қолданылу
аялары анықталған кезде, түбегейлі жаңа нарықтарды меңгеруді қарастырады.
Бұл стратегияға, маркетингтік зерттеулердің үлкен көлемі мен жарнаманың
ақпараттық түрі тəн болады.
Квадрант ІІІ стратегиясы əбден қалыптасқан жəне бұрыннан меңгерілген
нарықтарға арнап, жаңа өнімдер жасауға бағытталуын білдіреді. Бұл стратегия,
кəсіпорынның тұтынушылардың ықыласына бөленген бірқатар табысты өнім
үлгілері болған кезде қолданылады. Ал кəсіпорын, жаңа өнім түрін жасап
немесе ескі тауарды модификациялап, оны өң көзқарас танытатын клиенттерге
сатады.
Квадрант ІУ диверсификациялау стратегиясы. Бұл стратегия
кəсіпорынды өзінің бір шаруашылық бөлімшесі қызметінің нəтижелеріне
немесе өнімнің бір ассортиментті жиынтығына тым тəуелді болдырмау үшін
қолданылады. Сонымен қатар, диверсификациялау стратегиясы, фирма
ықшамдалып жатқан немесе тоқырау күйіндегі нарықтарды тастап кетуді
қалаған жағдайда қолданылады. Бұл стратегия капитал мен тəуекелді неғұрлым
көп қажет етеді. Себебі, тұтынушылық көзқарасты алдын ала болжау мүмкін
болмайтын жаңа нарықтар үшін жаңа өнімдер жасауды қарастырады.
Стратегияны жоспарлау – уақыт шығындары мен айтарлықтай күш
салуды талап ететін басқарушылық қызметтің бір түрі. Стратегиялық
жоспарлау жүйесінің жұмыс жасауының тиімділігі ең алдымен, жоғарғы
басшылардың оған деген тұрақты назар аударуына байланысты.
6.4 Ұйымдардағы маркетинг
Геологиялық ұйымдардағы маркетингтік қызметтің мəні. Геологиядағы
маркетинг, жалпыға бірдей идеялардан əлеуетті тұтынушылардың
қажеттіліктерін ескере отырып, өндіруші мүдделерін қанағаттандырудан еш
ерекшеленбейді. Бұл мақсатта, кəсіпорын орындайтын жұмыс түрлері мен
қызметтеріне қатысты сұранысты, геологиялық зерттеулер нəтижелерін
Достарыңызбен бөлісу: |