54
негізін қалаушы ретінде аталады. Оньщ қүлпытасында былай деп жазылған:
«Менеджмент ғылымының атасы».
Ф. Тейлор түжырымдамасының негізгі ережелерін былайша бөліп көрсетуге
болады:
• тэжірибеде қалыптасқан ескі, дəстүрлі жүмыс тэсілдерін алмастыра
алатын гылыми фундаментті жасау, оның эрбір элементін гылыми
тұрғыдан зерттеу;
• ғылыми критерийлердің негізінде жүмысшыларды ірік-теп, оларды
жаттықтыру жэне үйрету;
• еңбекті үйымдастырудың ғылыми түргыдан эзірленген жүйесін іс жүзіне
енгізуде экімшілік пен жүмысшы-лардың ынтымақтастығы;
• экімшілік пен жүмысшыларға жауапкершілікті жэне еңбекті тең бөліп
беру.
Ф. Тейлор əрбір операцияны элементарлы қүрамдық бөлік-терге
бөлшектеудің жэне жүмсалған уақьпты есептеудің кө-мегімен жүмыстың
элдеқайда озық тэсілдерін анықтаудың мүмкіндіктеріне сенді.
Ф. Тейлор еңбекақы жүйесінің елеулі түрде кайта қүрылуына ықпал етті.
Ол белгіленген нормалардың орындалуына қарай қатаң дараланған əрі
сараланған түрде болды.
Ф. Тейлор шүгылданған жекелеген жүмысшының еңбегін оңтайландыру
мэселелерімен қатар еңбекті үйымдастырудың элдеқайда жалпы принциптерін
əзірлеу колга алынды.
«Классикалық» мектепке зерттеудің осы бағытының негізін Анри Файоль
(1841-1925 ж.ж..) қалады.
Ол өзінің «Общая и промышленная администрация» атты негізгі еңбегінде
экімшілік қызметін талдаудың жалпы тэсілде-месін жасауға талпынды.
Оның пікірі бойынша, экімшілік өзіне мына функцияларды (функцияларды
қамту аркылы элдеқайда кең ауқымдағы қызметті білдіретін басқару ісінің бір
бөлігін) қүрамақ:
- өндірістік,
- коммерциялық,
- қаржылық,
- кредиттік,
- есептік-бухгалтерлік,
- экімшілік.
А. Файоль кез келген экімшілік қызметте, оның пікірі бойынша
колдануға жарайтын принциптерді эзірледі. Оған жата тындар: еңбекті
бөлу, билік (бедел эрі жауапкершілік), тэртіп, біртүтас басшылық,
сыйақы, тендік, бастама (инициатива), корпоративтік рух.
Ол, сонымен катар, маңызды принциптерді бөліп көрсетті: басшылық
пен бүйрықтың (əміршілдіктің) біртүтастыгы.
55
Басқарудың «классикалық мектебі» одан əрі екі негізгі бағытта
дамыды - өндірісті оңтайландыру, басқарудың жалпы мэселелерін
зерттеу.
Бүл арада Г. Эмерсонның, Л. Урвиктің, М. Вебердің жəне Г. Фордтың
еңбектерін бөліп айтуға болады.
Г. Эмерсон «Двенадцать принципов производительности труда»
еңбегінде кəсіпорынды басқарудың мына принциптерін карастырып,
калыптастырды:
- əрбір басшы мен оның əр түрлі деңгейдегі бағыныштылары қол
жеткізуге ұмтылатын нақты белгіленген мақсаттар;
- алдағы кезеңнің максаттарын қоса ескеретін эрбір жаңа процесті
талдаудың мағынасы айқын тэсілдемесі;
- білікті кеңес (кеңес беру) - арнайы білімдердің қажет-тілігі.
Шынайы білікті кеңес тек алқалылық (коллегиальный) қана бола
алады;
- тəртіп (дисциплина);
- кызметкерге дүрыс қарым-қатынас жасау;
- жылдам, сенімді, дəл жəне түрақты есебі;
- диспетчерлеу - оперативтік басқару;
- нормалар жəне кесте;
- жаксы нэтижелер арқылы қол жететін жагдайларды нормалау;
- орындалу тізбегін (ретін) белгілеу үшін операцияларды нормалау;
- жүмысты орындаудың барлық ережелерін дəл бекітуді қамтамасыз
ететін жазбаша стандартты нүсқаулар;
- əрбір қызметкерді көтермелеуге бағытталған өнімділік
үшін сыйақы.
Өндірісті үйымдастыру мен басқарудың күрделі міндеттерін шешу
үшін қажет болатын кешенді тэсілдеменің мақсатқа лайықты болатынын эрі
оның қажеттілігін алғаш рет Г. Эмерсон айтты. Оңтайландыруды тиімділік
тұрғысынан қарастыру тэн (алғаш рет енгізілген үғым). Тиімділік дегенде,
шығындар мен нəтижелер арақатынасындағы ең көп шамадағы пайданы үғуға
болады. Бүл тұ_жырымдамаға артынан Василий Леонтьев -«шығын -
шығарылым» үлгісін жасаған Американың атақты экономисі де қосылды.
Л. Урвик басты назарын формалды түрғыдан үйымдас-тыруды қүратын
принциптерді эзірлеуге аударды. Онысы бү-гінгі таңда да өзінің көкейтестілігін
жоғалтқан жоқ. Құрылым-дағы адамдардың сэйкестігі, арнайы штабтың
құрылуы, қүқық пен жауапкершіліктің салыстырмалылығы, бақылау
диапазоны, мамандандыру, нақтылық жэне т.б. Бүлар оның тұжырымдама-
сының негізгі ережелері.
Осы мектептің өкілі, неміс əлеуметтанушысы Макс Вебер (1864-1920 ж.ж.) -
үйымдағы биліктің қүрылымы мен лидерлік мэселелерге жете назар аударды.
Ол «бюрократия» терминінің авторы.
56
«Форд моторе» компаниясының негізін қалаған америкалык кэсіпкер Генри
Форд (1863-1947 ж.ж.) «Мои достижения, моя жизнь» еңбегінде өз өндірісінің
негізгі принциптерін қалып-тастырды:
• Іскерлікте экімшілік аз болсын, экімшілікте іскерлік мол болсын.
• Дайын өнімдерді алып-сату (жалдаптык) нақты іспен үш қайнаса сорпасы
қосылмайды, ол «заң жолымен жобаға келмейтін үрлықтың əдетті түрі»
ретінде болады.
• Барлық адам тең деп санайтын қағидадан артық адам-затқа зиянды эрі
ақылга сыймайтын үғым жоқ шығар, сірэ.
• Біреудің ісіне қол сүгу - қылмыс, өйткені ол басқа бір адамның үстінен
арам жолмен пайда табумен бірдей эрі қара күштің үстемдігін орнатады.
• Көптің пайдасына арналған жүмысты қарақан басыңның камынан жоғары
қой. Пайдасы болмаса ешқандай іс алға баспайды. Пайда табуда
ешқандай жаманшылық жоқ.
«Адамдық қарым-" қатынастар» мектебі
Басқару теориясындағы жаңа бағыттың негізін қалаған америкалық ғалым -
Элтон Мэйо (1880-1949 жж.). Ол жү-мысшылардың тобымен бірлесіп 13
жылдай жүргізген тəжірибе-нің нəтижесінде мынадай қорытындыға келді:
жүмысшылардың еңбек өнімділігі еңбек жағдайы мен экімшіліктің əрекетіне
ғана байланысты емес, ол, сондай-ақ, жүмысшылар ортасының (формалды емес
шағын таптар деп аталатын) психологиялық жэне элеуметтік климатына да
тэуелді болады.
Ф. Херцберг, Рл. Ликарт, Дуглас Макгрегор, Фоллет Мэри Паркер жэне т.б.
осы мектептің көрнекті өкілдері.
Бүл бағыттың негізгі ережесі - бейформалды шағын тап-тарга қатысты рөлді
анықтау жэне басқару іс-тэжірибесінде топтардың психологиялық жэне
элеуметтік ерекшеліктерін анык-тап, пайдалануға мүмкіндік беретін эдістердің
қажеттілігіне сендіру.
Осы мектептің өкілдері басқару жүйесіндегі қызметкерлер-дің еңбегін
жетілдіру əдістерін іздестіруге айтарлыктай маңыз береді. Əрі-беріден соң
оларга ұйымның формалдық қүрылымын қайта қүру барысында бейформалды
элеуметтік қүрылымдарды өзгертуге баса назар аударуына кеңес берілді.
Жауапкершілікті жүктеу біршама деңгейде үйымдағы уэж-демемен
(мотивациямен) байланысты. Осы позиция түрғысынан Д. Макгрегордың
көзқарасы
кеңінен
тараған. Оның
сендіруі
бойынша, басқаруды
үйымдастырудың екі негізгі тэсілдемесі бар.
Біріншісі - X теориясы нормаланған процедуралар мен операцияларды
пайдаланатын мэжбүрлеу жэне көтермелеу («камшы жэне жылы-жүмсақ»),
эдістерін қолдануға негізделген. Екіншісі - У теориясы кызметкерлерді
ынталандыруға, септігін тигізетін олардың белсенділікпен бастамалар
көтеруіне мүм-кіндік беретін жағдай тудыруға айрықша көңіл бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |