Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет152/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   168

468

жету  дене  мөлшері,  дене  бітіміне  көп  байланысты.  Дененің  таза 

салмағы  мен  организмдегі  май  мөлшерінің  де  маңызы  зор.  Əр 

спорт түрі үшін идеалды дене типі бірдей болмайды. Мысалы, алыс 

қашықтық  желаяқтары  үшін  дене  массасының  минимум  мəнге  ие 

болуы маңыздырақ болса, ал «неғұрлым қуаттырақ болса, соғұрлым 

жақсырақ»  қағидасын  ұстанатын  «сумо»  күрескерлері    барынша 

салмақтарын  арттыра  түсуге  тырысатыны  белгілі,  яғни  күш  пен 

қуаттылықты талап ететін спорт түрлерінде таза дене салмағының ар-

туы құптарлық болса, циклдік спорт түрлерінде артық дене салмағы 

спорттық  нəтижелерге  теріс  əсер  етеді.  Кейбір  спорт  түрлерінде, 

мысалы, футболда спортшылар əртүрлі салмақпен де жетістіктерге 

жетіп  отырады.  Ал  басқа  спорт  түрлерінде,  мысалға  күресте  дене 

массасына қатаң талаптар қойылып отырады. Осыған орай көбіне, 

спортшылар жарысқа қатысу үшін қысқа уақыт аралығында  салмақ 

«қууға»  тырысып  жатады.  Көпшілігі  оның  денсаулыққа,  болашақ 

спорттық əрекеттеріне ықпалын толық білместен  ауыр диеталарға 

«отырады»,  ашығады.  Өте  төмен  калориялы  «қатаң»  диеталар 

кезінде  дене  массасының  көп  бөлігі  майды  емес,  суды  жоғалту 

арқылы  жүзеге  асады.  Мұндай  диеталар  көмірсуларды  пайдалану-

ды шектеу салдарынан олардың организмдегі қорларының түгесілуі 

орын  алады.  Көмірсулармен  бірге  судың  көп  мөлшері  жоғалып, 

дегидратацияға  əкеліп  соғады.  Организмнің  энергия  көзі  ретінде 

бос май қышқылдарын пайдалануға көшуі кетозға əкеледі, ал  бұл 

суды жоғалтуды одан əрі күшейте түседі. Ашығу немесе төмен ка-

лориялы диеталар, резіңкелі киімдер киіп дене жүктемелерін орын-

дау,  саунаға  бару,  сұйықтық  қабылдауды  максималды  шектеу,  т.б. 

су  мөлшерін  айтарлықтай  жоғалтуға  əкеліп,  организмде  көптеген 

өзгерістер тудырады (36-кесте). Нəтижесінде:

– қан айналымдағы қан көлемі азаяды;

– артериялық қан қысымы төмендейді;

– субмаксималды жəне максималды систолалық көлем мен мак-

сималды жүректің қан айдауы кемиді;

– бүйректің қанмен жабдықталуы төмендейді;

– жылу реттелу үдерісі бұзылады. 

Жедел  диеталар  көмегімен  дене  салмағын  жылдам  жоғалтуға 

мүмкін болса, оның қайта қалпына келуі де тез болады. 



469

36-кесте

Тамақтануды шектеу, сұйықтық ішпеу жəне жылылық 

сусызданудың кейбір көрсеткіштерге ықпалы (Типтон, Оплид-

жер бойынша)

Зерттелінген көрсеткіштер

ықпалы

Физикалық факторлар

Аэробты қуаттылық

төмендейді

Бұлшық ет күші

өзгеріссіз қалады

Бұлшық ет төзімділігі

төмендейді

Бұлшық ет қуаттылығы

белгісіз

Қозғалыс жылдамдығы

белгісіз

Зорыққанға дейінгі  жүгіру 

ұзақтығы

төмендейді

Орындалған жұмыс көлемі

төмендейді



Физиологиялық факторлар

Жүректің қан айдауы

төмендейді

Қан көлемі

төмендейді

Плазма көлемі

төмендейді

ЖЖЖ


жоғарылайды

Систолалық көлем

төмендейді

Ішкі температура

жоғарылайды

Тер бөліну қарқындылығы

төмендейді

Бұлшық еттердегі су мөлшері

төмендейді

Бұлшық еттердегі электролиттер 

мөлшері

төмендейді



Дене мөлшері, дене бітімі мен дене құрамы көбіне, генетикалық 

тұқым қуалайтыны белгілі. Алайда, қалыпты дене салмағын сақтауға 

бұл қатаң сөгіс емес. Егер дене мөлшері мен дене бітімін айтарлықтай 

өзгертуге  болмаса  да,  арнайы  диеталар  мен  дене  жаттығулары 

арқылы  дене  құрамын  елеулі  шамада  өзгертуге  болады.  Күштік 

жаттығулар бұлшық ет массасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік 

берсе,  қарқынды  дене  жаттығуларымен  дұрыс  ұйымдастырылған 

диета  организмдегі  май  мөлшерін  барынша  азайтуға  мүмкіндік 

береді.  Мұндай  өзгерістердің  жоғары  спорттық  нəтижелерге  жету 

үшін маңызы зор. 

Адамның дене бітімі: 

1.  Бұлшық ет;

2.  Биіктік;

3.  Толықтық сияқты 3 құрамдас бөліктер бойынша бағаланады. 




470

Дене  мөлшері  адамның  бойы  мен  салмағынан  тұрады.  Таза  дене 

салмағы  дененің  барлық  майсыз  ұлпаларынан,  яғни  сүйектер, 

бұлшық еттер, мүшелер мен дəнекер ұлпалардан құралады. Ал дене 

құрамы деп оның химиялық жəне анатомиялық сипаттамасын айта-

ды. 78-суретте дене құрамының төрт моделі берілген.  



78-суретДене құрамының 4 моделі:

1 – химиялық;

2 – анатомиялық;

3 – Бенке компоненті;

4 – компоненттік (Уилмор бойынша, 1992).

Спортшының  дене  құрамы  дене  мөлшеріне  қарағанда  оның 

мүмкіндігі туралы барынша нақтырақ ақпарат береді. Спортшының 

артық  салмағы  аса  проблема  тудырмайды,  ал  организмдегі 

майдың  тым  көп  мөлшері  көбіне,  спорттық  нəтижелерге  теріс 

ықпалын  тидіріп  жатады.  Жоғарыда  атап  өтілген  бой  мен  салмақ 

бойынша  есептелетін  стандартты  индекстер  онда  дене  құрамы 

ескерілмегендіктен, оптималды масса туралы толық мəлімет беруге 

жеткіліксіз болып табылады. Мəселен, стандартқа сай спортшының 

артық салмағы болса да, оның организмінде майдың өте аз мөлшері 

ғана болуы да ықтимал. 

Денситометрия əдісі арқылы спортшының дене тығыздығын (D) 

есептеуге болады. Дене тығыздығын (D) дене салмағын (массасын) 

дене көлеміне бөлу арқылы анықтайды: D=M

дене

 /V


дене

.



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау