Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет151/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   168

465

деңгейі  əрқашан  жүзеге  аса  бермейді.  Балабақшаларда,  əсіресе, 

мектептерде  балалар  мен  жасөспірімдердің  қимыл  белсенділігінің 

айтарлықтай тапшылығын сезінуі аурулардың артуына, семіздікке, 

жалпақ  табандылыққа  жəне  т.б.  денсаулық  күйінің  ауытқуларына 

əкеп соғады. 

Аталмыш  ауытқулардың  алдын  алу  мақсатында  қолданылатын 

дене  жаттығуларының  организмдегі  қан  айналысын  жақсартып, 

жұмысқа  қабілеттілікті  арттыратыны  белгілі.  Алайда,  балалардың 

жүйке  жүйесінің  қозуы  тежелуінен  басымырақ  болғандықтан, 

дене  жаттығулары  мен  спорт  ойындары  кезінде  олар  тез  шар-

шайды,  ынтасы  мен  зейіні  төмендейді,  көңіл-күйі  тұрақсыз  бо-

лады.  Сондықтан  бұлшық  еттерді  біркелкі  дамыту,  шаршатпай, 

олардың  күрделі  қимылдарын  арттыру  үшін  дене  шынықтыру  

балалардың жасына лайықталуы тиіс. Бұл жағынан мектептегі дене 

шынықтыру  сабақтарына  осы  күнге  дейін    жеткілікті  дəрежеде 

мəн  берілмейтіндіктен, көпшілік жағдайларда сабақ оқушылардың 

өзін-өзі  дамытуға  емес,  қалыптасқан    талаптарды  орындауға 

бағытталғандықтан  біржақты  өтеді  де,  балалардың  қанағаттанба-

уына  есірткі  қабылдауға  немесе  басқаша  қоғам  талаптарына  сай 

келмейтін  қызығушылықтардың  пайда  болуына  себепші  болып, 

денсаулықты нығайтудың орнына ауру тудырады. 

Организмнің 

қызметтік 

мүмкіндіктерін 

жоғарылатуға, 

денсаулықты  сақтауға,  кəсіби  психика-физиологиялық  ерекшелік-

терінің,  дене  сапасының  дамуына  жəне  қимыл  дағдыларының 

қалыптасуына  кəсіби-қолданбалы  дене  дайындығы  ықпал  етеді. 

Дене тəрбиесі арқылы жұмысшы халықтың кəсіби қызметке, əскери 

еңбекке  бейімделуі  міндеттері  шешіледі.  Мысалы,  жүзу,  акробати-

ка, гимнастика, спорттық ойындар көмегімен адамның тепе-теңдік 

қасиетін жоғарылатудың ұшқыштар, ғарышкерлер үшін маңызы зор. 

Ситуациялық спорт түрлері арқылы дамитын реакция шапшаңдығы, 

жоғары    сезім  мүшелерінің  дəйектігі,  ақпараттың  қайта  өңдеу 

жылдамдығы оператор, радиотелеграфист, машинист мамандары, ал 

күш пен төзімділік дамуының жоғары деңгейі геологтар үшін қажет. 

Дене  шынықтыру  мəселелері  елдің,  халықтың  əлеуметтік 

жағдайларына байланысты. Дене тəрбиесі гигиенасын, жағдайларын, 

əсерін, дене шынықтырумен айналыса білуді балалар мен жастардың 

санасына  жеткізу  ата-аналардың,  тəрбиешілер  мен  мұғалім-

ұстаздардың басты міндеті. Жаттығулар мен спорт ойындарын жасқа 




466

сай шектеп, дұрыс жағдай тудыру мектепке дейінгі жəне мектептер 

мен  жоғары  білім  беру  мекемелеріндегі  тəрбие  бағдарламасының 

негізі болуы тиіс. Жалпы алғанда, дене шынықтыру денсаулықтың 

əлеуметтік  көрсеткіші  екенін  естен  шығармау  керек.  Оны  елдің, 

халықтың    мəдениет  көрсеткішінің  материялық  негізі,  өмір 

салтының  экономикалық,  əлеуметтік-психикалық  көрсеткіші  деп 

қараған  жөн.  Қазақстан  мектептерінде  дене  тəрбиесі  сабағы  апта-

сына 3 сағат өткізілетін болуы – жоғарыда айтылып өткен көптеген 

ауытқулардың,  гиподинамияның алдын алу, салауатты өмір салтын 

насихаттау мақсатында атқарылған шаралардың бірі.      

Дене салмағы жəне спорт

Адамның  дене  салмағы  оның  бойына,  жасына,  жыныс 

ерекшелігіне  жəне  денсаулығына  байланысты  екендігі  белгілі. 

Артық салмақ денсаулыққа зиян. Бұл қан қысымын жоғарылатуға, 

жүрек  сал  ауруларына,  бүйрек,  өт  жолдарында  тас  пайда  болуы-

на,  қант  диабетіне  (сусамыр),  аяқ-қол  артритіне,  буындар,  əсіресе, 

тізе  ауруына,  аяқтың  қан  тамырлары  сыздауына,  тромбоз  пайда 

болуына,  дененің  əртүрлі  жерлеріне  май  жиналуына,  денедегі  зат 

алмасудың өзгерістеріне жəне басқа да сырқаттарға шалдықтыруға 

əкеп соқтыруы мүмкін. Н. Приходько, М. Лукьяненко зерттеулерінде 

ер адамның салмағы 13%-ға артқанда оның өмірі 10% қысқаратыны, 

20%-ға  артқанда 25%, 30%-ға  артқанда 42% қысқаратыны 

анықталған. 

Спортпен шұғылдануға қолайлы қажетті дене салмағы 

Қазіргі кезде антропометриялық көрсеткіштерді пайдалана оты-

рып, қалыпты массаны анықтау үшін көптеген төмендегідей индекс-

тер қолданылады. Мұндай индекстер анатомиялық-физиологиялық 

негізделмегендіктен  көбіне  олар  халықты  жаппай  тексеру  кезінде, 

секцияларға сұрыптау, т.б. жағдайларда қолданысқа ие.   



Брок-Бругш индексі 

Қалыпты салмақ = (бой ұзындығы (см) – 100) – 10.  

Мұнда бойға байланысты алынатын мəн төмендегідей болады:

155-165 см бойлы адамдар – 100,

166-175 см бойлы адамдар – 105,

175 см жоғары бойлы адамдар – 110.




467

Брейтман индексі.  Қалыпты салмақ = бой ұзындығы (см)*0,7 – 

50 кг.


Давенпорт  индексі.  Салмақ  (г)  квадратталған  бой  ұзындығына 

бөлінеді (см). Мəні 3,0-ден жоғары шықса, салмағыңыз артық екенін 

көрсетеді.

Ноорден индексі. Қалыпты салмақ бой ұзындығы (см)*420/1000.

Татон  индексі.  Қалыпты  салмақ = бой  ұзындығы-(100+(бой 

ұзындығы-100)/20)

Жоғарыдағы  индекстердің  арасында  дене  массасының  индексі 

(Кетле  индексі) – адамның  дене  массасының  бойына  шаққандағы 

шама кең қолданылады.  Дене массасының индексі мына формула 

бойынша анықталады: 

I=m/h

2

мұндағы:



m – дене массасы, кг;

h – бой ұзындығы,  м.

Бұл  шаманы 1869 жылы  бельгиялық  социолог  жəне  статистик 

Адольфом  Кетле  ойлап  тапты.  Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау 

ұйымы  дене  массасының  индексінің  мынандай  түсініктемесін 

ұсынып отыр(35-кесте).



35-кесте

Дене массасы индексі

Дене массасы индексі

Мəні

16 жəне одан төмен

Дене массасының аса тапшылығы

16-18.5


Дене массасы тапшылығы

18.5-25


Қалыпқа сай (норма)

25-30


Артық салмақ

30-35


Бірінші дəрежелі семіздік

35-40


Екінші дəрежелі семіздік

40 жəне одан жоғары

Үшінші дəрежелі семіздік

Дене массасының индексі арқылы адам салмағының артықтығы 

туралы  пікір  айту  дұрыс  емес.  Мысалға,  спортшылардың  дене 

массасының  индексінің  жоғары  болуы  бұлшық  ет  массасының 

жоғарылығымен түсіндіріледі. 

Ғалымдардың  зерттеуі  бойынша 25-27 аралығындағы  шамаға 

тең  дене  массасының  индексі  бар  адамдардың  ғұмыры  басқаларға 

қарағанда əлдеқайда ұзақ. Сонымен қатар спортта да жетістіктерге 




жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау