Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет2/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168

5

ететін түрлі мүшелер мен жүйелерде қалыптасатын қайта құрылулар 

жүреді.  Дегенмен,  физиологиялық  жүйелерде  орын  алған  арнайы 

өзгерістер біркелкі болмайды. 

Пəннің  негізгі  міндеті  түрлі  спорттық  əрекет  кезіндегі  жеке 

жүйелердегі,  сондай-ақ  біртұтас  организмде  пайда  болатын 

өзгерістердің, физиологиялық реакциялардың тек қана сандық емес, 

сапалық та сипаттамасын беру болып табылады. Қарқынды бұлшық 

ет  белсенділігі  кезінде  организмде  пайда  болатын  өзгерістердің 

физиологиялық  механизмдерін  білу,  денсаулықты  сақтай  оты-

рып  дене  жұмыс  қабілеттілігін  арттыруға  мүмкіндік  беретін 

жаттығуларды дұрыс бағалауға жəне тиімді жоспарлауға үйретеді. 

Бұл  пəнде  организмнің  қызметтік  қорларына  жəне  бұлшық  ет 

жүктемелеріне бейімделуінің физиологиялық механизмдеріне ерек-

ше назар аударылады. 

Спорттық  əрекет  алуан  түрлі,  сондықтан  дене  жаттығуларын 

жіктеу  қажет.  Бұл  спорттық  жаттығуларды  жалпы  физиологиялық 

сипаттамасына  қарай  топтарға  біріктіруге  мүмкіндік  береді. 

Болашақ  жаттықтырушыға  организмнің  спорттық  əрекет  кезіндегі 

физиологиялық  күйін,  қоршаған  ортаның  əртүрлі  жағдайларына 

бейімделу  ерекшеліктерін  білу  түрлі  жағдайларда  спортшыларды 

жарыстарға даярлау барысында акклиматизация механизмдері мен 

сипатын  ескере  отырып,  дене  жүктемелерін  дұрыс  жоспарлауға 

мүмкіндік береді. 

Сондай-ақ  пəннің  маңызды  міндеттерінің  бірі  организмнің 

дене  жүктемелеріне  физиологиялық  бейімделуін  біле  отырып, 

спортшының  неғұрлым  жоғары  қызметтік  мүмкіндіктерге  жетуін 

қамтамасыз ететін жүйелі түрде өткізілген жаттықтыру нəтижесінде 

туындайтын  түрлі  мүшелер  мен  жүйелер  қызметіндегі  өзгерістер 

механизмдеріне сипаттама беру болып табылады. 

Дене  шынықтыру  мұғалімінің  спорттық  жаттықтыру  кезінде 

организмде  туындайтын  арнайы  физиологиялық  бейімделу 

өзгерістеріне  аса  мəн  бере  отырып,  мамандануы  əртүрлі  спорт-

шылар  мен  спортпен  шұғылданбайтын  тұлғалардың  тыныштық 

күйдегі, стандартты жəне шекті дене жүктемелерінің əсері кезіндегі 

физиологиялық көрсеткіштерді білуі өсіп келе жатқан ұрпақтардың 

арасындағы дене тəрбиесі бойынша жұмыс сапасын жоғарылатуға 

жағдай жасайды. Сонымен қатар спорттық нəтижелердің жылдар ба-

рысында арта отыруымен қатар, олардың əлеуметтік-экономикалық 

жағдайлармен тығыз байланысын америкалық ғалымдар жүргізген 

зерттеулер нəтижелерінен байқауға да болады (1-сурет).



6

,

1-сурет. Жылдар барысындағы спорттық нəтижелер (Geoffroy Berthelot, 

Adrien Sedeaud, Marion Gluillame, Jean-FrancoisToussaint. Scientifi c 

American, 2013)

100  метрге  жүгіру  мен  биіктікке  секіру  бойынша  алынған 

көрсеткіштердің спорттық қолдаудың аз болуына орай бірінші жəне 

екінші  дүниежүзілік  соғыстар  кезінде  ілгерілемей,  ал  керісінше, 

халықаралық  «қырғи-қабақ»  соғыстар  кезінде  бəсекелестіктің  ар-

туына  байланысты (1988 жылға  қарай)  қарыштай  дамығандығын 

аңғаруға болады. 




7

Қорытындылай  келе,  дене  тəрбиесі  мен  спорт  түрлерінің 

физиологиялық  негіздері  пəнінің  негізгі  мақсаты – адамның 

дене  шынықтыру  мен  спортпен  шұғылдануына  жəне  функциялық 

дайындығын  басқаруға  қажетті  дене  шынықтыру  тəрбиесінің 

физиологиялық  негіздеріне  арналған  өзіндік  білім  деңгейін  көтеру 

бойынша білім беру жəне дағдыландыру. 

Дене  тəрбиесі  мен  спорт  түрлерінің  физиологиялық  негіздері 

пəнінің негізгі міндеттеріне:

1.  Дене  шынықтырумен  жəне  спортпен  шұғылдану  кезіндегі  

жұмысқа 

қабілеттілікті 

арттыру, 

денсаулықты 

күшейту 

негізінде  жатқан  физиологиялық  механизмдер  туралы  ғылыми 

дүниетанымдылықты қалыптастыру;

2.  Дене  шынықтыру  құралдары,  əдістері  жəне  қоршаған 

орта  факторлары  арқылы  оптималды  дене  жұмыс  қабілеттілігін 

сақтау  мақсатында  барлық  адамдардың  бойында  қимыл  қорын 

қалыптастыру бойынша физиологиялық білім беру;

3.  Физиологиялық  ақпараттарды  бағалау  негізінде  дене 

шынықтырумен  шұғылданатын  тұлғалар  мен  шəкірттерде  дене 

жүктемелеріне  төтеп  беруді  бақылаудың  физиологиялық  əдістерін, 

оқыту-шынықтыру  үдерістерін  жəне  дайындықты  басқару 

құралдарын қолдану бойынша дағдыларды қалыптастыру;

4.  Спорттық  дайындықтың,  дене  сапаларының  жəне  спорттық 

нəтижелердің дамуын анықтайтын жəне шектейтін факторлар тура-

лы білім беру;

5.  Əртүрлі  қарқынды  жəне  биоэнергиялық  бағытты  дене 

жаттығуларының  жыныс  пен  жасқа  сай  организмге  əсер  етудің 

ерекшеліктерін  дұрыс  бағдарлауға  үйретіп,  бұл  білімдерін  оқыту 

шынықтыру жəне дене шынықтыру сабақтарын жоспарлау кезінде 

қолдану;


6.  Шынықтыруды  дамытудың  ерекшеліктерін  білу  жəне  оны 

анықтаудың  əдістерін  тыныштық  күйде,  стандартты  жəне  шекті-

қарқынды жүктемелерді орындау кезінде қолдана білу жатады.

Жоғарыда  көрсетілген  пəн  міндеттерін  саралай  келе,  дене 

тəрбиесі  мен  спорт  түрлерінің  физиологиясының  негіздері  пəні 

қолданбалы ғылымдар қатарына жатумен қатар, профилактикалық 

ғылым да болып табылады.

Сонымен, аталмыш пəн оқу жəне ғылыми пəн ретінде:

1.  Адам  денсаулығын  нығайту  заңдылықтарын  физиологиялық 

негіздеу;



8

2.  Жоғары  спорттық  нəтижелерге  жетуге  бағытталған,  əсіресе, 

үлкен  спорттағы  шараларды  физиологиялық  негіздеу  сияқты  екі 

негізгі проблеманы шешеді. 

Мəселен, 

2-суреттен 

əлемдік 


спорттық 

нəтижелердің 

географиялық  орындар  мен  жылдарға  байланысты  жоғарылау  ди-

намикасын  байқауға  болады.  Олимпиадалық  ойындар  бойынша 

Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа алғашқы орындарда болса, ал 

Африка елдері соңғы қатардан орын тепкен.

жыл

2-суретГеографиялық орындар мен жылдарға байланысты əлемдік 

рекордтар үлесі (Geoffroy Berthelot, Adrien Sedeaud, Marion Gluillame, 

Jean-FrancoisToussaint. Scientifi c American, 2013)

Бұл  мəліметтерден  (1, 2-суреттерден)  спорттық  нəтижелердің 

елдің  экономикалық  жағдайымен  қатар,  спортқа  көңіл  бөлінумен 

де аса тығыз байланысты екендігін байқаймыз. Осы тұрғыда соңғы 

уақыттары  Қазақстан  спортшыларының  жетістіктері  дүниежүзіне 

танылды,  отанымыздың  мəртебесі  биіктеп  бүкіл  əлемге  жайыл-

ды.  Бірақ  жетістіктермен  қатар  көптеген  кемшіліктер  де  бар  екені 

жəне  ол  тек  спортпен  шұғылданушылар  мен  спорт  саласындағы 

жаттықтырушылардың  ғана  мəселесі  емес,  бұл  физиологиялық  əрі 

медициналық көзқарасты талап ететіндігі сөзсіз. Осы тұрғыдан алып 

қарағанда  да  «дене  тəрбиесі  мен  спорт  түрлерінің  физиологиялық 

негіздері» ғылымының маңызы зор. 




жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау