Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет57/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   87

226
227
жəне мүмкіндігі бар (бірақ міндетті деңгейден төмен емес) оқытуды 
ұйымдастыруын ойластырады.
Дифференциалды оқытудың əдістемелік принциптері. Өңделген 
тұжырымдама  оқу  пəндерін  оқытуда  дифференциалды  оқытудың 
əдістемелік  принциптер  жүйесін,  оқу  жоспарын  қалыптастыру 
жəне  білім  беру  мазмұнын  сұрыптау  принципін,  қазіргі  кезеңде 
дифференциалды оқытудың негізгі мəселесін шешуде жалпы амалды 
жəне дифференциация жүйесін мақсатты құруды анықтады.
Сонымен,  үшінші  яғни  дифференциалды  оқыту  пікірін 
дамытудың 
қорытынды 
кезеңін 
мектептік 
білім 
беруді 
бұқарашылдандыру жағдайында дифференциалды оқытудың жүзеге 
асуы үшін, жаңа амалдарды анықтау кезеңі деп атауға болады жəне 
дифференциацияның  сыртқы  формасын  əрі  қарай  жетілдіру  жəне 
дамытумен сипатталады.
Дифференциалды  оқытудың  əдістемелік  принциптері  оның 
формаларының  жаңа  типологиясын  жүзеге  асырумен  байланысты. 
Оның мəні мынада:
-  оқушылардың  ерекшелігінің  типологиясы  негізінде  тұрақты 
сынып немесе топ құру;
-  оқушылардың  жеке  ерекшеліктерін  ескеріп,  жан-жақты 
дайындықты жүзеге асыру.
Барлық  оқушылардың  оқуға  қабілеттілігінің  дамуы  мен 
дайындық  деңгейі  бірдей  болмаған  жағдайда  дифференциалды 
оқыту технологиясы қолданылады.
Жеке қабілеттері ескерілмей, тек жас ерекшелігіне байланысты 
жиналған 25-30 оқушы білімді бірдей жəне тең меңгермейді. Кейбір 
оқушыларда  өз  жасына  сай  ойлауға  икемділігі,  ширақтылығы 
болмайды,  жинақтап  қорыта  білмейді,  осыдан  кейін  оқу 
материалдарынан  қала  бастайды.  Бұндай  оқушылардың  білімге 
деген  қызығушылығы  жоғалады,  оқуға  деген  теріс  көзқарасы 
пайда  болады.  Бұл  үлгермеушілікке  əкеліп  соғады.  Жақсы  оқитын 
оқушылармен  де  жұмыс  істеу  қиын,  себебі,  мұғалім  сабақты 
«орташа» оқитын оқушының қабілетіне негіздейді. Олар біртіндеп 
оқу  тапсырмаларын  орындауда  жеңілдіктерге  үйренеді  жəне 
бірінші    қиындықтар  өз-өзіне  сенбеушілік,  сасқалақтау  туады.  Ал, 
бұл  үлгерімнің  төмендеуіне  əкеледі.  Сондықтан  əрбір  оқушының 
жоғары  үлгерімділігіне  жетудің  міндеті  дифференциалды  оқытуда 
оқушының жеке ерекшелігін ескеру негізінде шешіледі. Оқыту жəне 
білім берудегі дифференциация туралы түсінік.
Дифференциалды  оқыту  топтық  оқу  деңгейіне  байланысты 
бірдей салыстырмалы топты бөлу формасын ұсынады.
Топты құрылымдық талдау схемасы.
Бірінші топ, жоғары оқу қабілеті бар  оқушылар:
а) жоғары деңгей, даму жəне  жұмысқа жоғары қабілеттілігі;
ə) орташа деңгей, даму жəне  жұмысқа жоғары қабілеттілігі;
б) жоғары деңгей, даму жəне жұмысқа орташа қабілеттілігі.
Бұл  топ  оқушылары  оқу  міндеттерін  өз  бетімен  шешуге  жəне 
белгісіз  жағдайда  қажетті  білімді  қолдануды  талап  ететін  қиын 
материалдармен жұмыс жасайды.
Екінші топ, орташа қабілеттері бар оқушылар:
а)  орташа  деңгей,  оқуға  қабілеті  жəне  жұмысқа  орташа 
қабілеттілігі;
ə) төменгі деңгей, дамыту жəне жұмысқа жоғары қабілеттілігі;
б) төменгі деңгей, дамыту жəне жұмысқа орташа қабілеттілігі.
Бұл топтағы оқушылар бірінші топтың тапсырмасын, мұғалімнің 
жəне тірек схемасының көмегімен орындайды.
Үшінші топ, оқу қабілеттері төмен оқушылар:
а) жоғары деңгей, дамыту жəне жұмысқа төмен  қабілеттілігі;
ə) орташа деңгей, дамыту жəне жұмысқа төмен қабілеттілігі;
б) төменгі деңгей, дамыту жəне жұмысқа  төмен қабілеттілігі.
Бұл топтағы оқушылар оқу тапсырмаларына шек қоюды, сабақта 
қосымша  түсіндірулерді  жəне  жаттықтыратын  жұмыстарды  қажет 
етеді.
Дифференциалды оқытуда əлсіз оқушылармен жұмыста сабақтан 
соң  қосымша  дайындалуды  қажет  етпейді.  Дифференциалды 
оқыту  үдерісінде    оқушылардың  бір  топтан,  екінші  топқа  көшуі 
мүмкін. Көшу немесе ауысу оқушының даму деңгейінің өзгеруінен, 
сабақта  білім  алуда  қызығушылығының  тууына  талаптануда,  оқу 
бағыттылығының жоғарылауы жəне кемшіліктерді толықтыруында 
қамтамасыз етіледі.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. «Дифференциация», «Дифференциациялап  оқыту», «Оқыту 
жəне  білім  берудегі  дифференциация», «Дифференциацияның 
тиімділігі»  ұғымдарына педагогикалық сөздіктер, жаңашыл педагог-
ғалымдардың берген анықтамалары бойынша сипаттама беріңіз.


228
229
2.  Дифференциалды  оқыту  технологиясының  тарихи  даму 
кезеңдерін саралаңыз.  
3. Дифференциациялап оқытудың мақсаттарын анықтаңыз
4.  Дифференциация  түрлеріне  сипаттама  беріп,  оны  сызба 
түрінде кескіндеңіз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1.  Таубаева  Ш.  Т.,  Барсай  Б.  Т.  Оқытудың  қазіргі  технология-
лары. Алматы, 2005.
2. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. – 
Алматы, 2004.
3. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту 
құралдары. – Алматы, 2007.
4. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі 
– сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
5.  Педагогические  технологии:  Методические  рекомендации 
/Сост.  А.  П.  Чернявская. – Ярославль:  изд-во  ЯГПУ  им.  
К. Д. Ушинского, 2002.
6.  Селевко  Г.  К.  Современные  образовательные  технологии. – 
М.: Народное образование, 1998.
7. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий 
обучения. – М.: Педагогика, 1990 г.
12.5.  Ұжымдық оқыту технологиясы 
(В. К. Дяченко,  А. Г. Ривин)
  Ұжымдық  өзара  оқыту  технологиясын  (ұйымдастырылған 
диалог,  байланыстырушы  диалог,  талгенизм  таланттар  жəне 
дарындылар,  оқудың  ұжымдық  тəсілі,  ауыстыру  құралында 
оқушылардың  жұппен жұмысы) А. Г. Ривин жəне оның оқушылары 
мен  ісін  жалғастырушылары  (В.  К.  Дяченко,  М.  Д.  Брайтермен, 
А.  С.  Соколов,  т.б.)  жасап  шығарған.  Мұндай  технологияда  оқу 
материалын  дайындау  оқу  мəтіндерін,  қосымша  жəне  анықтама, 
сабақ  тақырыбы  бойынша  (немесе  сабақтар  циклі  бойынша),  оқу 
мазмұнын меңгеру бірлігіне бөлу (авторлық нұсқада ойлау сағаттары), 
мақсатты  тапсырма  жасау,  оның  ішінде  үй  тапсырмаларын  жасау 
жатады. Оқушылар екі кезеңді бағдарға алады:
-  дайындық,  қажетті  жалпы  оқулық  біліктер  мен  дағдыларды 
қалыптастыру  жəне  өңдеу  мақсатындағы;  кеңістікті  бағдарлау; 
жолдасыңды тыңдап, оның не айтып отырғанын есту; шулы ортада 
жұмыс  істеу;  қажетті  ақпаратты  табу;  жекеше  есеп  парақтарын 
қолдану; белгілі кейіпкерді сөзге жəне сөзді кейіпке айналдыру. Бұл 
біліктер арнайы тренингтік сабақтар кезінде іске асады; 
-  таныстырушылық,  жалпы  элементі  «ойын  ережесін» 
меңгеру,  мақсатты  ұстанымды  хабарлау,  өңдеу  мінезімен  нұсқау 
жəне  оқу  қорытындысын  есептеу  тəсілі  болып  табылатын  əртүрлі 
модификациялары бар.
Оқу  сабағының  жүрісі  сабақ  мазмұнының  жасына,  оқу 
материалының көлемі мен оны меңгеруге кететін уақытына қарай, 
таңдалған технология нұсқасына байланысты əр түрлі өтуі мүмкін. 
Ұжымдық өзара оқыту технологиясы келесі сатылардан тұрады:
- əрбір оқушы өзінің іс-əрекетін анықтайды (бұл əріп, буын, сөз, 
сөйлем, мəтін бөлігі, суреттеме, мінездеме, буын немесе оқулық та-
рауы, статья, тарихи құжаттар жəне т.с.с болуы мүмкін);
- қасыңдағы оқушымен білім алмастыру рөлдік ойын «мұғалім 
–  оқушы»  ережесі  бойынша.  Рөлдерді  ауыстыру  міндетті  түрде 
қажет.  Мұғалім  жаңа  сабақ  тақырыбының  өз  нұсқасын,  өзінің 
жоспарын  ұсынады,  қойылған  сұрақтарға  жауап  береді,  бақылау 
сұрақтарын немесе тапсырмалар жəне т.с.с ұсынады. Бұл саты білім 
алмастырумен аяқталады;
- жаңа ғана қабылданған ақпаратты өңдеу жəне өзара оқытуға 
жаңа жолдас іздеу жəне т.с.с.
Орындаған  тапсырмалар  есебі  не  жекеше  карточкалар  немесе 
ұйымдастырылған  диалогқа  қатысқандардың  ата-тектері  жəне 
барлық оқу элементтері көрсетілген топтық құжаттар жүргізіледі.
Ұжымдық өзара оқыту технологиясы жағдайында əрбір оқушы 
өзін  еркін  ұстайды,  жекеше  түрде  жұмыс  істейді.  Онда  тек  қана 
өзінің  жетістіктеріне  ғана  жауап  бермей,  сонымен  қатар  ұжымдық 
еңбек  қорытындысына  да  жауапкершілігі  жоғарылайды,  тұлғалық 
өзін-өзі бағалау, өзіндік мүмкіншіліктері мен қабілеттері мəртебесі 
мен  жұтаңдығын    бағалау  қалыптасады.  Мұғалімде  біреулердің 
алға  жылжуын  азайту  мен  кейбіреулерді  алға  итермелеуді  іске 
асыру қажеттілігі жоғалады, бұл ұжым микроауданына дұрыс əсер 
етеді.  Бір  ақпаратты  бірнеше  ауыстырмалы  жұптарымен  талқылау, 
ассоциативті  байланыстар  санын  көбейтеді,  олай  болса,  неғұрлым 
тереңірек меңгеруге əкеледі.


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау