Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45



жүктеу 3,69 Mb.
Pdf просмотр
бет49/126
Дата17.10.2023
өлшемі3,69 Mb.
#43872
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   126
mendebaev-sapany (1)

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. CALS дегеніміз не?
2. CALS артықшылықтары неде?
3. CALS технологиясының даму мәселелерінің қиындықтары.
4. QFD технологиясы дегеніміз не?
5. Функционалдық-физикалық анализ (ФФА) қандай жүйелерде 
өткізіледі?
6. Аудит жүргізген кезде қандай ережелер басшылыққа алынады?


101
5-ТАРАУ. САПАНЫ ТАЛдАП ЖІКТЕУдІң ЖЕТІ ҚҰРАЛЫ. 
САПАНЫ БАСҚАРУдЫң СТАТИСТИКАЛЫҚ ӘдІСТЕРІ
5.1 даму диаграммасы. Байланыс диаграммасы. 
Матрицалық диаграмма
Жапондық ғалымдар мен инженерлер одағы (JUSE) өнімді неме-
се қызметті жоспарлау фазасында оңтайлы шешім ойластыру үшін 
жағдайды алдын ала талдаудың 7 біршама жай әдістемесін ұсынады. 
Осы әдістемелер бұрын да қолданылған талдау мен синтездің кең таны-
мал әдістеріне негізделеді. 
Өнімді шығармашылық жұмыс қазіргі жағдайды талдау мен син-
тезді жүргізе білуге негіздеді. Ал «талдау мен синтез деген не?» деген 
сұрақ туындайды. Шығармашылық жұмыста талдау деген ақпараттың 
ірі блогының қайсыбір проблемасына тәжірибе жасау, зерттеу, зерделеу 
оңай неғұрлым ұсақ бөліктерге бөлу. Синтез − бұл талдауға кері үдеріс, 
онда жекелеген құрамдастардан неғұрлым ірі ұғым, білім блогы және 
т.б. құралады. Талдау – бөлшектеу үдерісі, ал синтез-жинау үдерісі деуге 
болады. Талдау үдерісінде проблема зерттеу, түсіну оңай неғұрлым ұсақ 
бөлшектерге бөлінеді, осы үдерістің нәтижесінде зерттеуші зерттелетін 
нысанның құрылымына өзінің бірегей ойларын, идеяларын қосады. 
Осыдан кейін синтез, яғни проблеманың жекелеген бөліктерін жинау 
нәтижесінде бастапқы нұсқадан ерекшеленетін конструкция жиналады, 
яғни жаңа интеллектуалдық әзірлеме қалыптастырылады.
Талдау кез келген ойлау үдерісінің негізін қалайды, оны «Күрделіден 
жайға» деген сөзбен түсіндіруге болады. Талдау нәтижесінде зерттеуші 
күрделі шатысқан проблеманы осы проблема тұратын көп құрамдасқа 
бөледі. Проблеманың осы жеке сегменттерін қарастыра отырып, олар-
дың ортақ жүйеде қалай жұмыс істейтінін, олардың өзара ықпалдасуын, 
бір-біріне қалай ықпал ететінін, олардың үдеріс үшін маңызын, 
олардың қай бағытта дамитынын түсіну оңай. Әзірлемеші жүйенің 
даму заңдылықтарын, қай факторлардың жағымсыз, ал қайсыларының 
оң ықпал ететінін түсінеді.
Тиімді талдау жүйелік пен ақпараттылыққа негізделеді. Жүйелік деп 
талданатын нысанның барлық құрамдастарының егжей-тегжей есебі, 
оларды әдістемелік зерттеу мен саралау түсініледі. Ақпараттылық деп 
барлық құрамдас элементтерді толықтай табу үшін талданатын нысан-
ды кең әрі терең білу түсініледі.
Талдауды Ертедегі Греция философтарынан бастап әлемнің көпте-
ген ғалымдары зерттеп келеді. Біз олардың ілімдерінің терең иірімдер-
ді негіздеріне үңілмей, қолданбалы жұмыс әдістері жөнінде мағлұмат 
береміз.


102
Ғылыми талдаудың ең қарапайым әдісіне әртүрлі диаграмма, 
құрылым, кесте құру, яғни ірі проблеманы талданатын нысанының 
барлық элементтері жақсы, көрнекі түрде және жан-жақты қамтылып 
көрінетін, олардың өзара байланысы мен ықпалы байқалатын көрнекі 
графикалық суреттер түрінде көрсету жатады.
Даму диаграммасы
Бұл тұжырымдамасы әлі жеткілікті қалыптаспаған, тектес дерек-
терді біріктіру нәтижесінде үдерістің жақсаруының негізгі бағыттарын 
анықтауға мүмкіндік беретін құрал. Осы диаграмма қайсыбір пробле-
маға қатысты мәселеге көп тілектерді, идеяларды, ұсыныстарды 
біріктіру, олардың ең тиімділерін анықтау, даму бағыттарын белгілеу, 
үдерістің тиімділігін арттыратын жаңа бірегей идеяларды анықтау 
мақсатында жасалады.
Осы әдістеме жаңа идеяларды қалыптастыру әдісінің − «ақылмандар 
талқысының» нұсқасы болып табылады. Ақылмандар талқысы АҚШ-
та XX ғасырдың басында пайда болды. Осы әдіс идея қалыптастыру 
үдерісін оларды бағалау үдерісінен бөлу керек деген айқын ойға 
негізделеді. Мәселе талқылаған кезде кей адамдар керек болудан, қате 
айтудан, ақымақ болып көрінуден қаймығып батыл, қызықты, күтпеген 
идеяларды айтуға жүрексінеді, ал егер осындай идеялар айтылса да, 
олар талқылауға басқа қатысушылар тарапынан қатаң сыналады, 
сөйтіп, идея дамымай жойылады. Әдістің негізін қалаушы, АҚШ-тың 
кәсіпкері А. Осборн идеяларды сынға тыйым салынған, керісінше, кез 
келген, тіпті күлкілі немесе қисынсыз идея көтермеленетін жағдайда 
қалыптастыруды ұсынады. Бұл үшін шығын және мүмкіндігінше 
әртекті адамдар тобы (6-8 адамдар) іріктеледі, мұның өзінде осы топта 
техниканың осы саласының мамандарымен қатар осы саладағы диле-
танттар (ғылыммен немесе біліммен арнайы кәсіби даярлықсыз әрі осы 
салада терең білімі жоқ бола тұра айналысатын адам) болуы тиіс. Топ-
тың алдына ол шешуі тиіс мәселе қойылады. Мәселені ойластыру мен 
шешу үдерісі қысылып-қамтырылмайтын үйдегі жағдайда жүргізіледі, 
уақыт белгіленбейді. Айтылған идеялар тіркеледі, мысалы, магнита-
фонға жазылады немесе стенографиямен жазылады. Алынған мате-
риал бағалау және жақсы идеяларды іріктеу үшін сарапшылар тобына 
беріледі. Талқы тобына қиялы бай, оптимистер, ширақ қимылдайтын, 
шығармашылық қабілеті бар адамдар іріктеледі. Адамдарды осылай 
іріктеу мен сынауға тыйым салу адамның қиялын шарықтау үшін жағдай 
жасайды, олардың ойындағы дайын жауаптар мен қатып қалған ғылыми 
ережелерден ада қылады. Осының нәтижесінде мүлдем жаңа, күтпеген 
шешімдер пайда болады. Әдетте 25-30 минуттық талқылау ішінде 
бірнеше ондаған идея айтылады. Құрамына, керісінше, күмәншіл, қатаң, 
прагматиктер, өз қызметінде қатаң, баяғыда тексерілген фактілерді 


103
басшылыққа алатын және барлық жерде қатаң схеманы ұсынатын адам-
дар кіретін сарапшылар тобы батыл, соңына дейін түсінік берілмеген 
және біршама негізделген идеялар алады, ал идеялардың бөлігін 
талқыға басқа қатысушылар дамытады.
Ақылмандар талқысын ұйымдастырғанда қысылып бөгелмейтін 
адамдар тобы идеяларын жапа-тармағай айтады. Бұл жағдайда сынауға 
тыйым салудан басқа, идеяның дәлелі айтылмайды, сол себептен 
идеялар жылдам қарқынмен айтылады. Талқылаудың ең шиленіскен 
мезетінде шығармашылық шабыт пайда болып, идеялар өздігінен пай-
да болады, тап осы сәтте нысанның конструкциясын немесе тұтастай 
нысанды түбегейлі өзгертуі мүмкін ең күтпеген, ең жақсы идеялар пай-
да болуы ықтимал.
Әдіс қысқа уақыт ішінде көп шешім табуға мүмкіндік береді. 
Алайда оның әлсіздігі адамдарда нысанның бөліктерінің бір-бірімен 
ықпалдасуы жөніндегі техникалық ақпараттың болуын талап ететін 
күрделі техникалық тапсырмалар идеяны егжей-тегжей ойластыруды 
талап етеді. Бұл техникалық өнертабыс мәселелерін шешкенде әдістің 
тиімділігін әжептәуір төмендетеді. Осы әдісті ұйымдастыру мәселеле-
рін шешкенде қолданған жақсы.
Мысалы, «автомобиль доңғалағы оның сапасын арттыру жолдары» 
деп аталатын талқылау тақырыбы белгіленеді. Мынадай идеялар айты-
лады:
1. Камераны темір тектес затпен толтыру;
2. Ауаны жүрген кезде толтыруды қолдану;
3. Тесікті дереу желімдейтін арнайы құрамды пайдалану;
4. Камераларды бөлек бөліктерге бөлуді қолдану;
5. Доңғалақтың резина-пластикпен жасалған серіппелі бізден 
орындалған дискісін қолдану;
6. Алюминий дискілерін қолдану;
7. Болат қордың орнына пластикті қолдану;
8. Анодталған алюминийден жасалған қалпақша қолдану;
9. Доңғалақтың күршегін екі бөліктен, ортасын болаттан, ал шет 
жақтарын түсті металдан жасау;
10. Доңғалақты ашық түске бояу;
11. Протектордың суретін әдемі ою түрінде бояу;
12. Камера мен протекторды біртұтас ету;
Әрбір ұсыныс карточкаға жазылады. Осы ұсыныстар кенеттен әрі 
жүйесіз ұсынылады, енді оларды ұқсастығы бойынша топтастыру ке-
рек. Карточкалар бір мәселені шешетін салалас тораптар бойынша 
бөлінеді. Бұл жағдайда мына бағыттарды анықтауға болады:
1. Доңғалақтың қозғалысының амортизациясын қамтамасыз ету. 
Қолданылатын нұсқа – үрлемелі камера, кемшілігі – тесіктер, резинаның 
тозуы (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 ұсыныстар);


104
2. Доңғалақтың тартымды түрін қамтамасыз ету (6, 8, 10, 11 ұсы-
ныста);
3. Доңғалақты арзандату (9, 12 ұсыныстар).
Зерттеу нәтижесінде доңғалақтың сапасын арттырудың үш бағыты 
анықталады, мұның өзінде амортизация бағыты толғақты әрі басымды 
болып табылады.

жүктеу 3,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау