64
қанағаттандырылғаннан кейінгі қалған серіктестіктің мүлкінен са-
лымды өндіріп алуға артықшылық құқықты иеленеді.
Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай
құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады. Мұндай
серiктестiктің қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша жа-
уап бермейдi жəне серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға
өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тəуекел етедi.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардың саны
шектелмейдi. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жалғыз
қатысушы ретiнде бiр адамнан тұратын басқа шаруашылық
серiктестiгi бола алмайды.
Жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылар
салымдарының сомасына тең болады жəне серіктестікті мемлекеттік
тіркеу үшін құжаттар табыс етілген күнгі айлық жүз есептік
көрсеткіштің мөлшеріне барабар сомадан кем болмауы керек. Егер
ЖШС шағын кəсіпкерліктің субъектісі болып табылса, онда оның
жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 100 теңге сомасын-
да болуы мүмкін. Жалпы жиналыс бекіткен мерзімде қатысушылар
жарғылық капиталға салымдарын толықтай енгізуі тиіс. Мұндай
мерзім ЖШС тіркеу күнінен бастап 1 жылдан аспауы тиіс.
ЖШС қатысушысы серiктестiктiң жарғылық капиталындағы өз
үлесiн немесе оның бiр бөлiгiн өз қалауынша осы серiктестiктiң бiр
немесе бiрнеше қатысушысына сатуға немесе басқа түрде беруге
құқылы.
ЖШС қатысушылары үшiншi тұлғалар алдында үлестi немесе
оның бiр бөлiгiн сатып алуға артықшылық берiлген құқықты пайда-
ланады. Үлестi (оның бiр бөлiгiн) сатып алуға артықшылық берiлген
құқықты қатысушылар серiктестiктiң жарғылық капиталындағы өз
үлестерiнiң мөлшерiне пара-пар жүзеге асырады.
Егер қатысушының үлесiн (оның бiр бөлiгiн) үшiншi жақтарға
беру мүмкiн болмаса, ал серiктестiктiң басқа қатысушылары оны са-
тып алудан бас тартса, серiктестiк қатысушыға оның нақты құнын
төлеуге не оған сондай құнға сəйкес заттай мүлiк беруге мiндеттi.
ЖШС қатысушысы серiктестiк алдындағы өз мiндеттерiн бұзған
жағдайда серiктестiк жалпы жиналыстың шешiмiне сəйкес сот бой-
ынша осындай қатысушының үлесiн серiктестiктiң қатысушымен
келiсiмiнде белгiленген бағамен мəжбүрлеп сатып алуды талап етуге
құқылы.
65
Өзiнiң кез келген қатысушыларының талабы бойынша ЖШС
қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзiлуге тиiс. Тексеру осыны талап
еткен қатысушының есебінен жүргізіледі.
Қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң
жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретiн, ал бұл сомалар
жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен оған өздерi есе-
ленген мөлшерде енгiзген салымдар арқылы жауап беретiн серiктес-
тiк қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк деп танылады.
ҚЖС қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өз-
дерiнiң жарғылық капиталға салымдарымен жауап береді, ал бұл
сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен оған
өздерi еселенген мөлшерде енгiзген салымдар арқылы жауапқа тар-
тылады.
Қатысушылар жауапкершiлiгiнiң шектi мөлшерi ҚЖС құрылтай
құжаттарында көзделедi. Жалпылай алғанда, ЖШС жəне ҚЖС туралы
заңның 1-бабының 3-тармағына сəйкес ЖШС құқықтық мəртебесін
реттейтін нормалар қолданылады.
Акционерлік қоғам ұғымы.
Акционерлік қоғамның заңдық статусын анықтайтын негізгі
нормативтік құқықтық акті 2003 жылдың 13 мамырынды қабылдан-
ған «Акционерлік қоғамдар туралы» Заң болып табылады.
Бұрынғы қолданылып жүрген қазақстандық заң акционерлік
қоғамдарды жалпы шаруашылық серіктестер ұғымына кіргізген.
Бірақ 1998 жылғы 10 шілдедегі Заң бұл коммерциялық заңды
тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандарын қатаң шектеді,
себебі шаруашылық серіктестіктер тек жалпы капиталымен ғана
біріктірілмейді, сонымен қатар жеке де қатынастарға байланысты.
Бұл серіктестіктер қатысушылар үлесінің айналымқабілеттіліктерін
шектеуде, кейбір жағдайларда серіктестік қарыздары бойынша
қатысушыларға жауапкершілік жүктеу жəне өзге де ерекше белгілер
бойынша құрылады.
Бұған қарағанда акционерлік қоғамның өз мазмұны капиталдар-
ды қатысушылар арасында жеке қатынассыз біріктіру нысаны болып
табылады.
Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында ак-
циялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады.
Бұл анықтама акционерлік қоғамды коммерциялық ұйым
ретінде сипаттайды. Сонымен қатар, заңда акционерлік қоғамның
коммерциялық емес ұйым ретінде құрылуына жол беріледі (Қазақ-
66
стан Республикасының 2003 жылдың 13 мамырындағы «Акционерлік
қоғамдар туралы» Заңы).
Акционерлік қоғам заңды тұлға болып табылады жəне оның
барлық белгілерін иеленеді: өзінің дербес балансында есептелінетін
оқшау мүлкi болады жəне сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша
жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк жəне мүлiктiк емес жеке құқықтар
мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алады, сотта талап-
кер жəне жауапкер бола алады.
Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді.
Бұл заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны ретіндегі акционерлік
қоғамның басты белгісі болып табылады: акционерлік қоғамның
мүлкінің акционерлер мүлкінен оқшаулануы, акционерлердің тəуекелі
өздеріне тиесілі акциялардың құнымен шектелген.
ҚР АК жəне АҚ туралы Заңда акционердің Заңда көзделген
реттерді қоспағанда өзі қоғамның мiндеттемелерi бойынша жауап
бермейтін, өзінің акцияларының құны шегінде қоғамның қызметіне
байланысты шығындық тəукелге баратыны туралы жалпы ережелер
қамтылған.
Сонымен қатар, Заңда акционерлердің шектеулі міндетерінің жал-
пы қағидаларына жатпайтындары белгіленген.
Біріншіден, акционерлер бір мезетте қоғамның лауазымды адам-
дары болған ретте: Заңның 63-бабы кінəлі əрекеттері арқылы қоғамға
келтірілген залал үшін лауазымды тұлғалардың жауаптылығын
қарастырады.
Екіншіден, АҚ туралы Заңның 74-бабында мəмiле жасасудың
Заңда көзделген тəртiбiне қойылатын талаптарын бұза отырып
қоғаммен мəмiле жасалуына мүдделi тұлғаның қоғам алдында
өзiнiң қоғамға келтiрген залалы мөлшерiнде жауапты болатындығы
бекітілген. Егер мəмiленi бiрнеше тұлға жасаса, олардың қоғам
алдындағы жауапкершiлiгi ортақ болады.
Үшіншіден, корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорларының
акционерлерi аталған қорлардың мiндеттемелерi бойынша зей-
нетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген тəртiп пен
жағдайларда ортақтасып жауап бередi.
Қолданылып жүрген заңда АК бірнеше түрелері бар, əртүрлі
негіздер бойынша түрлі топтарға бөлінеді.
Қызмет ету мақсаттарына қарай коммерциялық жəне ком-
мерциялық емес болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |