Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет19/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68

61
Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын азайтуға оның 
барлық несие берушiлерiне хабарланғаннан кейiн жол берiледi. Олар 
бұл  жағдайда  серiктестiктiң  мерзiмiнен  бұрын  тоқтатылуын  немесе 
тиiстi  мiндеттемелерiн  орындауын  жəне  оның  зиянды  өтеуiн  талап 
етуге құқылы.
Осы белгiленген тəртiптi бұза отырып жарғылық капиталды азай-
ту мүдделi адамдардың арызы бойынша сот шешiмiмен серiктестiктi 
таратуға негiз болып табылады.
Шаруашылық 
серiктестiктiң 
жоғары 
органы 
оның 
қатысушыларының жалпы жиналысы болып табылады. Шаруашылық 
серiктестiкте  оның  қызметiне  күнделiктi  басшылық  жасайтын  жəне 
оның  қатысушыларының  жалпы  жиналысына  есеп  берiп  отыра-
тын  атқарушы  орган  (алқалық  жəне  (немесе)  жеке-дара  құрылады). 
Жеке-дара  басқару  органы  оның  қатысушылары  арасынан  сайлан-
бауы  мүмкiн.  Серiктестiктiң  алқалы  органдары  ретiнде  басқарма 
(дирекция)  байқаушы  кеңес,  заң  актілерінде  немесе  шаруашылық 
серіктестігі  қатысушыларының  жалпы  жиналысының  шешімінде 
көзделген жағдайлардан басқа да органдар құрылуы мүмкін.
Акционерлік  қоғамдарға  қарағанда,  ЖШС  акциялар  шығаруға 
құқығы  жоқ,  олардың  жарғылық  капиталы  қатысу  үлесіне  бөлінеді. 
Өзге  қатысушылардың  үстеме  бағамен  сатып  алу  құқығымен  ғана 
үлестерге  қатысушалардың  құқытары  еркін  иеліктен  шығарылады. 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өндірістік, сауда жəне қаржы 
қызметтері туралы жария түрде есеп беруден босатылуы оның келесі 
бір артықшылығы болып табылады.
Толық  серiктестiктiң  мүлкi  жеткiлiксiз  болған  жағдайда  қа-
тысушылары  серiктестiктiң  мiндеттемелерi  бойынша  өзiне  тиесiлi 
барлық мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк толық 
серiктестiк деп танылады.
Азамат  бiр  ғана  толық  серiктестiктiң  қатысушысы  бола  ала-
ды.  Толық  серiктестiкке  қатысушының  қалған  қатысушылардың 
келiсiмiнсiз өз атынан жəне өз мүдделерi немесе үшiншi жақтардың 
мүдделерi  үшiн  серiктестiк  қызметi  мəнiмен  бiртектес  мəмiлелер 
жасасуға  құқығы  жоқ.  Бұл  ереже  бұзылған  жағдайда  серiктестiк  өз 
қалауы бойынша мұндай қатысушылардан не серiктестiкке келтiрiлген 
залалдың орнын толтыруын, не осындай мəмiлелерден тапқан бүкiл 
пайданы серiктестiкке беруiн талап етуге құқылы.
Толық  серiктестiктiң  қатысушылары  жарғылық  қор  құрады, 
оның  мөлшерi  қатысушылар  жарғылық  капиталға  үлес  қосқан 


62
сəтте  Қазақстан  Республикасында  заңдармен  белгiленген  есептiк 
көрсеткiштiң  жиырма  бес  мөлшерiнен  кем  болмауы  керек  (Шаруа-
шылық серіктестіктер туралы Заңның 13-бабының 1-тармағы).
Серіктестіктің  кəсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асыруға  оның 
мүшелерінің  жекелей  өздерінің  қатысуы  толық  серіктестіктің 
құрлуының  жəне  қызмет  етуінің  басты  факторы  болып  табылады. 
Құрылтайшылары  беретін  мүліктің  негізінде  шаруашылық  жүргізу 
үшін  құрылатын  ұйымға  қарағанда,  шаруашылық  серіктестіктің 
аталған  түрі  кəсіпкерлік  қызметті  бірлесіп  жүргізу  үшін  құрылатын 
бірлестіктің  рөлін  атқарады.  Демек,  толық  серіктестік  өзінің 
табиғаты тұрғысынан жекелей бірлестік болып табылады жəне өзінің 
құрылтайшыларынан ірі капиталды талап етпейді.
Сондықтан  да  мұндай  серіктестіктердің  қызметінің  негізі  оның 
құрылтайшыларының  салымы  емес,  олардың  кəсіби  тəжірибесі, 
іскерлік байланыстары жəне т.б. болмақ. Осыған байланысты толық 
серіктестіктердің қатысушылары тек жеке тұлғалар ғана бола алады. 
Заңды  тұлғалар  толық  серіктестіктің  қатысушысы  ретінде  болмауы 
тиіс.
Толық  серiктестiктiң  құрылтай  құжаттарында  оның  фирмалық 
атауы көрсетiлуге тиiс, онда барлық қатысушылардың есiмi, сондай-
ақ «толық серiктестiк» деген сөздер, не болмаса «жəне компания» де-
ген сөздер қосылған, бiр немесе бiрнеше қатысушының есiмi, сондай-
ақ  «толық  серiктестiк»  деген  сөздер  болуы  керек  (шаруашылық 
серіктестіктер туралы Заңның 12-бабының 1-тармағы).
Толық серіктестікте екі қатысушыдан кем болмауы тиіс. Егер бір 
азаматпен құрылған толық серіктестігінде дербес кəсіпкерлік қызметті 
жүзеге асыру үшін қажетті мүлік кешені қалыптастырылмаса, онда не 
құрылтайшылар бірлестігі немесе ұйымдық ұжым емес не белгілі бір 
мүлікпен қызмет етуге құрылған ұйым емес бір құрылым құрылады. 
Толық  серіктестікке  қатысушылардың  жауапкершілігі  белгілі 
бір  ерекшеліктерге  ие.  Егер  толық  серiктестiк  таратылған  жағдайда 
оның барлық борыштарын өтеу үшiн нақтылы мүлкi жетпейтiн бол-
са,  серiктестiк  үшiн  жетiспейтiн  бөлiгi  жөнiнен  оған  қатысушылар 
ортақ жауапкершiлiктi өздерiнiң заң құжаттарына сəйкес ақы өндiрiп 
алынатын барлық мүлкiмен өз мойнына алады. Толық серiктестiктiң 
қатысушысы серiктестiктiң борышы бойынша оған өзі кiргеннен кейiн 
немесе кiргенге дейiн пайда болғанына қарамастан жауап бередi.
Толық  серiктестiктiң  борышын  толық  немесе  iшiнара  өтеген 
қатысушы тиiстi бөлiгiнде серiктестiк мүлкiндегi өз үлестерiне бара-


63
бар  мөлшерде  өзiнiң  алдында  үлестiк  жауапкершiлiк  тартатын  қал-
ған қатысушыларға керi талап қойып өтiнiш жасауға құқылы.
Толық  серiктестiктен  шыққан  қатысушы  серiктестiктен  өздерi 
шыққан кезге дейiн пайда болған серiктестiк мiндеттемелерi бойын-
ша өздерi серiктестiктен шыққан жыл iшiндегi серiктестiк қызметi ту-
ралы есеп бекiтiлген күннен бастап екi жыл бойы жауап бередi.
Серiктестiктiң  мiндеттемелерi  бойынша  өзiнiң  бүкiл  мүлкiмен 
(толық серiктерiмен) қосымша жауап беретiн бiр немесе одан да көп 
қатысушылармен  қатар,  серiктестiктiң  (салымшылардың)  мүлкiне 
өздерi  салған  салымдардың  жиынтығымен  шектелетiн  бiр  немесе 
одан көп қатысушыларды да енгiзетiн жəне серiктестiктiң кəсiпкерлiк 
қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын серiктестiк сенiм серiктестiгi 
деп танылады.
Салымшылар  сенiм  серiктестiгi iсiн  басқаруға  қатыспайды. 
Сенім  серіктестігінің  жарғылық  капиталының  мөлшері  жүз  айлық 
есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс. Салымшылардың жарғылық 
капиталдағы үлесiнiң жиынтық мөлшерi 50 пайыздан аспауы керек.
Қатысушылардың  жауапкершілігі  қатысу  түріне  қарай  əр  алуан 
болады. Толық серіктестер серіктестіктің борышы бойынша өздерінің 
барлық  мүліктерімен  ортақтасып  жауап  береді,  ал  салымшылар  өз-
дерінің салған салымдарының шегінде ғана жауапты болады.
Бұл  ретте  сенiм  серiктестiгiнiң  құрылтай  құжаттарында  са-
лымшылардың  толық  серiктестiктердiң  салымын  (салымының  бiр 
бөлiгiн) төлеу жөнiндегi мiндеттерi көзделуi мүмкiн. Егер салымшы 
сенiм  серiктестiгiнiң  мүдделерiн  көздеп,  тиiстi  өкiлеттiксiз  мəмiле 
жасаса, оның əрекеттерiн серiктестiк (толық серіктестер) мақұлдаған 
жағдайда  мəмiле  бойынша  ол  несие  берушiлердiң  алдында  толық 
көлемiнде  жауап  бередi.  Егер  ол  мақұлданбаса,  салымшы  үшiншi 
жақтың алдында заңдар бойынша өзiнiң ақы өндiрiп алынатын бүкiл 
мүлкiмен жеке жауап бередi.
Сенiм  серiктестiгiнiң  iсiн  басқаруды  толық  серiктестер  жүзеге 
асырады. Салымшылардың сенiм серiктестiгiнiң атынан сенiмхатсыз 
əрекет  жасауға  құқығы  жоқ.  Сенiм  серiктестiгi  салымшыларының 
толық  серiктестердiң  серiктестiк  iсiн  басқару  жөнiндегi iс-əрекетiн 
даулауға құқығы жоқ.
Сенiм  серiктестiгi  оған  қатысушы  барлық  салымшылар  шығып 
кеткен жағдайда тоқтатылады. Толық серiктестер сенiм серiктестiгiн 
таратудың орнына оны толық серiктестiк етiп қайта құруға құқылы. 
Таратылу  барысында  салымшылар  несие  берушілердің  талаптары 


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау