Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет63/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   141

202

- техникалық жобасын құру;

- аэрофототүсіру;

- дайындық жұмыстары;

- жоспарлы жəне биіктіктік жаңарту, геодезиялық жұмыстар;

- аэрофотосуреттерді фотограмметриялық өңдеу;

-  изосызықтар жүргізу үшін картаның негіздерін дайындау;

- аэрофотосуреттерді камералық дешифрлеу, фотограмметрия-

лық əдіспен жергілікті жердің бедерін құру;

-  аумақта далалық зерттеу жұмыстарын жүргізу; 

- картаның далалық түпнұсқасын рəсімдеу жəне оларды 

картаның басқа беттерімен үйлестіру;

- картаның түпнұсқасын басып шығаруға дайындау;

- картаның түпнұсқасын тексеріп саралау;

- картаны типографияда басып шығару сатысы.  

Дайындық жұмыстары бұрын басылған карталар мен 

аэрофототүсірулерді жинап жүйелеуді, жергілікті жердің 

өзгеруін мұқият талдауды,  жүргізілген жұмыстардың көлемі 

мен олардың бағасын анықтауды қамтиды. 1:10 000 масштаб-

ты карта үшін (1:12 000 жəне 1:14 000);  1:25 000 масштабты 

карталар үшін  (1:20 000, 1:25 000 жəне  1:40 000)  1:50 000  

масштабты карталар үшін  (1:32 000, 1:35 000 жəне 1:64 000); 

маэрофототүсірілімдерді құрылатын немесе жаңартылатын 

картаның  масштабына жақын етіп алады.  Кейде екі масштаб-

ты суретке түсіруді қатар жүргізеді де біршама ірі масштабты 

түсірілімдер фотограмметриялық əдіспен өңделеді, ал ұсақтары 

далалық зерттеулерге қолданылады. Фотограмметриялық 

приборлар жергілікті жердегі түсіру жағдайларын жоспар-

лы жəне биіктіктік негіздермен байланыстыруға, немесе 

түсірілімдерден бағдарлайтын тірек нүктелерін анықтауға 

қолданылады.  

Тірек нүктелері қызметін жаңартылатын карталардағы 

өзгеріске ұшырамаған, жаңартылмайтын телімдерінде жазылған  

геодезиялық негіздеу нүктелері мен жер бедерінің биіктіктік 

белгілері атқарады. Тірек нүктелерін анықтау дəлдігі 0,1 мм 

құрайды. 




203

5.1 сурет. Аэрофотосурет  материалдарын пайдалана отырып ірі масштаб-

ты топографиялық карталарды жаңарту мен құрудың  сызбасы

Жаңадан құрылатын карталарда жергілікті жерді аэрофото-

түсіруден бұрын біршама жоғары сыныпты мемлекеттік геоде-

зия 

лық тор қосынынан бастап тірек нүктелерін жиілендіру 



жұмыс тары  жүргізіледі. Олар түсірілімдерде көрініп тұру үшін 

жергі лікті жердегі кескінді нысандар таңдалып алынады неме-

се тез танылатын арнайы белгілермен белгілейді. Нəтижесінде 

алын ған  фотосұлба  (план)  топографиялық картаның дəлдігіне 

сəй кес келетін  жергілікті жердің үлгісі болып табылады. Дайын 

бол ған фотосұлба көшіріліп одан əрі фотограмметриялық жəне 

дала лық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. 

Аэрофотосуреттерді дешифрлеу картаны құру мен өңдеу  ба-

рысында атқарылатын жұмыстардың негізгі тармағы болып табы-

лады. Дешифрлеу үрдісінде фотосұлбада жергілікті жердің барлық 

құрамдас бөліктері мен  нысандары сызылады. Алдымен аэрофото-

сурет стереоаспаптарда камералық жағдайда дешифрленіп, содан 

кейін аумақта қажетті приборларды пайдалана отырып, жергілікті 

жерде жаппай жəне бағыттық, жерүсті, аэро көру сияқты аумақты 

далалық зерттеудің  барлық түрлері жүр гі  зі  леді. 



204

Фотосұлбалар (пландар) жергілікті жерде тексеріледі. 

Сұлбадағы жергілікті жердегі нысандар кескіндерінің  орнының 

ауытқуы  0,5 -1 мм аспауы тиіс. 

Буссоль тілінің  магниттік ауытқуын  құрылатын карта бетінде 

тең мөлшерде  таралған 10-15 нүктеден анықтайды да ортақ 

мəнін оның бетіне жазады. Технологияға байланысты картаның 

түпнұсқасы картаны бастыруға дайындау цехында рəсімделеді. 

Компьютерлік технология қолданғанда, одан əрі көбейтіп басты-

ру үшін сандық деректер алынады.     

Картаның түпнұсқасын дайындаудың барлық кезеңдерінде 

құрылған картаның дəлдігі сараланып, сондай масштабта 

құрылған сол аумақты қамтыған  карталар мазмұнымен мұқият 

салыстырылып тексеріледі.  

Кейде географиялық мақсатта фотосұлбамен үйлестірілген 

топографиялық картаның түпнұсқасы шығарлады. Олар фото-



карталар деп аталады. Фотокарталарда топографиялық картаның 

кестетік салмағын сызықтық жəне масштабтан тыс элементтері, 

жергілікті жердің фотобейнесі болады. Елдімекендердің атаула-

ры ғана жазылады. Олар топографиялық картадан көрнекілігімен 

ғана ажыратылады жəне  жыл маусымдарындағы жергілікті 

жердің сыртқы ерекшеліктерін көрсетеді. 

Сондықтан фотокарталарды тундра, орман, дала жəне шөл 

аймақтарында орналасқан аудандардың табиғатын оқып-үйрену 

мақсатында кеңінен қолданады. Олар географиялық топырақ, 

 

өсімдік, геологиялық карталарды құру барысында құбылыстар 



таралған аумақтың кескінін тексеруді жеңілдетуі мүмкін. 

Бірақ топографиялық картамен салыстырғанда оны пайда-

лануды шектейтін  көптеген кемшіліктер бар. Басқа нысанның 

көлеңкесі жауып қалатындықтан фотобейненің біраз бөлігі 

көрінбейтіндіктен олар арнайы анықтауды қажет етеді. Соны-

мен қатар суреттің тығыздығы қосымша салмақ түсіруге кедергі 

келтіреді. 

Фотокартаны дайындау мерзімі топографиялық картаға 

қарағанда əлдеқайда қысқа. Қазіргі кезеңде ғарыштық түсірулер 

негізінде қолданып құрылған фотокарталар кеңінен қолданылып 

жүр. Олар түрлі-түсті жəне ақ-қара  нұсқада шығарылуы мүмкін.  



205

5.2. Ұсақ масштабты карталарды құру мен жасаудың 

дəстүрлі жəне заманауи технологиялары

Ұсақ масштабты карталарды құру мен жасаудың дəстүрлі 

технологияларының негізгі кезеңдері. Картаны құру– еңбекті 

көп қажет ететін, мазмұндық,  дизайнерлік жəне технологиялық 

мұқият өңдеуді талап ететін ұзақ үдеріс. 

Қазіргі кезеңде картаны жасаудың негізгі екі əдісі бар. Бірін-

шісіне картаны қағазда құрып жасайтын дəстүрлі əдіс,  екін шісі не 

электронды карталар құратын  компьютерлік технология  жа т а ды.  



Картаны жасаудың дəстүрлі технологиясының өндірістік 

тізбектері саралау-дайындау, картаны құру, баспаға дайындау 

жəне  картаны басып шығару кезеңдерінен тұрады.

1. Саралау-дайындау жұмыстары болашақта жасала-

тын карталардың тақырыбын, мазмұнын, картаға түсірілетін 

аумақтың ерекшеліктерін оқып-үйрену, бастапқы материалдарды 

жинауды қамтиды. Негізінен бастапқы картографиялық матери-

ялды жинауға баса назар аударылады. 

Картаны құру барысында қолданылатын барлық матери-

алдарды картографиялық материал немесе картографиялық 

дерек көздері дейміз. Оларға бірінші кезекте жаңа картаның 

географиялық негізін құруға қолданған болатын бұрын басы-

лып шығарылған карталар жатады. Оған көбінесе құрылатын 

картадағыдан масштабы біршама ірі жалпы географиялық карта-

лар қолданылады. 

Тақырыптық карталар негізінен жаңа картаның тақырыптық 

мазмұнының элементтерін құру үшін дерек көзі ретінде 

қолданылады. Ол алуан түрлі болады. Мазмұнының біраз  бөлігі 

басқа картадан көшірілуі мүмкін (мысалы, кешенді экономикалық 

картаны құру үшін бастапқы материал ретінде өнеркəсіп, көлік, 

ауыл шаруашылығы тағы басқа карталар  тартылады). Мате-

риктер мен дүние жүзі карталарын құру үшін жеке елдер мен 

аймақтардың карталары қолданылуы мүмкін.

Дерек көздері ретінде карталардан басқа төменде көрсетіл-

гендер материалдар қолданылады:

– тірек нүктелерінің координаттарының тізбесі;

– картаның тақырыбына, сонымен қатар, əкімшілік-



жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау