Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет62/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   141

199

7. Шартты белгілі-шолу үлгісі болып табылатын картаның кешенді 

қасиетіне сүйеніп, шындықты қалпына келтіру үрдісін ....... дейміз.

А) картаны  талдау; 

B) картографиялық үлгілеу; 

C) картаны талдау;                           

D) математикалық үлгілеу; 

 E) картаны оқу.

8. Картограмма əдісімен кескінделген екі картаны салыстыру барысын-

да құбылыстар арасындағы өзара тығыз байланыс ....... анықталады. 

А) рангалық коэффициенпен; 

B) картографиялық үлгілеумен;                        

C) көлденең қима-сызба тұрғызу арқылы;   

D) математикалық үлгілеу арқылы;  

E) математикалық-картографиялық үлгілеу арқылы.                       

9. Əртүрлі уақытта құрылған топографиялық карталарды бір-бірлерімен 

беттестіру арқылы ....... өзгеру сипатының қарқынын  анықтауға болады.    

А)  елді  мекендер  жиілігі  мен  халықтың  қоныстану  тығыздығының;                   

B) жол торларының; 

C) жер бедерінің; 

D) өсімдіктер жамылғысының;                          

E)  барлығы дұрыс.

10. Карталарға жəне ғарыштық түсірулерге негізделіп құрылатын  бол-

жау карталарының дəлдігі ..................... тəуелді болады. 

А) жүргізілетін зерттеулердің іргелігіне; 

B) оқып-үйренетін картографиялық ақпараттың көлеміне; 

C) логикалығына;  

D) заңдылықтарды экстраполяциялау аппаратының дұрыс пайдалануына;  

E) барлығы дұрыс.



200

5 - т а р а у.

 

КАРТАЛАРДЫ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

5.1. Карталар мен атластарды құру бағдарламалары 

туралы түсінік

Ұсақ масштабты карталар əртүрлі картаграфиялық, статисти-

калық басқада дерек көздерін пайдалана отырып, камералық 

өңдеу жағдайында құрылады.  Оларға аэроғарыштық түсірулер, 

гидрометеорологиялық бекеттер торлары сияқты тікелей табиғат-

тан алынған  бастапқы деректер,  картаның тақырыбы бойынша 

бұрын орындалған геодезиялық түсіру, картографиялық, физи-

калық жəне экономикалық-географиялық тағы басқа жұмыс-

тардың материалдары жатады. Карталар мен атластарды құру-

ға бұрын құрылған топографиялық жəне ұақ масштабты жалпы 

географиялық жəне тақырыптық карталардан, əртүрлі ста 

тис 


-

тикалық анықтамалардан, кітаптар мен кестелерден басқа да 

еңбектерден алынған  көлемі ірі деректерді өңдеу кіреді. 

Картаны құру оны жобалаудан, дайындау-саралау жұмыстары-

нан басталады. Олар картаның түпнұсқасын құруды жүзеге асы-

руды көздейтін барлық жұмыстарды ұйымдастыруды құмтамасыз 

ететін құжаттарды, ережелерді  жасауды қамтиды. 

Карта бағдарламаларының рөлі. Картаны  жобалау бары-

сында картаның бағдарламасын (саралау жоспарын) құруға баса 

назар аударылады. Кез-келген картаның бағдарламасы оның 

атын, атқаратын қызметін, түрін,  математикалық негіздерінің 

элементтерін, картаға түсірілетін материалдардың мазмұнын 

жəне оның рəсімделуін, жинақталу қағидалары мен дəрежелерін, 

географиялық құбылыстар мен нысандарды картада көрсететін 

бейнелеу əдістері мен кестетік нышандарын, картаны құруға 

қолданылатын негізгі дерек көздерінің тізімін, фототеруге қажетті 

жазулар дың көшірмесін, картаны жасаудың технолгиялық үрдіс-

те рін қамтиды.  

Картаның кез-келген бағдарламасының маңызды құрамдас 

бөлігі болып табылатын кестелік қосымшалар төменде көрсетіл-

ген құрамдас бөліктерді қамтиды:




201

– картаның негізгі бөліктерінің картографиялық кескінделуін, 

жабдықтаушы элементтерін, қосмша карталарды, көлденең қима-

сызбалар мен диаграммалардың  өзара орналасуын көрсететін 

құрастыру макеті;

–  маңызды репрезентивті  телімдердегі картаның үлгілері;    

– əртүрлі аудандар үшін географиялық аудандастыру тəсілдері 

мен жинақтау үлгілері;

– картаның мазмұнының барлық элементтеріне арналған 

шартты белгілердің үлгілері; 

– барлық элементтерінің жазу үлгілері. 

Бағдарламада бұдан басқа картаның мазмұнын ашуды 

қолдайтын пайдаланылатын барлық картографилық материал-

дар мен дерек көздерінің, географиялық нысандардың (өзен, көл, 

елдімекендер жəне тағы да басқалар),  тізімі беріледі. 

Тақырыптық карталарды құру бағдарламасын жасауға карто-

графтар мен қатар картаның тақырыбы мен түсірілетін аумаққа  

сəйкес географтар мен басқада мамандар қатысады.  Мұндай 

мазмұн бағдарлама сапасының жоғары болуын, сонымен қатар, 

картаның дұрыс құрылып іс жүзінде кеңінен қолданысқа берілуін 

қамтамасыз етеді. Жетекші инженер-картограф бағдарламаны 

жүзеге асырудың барлық үдерістеріне жəне оның мазмұнының 

картада дұрыс енгізілуіне жауап беретін саралаушы болып 

табылады.  



Аэрофототүсіру материалдарын пайдаланып, 

топографиялық  карталарды құру жəне жаңарту қағидалары. 

Топографиялық карталар уақыт өте келе ескіреді, табиғи жəне 

анторпогендік  факторлардың əсерінен жергілікті жерге сəйкес 

келуден қалады. Қазақстан Республикасының барлық  аумағы 

 

əртүрлі масштабты топографиялық карталармен жабылған 



жағдайда оларды жаңарту басты міндеттің бірі болуда. Олар-

ды жаңарту мемлекеттік шекара өзгергенде, жаңа елдімекендер 

салынғанда, ірі шаруашылық нысандардың салынуына байла-

нысты аумақ түрленген тағы басқа жағдайда жүргізіледі. Карта-

ны жаңғырту масштабы біршама ірі, содан соң, барлық масштаб 

қатарын қамтиды. 

Топографиялық карталарды құру жəне оларды жаңарту 

төмендегі кезеңдерді қамтиды: 




жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау