Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет56/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   141

181

Зерттелетін құбылыстардың ерекше сипаттарын анықтау үшін 

картаны оқуда салыстырмалы түрде  қарапайым  сапалық талдау-

дан бастап, күрделілік дəрежесі əртүрлі біршама терең төменде 

көрсетілген бірқатар  сандық оқу тəсілдері қолданылады:   

 - картада кескінделген құбылыстардың сапалық сипатының 

жеке элементтері немесе жалпы ерекшеліктері жөніндегі 

түсініктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін сипаттау;  

- қамтыған нысандар мен құбылыстардың деректерін пай-

даланып, екі өлшемді сызба-нұсқалар мен диаграммаларды, 

үш өлшемді блок диаграммаларды құруға мүмкіндік беретін 

карталарға кестетік талдау;

- картадағы сандық шамаларды пайдаланып əртүрлі 

өлшеулер мен есептеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ететін 

картометриялық жəне морфометриялық кестетік талдау;

- картадан алынатын деректерге математикалық талдау, мате-

ма 

тикалық статистика, ақпараттану теориясы жəне тағы басқа 



тəсілдерді қолданып, математикалық үлгілерді құру мен зерттеуді 

қамтамасыз ететін математикалық картографиялық үлгілеу əдісі.

Жоғарыда көрсетілген картографиялық зерттеу əдістерінің 

ішінен жиі қолданатын тəсілдерін қарастырайық.



Карта бойынша сипаттау жəне көру арқылы ойша  тал-

дау тəсілі-нақты жəне обьективті жаңа картографиялық зерттеу 

əдістерінің пайда болуына қарамастан ол бүгінгі таңға дейін мəнін 

жоғалтпаған картамен жұмыс барысында бұрыннан қолданылып 

келе жатқан тəсілдердің бірі.

Көру арқылы ойша

  талдау мен карта бойынша сипаттаудың 

басқа тəсілдерінен артықшылығы оқып үйренетін шындықтың 

картографиялық бейнесін көзбен көру арқылы кешенді жинақтап 

қорытынды шығаруға мүмкіндік беруінде. Математика ландырыл-

ған талдау тəсілдерінің көбі зерттелетін құбылыстың бір ғана 

белгілерін  терең əрі жан-жақты сипаттай алады.         

Көру арқылы ойша

    талдау жəне карта бойынша сипат-

тау тəсілінің мақсаты картадағы зерттелетін нысандар мен 

құбылыстардың қасиеттері мен ерекшеліктерін, олардың орнала-

суы мен өзара байланыстарын анықтау. Бұл тəсілдерді қолдану 

нəтижесінде оқып үйренетін нысандар мен құбылыстар жөнінде 

сапалы түсініктер  қалыптасады.




182

Көру арқылы картаға ойша талдау нəтижесінде келесі 

географиялық заңдылықтардың анықталуы жоғарыда айтылған-

дар ға классикалық мысал бола алады. Топырақтың кеңістіктік 

таралуына карта арқылы дұрыс талдау жасаған В. В. Докучаев 

ХІХ ғасырдың аяғында кейіннен ендік зоналық пен ландшафттық 

жіктеу зандылықтарына негіз болған топырақтың таралуының 

ендік зоналығын анықтады. 

Дүниежүзінің картасындағы материктердің жағалау сызық та-

рының пішінін мұқият оқып үйренген Альфред Вегенер 1912 жы-

лы континенттердің ығысуы болжамын ұсынды. Ол қазіргі мате-

рик тердің сыртқы пішіндерін бір-бірімен үйлестіру арқылы жер 

табиғатының дамуының алғашқы кезеңінде бір ғана алып 

Пангея  

материгі болып, кейіннен литосфералық тақталардың жарылуы-

нан ығысып қазіргі алты материк пайда болды деген қорытынды 

жасады. Сырттай көзбен көріп картаны ойша  талдау  арқылы 

ғалым ұсынған ғылыми болжам материктердің тектоникасы мен 

палеомагнитизмін зерттеу нəтижесінде дəлелденді.

Көзбен сырттай көріп  ойша  талдау жəне карта арқылы сипат-

тау  барысында бірқатар ережелерді сақтау қажет. Көзбен сырттай 

көріп  ойша  талдауда   алға қойған мақсатты шешуге картаның 

сапасының мүмкіндік беру дəрежесін айқындап алу керек. 

Көзбен сырттай көріп  картаны ойша  талдау   жалпыдан жеке-

ге қарай жүргізіліп, сипаттайтын аумаққа немесе құбылысқа тəн 

негізгі белгілерді анықтап алуды, содан соң негізгі белгілердің 

əрқайсысын  жеке  қарастыруды қажет етеді. Оған  сипаттау мен 

сандық көрсеткіштердің элементтері кіреді жəне оқыпүйренетін 

құбылыстар мен үрдістерді бағалаумен қорытындыланады. 

Карталар сериясы  немесе атлас бойынша табиғат жағдайларына 

сипаттама беру төменде көрсетілген жоспар бойынша жүргізіледі: 

аумақтық географиялық орны, енетін əкімшілік құрылымына 

қатысты жағдайы, жер бедері,  геологиялық құрылысы, пайдалы 

қазбалары, климаты, гидрографиясы, топырағы, өсімдіктер мен 

жануарлар дүниесі, ландшафттық аудандары.



Картаны пайдаланып  жүргізілетін кестетік құрулар. 

Картографиялық талдаудың басқа тəсілдеріне диаграммалар, 

көлденең қима-сызбалар, кестетік сызбалар, үш өлшемді блок 

диаграммалар сияқты əртүрлі кестетік құрулар жатады. 




183

Көлденең қима-сызбалар мен кестетік сызбаларды 

 

табиғаттағы



  əртүрлі құбылыстарды оқып-үйрену мақсатында 

қолдануға болады. Көлденең қима-сызбалар



  ұсақ масштабты 

картадағы гипсометриялық əдіспен кескінделген изогипстердің, 

қабатты бояулардың, биіктік жəне тереңдік шкаланың көмегімен 

құрылады.  Мысалы,  Бұқтырма, Қаратал, Нұра сияқты ірі өзендер 

аңғарларының бастауынан сағасына дейінгі ұзын көлденең қима-

сызбасы. Оларды бір-бірімен салыстыру өзен аңғарларының да-

муын салыстыруға мүмкіндік береді. Изосызықтардың көмегімен 

картада кескінделген кез-келген құбылыстарды зерттеуге 

болады. 

Көлденең қима-сызбалар түсінікті болу үшін тік жəне көлденең 

масштабты дұрыс таңдау қажет.  Тік масштабты негізсіз таңдау 

жер бедерінің түрлерін бұрмалауына əкеп соқтыруы  мүмкін. 

Мысалы, көлденең масштабқа қарағанда  тік масштабты көп есе 

ұлғайту  жазық жер бедерін терең шатқалдары мен биік шыңдары 

бар тауға айналдырып жіберуі ықтимал. Сондықтан ұсақ мас-

штабты карталардың көмегімен көлденең қима-сызба құру бары-

сында тік масштабты тек 20-50 есе ұлғайту қажет. Көлденең жəне 

тік масштабтың ара қатынасы жергілікті жердегі жер бедерінің 

өзара биіктігіне тəуелді болатындықтан биіктік айырмасы жоғары 

болған сайын масштабтардың айырмашылығы да үлкен болады. 

Жер бедері мен басқа табиғат құбылыстарының өзара байла-

нысын анықтау үшін көлденең қима-сызбадағы құбылыстардың 

кескінін немесе абсолют мəндері мен олардың салыстырмалы 

көрсеткіштерін белгілеп отыру қажет. Бір меридианның бойын 

бойлай тұрғызылған бірнеше құбылыс үйлестірілген көлденең 

қима-сызбадан ендіктер мен абсолют биіктіктің өзгеруіне байла-

нысты климаттың, өсімдіктер мен топырақтың өзгеруін анықтауға 

болады. 


Табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өза ра 

байланысын  анықтау үшін үйлестірілген көлденең қима-сыз ба-

л ар  ды масштабы бірдей карталарды бір-бірімен беттестіре оты-

рып, құрған тиімді. 

Құрлық пен мұхит табаны бедерінің ерекшіліктерін ашып 

көрсету үшін гипсометриялық карталардың изогипстері мен 

изобаттарын тік масштабқа, қабатты бояулардың түсінің ара-



жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау