Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет33/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   141

105

орталық меридиан мен параллельдердің аралықтары  өлшемін 

алып, көрсетілген ретпен қағаз бетіне түсіреді. Меридиандардың 

қисық сызықтарын параллельдердің бөліну нүктесі арқылы көз 

мөлшерімен немесе лекал бойынша сызады  [2.35-сурет].  

2.35 сурет.  Дүниежүзінің карталарына арналған Сансонның тең ауданды 

жалған цилиндрлі проекциясының картографиялық торлары

 

Торды құру үшін экватордың, меридиандар мен параллель-



дердің өлшемдерін мұғалімдерге арналған атластағы кестеден де 

алу ға  болады. 

Француз географы Сансон өз проекциясын ХVІІ ғасырда 

ұсынған. Ол оңтүстік материктері Африка, Оңтүстік Америка 

жəне Аустралияны, сонымен қатар бұрынғы КСРО-ның солтүстік-

тен оңтүстікке созылып жатқан аймақтарын кескіндеуге қолайлы.    



Жеке елдер мен аймақтардың карталарын құруға арналған 

проекциялар. М. Д. Соловевтің қиып өтетін көлбеу цилиндрлі 

еркін проекциясы. Бұл проекцияның  карторафиялық торла-

ры параллельдер мен меридиандардың арақашықтығын есептеу 

арқылы құрылады. Қиып өтетін көлбеу цилиндрдің бір нөлдік 

бұрмалану сызығы глобустың кіші шеңбері 60° параллель арқы-

лы өтеді. 60° с.е. параллель мен 100° ш.б. меридианның қиылысы 

орталық меридиан ретінде қабылданған. Қиып өтетін ци  линдр  дің 

білігі глобустың білігін 15° үшкір бұрыш жасап қиып өте ді.

Жайылған цилиндрдегі глобустың кіші шеңберінің қиылысы 

түзу сызық түрінде кескінделетіндіктен параллельдермен сəйкес 

келмейді. Орталық мериданы түзу, қалған меридиандары по-

люсте түйілісетін қисық. Параллельдері концентрлі доға тəрізді 

нөлдік бұрмалану сызығы 60°с.е. пен 100°ш.б. қиылысы  арқылы 




106

өтеді. Кіші шеңдердің солтүстігіне қарай түзу сызықты болып 

келетін орталық меридианға қатысты көршілес параллельдердің 

арақашықтықтары  артып, оңтүстігіне қарай жылжыған сайын 

кемиді [2.36-сурет].

2.36 сурет. Ауданның изокалдары бар Соловьевтің проекциясымен 

құрылған картографиялық торы

Солтүстік  полюс  нүкте  түретінде   бейнеленген.   Орталық  

меридианға перпендикуляр жүргізілген кіші шеңбердің нөлдік 

бұрмалану сызығы өтетін 60°с.е. пен 100°ш.б. қиылысында 

бұрмалану жоқ. Бұл сызықтың солтүстігінде ауданның жеке 

масштабы Р бас масштабтан үлкен. Солтүстік Жер аралдары ау-

данында ол көрсеткіш 2,0 тең.  Нөлдік бұрмалану сызығының 

оңтүстігінде ауданның бұрмалану көрсеткіші Р кіші.

Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің Қытаймен, Иранмен, 

Ауғанстанмен шектесетін шекарасында Р бұрмалану көрсеткіші 

0,7 тең. М. Д. Соловевтің



 қиып өтетін көлбеу цилиндрлі еркін про-

екциясы 1937жылы бұрмаланған КСРО-ның карталарына   арнап 

құрылған. Оны бастауыш саныптардың табиғаттану пəніндегі 

КСРО-ның карталарда қолданылған.

Бұрынғы КСРО-ның басқа карталар мен салыстырғанда бұр-

малану көп болғаны мен көптеген əдістемелік артық 

шы 

лық-


тарының болуымен ерекшеленеді. Атап айтсақ, Соловьев 

 

тің 



про ек циясында  картографиялық торлары  пішіні мен картаны 

кескінделу ерекшеліктері  бұрыңғы КСРО мен онымен шектесетін 

аумақтар сфералық бет ретінде көрсететіндігі.



107

Сонымен қатар, онда қазіргі Ресейдің артикалық бөлігі мен 

полюс айқын бейнеленген. 1980 жылдары ол жаңа, біршама 

жетілдірілген заманауи проекциямен алмастырылды. Цилиндрдік 

проекциялардың басым бөлігі ірі масштабты құруға қолданылады.  

Красовскийдің теңаралық қалыпты конусты проекция-

сы. Красовскийдің проекциясындағы картографиялық тор қиып 

өтетін қалыпты конуста құрылған.  Оны есептеу барысын 

да 

қойылған негізгі талаптар басым бөлігі 40º-73ºс.е аралығында 



КСРО-ның орналасқан аумақта іс жүзінде ауданның бұрама-

лануының болмауы, бұл ендіктердің шетіндегі параллельдерде 

ұзындық масштабтың тең болуы ескерілген. Торының пішіні 

 

қалыпты конусты проекцияға тəн қасиетке сəйкес келеді. 



Бұл проекцияда нөлдік бұрмалану сызығы глобус пен қосалқы 

геометриялық жазықтық жанасатын 50º-68º ендіктердегі парал-

лельдерде орналасқан. Пішіні доға тəрізді. Меридиандарының 

аралықтары тең болғандықтан олардың бойындағы ұзындық 

масштабы бас масштабқа жақын (m=0,997). Оның салдары-

нан параллельдердің бойында да ұзындықтың, ауданның жəне 

пішіннің бұрмалану көрсеткіші бас масштабқа жақын болады. 

Бұл көрсеткіштердің абсолют мəні  аз болғандықтан проекцияда 

қамтылған  КСРО-ның басым бөлігі тең аудандыққа жақын. 

КСРО шекарасының оңтүстігіндегі, сонымен қатар, Солтүс-

тік жер, Жаңа Сібір аралдарының жəне Таймыр түбегінің біраз 

бөлігіндегі параттельдердің аралықтарындағы ауданның бұр-

малану көрсеткіштері бірліктен небəрі 0,05 өлшемге артық 

(р=1,05). Тек жоғарыда аталған аралдар мен түбектің солтүстігінде 

ғана ол одан да артады [2.38-сурет]. Сонымен қатар, картаның 

шетіне қарай бұрыштың бұрмалану көрсеткіштері де  артады.  

80º с.е  параллельге  жақындаған сайын  бұрыштың бұрмалануы 

ω көрсеткіші 10º жетеді. Красовскийдің қалыпты конусты про-

екциясымен құрылған қазіргі ТМД елдерінің (бұрынғы КСРО-

ның) картасында салыстырмалы түрде бұрмалану онша үлкен 

болмағанымен, оны  кескінделген  қосындардың  арақашықтығын 

біршама дəл өлшеу қажет болғанда ескеру қажет [2.37-сурет]. 

Ондай есептеуді орындау барысында картадағы екі қосынның 

 

аралығындағы түзу сызықты  өлшеп  номограммадан табылған 



түзету коэфициенті К

көбейтеді  [2.38-сурет].




жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау