Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет34/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   141

108

3.37 сурет. Ауданның изокалдары бар Красовскийдің қалыпты конусты 

проекциясымен құрылған КСРО-ның картасы

Егер екі қосын да бір ендікте орналасса онда түзету коэфи-

циен тінің мəнін номограммадан олардың ендігі (φ) мен бойлық-

та ры  ның (λ) айырмасы бойынша табады. Егер қосындар əр түр лі 

ендіктерде орналасса, олардың тең ортасындағы ендік пен бой-

лық тарының айырмасы арқылы табады. 

Проекцияны 1921 жылы кеңестік астроном-геодезист Ф. Н. 

Красовский жасады. Онымен 6 сыныпқа арналған географиялық 

атластағы, сонымен қатар, КСРО-ның, қазіргі Қазақстан мен 

Ресейдің оқу жəне анықтама  карталары құрылған.

2.38-сурет. Красовскийдің қалыпты конусты проекциясымен 

құрылған КСРО-ның, қазіргі Ресей мен Қазақстанның карталарындағы 

ара-қашықтықты есептеуге арналған номограмма. φ – ендік, 

Δ

λ – 



бойлықтардың айырмасы.


109

Каврайскидің теңаралық қалыпты конусты проекция-

сы 47º жəне  62º  параллельдерде қиып өтетін қалыпты кону-

ста құрылған. Бұл проекцияда құрылған КСРО-ның картасын-

да ұзындықтың бас масштабы конус қиып өтетін параллельдер 

мен барлық меридиандардың бойында сақталған. Қазіргі ТМД 

елдері (бұрынғы КСРО-ның)  аумағының материктік бөліктерінде 

бұрмалану шамалы.  



2.39-сурет. Ауданның изокалдары бар Каврайскидің теңаралық қалыпты 

конусты проекциясымен құрылған КСРО-ның картасы

Конус қиып өтетін параллельдердің аралығы сығылуына бай-

ланысты 55º ендікте р, п, жəне R  0,99 тең. ал 47º жəне  62º  парал-

лельдердің сыртында бұл көрсеткіштер бірден жоғары. Бұ рыш -

тың бұрмалану көрсеткішінің өлшемі  Красовскийдікіне жақын.



2.40-сурет. Каврайскийдің тең аралық қалыпты конусты проекциясымен 

құрылған КСРО-ның, қазіргі Ресей мен Қазақстанның карталарындағы 

ара-қашықтықты есептеуге арналған номограмма. φ – ендік, 

Δ

λ – 



бойлықтардың айырмасы


110

Каврайскидің теңаралық қалыпты конусты проекциясымен 

құрылған қазіргі ТМД елдері (бұрынғы КСРО-ның) картасынан 

қосындардың ара-қашықтықтарын дəл өлшеу қажет болғанда но-

мограммадан алынған  түзету коэфициенті К

0

 пайдалану керек. 



Коэфициенттің өлшемін анықтау барысында Красовскийдің про-

екциясында сипатталған əдісті қолданады. 

Проекцияны 1931 жылы кеңестік астроном-геодезист В. В. 

Красовский жасады. Содан бері мектептің жəне мұғалімдерге 

арналған географиялық атластарындағы карталар мен қабырға 

карталарын құруға осы проекция кеңінен қолданылып келеді.



Картографиялық торды графиктік құру əдісі. 1:100 000 

000 масштабты жиілігі ∆φ=∆λ=10º болатын теңаралық қалыпты 

конусты картографиялық торына төменде көрсетілген ретпен 

графиктік құрылады.

1. Еркін масштабта тордың сұлбасын тұрғызады. 

2. Қосалқы сызбада (дəл болу үшін масштабты үлкейтуге де 

болады) 

R=а(1-



2

е

b

)

радиусты Жер элипсоидымен тең ауданды болатын  ρ=6,37см 



болатын  доға жүргізіледі.

3. Шеңбердің ішінде тік жəне көлденең диаметрлер жүргізіледі.  

4. 

Шеңбердің жоғарғы бөлігін екі бөлікке бөледі де одан 



ендіктері 47º, 62º болатын нүктелерді тауып, олардың радиусына 

тік диаметрімен түйіліскенше жанасатын сызық жүргізеді. Осын-

дай тəсілмен аумақтардың ең төменгі параллельерінің де радиу-

сын анықтайды. 

5. Соңғы сызбада орталық нүктеден тік түзу (орталық мериди-

ан) жүргізіп, радиустары сызбадан алынған төменгі ендіктерден 

бастап барлық параллельдерді жүргізеді. Проекция теңаралық 

болғандықтан орталық меридианға бағыттас бірдей қашықтықта 

меридиандардың  аралықтары белгіленеді.

6. Ендігі төменгі параллельдерден бастап көршілес 

меридиандардың аралықтарын 10º бөледі. Параллельдер доғасы-

ның ұзындығын орта мектеп мұғалімлеріне арналған атластағы 

кестеден алады. 



111

7. Жүргізілетін концентрлі шеңбердің орталығынан төменгі 

ендіктерден бастап параллельдерде белгіленген меридиандар 

нүктелерін түзу сызықпен қосады. Сəуле тəрізді  бір нүктеде 

түйілісетін сол түзулер меридиан болып табылады.   

8. Картаның бұрыштамаларын сызып меридиандар мен парал-

лельдердің градустарын белгілейді де, сызбаны рəсімдейді. 

Картографиялық тордың тоғысу нүктелерін матема-

тикалық əдіспен есептеу жəне координаттары бойынша 

құру. Бұл əдіс төменде көрсетілген формулаларды пайдалану ға 

негізделген.



x=ρ cos δ; y=ρ sin δ; δ=λ sin φ

0

;  ρ



0

=Rctg φ.


Мысал ретінде 52º ендіктегі үш нүктені есептеп шығарамыз. 

δ=10º·0,7880=7º53’; ρ

52

=

50000000



637111700

·0,8713=9,96 см.



х

1

=9,96· cos7º53'=4,98·0,9922=9,88см; у



1

=9,96· 


sin7º53'=4,98·0,1372=1,36см;

х

2

=9,96· cos15º46'=4,98·0,9624=9,58см; у



2

=9,96· 


sin15º46'=4,98·0,2665=2,66см;

х

3

=9,96· cos23º39'=4,98·0,9160=9,12см; у



2

=9,96· 


sin23º39'=4,98·0,3969=3,76см.

Конустық проекцияны құру барысында техникалық орын-

далуы қиынға соғатын штангенциркульды көп қолдануға тура 

келеді. Сондықтан ірі форматты картадағы конустық торды ко-

ординаттары есептелінген меридиандар мен параллельдердің 

қилысындағы тоғысу нүктелері арқылы тұрғызады. 

Картаның орталық меридианы абсцисса білігі ОХ ретінде 

қабылданады; координаттың бастауы 0 жазылған конустың 

шыңында орналасады; ордината білігі ОҮ абсцисса білігіне 

перпендикуляр өтеді. Егер меридиандарды жақындату бұрышы 

δ  мен параллельдердің радиусы ρ есептелген болса жоғарыда 

берілген формулалар бойынша 1, 2, 3, .... нүктелердің координат-

тарын есептемейді. 

Орталық меридианға қатысты картографиялық тор симме-

трялы болғандықтан тоғысу нүктелерінің барлығын емес, тек 

картаның сол жақ немесе оң жақ жартысының координатта-

рын есептеу жеткілікті. Тіпті аумақтың шеткі параллельдерінде 



жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау