Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет17/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   141

50

8. Жер элипсоидтың кіші білігі Р Р

1

 жер бетімен түйіскен нүктесі...



А) параллель; 

В) меридиан; 

С) полюс; 

D) экватор; 

Е) градус торлары.

9. Жер элипсоидының орталығы мен полюстерден бірдей қашықтықта 

жүргізілген Q M Q

1

 M



1

 Q шеңбері.....

А) градус торы; 

В) полюс;

 С) параллель; 

D) меридиан; 

Е) экватор.

10. Жер элипсоидының ОQ=а жарты білігі ...

А) үлкен жарты білік; 

В) кіші радиусы; 

С) кіші жарты білік; 

D) үлкен радиус; 

Е) ендік.

11. Жер эл,ипсоидының ОР=b жарты білігі ...

А) үлкен радиусы; 

В) үлкен жарты білігі; 

С) кіші радиусы; 

D) кіші жарты білік; 

Е) диаметрі;

12. Жердің үлкен жарты білігі а ұзындығы....

А) 6378245 м; 

В) 6366863 м; 

С) 6370000 м; 

D) 6356863 м; 

Е) 6371000 м 

13. Қандай жағдайда бұрыштар элипсоидқа бұрмаланусыз көшіріліп, 

шектеусіз шағын өлшемдер кескіндерінің пішіні сақталады, шар радиусы 

үлкен жартыбілікпен (а) теңеседі.

А) Тең бұрышты кескіндеу; 

В) тең ауданды кескіндеу; 

С) тең аралық кескіндеу; 

D) шартты проекциямен кескіндеу; 

Е) еркін проекциямен кескіндеу.                



51

14. Эллипсиойдты шарға, қандай жағдайда аудан бұрмаланусыз 

көшіріледі. 

А) Тең бұрышты кескіндегенде; 

В) тең ауданды кескіндегенде; 

С) тең аралық кескіндегенде; 

D) шартты  проекциямен  кескіндегенде;   

Е)  еркін проекциямен кескіндегенде.  

15. Элипсоидты шарға ............. жағдайында меридиандардың шардағы 

ұзындығы олардың элипсоидтағы ұзындығымен тең болып қалады. 

А) Тең бұрышты кескіндеу; 

В) тең ауданды кескіндеу; 

С) тең аралық кескіндеу; 

D) шартты проекциямен кескіндеу; 

Е) еркін проекциямен кескіндеу.                 

16. Бұрынғы  КСРО мемлекеттік геодезиялық мекемелері 1984-1993 

жылдар аралығында американдық жер серіктік позициялау жүйесінің 

бірінші ұрпағы TRANZIT көмегімен 162 қосыннан тұратын..... құрды.

А) астрономиялық-геодезиялық торлар; 

В) қосымша геодезиялық тор;           

С) астрономиялық-геодезиялық торлар; 

D) мемлекеттік нивелирлік тор; 

Е) кеңістіктік тор. 

17. Қазақстан Республикасының əскери қарулы күштерінің 

топографиялық қызметі Ресейлік ГЕОИК-1, ЭТАЛОН геодезиялық жер 

серіктерінің көмегімен ......... құру ісін жүзеге асыруда. 

А) астрономиялық-геодезиялық торлар; 

В) қосымша геодезиялық тор;       

С) ғарыштық геодезиялық тор; 

D) мемлекеттік нивелирлік тор;                

Е) кеңістіктік тор; 

18. Барлық геодезиялық жұмыстар мен топографиялық түсірулерге 

негіз болатын ғылыми-тəжірибелік мақсатта құрылатын ......... бүкіл ел 

аумағында біртұтас биіктік жүйесін түзеді.

А) астрономиялық-геодезиялық торлар; 

В) қосымша геодезиялық тор;       

С) ғарыштық геодезиялық тор; 

D) мемлекеттік нивелирлік тор; 

Е) кеңістіктік тор.



52

2 - т а р а у



ҰСАҚ МАСШТАБТЫ КАРТАЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ 

НЕГІЗДЕРІ

2.1. Географиялық глобустың негізгі қасиеттері.

Белгілі бір масштабта кішірейтіліп алынған жер шарының 

үлгісін глобус дейміз

Беткі деңгейімен шектелген жердің нақты 

пішіні геойдтың Красовскийдің элипсоидынан айырмашылығы 

шамалы [1.3 тақырыпты қараңыз]. Глобуста бірнеше ондаған 

миллион есе кішірейтіліп алынғандықтан элипсоидтың  қалыпты 

шардан айырмашылығы болмайды. 

Красовскийдің элипсоидында экваторлық жəне полярлық 

жарты біліктердің (R) ұзындық айырмасы 21,5 шақырым болса, 

1:50 000 000 масштабты мектеп глобусында ол көрсеткіш небəрі 

0,4 мм болғандықтан адам көзіне байқалмайды. Сондықтан гло-

бусты өте алыстан қарағандағы Жер ғаламшарының пішінінің 

нақты кескіні деп атауға болады. Оны ғарыштық түсірілімдерде 

Жердің шар тəрізді болуы айғақтайды.

Глобустың шар тəріздес тегіс беті Жер бедерінің маңызды 

ерекшеліктерінің бірі салыстырмалы биіктіктерінің көлденең 

қашықтықпен салыстырғанда өте қысқа екенінде көрсете алда-

ды. Қардайда бір таудың етегінде тұрған  адамға жер бедерінің 

ойлы-қырлылығы шамалы сияқты болып көрінеді. Мысалы, аб-

солют биіктігі 8848 метр болатын Гималай тауының Джомолунг-

ма шыңының  1:50 000 000 масштабты глобустағы  мəні  0,18мм 

тең болатындықтан көзге байқалмайды.

Сондықтан глобуста жер бетінің нақты пішіні, негізгі 

ерекшеліктері, мұхиттар мен материктердің көлденең бағыттағы 

жіктелуі дұрыс кескінделген деп айтуға болады.

Картография курсында глобус əр түрлі картографиялық 

преокцияларда құрылған карталарда нысандардың негізгі 

геометриялық қасиеттері-жер бетінің ауданы мен пішінінің, 

ұзындығы мен енінің арақатынасының,  градус торларының нақты 

пішінінің сақталу деңгейі мен бұрмалану дəрежесін анықтау  тағы 




53

басқа мəселелерді шешу мақсатында қолданылады. Бұл бағытта 

пайдалану глобустың градус торларының қасиеттерін толық 

қарастыруды қажет етеді.

Глобустың меридиандары мен параллельдерінің пішіні, өзара 

орналасуы Жердің градус торларының нақты пішініне сəйкес 

келеді. 

Жердің кішірейтіліп алған үлгісі болғандықтан, ұзындық мас-

штабы глобустың кез-келген бөлігінде бірдей болады. Мұндай 

ерекшелікті  теңаралық қасиет дейміз. Егер глобустың масшта-

бы 1:50 000 000 болса, жердің радиусы мен кез-келген бөлігіндегі 

арақашықтық 50000000 есе кішірейтіледі.     

Теңаралық қасиетіне байланысты Жер беті мен глобустағы 

меридиандардың ұзындығы бірдей болады. Барлық меридиан-

дар полюсте түйісетіндіктен параллельдердің бойлық бойынша 

ұзындығы экватордан алыстаған сайын біртіндеп қысқарады. 

Көршілес жатқан меридиандар доғасы мен  олар қилысатын 

параллельдердің ара-қашықтығы глобустың барлық бөлігінде тең 

болуымен ерекшеленеді. 

Глобустың барлық бөліктерінде ұзындық масштабы тең болған 

жағдайда, барлық бағыттарда ауданның масштабы да тең болады. 

Жердің кішірейтіліп алынған үлгісіне тəн мұндай ерекшелікті 

глобустың тең ауданды қасиеті дейміз. Көршілес жатқан мери-

диандар мен параллельдердің қиылысуынан түзілетін бір ендікте 

жатқан сфералық трапециялардың ауданы жер элипсоидында да, 

глобуста да тең болады. Тең ауданды қасиетке сəйкес глобустың 

кез-келген бөлігіндегі барлық нысандардың ауданы тең болады.

Теңаралық жəне тең ауданды қасиетіне сай глобустағы барлық 

нүктелердің бұрыштары да  тең болады. Глобустың бұл қасиетін 

тең бұрышты дейміз.Тең  бұрыштық қасиетке сəйкес глобусқа 

көшіргенде жер элипсоидының кез келген екі бағытының 

көлденең бұрыштары өзгермейді. 

Қорыта айтқанда, барлық картографиялық өнімдердің ішінде 

тек глобус қана теңаралық, тең ауданды жəне тең бұрышты 

қасиетке ие болады. Жер бетінің жазықтықтағы кескіні 

болғандықтан, ешбір географиялық карта аталған үш қасиетке 

бірдей ие болмайды. Сондықтан глобус жер шарымен жалпы 

танысу, оның қозғалысын,  жер бетінің негізгі ерекшеліктерін,  



жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау