38
– Жер серіктік қабылдағыштарды электронды тахометрлер-
мен, сандық бейнекамералармен, иннерциялық навигациялық
жүйелермен кешендеу негізінде географиялық ақпараттық
жүйелердің (ГАЖ) деректер базасын жаңарту.
Жерсеріктік жүйелердің негізгі артықшылықтарына ғаламды-
ғы, жеделдігі, қосалқылығы, оңтайлы дəлдігі мен тиімділігі жата-
ды. Дəстүрлі геодезиялық өлшеулерден айырмашы лығы белгілі
бір қосындардың өзара көрінуі қажет емес. Ғаламдық позициялау
жүйесі WGS-84 координаттар жүйесінде, ал ГЛОНАСС ПЗ-90 ко-
ординаттар жүйесінде жұмыс істейді. Олар жер бетіндегі бақылау
мен басқару (ЖББ), ғарыштық аппарат тар (ҒА) жəне пайдалану-
шылар аппаратуралары (ПА) жүйе тармақтарынан тұ ра ды.
Жер бетіндегі бақылау мен басқару жүйе тармағы
ғарыштық аппараттарды есептеу орталығы бар бақылау жəне
деректерді жер серігінің бортына енгізетін бекеттерден тұрады.
Жер серіктері қозғалысты бақылайтын қосындардың үстінен бір
тəулікте екі рет өтеді. Орбита туралы жиналған деректер өңделеді
жəне осы негізде Жердің жасанды серіктерінің кординаттары
болжанып, олардың əр қайсысының бортына енгізіледі.
Колорадо-Спрингистегі АҚШ-ың əскери əуе күштерінің ба-
засында, Кваджалейн атоллдары мен Вознесения, Диего-Гарсий,
Гавай аралдарында орналасқан Жердің жасанды серіктерін
бақылау бекеттерінің негізгі қызметі -GPS жүйесін басқару.
ГЛОНАСС жүйенің құрамына Мəскеу маңындағы жүйені
басқару орталығы, Санкт-Петербург, Воркута, Якутск, Камчат-
кадағы-Петропавловск, Уссуриск, Улан-Удэ, Енисей қала ла рын -
да орналасқан жүйені синхрондауға мүмкіндік беретін жиілігі
мен уақыты жоғары дəлдіктегі орталық синхронизаторлар мен
бақылау бекеттерінің торы кіреді. Қазақстанда жоғарыда атал ған
жүйелерді бақылау жəне олардан қажетті деректер алу Астана
маңындағы Ақкөл қаласындағы ғарыштық зерттеулер орталығын-
да жүр гізіледі.
Ғарыштық аппарат жүйе тармағының құрамына GPS жүйесі
мен ГЛОНАСС Ғаламдық жерсеріктік навигациялық жүйесінің 24
жұмыс істеп тұрған жəне бірнеше қосалқы Жердің жасанды серік-
тері кіреді. Жердің жасанды серіктері 20 000 шақырым биіктіктегі
Жер маңындағы кеңістікте біркелкі таратылған. Жердің əрбір жа-
39
санды серігі күннен қуат алатын батереялармен, орби таны ретке
келтіретін қозғағышпен, уақыт жиілігін реттейтін атом дық это-
лонмен, радио сигналдарды жіберетін жəне қабыл дай тын аппа-
раттар мен борт компьютерлерімен қамтамасыз етіл ген.
Жердің жасанды серіктері мен жерсеріктік қабылдағыштар
радиоқашықтық өлшегішті түзеді. Қабылдағыш Жердің жасанды
серіктерінен жіберілген радиосигналдарды қабылдап, қабылда-
ғыштың өзінде өңделген ақпараттармен салыстырылады да, радио -
тол қындардың таралған уақыты, содан кейін ғарыш аппараты-
на дейінгі қашықтық анықталады. Жердің жасанды серіктері
мен жерсеріктік қабылдағыштарда тұрақтылығы жоғары негізгі
электромагниттік тербелістердің генераторлары бар. Олар фазалық
əдіспен арақашықтықты дəл өлшеу, қашықтық өлше гіш коды деп
аталатын дəлдігі біршама төмен кодтық əдіспен арақашық тықты
өлшеу, сонымен қатар, навигациялық хабарламалар ды қалып-
тастыру қызметін атқаратын электромагниттік тербелістер түзе ді.
Фазалық өлшеулерді орындап, оларды қашықтық өлшегіш
кодтардың қабылдағышына енгізу жəне навигациялық хабарла-
малардағы басқа ақпараттарды тасмалдау үшін оларды радио-
толқындарға жинақтайды. Барлық жасанды жер серіктерінде
берілетін ақпараттар L
1
жəне L
2
белгіленетін екі жиілікте
оқылады. Екі жиілік ионосферадан өту барысында байқалатын
радиотолқындар өлшемдерінің уақытша тежелуін болдырмау
үшін қажет. GPS жүйесінде L
1
толқындарының жиілігі 19 см, ал
L
2
жиілігі 24,4 см сəйкес келеді. ГЛОНАСС жүйесінде L
1
жəне L
2
тасмалдайтын əрбір жасанды жер серігінің өзіне тəн жиілігі бола-
ды. Олардың мəні 19 см мен 24 см таяу.
Қашықтықөлшегіш код 0 жəне 1 символымен белгіленетін
белгілі бір ретпен кезектесіп отыратын импульс болып табылады.
Сонымен, код – бұл 0 жəне 1 комбинациясының кезектесіп үздіксіз
қайталанып отыруы. Стандартты жəне жоғары дəлдіктегі код-
тар болады. Біріншісі біршама қарапайым болғандықтан оларды
азаматтық тұтынушылар қолданады. Екіншісі дəл əрі өте күрделі
болғандықтан оларды тек əскери мақсатта пайдаланылады.
Кодтар мен навигациялық хабарламалар тасмалдайтын
толқындарға тұрғызылады жəне олардың көмегімен Жердің жа-
санды серіктерінен пайдаланушылардың қабылдағыштарына
40
жіберіледі. Жоғары дəлдіктегі кодтар L
1
жəне L
2
тасмалдау
жиіліктерінде, ал азаматтық кодтар тек L
1
тасмалдау жиілігінде
жіберіледі. Бұл азаматтық кодтардың көмегімен өлшенген
қашық ионосфералық бұрмаланудан қорғалмағанын көрсетеді.
GPS жүйесінде бөлінген кодтық сигналдарды қабылдайтын
бір жиілікте жұмыс істейтін барлық жасанды жер серіктерінің
əрқайсысының өз кодтары болады. ГЛОНАСС-та сигналдардың
жиіліктерінің бөлетін əр жасанды жер серігінің өз жиілігі
болғанымен барлығының коды бірдей болады.
ГЛОНАСС пен GPS жүйесінің жасанды жер серіктері
қабылдағышқа телеметриялық деректері бар уақыт, уақыттық
белгілер жəне эфемеридтер (жердің жасанды серіктерінің коор-
динаттары есептелінетін деректер) туралы ақпараттар сақталған
навигациялық хабарламалар, сонымен қатар, жердің барлық
жасанды серіктерінің жағдайы мен орналасқан орны жөнінде
нақтылығы шамалы деректер жинағы - альманах жіберіп отыра-
ды. Альманах өлшеулерді жоспарлау үшін қажет. Қандайда бір
Жердің жасанды серіктеріне қатысты нақты деректерді тек оның
өзі ғана бере алады. Альманахтың ақпараттары Жердің барлық
жасанды серіктерінен беріледі.
Пайдаланушылар аппаратурасы жүйе тармағын түзетін
Жердің жасанды серіктерінің қабылдағыштарын жетілдіру
жоғары деңгейге жетті. Қазіргі кезеңде жасалған заманауи
ғарыштық қабылдағыштар бір мезетте бір жүйеде жұмыс
істейтін жəне бірден ГЛОНАСС пен GPS жүйесінің жасанды жер
серіктерін пайдалануға бағытталған.
Заманауи жер серіктік қабылдағыштардың барлығы алты, жеті
жəне одан да көп арналы болады. Əрбір арна өзінің жасанды жер
серіктерін бақылайды. Өлшеу барысында радиотолқындар өтетін
желілердің бойында жер бедері, ағаштар, ғимараттар, басқа да
құрылыстар сияқты кедергілердің салдарынан сигналдардың
берілуінің үзілу мəселелері туындауы мүмкін. Арналар көп
болған сайын бұл қиындықтарды жеңіп, көрінетін жердің жасан-
ды серіктерін табу оңай болады.
Конструкциялық ерекшеліктеріне сəйкес жер серіктік қабыл-
дағыш тар төменде көрсетілген топтарға бөлінеді:
– бір жүйеден сигналдарды қабылдауға бағытталған бір жүйе лі;
– ГЛОНАСС-тан да, GPS-тен де сигнал қабылдайтын екі жүйе лі;
Достарыңызбен бөлісу: |