Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет131/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   141

431

магниттік меридианның бағытын білу қажет. Оны карта бойын-

ша немесе жергілікті жерде тұсбағдардың көмегімен жүргізеді. 

Карта бойынша магниттік меридианның бағытын анықтау үшін 

екі жалпы нүкте тауып алып, сол арқылы түзу сызық жүргізеді. 

Содан соң аэрофототүсірілімдерді    картаға қойып, картадағы 

сол нүктелердің өз бағыттарына сəйкес келетінін анықтау қажет. 

Магниттік меридианды жүргізу үшін аэрофотосуретті картаның 

бетінде ұстап тұрып, тік бағыттағы шақырымдық торға сəйкес 

келетін тік сызықтар жүргізіледі. Суреттің бетінде магниттік 

меридианның сызықтарын жүргізу үшін бағытқа түзетуге сəйкес 

келетін бұрыш жасайтындай тік бағыттағы шақырымдық торға 

бағыттас сызық жүргізу керек.

Тұсбағдардың көмегімен анықтау. Аэрофототүсірілімдерде 

жергілікті жердегі сызықтармен картадағыдай бағдарлап, 

тұсбағдарды бағдарланған аэрофототүсіруге қояды да магниттік 

бағдардың бағыттарын белгілеп, екі нүктені қосатын сызық 

жүргізеді. Содан кейін С жəне О əріптерімен магниттік 

меридианның солтүстік жəне оңтүстік бағыттарын белгілейді.



Аэрофотосуретке шақырымдық тор сызықтарын жүргізу. 

Аэрофотокескінге шақырымдық тор жүргізу үшін картамен 

беттестіріп алып үстінен шақырымдық тор сызықтары кесіп 

өтетін анық байқалатын АВСD нүктелерін тауып аламыз. Со-

дан соң картадағы сол нүктенің үстіне қойып шақырымдық  тор 

сызықтары жүргізіледі.



10.48-сурет. Аэрофототүсірілімдерге шақырымдық тор сызықтарын 

жүргізу



432

10.6 Ғарыштық түсіру туралы түсінік

Ғарыштық түсірулерді табиғат қорларын, табиғат құбылыс-

тарының динамикасын жан-жақты оқып-үйрену, Жердің 

қоршаған ортасын қорғау, ғарыш кеңістігі мен жақын орналасқан 

ғаламшарларды зерттеу мақсатында қолданады. 

Ғарышты зерттеу материалдарын география, астрономия, 

 

 

геоде 



зия, геология, метеорология жəне Жер туралы ғалымның 

тағыда басқа салалары пайдаланады. Қазіргі кезеңде ғылымның 

ғарыштық картография жəне  ғарыштық геодезия сияқты жаңа 

бағыттары пайда болды. Жоғарыда аталған ғылымның жаңа 

бағыт тары дамуына ғарыштық түсірулердің төменде көрсетілген 

бірқатар қасиеттері əсер етті:

– ірі аумақты қамтуы мен одан туындайтын бейненің жинақ-

таруының  жоғары болуы; 

– түсірулер бойынша тұтас ғаламшардың негізгі құрылымдық, 

аймақ тық жəне зоналық ерекшеліктерін  оқып-үйренуге қолайлы-

лы ғы; 

– бір мезетте  жер бетінің кең көлемді аумағын түсіру арқылы 



ландшафттың барлық құрамдас бөліктерінің арасындағы байла-

ныстарды зерттеу  мүмкіндігінің болуы;

– түсірулерді тұрақты түрде қайталаудың табиғатты ырғақ ты 

(тəуліктік, маусымдық,) жəне ойда жоқта туындайтын (ор ман  ның 

өртенуі, жанартау атқылау сияқты басқада табиғат   құбылыс-

тарының, сонымен қатар шаруашылық əрекетінің (егіс алқап-

тарының ауданы, дақылдардың тісіп жетілуі, құрылық пен теңіз-

дердің ластануы) динамикасын оқып-үйренуге мүмкіндік бе р уі. 

Жоғарыда аталғандар ғарыштық түсірулердің негізгі 

бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.



Ғарыштық түсірулерді топографиялық жəне жалпы 

географиялық карталарды құруға пайдалану. Ғарыштық 

түсірулерді Жер бетінде жүргізілетін  жəне аэрофототүсірулермен  

қамтамасыз етілмеген аз зерттелген жəне қолжетімділігі қиын 

аудандардың топографиялық карталары үшін қолданады. Бұл 

жағдайда ғарыштық түсірулер 1:50 000-1:200 000 мыңға дейінгі 

ірі масштабты топографиялық карталарды құруға мүмкіндік 

береді. Олардың негізінде жергілікті жерді барлау жəне қосымша 



433

топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жүргізу арқылы толық 

қанды топографиялық карталар жасалады.

Ғарыштық түсірілімдерді үлкен өзгерістері бар аудан-

дардың топографиялық карталарын жаңарту үшін пайдала-

ну. Ғарыштық түсірілімдер ірі масштабты карталардың жаңар-

тылуын күтпестен орта жəне ұсақ масштабты карталарды тікелей 

фототүсірілімнен жаңартуға мүмкіндік береді. 

Ғарыштық түсірілімдерді карталардың жаңартылу 

мерзім  дерін анықтау үшін пайдалану. Ғарыштық түсірілімдерді 

пайдаланып  жергілікті жердің түрленуі мен шаруашылыққа 

пайдалану деңгейі əртүрлі аудандардың карталарын жаңарту 

мерзімдерін белгілеуге болады.  

Картаның түпнұсқасын камералық өңдеу жолымен түсірілім 

бойынша картаның ескіруін жəне топографиялық карталардың  

толық немесе ішінара жаңартуды қажет ететін беттерін 

анықтайды. Сонымен қатар, барлық масштабтар үшін немесе 

ұсақ тан біртіндеп іріге қарай кезекпен барлық қарталарды жаңар-

туға  мүмкіндік туада.   

Ғарыштық түсірілімдер бойынша көптеген тақырыптық карта-

лар да құрылуда. Оларға орографиялық, геоморфологиядық,   ауыл 

шаруашылық; қазіргі кезеңдегі табиғат қорлары жағдайының, 

бағалау, болжау карталарын, қоршаған ортаны қорғаудың кешенді 

карталарын қамтитын тақырыптық карталар серялары жатады. 

Елімізде шаруашылықтық мақсатта  бірінші кезекте игерілетін 

аудандар үшін ғарыштық ақпараттар негізінде табиғат корларын 

кешенді бағалау жəне тіркеу бағдарламасы жасалып, табиғаты 

мен болашақта  шаруашылықты тиімді дамыту бағыттарын си-

паттайтын сол аумақтардың алуан түрлі тақырыптық карталары  

құрылған.  

Ғарыштық түсірілімдерді фотокарталар құру үшін пай-

далану.  Фотокарта – фотобейнелерді жекелеген ғарыштық 

түсірілімдерді трансформациялау арқылы құрастырылған 

фотосұлбаның (планның) көшірмесі. 

Ғарыштық фототүсірілімдер жер бетінің табиғи бейнесін ба-

рынша жинақтау арқылы ең негізгілерін береді.  Картографиялық 

бейнелермен үйлескен оның бұл бағалы қасиеттері АҚШ, Жа-

пония, Германия, Ұлыбритания Ресей сияқты   дүниежүзінің 

28–1171



жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау