Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет134/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   141

442

дешифрлеу далалық топографиялық-геодезиялық жəне камералық 

фотограмметриялық жұмыстарды қамтитын қазіргі кезеңдегі ірі масштаб-

ты карталар мен сұлбаларды (пландарды) құрудың негізгі əдісі. 



Аэрофототүсіру ірі масштабты карталар мен сұлбаларды (пландар-

ды) құруды көздейтін ұшаққа орнатылған аэрофотокамераның, басқару 

приборының (фотокамераның тетіктерін автоматты түрде басқаратын) аэ-

рофотокамераны бекітетін жəне дірілді жұтатын қондырғылардан тұратын 

қашықтықтан түсіру.

Аэрофототүсірілімдерді  дешифрлеу – аэрофотосұлбалар мен 

фотосызбалардағы жергілікті жердегі нысандардың кескіндерін тану 

үрдісі. Топографиялық дешифрлеу барысында топографиялық сұлбалар 

(пландар) мен карталар да түсірілуге тиісті барлық нысандар (өзендер, 

жолдар, елдімекендер, ауылшаруашылығына жарамды жерлер орман 

алқаптары т.б.). танылып, олардың кескіндері анықталады.



Аэрофототүсірілімдердің бүркемеленбеген белгілері – аэрофототү-

сі рі лімдердегі



 нысандарды тануға мүмкіндік беретін белгілері. Олар тура 

немесе жанама болуы мүмкін.



Бас масштаб –  картаның  негізі ретінде алынған глобустың масшта-

бы. Ол картаның оң жақ бұрыштамасының астында сандық, атау жəне 

сызықтық масштаб түрінде жазылады. Бас масштаб бұрмалану болмайтын 

жекелеген сызықтар мен нүктелерді дəл өлшеуге мүмкіндік береді.  



Бағдарлау – жергілікті жерде көкжиектің тұстарына жəне жергілікті 

жердегі заттарға, жер бедерінің құрамдас бөліктеріне қатысты орнын 

анықтай отырып жүретін жолының бағытын  таба білу. Жергілікті  жер-

де  бағдарлаудың құрамына өзің  тұрған жердегі көкжиектің тұстары мен 

сол жердегі ерекшеленетін заттарға қатысты орнын анықтау таңдаған 

бағытпен жүрудің сақталуы, жергілікті жердегі бағдарлық заттардың 

жағдайы кіреді. Бағдарлау нақты жəне жалпы болып екіге бөлінеді. 

Бағдар – жергілікті заттар мен жер бедерінің пішініне қарап, өзің 

тұрған  орынмен қозғалатын бағытты анықтау. Олар пішінімен, түсімен 

ерекшеленіп өзін тұрған жерді көзбен шалып өткенде, жеңіл əрі тез табы-

лады. Бағдарлар аудандық, сызықтық, нүктелік болып үшке бөлінеді.



Безье қисығы – жатық сызықтарды компьютерлік кестеде үлгілеуде 

кеңінен қолданатын тəсіл. Қисық сызық  толығымен өзінің тірек 

нүктесінің дөңес кабықшасында жатады. Безье қисығының бұл қасиеті 

қисық сызықтар 

дың қилыстарын табуды жеңілдетеді. Егер өзінің 

тірек нүктесіндегі дөңес қабықша қилыспаса онда қисық сызықтарда 

қилыспайды. Осы қасиеттеріне орай оның тірек нүктелері арқылы қисық 

сызықтардың параметрлерін интуитивті басқаруға болады. Оны ХХ 

ғасырдың 60 жылдары Пьер Безье мен Пол де Кастельжо ойлап тапқан.  

Бергштрих-бұл  жер бедерінің дөңес (тау, төбе, жота, белес)  жəне  

иілінген  ойлы (қазан шұңқыр, жылға, ойпаң, сай, мойнақ) пішіндерін бір-

бірінен ажыратып, бағытын анықтауға мүмкіндік беретін горизонтальдарға 

перпендикуляр жүргізілетін қысқа сызық.




443

Белгілеу тəсілі – түсіретін нысан қолжетімсіз болғанымен нысана-

лау сəулесі арқылы сұлбаға (планға) түсіруге мүмкіндік беретін  негізгі 

жүріп өтудің екі немесе үш нүктесінен көрінетін  орындарда орналасқан 

жағдайда қолданылатын тəсілдер. Бұл жағдайда қажетті нысанды бір 

нүктеден белгілеп, содан соң нысаналауды екінші нүктеден қайталайды да, 

бағытталған екі бағыттың түйіліскен жерінде түсірілетін нысанның орнын 

белгілейді.  Үшінші бақылау нүктесінен нысаналаған жағдайда нысанның 

орнын жоғары дəлдікте анықтауға болады. Егер үш сəуле бір-бірімен 

түйліскен жағдайда үш бұрыш түзілсе түсірілетін нысан үш бұрыштың 

тура ортасында орналасады. 



Блок-диаграммалар – қандайда бір жазықтықтың ұзына бойымен  

жəне көлденең қима-сызбалармен үйлестіріліп құрылған жер бетінің үш 

өлшемді перспективті кескіні. 

Буссольдық түсу – төменгі дəлдіктегі құралдар тұсбағдарды  қолда-

нып бағдарлайтын бұрыштардың магниттік азимутын немесе румбысын 

анықтап, арақашықтықтары əртүрлі əдіспен өлшеп жергілікті жердің 

шағын бөлігінің сұлбасын (планын) құру.



Буссоль – белгілі бір нүктелердің бұрыштарын дəл өлшеуге мүмкіндік 

беретін градустық көрсеткіштері бар лимба жəне минуттық көрсеткіштері 

верньер мен қажетті нүктелердің бұрышын анықтауға арналған нысана-

лы диоптрмен қамтамасыз етілген төменгі дəлдіктегі геодезиялық құрал. 

Егер Буссольдың лимбасының градус саны нөлден 360º

 

дейін болса, ол 



азимуттық, егер нөлден 90º дейін болса, румбалық деп аталады.

Буссольдың нысаналау жазықтығы –  буссольдың көздейтін диоптор-

мен затқа бағытталған диоптрдың жіңішке қылы арқылы өтетін жазықтық.



Бұрмалану эллипсі –  картаның əртүрлі бөлігіндегі параллельдер 

мен меридиандардың қиылысқан жерлерінде дөңгелек, төрт бұрыш, эл-

липс сыяқты геометриялық пішіндер тұрғызу арқылы ұзындықтың, 

ауданның, көлденең бұрыштар мен пішіннің бұрмалануын анықтау үшін 

қолданылатын қарапайым тəсілі.  

Бұрмаланудың басты бағыты – ұзындық бұрмалануының ең 

үлкен жəне ең кіші көрсеткіштерінің бірін-бірі перпендикуляр қиып 

өтетін нүктесі. Картографиялық тордың сызықтарының арасындағы 

бұрыштарының бұрмалану көрсеткіші ретінде 90º  ауытқу шамасы алы-

нады. Бұрыштардың бұрмалану көрсеткіші гректің e (эпсилон) əрпімен 

белгіленеді.



Бұрыштың бұрмалануының жалпы көрсеткіші w ретінде картаның 

белгілі бір бөлігіндегі нүктенің бұрыштарының бұрмалануының ең үлкен 

көрсеткіштері мен жер элипсоидының бетіндегі сол нүктенің бұрыш-

тарының көрсеткіштерінің айырмасы алынады.



Биіктік жəне тереңдік шкалалары – əр қабатты бояу қамтыған теңіз 

деңгейінен алынған биіктіктері метр есебімен берілетін картаның оңтүстік 

бұрыштамасының астындағы шкала.  Биіктік жəне тереңдік шкалаларының 

көмегімен қима-сызбалар құруға болады. 




жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау