41.Тақырыптық картографияның негізін салушылар
Картография және географияның ғылыми деректері Ежелгі Грекиядан басталады. Бұған Александр Македонскийдін, (Ескендірдің, б.з.б. ЫВ) жарлығының ықпалы мол болды. Ескендірдің кезінде кең аумақты отарлау мен сауда кеңінен жүрді, ірі географиялық ашылымдар болды. Ежелгі Грекиядағы географиялық ой-өрістің және астрономияның дамуы нәтижесінде Жер шар тәріздес деген ғылыми ұғымы қалыптаса бастады. Мұнда Аристотельдің еңбегі зор болды. Жердің шар тәріздес екендігін алғаш рет дәл өлшеп көрсеткен астроном және географ Эратосфен болды (б.з.б. ЫЫЫ ғасыр). Эратосфен өзінің "География" кітабында сол кезде белгілі болған Жер бетінің бейнесін картаға түсірді. Эратосфен алғаш рет "географиялық бойлық", "географиялық ендік" ұғымдарын енгізіп, оны іс жүзінде пайдаланды.
Ежелгі дүниенің ғылыми картографиясы өзінің кемелденген шегіне грек астрономы, географы және картографы Клавдий Птолемейдің (б.з. І-ІІ ғ.) тұсында жетті. Ол өзінің “География” еңбегінде сол кезде белгілі болған карта проекцияларының барлығын, оның ішінде конустық және псевдоконустық проекцияларды тыңғылықты баяндап берді. 8000 жуық географиялық объектілердің координаталарын картада көрсетті.
Ежелгі Римде картографияның ерекшелік сипаты тек іс жүзінде пайдалануға болатын бұқара қауымның сұранысын қанағаттандырды. Ол кездегі Рим империясының экономикалық және саяси өмірі шалғайда жатқан провинциялар мен оларға көрші жатқан елдер арасындағы көлік байланысы болды. Сондықтан жол жүргенде пайдалануға болатын жол карталары жиі қолданылды.
Рим империясы құлағаннан кейін оны Еуропада феодаолизм алмастырды. Сонымен жаңа тарихи ортағасырлық дәуір басталды. Ол В ғасырдан ХВЫЫ ғасырдың ортасына дейін созылды. Бұл кезеңдегі негізгі картографиялық өнімдер түріне монастырлық карталар жатты. Олар монастырларда жасалып, құдайға сыйынуға арналған иллюстрациялардан тұрды. Авторлар географиялық шындықты дұрыс көрсетуге талпынбады. Оның негізгі мақсаты дүние туралы түсінікті картада дін арқылы көрсету болды.
Ортағасырлық кезеңде Шығыс Арабия елдерінде картография және география біршама жетістіктерге жетті. Араб ғалымдары еуропалықтардың діни (монастырлық) карталарына қарағанда пішіні мен мазмұны жағынан әлде қайда бай, көрнекті және сол кезде белгілі жерлерді дәл және шынайы түрде бейнелей білді. ХІ ғасырда ортаазиялық ғалым Әбу Райхан әл-Бируни эклиптиканың экваторға еңкіштігін дәл анықтады, Жер радиусын да шамалап дәл көрсетті. "Карталар және Жер беті туралы мәліметтер" еңбегінде ол картографиялық проекциялар, градустық тор жайлы және Жер бетін глобусқа проекциялау әдістерін қарастырды. Еуропада картаның даму кезеңі орта ғасырлардың аяғына келді. Оған негізгі себеп, осы кезде қоғамның картаға деген сұранысының өсуі болды. Карта, негізінен, Шығыс пен Батыс елдері арасындағы сауданың дамуына байланысты қолданыс таба бастады. Оған қызығушылық артты.Осының нәтижесінде ХВЫ ғасырдың соңында арнайы теңіз карталары - портолондар (италия тілінде розто -қойнау) пайда болды. Олар теңізде жүзгенде бағдарлану үшін пайдаланылды.
42.Картаның географиядағы ролі мен мәнін сипаттау
«Карта» термині орта ғасырларда Қайта өркендеу дəуірінде пай-
да болды. Бұл термин латын сөзінің «Charta» (бет,барақ) ұғымынан
шыққан.Ол өз кезінде гректің XAPNS (хартес-папирустан жасалған
қағаз) сөзінен шыққан туынды сөз.
Карта (map,chart) – жер бетінің тағы да басқа аспан денелерінің
немесе ғарыштық кеңістіктің математикалық амалмен анықталып
кішірейтіліп генрализацияланған бейнесі. Карта жоғары ақпарат-
тылығы, шынайылығына салыстырма түрінде кеңістік уақытта
ол жоғарғы ақпараттылыққа ие жəне ерекше сипаттамалық жəне
көрнектілігімен көрінетін кейіпті белгілі үлгі түрінде қаралады.
Сондықтан да ол Жерді тану ғылымдарының жəне əлеуметтік-
экономикалық ғылымдардың ең басты жəне маңызды құралы болып
саналады.
Мазмұнына қарай карталар:
– жалпыгеографиялық карталар;
– тақырыптық (тематикалық) карталар (оның ішінде табиғат кар-
талары, əлеуметтік-экономикалық карталар);
– арнайы карталар сияқты топтарға бөлінеді.
Бұл карталардың барлығы аналитикалық (талдамдық), кешенді
жəне синтетикалық болуы мүмкін.
Қолданыстағы арнайы карталар: нысананың тұрған жерін
көрсететін инвентарлық, жергілікті картаға; қандай да бір
шаруашылық əрекет түрінің іске жарамдылығын сипаттайтын
бағалау карталарына; табиғат ресурстарын қорғаудың оңтайлыамалдарын қарастыратын табиғатты қорғауға арналған шараларды
орналастыруды көрсететін карталарға; қазіргі уақытқа дейін белгісіз
немесе болмаған табиғи құбылыстарды алдын ала ғылыми түрде
байқап білетін болжам карталарына бөлінеді. Мұхиттар картасы өз
кезегінде теңіздер, шығанақтар, бұғаздар мен аймақтар карталарына
бөлінеді.
Карта географияның ерекше жəне негізгі тілі саналады. Сон-
дықтан да ол компютерлік географияның негізгі тілі болып табылады.
Кеңістік деректерден тұратын бұл графикалық форма (пішін) əртүрлі
координатты жүйеден, проекциядан, символдар жиынтығынан,
қысқартулар жəне генерализациялар əдістемелерінен тұрады
43. Проекция таңдаудағы карта мазмұнының әсер етуі (екеуине бир жауап 44 пен)
44. Территорияға байанысты проекция таңдау
Проекция таңдауға бірнеше фактор əсер етеді, оларды төмендегі-
дей топтастыруға болады:
– Картографияланатын территорияның географиялық ерекше-
ліктері, Жер шарындағы орналасуы, көлемі жəне конфигурация;
– Мақсаты, масштабы жəне карта тематикасы, болжанатын
қолданушылар шеңбері;
– Картаны қолдану шарттары мен əдістері, карта бойынша
шешілетін мəселелер, өлшемдер нəтижелеріне дəлдігіне қойылатын
талаптар;
– Проекцияның ерекшеліктері – территория бойынша ұзындық-
тар, аудандар, бұрыштардың ауытқуы жəне таралуы, меридиандар
формасы, олардың симметриялығы, полюстардың бейнеленуі, қысқа
арақашықтық сызығының қисықтығы.
Аталған факторлардың маңыздылығы түрлі болуы мүмкін: бір
жағдайда бірінші орынға көрнекілік (мысалы, мектеп картасы үшін),
келесіде картаны қолдану ерекшеліктері (навигация), үшіншіде –
жер шарындағы территорияның орналасуы (полярлық аймақ). Кез
келген комбинация болуы мүмкін, сəйкесінше – проекциялардың
түрлі нұсқалары. Дегенмен, кейбір дəстүрлі не қалаулы проекция-
ларды таңдаған дұрыс.
Дүниежүзі карталары цилиндрлік, жалғанцилиндрлік, поли-
конустық проекциялардан құрылады (13-сурет). Ауытқуларды азай-
ту үшін қима цилиндрлерді, ал жалғанцилиндрлік проекциялар кей-
де мұхиттағы жарылулармен беріледі.
Жарты шарлар картасын азимуттық проекцияда құрады. Батыс
жəне шығыс жарты шар үшін көлденең (экваториалды), солтүстік
жəне оңтүстік жарты шарлар үшін – қалыпты (полярлы) проек-
цияларды қолданады (14-сурет), ал басқа жағдайларда (мысалы,
құрлықтық жəне мұхиттық жарты шарлар үшін) – қисық азимуттық
проекциялар қолданған.
Еуропа, Азия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Дүниежүзілік
мұхитпен қоса Аустралияның құрлықтар картасы теңмөлшерлі
қисық азимуттық проекциялардан құрылады, Африка үшін көлденең,
Антарктида үшін қалыпты азимуттық проекциялар қолданылады [4].
45. ТМД елдерінің карталары бойыша картографиялық проекция туралы мәлімет.
46. Цилиндрлік проекциялар
Цилиндрлік проекциялар - параллельдер (альмукантараттар) параллель түзулер болып, ал меридиандар (вертикальдар) параллельдерге (альмукантараттар) перпендикуляр тең қашықтықтағы түзулер болып бейнеленетін картографиялық проекциялар. Нүктелердегі масштабтар мен бұрыштардың бұрмаланулары тек қана ендікке (зениттік кашықтыққа) байланысты, сондықтан олардың изоколдары параллельдермен сәйкес келетін түзулер түрінде болады. Цилиндрлік проекциялар, әдетте, үлкен шеңбер доғасын бойлай созылған аумақтардың карталары үшін қолданылады.[1]
47.Конустық проекциялар
карта конустық проекциясы Ол сфералық беттің нүктелерін конус бетіне проекциялаумен сипатталады, оның шыңы полюстерден өтетін осьте орналасқан және сфераға жанасатын немесе секансты болады. Конус - бұл жазықтықта ашылатын, бұрыштық сектор құратын және оған проекцияланған сызықтарды деформацияламайтын бет.
Бұл проекцияны ойлап тапқан математик Иоганн Генрих Ламберт (1728 - 1777) өзінің кітабында бірінші рет пайда болды Фрай перспективасы (1759), онда ол әртүрлі теориялар мен проекциялар туралы ой-пікірлер құрастырды.
Жер бетінің конустық проекцияларында меридиандар тең бұрыштық аралықпен шыңға бағытталған радиалды сызықтарға айналады, ал Жер параллельдері шыңға концентрлі дөңгелек доғаларға айналады.
48.Азимуталдық проекция
Азимуталдық картографиялық торлар дегеніміз, сонда алынатын глобустың градустық торын жанама жазықтыққа жобалау арқылы (сурет). Нормальді азимуталды торды жазықтыққа көшірген кезде алады, полюс бойында глобусқа тигізіліп тұрады.(сурет 5А), көлденең – экватор бойында жазықтықты жанайтын (сурет 5Б) және қисық – алынған жазықтыққа көшірген кезде (сурет 5В). Торлардың сыртқы пішіні 5-ші суретте жақсы көрсетілген.
Барлық азимуталды торлар бұрмалану қасиетіне байланысты келесі қасиеттерге байланысты келесі қасиеттерге ие болады: нольдік бұрмалану нүктесі болып глобустың жазықтықпен жанасу нүктесі табылады (көбінесе ол картаның орталығында орналасады); бұрмалану көрсеткіші нольдік бұрмалану нүктесінен қашықтаған сайын көбейеді, сондықтан азимуталдық проекцияларда изоколдар нольдік бұрмалану нүктесінде центрі бар концентрлі шеңбер пішіндес болады. Басты бағыттар радиус бойынша жүреді және оның сызықтарына перпендикулярлы болады.Бұл проекция тобының аты байланысты, азимуталды проекцияда салынған картографиялық тор, глобустың жазықтықпен жанасқан алдыңғы нүкте (яғни, нолдік бұрмалану нүктесінде) барлық бағыттардағы азимуттар бұрмаланбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |